Қазақстандағы индустрияландыру
қазақстандағы индустрияландыруға бағыт
алу
1925 жылы желтоқсанда өткен XIV съезінде
Кеңес Одағың индустрияландыру
бағыты белгіленді. Капиталистік
шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалықтәуелсіздіктінгін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок
жасау, металлургия, химия, корғаныс және басқа да ірі өнер-қәсіптері
бар жүйе күру қажет делінді. Шаруашылықтың
барлық салаларын, соның негізінде техникалық
қайта жарақтандыру мен еңбек өнімділігін
арттыру Үшін бүкіл экономиканың негізі
ретінде ең алдымен ауыр өнер-қәсіпті
дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік
рөлін бекіту арқылы шетелдермен экономикалық
жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл
сол кездер Үшін дұрыс, әрі күрделі максат
еді. Кеңес Одағы көлемінде бұл бағытта
біршама жетістікке қол жеткізілді. Оның
біржақты жүргізілгенің дәлірек айтканда,
ұлттық аймақтарды, соның ішінде қазақстанды
патшалық билік кезіндегідей шикізат
көзі дәрежесінде қалдырғаның атап айтқан
жөн. 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың
қыркүйегі арасындағы Ұш жылда өнер-қәсіп
салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды.
Ол орасан зор қаржы, негізінен алғанда,
Ресей аумағындағы ескі өнер-қәсіп орындары
ң қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар,
су-электр станцияларың салуға жұмсалды.
Соған карамастан Қазақстандағы индустрияландыру
ісі патриархалдықфеодалдық қатынастарды,
яғни достүрлі шаруашылық жүйесін біржолада
жою, феодализмнен капитализмге соқпай
социализмге жедел қарқыңмен өту сияқты
үрандармен басталды. Жерді қайта бөлу,
мал-мүлікті тәркілеу, күштеп ұжымдастыру
әрекеттері былайша жаңа науканмен ұласты.
1926 жылы 27-30 сөуірде сол кездегі республика
астанасы Қызылордада өнерқәсіптің дамуы мәселесіне арналған
арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда
Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы
атап өтіле отырып, зерттелген аймақтардағы
жазба байлыцтарың кең турде барлау қажеттігі
кәрсетілді. қазақ АКСР-нің ХШК (Халық
шаруашылығы кеңесі) мен Мемлекеттік жоспарлау
Комитетіне республиканы өнер-қәсіптік
аудандастыру мен өнер-қәсіптің, ең алдымен,
түсті металлургияның дамуының келешек
жоспарын жасау тапсырылды. Кеңесте, сондай-ақ Қазақ АКСР-і жағдайында «әсіресе жер және
мал шаруашылықтарымен тікелей байланысты
жергілікті өнерқәсіпті кец тұрде әрістету»
өмірлік қәжеттілік ретінде атап кәрсетілді.
Осы негізде өңдеу өнер-қәсіптерінің тері,
май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты
салаларының даму жолдары айқыңдалды.
Пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы
өнімдерін орталықтағы ірі қәсіпорындар
Үшін өндіру басты міндет ретінде белгіленді.
Бұл Қазақстандағы индустрияландыру ісінің
отаршылдық, дәлірек айтқанда, шикізат
көзі ретінде орталыққа кызмет еткізу
бағытыңда басталғаның кәрсетеді.Бірнеше
жылға созылған революция мен азамат соғысы
кезінде капиталистік қатынастардың енуі
кезеңінде пайда болған тау-кен орындары
мен қәсіпорындар қаңырап, иесіз қалған
еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде
олардың кейбіреулері қайтадан іске қосылды.
Соның барысында Орал-Ембі аймағындағы
бірнеше мұнай қәсіпшіліктері, Орталық
Қазақстандағы көмір, Алтайдағы түсті
металл өндіру қәсіпорындары қайта жанданды.
Әйтсе де, Қазақстан экономикасыңда олі
де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала
болып қала берді. Осыңдай жағдайда бұрынғы
ұлт аймақтары делінгендерді, оның ішінде
Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне —
метрополияга топтастыру саясаты жалғаса
берді.
