Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 20:51, реферат
Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі біреңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.
Қазақстан тарихындағы көшпелілердің материалдық мәдениеті
Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі біреңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.
Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (XVIII— ғ. екінші жартысынан) пайда болған.
Киіз үй; «Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау — тарихшылар үшін аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Европа мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін мұндай киіз үйлерде тұру астамшылық емес, кажеттілік болған»,— деп жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев.([Гумилев). Ойды ой қозғайды, әйгілі ғалымның киіз үй көшпелілер үшін қажеттілік дәуінде сан тарау мағынаның өрісі жатыр. Қөпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияның мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын «таңдау» бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғаты қытымыр болса да жері шүйгін ен даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, «қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек қана өзіне тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты. Жер төсін тырмалаған отырықшыларға қарағанда көшпелілердің өндірістік негізі әлде қайда берекелі болады. (Акишев). Біздің жыл санауымызға дейінгі IV—III ғасырлардың өзінде-ақ тек жылқы малының өзі төрт-бес мыңға жеткен байлар пайда бола бастады (Бичурин). Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған. Осынау шегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күн-көріс мұқтажынан бастап рухани талғам-талабына дейін қызмет еткен. Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем еді. Бұл ретте, киіз үйді адамзат баласының ұзына тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол.
Әрине киіз үйді бір күнде, бір ғана адамның даналығы дүниеге әкелген жоқ. Ол көшпелі өмір салтымен бірге туып, біте қайнасты, қатар шыңдалды. Сондықтан да көшпелілердің материалдық мүмкіндігіне ғана емес, таным-түсінігіне, шеберлігіне бірден-бір мол айғақ осы киіз үйдің өн бойына жинақталды. Әзірше киіз үй туралы ең көне дерек біздің заманымыздан бұрынғы үш мыңыншы жылдардан, қола дәуірінің сорабынан белгі беріп отыр. Мұны біз Алтай тауларындағы, Сібірдегі Баяр жартасындағы, Қырымның жақпар тастарындағы суреттерден көреміз. Ең көне заттық айғақтарды Алтайдағы Пазырық және Монғолиядағы Ноин-үлин қорғандарында сақталған киіз үй үлгілері дәлелдеп отыр. Ал ең көне жазба деректі грек тарихшысы Геродоттың көшпелі скифтер туралы жазбасынан оқимыз. Одан бергі замандарда киіз үйдің бітімі, оның көшпелілер өміріндегі ролі туралы мағлұматтарды Батыс-Шығыс тарихшыларының, саяхатшыларының жазбаларынан, көне әдебиет нұсқаларынан, түрлі архитектура үлгілерінен молынан кезіктіреміз. Мәселен, үйсін гуньмосының (ханының) киіз үй тігіп отыратынын көне қытай шежіресінен Н. Я. Бичурин келтіреді. Земархтың жазбаларында арба үстіне тігілген киіз үй сөз болады. Жалпы, көшпелі-өмір салтына орай арба үстіне күйме сияқты біржолата орнататын киіз үй пайда болған сияқты. Мұндай арбалы киіз үйлер Плано Карпини, Рубрук, Иби-Батута сияқты тарихшы-саяхатшылардың жазбаларында жиі ұшырасады. Алайда арба үстіндегі киіз үй ілкімді көш-қонға қолайсыз еді. 1253— 55 жылдары Қазақстан жерін бастап өткен француз елшісі Рубруктың айтуы бойынша «кейбір киіз үйлерді тарту үшін арбаға 22 өгізге дейін жегіледі» дейді. Әрине, тау-тас, өзен-шөл, құмдауыт жерлерді көктей басып, табиғат қытымырлығының алдын орап отыратын көшпелілер үшін әрі жеңіл, әрі жинамалы үй қажет болған. Ондай үйді дүниеге әкелді де. Ұрым императорының айтулы сарайларынаи шыққан елші Менандр Протектор ғұндар ортасынан бір ғана атқа жүк болғандай жеп-жеңіл киіз үйді суреттегенде мәрмәр сарайды қорсынып отырғандай сыңай танытады (Медоев).
