Қазақстанда «тоқырау» құбылысының өрістеуі және тоталитарлық жүйенің дағдарысы мен күйреуі (1971-1991)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:43, реферат

Краткое описание

«Тоқырау» кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия жене мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия енеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып орталықтандырылды.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Тоқырау жылдарындағы Республиканың өнеркәсібі.
2. Тың игеру:жетістігі мен салдары.
III. Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ Тоқырау жылдары.docx

— 40.45 Кб (Скачать документ)

Тың игерудің жағымды жақтары:

1) Қазақстан елдің астық балансын  нығайтуда елеулі рөл атқарды.  Республика бидайдын бағадьққатты  және кушті сорттарын өндірудің  орта лығына айналды. Аталған  бидай сорттарынын 60%-ы тың  өлкесінде өсірілді

2) 1954-І977жылдараралығында республикадаауыл  шаруашылығынын барлыксалаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын  27,2 млрд. сом болып өтелді. 1990 жылғы  акпанның 15-жұлдызында Н.Ә. Назарбаеп  (ол кезде республика партия  ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл  шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық  кеңесінде ‘Тың игеру басталғані  іан астык өндіру 7 есеге, ет  – 5, сут – 3 есеге кебейді.  Тың көтеруге жұмсалған қаржы  1977 жылға қарай толықөтелді”  – деп атап көрсетті. Сөйтіп, 20 жылдан аса уақытта шығын қайтарымын  тапты;

3) әсіресе тың әлкесінде темір  жолдар, электр көздері желілері  және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік  жасалды.

 Тың игеруде қол жеткен  оң нәтижелерге қарағанда жіберілген  қателіктер басым болды:

1) тың игеру тым шұғыл және  асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және  тыңайған жерлер өте қауырт  жағдайда игерілді;

2) Қазақстан топырағы жайындагы  50-жылғы мағлуматтар үстірт және  түзілген жер қыртысының картасы  сапасыз болды. Бұл аздай, Ресейден, Украина мен Белоруссиядан шақыртып  әкелінген ғалымдар, әсіресе шаруашылық  директорлығына жіберілген Мәскеу  белсенділерінің (шаруашылықты басқаруға  Қазақстанда лайықты азаматтар  табылмағандай) басым көпшілігі республиканың жер жағдайына жетік, білікті мамандар емес еді;

3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық  зандылықтардың бузылуы:

 • жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла  тақап жыртылды;

 • егістік көлемін ұлғайтудың  салдарынан жайылым жер қыскарды. Асыра сілтеушілікке бой ұрмай  Қазақстанда тың және тыңайған  жерлерді жырту көлемі ары  кеткенде 10-12 млн. гектардан аспағанда  оны интенсивті даму жолына  түсіру әлдеқайда оңайтайлы болып, 13 млн. гектардан астам құнарлы  жерлер шабындықтар мен жайылымдықтар  үшін сақталып, бұл, өз кезегінде,  мал басының дамуына жағдай  жасар еді.

 Мал шаруашылығының жағдайы күрт нашарлады:

 • 1951-1965 жылдарда республикада  қазақтың ежелгі түлігі – жылқының  саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып  кетті, тек жылқы саны 80-жылдары  ғана әсім бере бастады;

 • керісінше шошқа басы 4 еседен астам өсіп, Солтүстік  Қазақстан, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында  ерекше қарқынмен жүрді;

 • 1941-1951 жылдары соғыс және  халықшаруашылығын қалпына келтіру  кезеңінің алапат ауыр киыншылықтарына  қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса,  ал тынмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж.) оның басы 3 есеге азайыи  кетті. Себебі тын игеруге дейін  әртұяқтың дұрыс өсіп-өнуіне кажетті  деп табылатын жайылым 3-4 гектардан  асып жығылса, енді бұл көрсеткіш  орта есеппен әртұякқа 2 гектардан  ғана келді. 

4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу  үрдісіғіде пайда болган жер  құнары үрленіп, шанданып, тозанданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел,  су эрозиясына ұшырады:

 • терістіктегі алқаптар  негізінен тегіс болғанымен, оның  ой-шұңқыры мол, микро-мезорельефі  әркпылы дамыған, осыған орай  топырак түзілімі дебіркелкі  емес-гі, әдетте сортан топырактар  араласа келетін. Тың игеру  жылдары сортаң топырақтар тараған шандак жерлерді жыртқанда айналып өтпей,бір ретпен жыртыла берді.Сонын салдарына нәсіресе кұмдақ алқаптар жел эрозиясына ұшырады және 1955-1958 жылдары мұндай жерлер келемі 1,5 млн. гектарға жетті. Бір ғана Павлодар облысында 805 мын га. 5кер жарамсыз болып қалды;

 • галымдардын. есептеуінше,  Қазақстанның солтүстік облыстарында  жыртылған жердің көлемі 26,4 млн.  га болса, оның 14,5 млн. гсктары  жел эрозиясына бейімді екен;

 • 90-жылдардыцбасындагы мәлімет  бонынша, республикада 106 млн. гектар  жер әртүрлі дәрежедегі жел  эрознясына ұшыраган;

 • топырақ кұнарының негізі, яғни қара шірігі (гумус) тың  игерілген жылдарда 15-30%-га кеміген. 90-жылдарда Көкшетау облысында  топырақтың қара шірігі 4,3%-дан  3,6%-ға, Қостанай облысында – 3,7%-дан  2,7%-ға азайыпкеткен;

 • бүгінгі күнде су эрозпясына  бейімді жерлер Казакстанда миллиондаған  гектарға жетіп отыр.