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі
бойынша пікірталастар Қазақстанды индустрияландыру мәселесі
бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар
арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне
тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар қазақстан экономикасының шикізат көзі
ретінде дамуың одақ көлеміндегі еңбек
бөлінісімен байланыстырып, мұндай бағыттағы
даму Қазақстан Үшін да тиімді екендігін
дәлелдеуге тырысты. Екінші бағыт бойынша
Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану
дұрыс емес екені, мұндағы индустрияландыруды
жоғары жақтағылардың талабы бойынша
жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере
отырып өнерқәсіптер салу негізінде іске
асыру керектігі баса айтылды. Үшініші
бағыттағылар қазақ жерін индустрияландыруға
қарсы болды. Олар көшпелі өмір-қазақ халқының
дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан
өзіндік ерекшелігі. Ал қарқыңды түрде
индустрияландыру оның ұлттық болмысың
бүзады, «түйеден социализмге» тікелей
өту мүмкін емес деді.Келесі, тәртінші
бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста
болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың
қарқыныңа ілесе алатыныңа күмән келтірді.
Қазақтармен «өнерқәсіп-қаржы жоспарын
орындай алмайсың», «өндірісті қазақтандыру
пайда бермейді», «қазақтандыру өндірісті
қымбаттатып жібереді», «қазақ бәрібір
жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға кашады»
сияқты тұжырымдарды келтірді. Бұл соңғы
екі бағыт негізсіз, жеткілікті дәлелсіз
пікірлерге негізделген еді. Ал алғашқы
екі бағытты жақтаушылар арасында күрделі
тартыс жүрді. Бірінші бағытты Голощёкин мен оның төңірегіндегілер
үстанды. Олар Сталин мен ортальщтағы
кейбір ұкімет мҰшелерінен қолдау тапты.
Сондьщтан бұлар өктемдеу болды. Соған
қарамастан екінші бағытты жақтаушылар
(Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов т.б.) ой-тұжырымдарының терендігімен
ерекшеленді. қазақстанда «Кіпті Қазан»
науқанын жүргізуге үмтылған Голощёкин
мен оның төңірегіндегілер қазақ жерінде
ірі өнерқәсіп орындары ң салуды жақтамады.
«Өнерқәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру
емес, кайта оны жергілікті үсақ және орташа
(жарма тартатың, жұн жуатың, май шайқайтың
орындар, жөндеу шеберханалары және т.б.)
деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығыңа
байланысты және оны неғұрлым пайдалы
ететін дегейде үстау», — деп мәлімдеді
олар.Голощёкин бұл бағытты 1927 жылы үсыңып,
1930 жылы мамыр-маусым айларыңда Алматыда өткен VII Жалпықазақтық партия
конференциясыңда тағы да кайталады. Орталық
Комитеттінің Саяси бюросьшың мҰшелігіне
кандидат А. Андреев VI Жалпықазақтық партия конференциясыңда:
«Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне
әрбір республиканың өз ауыр индустриясың
күру, әрбір республиканы басбасьша индустрияландьфу
жолымен жүрмейміз»,деп, Кеңес үкіметінің
шет аймактарды орталықка бағыңдыру, тәуелді
ету саясатың ашық білдірді.
Қазақстандағы индустрияландырудың
барысы мен сипаты
1928 жылдың 1 қазаныңан шартты түрде
басталатың бірінші бесжылдық
жылдарында Қарсақпай, Риддер сиякты қәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтың кені және
т.б. қайта қалпыңа келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің
Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сиякты байырғы түрлері
жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың
ішінде жаңадан салынғандары: Іле аеаиі
тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қоргасың, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гуръевте
(қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты,
Мерке, Жамбыл және Талдықорганда қант
зауыттары ғана болды. Олардың өзі, негізінен,
шағың аумақты қамтамасыз етуге бейімделген
қәсіпорындар еді.Кеңес үкіметінің басшылары
да патша заманындағыдай Қазақстанға
бай шикізат көзі ретінде карады. Табиғат
байлықтарының күрделі ошақтарың табу
мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында
КСРО Ғылым Академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды.
Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен
Орталық Қазақстандағы геологтар мен
геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы
«Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы»
болып табылады деген тұжырым жасады.
Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик
И.М.Губкин бастаған топ оның мұнайға аса
бай екенін дөлелдеді. Кеңес үкіметі осы
байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді.
Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі
кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай қәсіпшіліктері,Алтай мен Ащысай қәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырян,
Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған
кен-металлургия комбинаттары салынды.
Қазақстандағы түсті металлургия өнерқәсіптің
жетекші саласына айналдырылды. Бірақ
олар, негізінен, руда күйінде қазып алынған
түсті металдарды өңдеумен айналысты.
Тазартылып, өңделіп дайындалған түсті
металл өнімдері шикізат ретінде орталықтағы
ірі өнерқәсіп орындары ңа жәнелтіліп
отырды. Кенді Алтай өңірі Сібірдегі қәсіпорындарды
қамтамасыз етті. Ембі мұнайы Орск сияқты
мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді.
Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасыңы
да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді.
Түрксіб темір жолың салу. Индустрияландыру
кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс
темір жолың салуды аяқтау болды. Патша
үкіметіҚазақстанды жаулап алу барысында, әскеристратегиялық
мақсатта орынбор Ташкент бағытыңда темір
жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен
жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай
отырып, тұқырта үстауды және Қазақстан
мен Орталық Азия байлығыңа қызығып отырған
басқа да шет елдіктерді енгізбеуді көздеген
саясаттың нәтижесінде дүниеге келген.
Бірақ еліміздің батыс және оңтүстік-батыс
бөлігінде темір жол салғанмен, ол бағытты
шығыс бөлігі аркылы Сібірмен косу ісі
аяқталмай калған еді. Патша үкіметі кезінде
көптеген талас-тартыс тудырған бұл істі
аяқтауды Кеңес үкіметі қолға алды. Ол
патша заманындағы Түркістан Сібір темір
жолы атауыңа кайта ие болды. Бұл жолды
салу 1927 жылы қайта қолға алынып, оған
екпінді құрылыс айдары тағылды. Орталық
үкімет оған үлкен мөн беріп отырды. Түрксіб
құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды.
РКФСР үкіметі жанынан Түрксіб құрылысына
көмектесетін арнайы комитет құрылды.
Оны РКФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының
орынбасары Т. Рысқулов басқарды. Құрылыс
жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен
құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысыжазы,
ауа-райының қолайсыздығына қарамастан
еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін
көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара
жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде
көбірек болды. Патша заманында тәулігіне
орта есеппен 150 метр ғана темір жол салынса,
Кеңес заманында ол 1500 метрге дейін жетті.
Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және т.б. өзендерден өтетін
көпірлер де жылдам салынды. Түрксіб темір
жолы жоспарда белгіленген бес жылдан
екі жыл бұрын, яғни Ұш жылда салынып бітті.
Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері
1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында
түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді.
Ал 1931 жылдың каңтарынан бастап тұрақты
түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы
1445 шақырымға созылған бұл темір жолдың
ел өміріндегі маңызының зор екенінде
дау жоқ. Сонымен бірге мыңаны да ескерген
жөн. Патша заманындағы сияқты кеңестік
темір жол да, негізінен, еліміз аумағындағы
шикізатты шетке тасу, ал шеттен дайын
тауар алып келу үшін қызмет етті. қазақстан
соныңмен Кеңес Одағының да шикізат дайындайтын
шеткері аймақтарының бірі болып қала
берді. Ал салынған өнеркөсіп орындары
мен темір жолдар еліміз аумағынан шетке
тасылатын шикізат көлемін көбейте түсті.
Осылайша Қазақстандағы индустрияландыру
кезіндегі басты құрылыс болып жарияланған
Түрксібтің өзі кеңестік тоталитарлық
орталықтың біржакты саясатының жемісі
болып шықты.