Академик Әлкей Марғұланның айтуы бойынша «үйдің қаңқасы» деп келетін сөз тіркесі арба үстіне тігілген киіз үйдің бітімін елестетеді, дейді. Ал XVII ғасырда өмір сүрген тарихшы, Хиуаның ханы, Әбілғазы Баһадүрдың айтуынша, «қаң» — екі дөңгелекті арба деген мағына береді. Әйгілі эпосымыз «Қыз Жібектегі» Жібек бастаған қыздар мінетін күймелі арба ұстау дәстүрі қазақтар арасында XVIII ғасырға дейін сақталған (Маргулан
Тек қана «Қыз Жібек» емес, «Оғызнама», «Қитаби дәдәм Қорқыт», «Қозы-Қөрпеш — Баян-сұлу», «Манас» сияқты эпикалық поэмаларда киіз үйдің небір үлгілері суреттелген.
Осыдан бірер жыл бұрын Ачинск төңірегінде зерттеу жүргізіп журген Г. А. Авраменко басқарған экспедияция палеолит дәуіріндегі адамдардың тұрағын тапқан. Бұл тұрақ тарих ғылымының докторы В. Ларичевтің пікірі бойынша, қазақтың киіз үйін елестетеді. Таң қаларлығы сол, әлгі тұрақ мамонттың ұзын иінді тістерін уық сияқтандырып жамбас сүйектің шұңқырына қадау арқылы жасаған. Сонда киіз үйдің қарапайым түрі болып шыққан. Әрине, киіз үйдің түпкі тегі, алғашқы нышаны дүниеге осылай келуі де әбден ықтимал. Осы тұста «киіз үйдің қаңқасы» деген ұғым шын мәніндегі қаңқа сүйектен бастау алмады ма деген ой өзінен-өзі тіленеді. Тек ол ғана емес «киіз үйдің сүйегі» деген де сөз тіркесі бар ғой. Ал киіз үй туралы көнеден жеткен жұмбағымыз: «Отыз омыртқа, қырық қабырға, бәрін ұстап тұрған ауыз омыртқа» деп келеді. Қалай десек те, киіз үйдің көшпелі өмір салтымен құрдас екені күмән тудырмайды. Себебі, киіз үй сияқты ғажайып «көшпелі архитектурасыз» көшпелі өмір салтына Ұлы далада көндігу мүмкін емес еді. Шамамен IV ғасырдың орта тұсы — Шығыс Европаға ғұндардың (гунн) ауысқан кезі. Осы жағдайды көзімен көрген Рим әскерінің жауынгері Аммиан Марцеллиннің айтуынша ғұндар (гунндер) дембелше келген, көсе, «аттың арқасынан өсіп шыққандай». Олар тек ат үстінде соғыс салады, қарулары семсер, садақ және арқан болып келеді. Көшіп жүреді, «егер оты-суы мол жерге тұяқтары тисе болды, жинамалы дөңгелек үйлерін тігіп, сол жерде аялдайды. Жердің оты сұйылған кезде арбаларын моншақтай тізіп тағы да көшеді. Олар жолында кезіккенінің бәрін қиратып өтеді»,— дейді ([Аммиан Марцеллин).
Мұндағы «жинамалы дөңгелек үй» деп отырғаны, әрине, киіз үй. Киіз үйді көзімен көріп, оған түнеп шыққан сырт жолаушының айрықша таңданыспен жазбағаны жоқ десе де болғандай. Аль-Якубидің айтуында көшпелілер киізге жан бітіреді «тіптен киізден үлбіретіп киім тігеді» (Ал-Якуби).
Ал Рубрук қыпшақтар мен қаңлылардың ақ сөңке сүйек ұнтағын қосып, борлап тастаған ақ шаңқан киіз үйлеріне қарағанда көздің қарығатынын айтып қайран қалады (Рубрук). Белгілі географ Оскар. Пешел мен Бронислав Залесский киіз үйді ең алдымен ғажайып өнер туындысы деп таныды Өзін табиғатпен тұтастықта, табиғаттың бір бөлшегімін деп тану табиғатпен кіндігіміз бір деп есептеу — көшпелілердің дүние танымымен ұласып жатады. Олар үшін аспан әлемі көк күмбез — барша тіршіліктің баспанасы, Ал киіз үй болса әркімнің шағын әлемі, әркімнің «көк күмбезі». Сондықтан да киіз үй бүкіл бітім-көркімен көшпелілер ұғымындағы шағын әлемді бейнелейді. Оның іргесі — төңіректегі көкжиекті, уық-шаңырағы аспан күмбезін елестетсе, ішкі-сыртқы безенген көркі әсем табиғатты жоқтатпайтындай әсерге бөлейді. Тіліміздегі «жұрт болмайсың», «түтін түтету», «шаңырақ шайқалтпау», «ошағыңның отын сөндірме» деп келетін сөз тіркестерінің мағынасы киіз үйді кіші әлем санаудан туындайтын үлкен мәнді ойларды аңғартады.Тіптен, киіз үйдің түр-түрінің атауымен тұтас елді, мемлекетті атауда да осындай қасиет тұтқандықтың нышаны көрініп тұр. Шоқан Уәлихановтың айтуынша: «Алтын орда — хан отырған алтын киіз үй немесе шатыр деген мағанада; кейін хан отырған бүкіл төңірек солай аталып кетті. Сондықтан да ақ орда, көк орда, сары орда деген атауларды ұлыстардың немесе киіз үйлердің атауы деп емес, хан отырған бүкіл жұрт, оның төңірегі деп қабылдау керек» ([Валиханов).