5) Тың игеру ата мекеннің  халқьь қазактардың үлес салмағыиың  кемуіне әкеліп соқтырды.

 • Тын өлкесі деген аймактың  құрамына кірген бес облыстың  – Солтүстік Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи  игеруге 1,5 млн. адам келді,  ал жабык әскери объектілер  мұның үстіне 150 мын адамды қабыл-дады. 1954-1956 жылдары тынды игеруге 391,5 мың механизатор әкелінді. 1959 жылғы  санак бойынша казақтар республиканыц  30%-ы.н, орыстар 42,7%-ын, 1962 жылы қазақтар  сан жағынан өз мекенінде жалпы  тұрғыңда-рының уштсн бірінсн  де аз немесе 29 пайызды ғана  қурады. 1897 жылгы мәлімет бойынша,  олар өз жерінде мекендеушілердің 85 пайызына тең еді.

 • Тың игеру науканы басқа  одақтас республикалардағы қазақтарды  ерікті түрде ата мекеніне  қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас  мүмкіндік болғаны сөзсіз. Мұның  өзі халықтың тұрактанып, тың  өлкесінің демографиялық дамуына,  мал шаруашылығының өсуіне игі  ықпал жасайтын еді Сөйтіп, біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда,  екіншіден, одақтас республикалардағы  қазақтар өкелінгенде қазақстандықтар  тынды өздерінің күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де жасамағаны белгілі.

 • Осы мәселеге калам тартқан  авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда  тың өлкесі құрамына енген  5 облыста Ақмола каласын Целиноград  және аудандық, облыстық атауларды  қоспаған күннің өзінде, тек 200-деЯ  астам селолық және ауылдық  Кеңестердің аттары орыс тіліне  өзгертіліп аталған.

 • Осылардың барлығы қазақ  тілі аясының тарылуына, кейіннен  тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана  тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып,  орыс тіліндегі мектептердің  қанат жаюына әкеліп соқты.

 Тың эпопеясының кейбір тұстарын айғақтай түссек, оңда:

1) Кеңестер Одағында 1954-1960 жылдары  игерілген тың және тыңайған, жерлердің жалпы көлемі 42 млн.  гектарды құрады, оның 25,5 млн. гектары  Қазақстандаласыңда жыртылды;

2) астықты бес – Крстанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау  жөне Павлодар – облыстарындағы  жыртылған жер көлемі 600 мың шаршы  шақырымнан асып түсіп, бұл  Франция (551 мың шаршы шақырым)  тәрізді мемлекеттің аумағынан  едәуір ұлкен алқапты қүрады;

3) тынды көтеруге Кеңес Одағының  тукпір-түкпірінен адамдар көптеп  тартылды. 1954 жыддың мамыр айының  езіңде ғана республиканың тың  өлке-сіне 130 мың адам жөнелтілді. 1954-1955 жылдарда мұңда 360 мыңнан  астам механизаторлар мен құрылысшылар  жөне басқада мамандық иелері  орын тепті. Республикаға 1954-1962 жылдар  арасында Кеңес Одағының еуропа-лық  бөлігінен 2 миллионға жуық адам  келді;

4) Қазақстанның үлесіне 1953 жылы  КСРО-дағы бидай егістігі алқабының  11,3 пайызы тисе, 1960 жылға таман  ол көрсеткіш 30 пайызға жетті.  Сөйтіп, КО-дағы астық алқабының  өрбір ушінші гектары Қазақстанның  үлесінетиді;

5)Республика 1956 жылы 1 млрд. Пұтастықтапсырып соғанорай Қазақстанға алғашқы Ленин ордені тапсырылды.

 6) Республикада тың экстенсивті жолмен игерілді. Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президенті айтулы оқиғаға орай Жарлық шығарып, “Тыңға-50 жыл” мерекелік медалін тағайыңдады және онымен 3,5 мың тың ардагері марапаттады.

   Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Райханов Н. Тың игерудің оңы мен солы // Ақиқат.-1999. -№ 5. 19-28 б.
  2. Асылбеков М., Құдайбергенова А. Қазақстан халқының әлеуметтік-   демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар).- Алматы: Өркениет,2005.160б.
  3. Мусин Чапай  403-406 бет.
  4. Интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстанда «тоқырау» құбылысының өрістеуі және тоталитарлық жүйенің дағдарысы мен күйреуі (1971-1991)