Тек бұл ғана емес, көшпелілер үшін киіз үй, яғни шағын әлем олардың мәңгілік болған аруақтардың да «шаңырағы шайқалмай, басынан күмбезі аумай» жалғаса бермек. Мұндай ұғым-түсінік, киіз үйді шағын әсем санаушылық күмбезді архитектуралардың көшпелілер үшін киіз үй, яғни шағын әлем олардың мәңгілік серігі болуы керек. Тек бұл дүние емес, о дүниелік болған аруақтардың да «шаңырағы шайқалмай, басынан күмбезі аумай» жалғаса бермек. Мұндай ұғым-түсінік, киіз үйді шағын әлем санаушылық күмбезді архитектуралардың көшпелілердің арасында пайда болуына себепші болады. Өлген адамдардың басына кіші аспанның, екінші дүниенің айғағындай болып күмбез бейіттер, молалар орнатылды. «Тас мүсіндермен байланысты естелік құрылыстың бір тобы дың, үйтас деп аталады. Қай жерде тас мүсін көп болса, ол жерде дың, діңгек, үйтас та жиі кездеседі. Бұлардың жиі кездесетін жері, әсіресе Орталық Қазақстан мен Жетісу өлкесі. Соңғы жылдардағы зерттеу бойынша VI-VIII ғасырларда қолданған тас шарбақтың орнына, тас мүсінді енді тас обаның іргесіне, не үйтас, дың деп аталатын құрылыстардың қасына қоятын болғаны байқалады. Дың мен үйтастың ерекшелігі: олар Қазақстанның ежелгі мал өсірушілерінің жазғы киіз үйіне өте ұқсас. Өлген адам басына ескерткішті өзінің тірі күнінде жасаған үйіне ұқсатып қою көшпелі елдің ежелгі салты болған. Сондықтан үйген оба, тұрғызған дың, үйтастардың бәрі де түр жағынан жазғы киіз үйге ұқсаған... Дұрысынан қарағанда Аякөз бойындағы Қозы-Көрпеш — Баян-сұлудың шошақ кешені толып жатқандың, діңгектердің бір түрі. Бұл дың, үйтастардың ерекшелігі — олардың барлығы ислам діні Орта Азия тарамай тұрған кезде (VI—X ғасырларда) жасалған естеліктер. Сондықтан түр жағынан олар ислам дәуірінде шыққан сәулет өнеріне бір де ұқсамайды, көшпелі бақташы тайпалардың ежелгі киіз үйіне ұқсап тұрады. Олардың тағы бір ерекшелігі, ата-ананың аруағын әулиедей қадірлеген бақташы тайпалар ондай мәңгілік үйдің қасына өзінің өлген адамдарының тұрпатын тасқа қиып орнататын болған. «Қозы-Қөрпеш — Баян-сұлу діңгегі мен оның қасында болған сын тастар — сондай естеліктің әдемі бір түрі»,— дейді академик Әлкей Марғұлан. Көшпелілердің өмір салтымен, наным-сенімімен тамырлас киіз үйдің болуы жалпы күмбезді архитектураның дүниеге келуіне әсер етті деген ой қазір ғалымдар арасында сөз болып жүр. Тарихтан белгілі, Рим архитектурасында күмбездердің етек ала бастаған кезі — біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасыр. Бұған дейін римдіктердің Парфиямен қарым-қатынас жасап үлгіргені де белгілі. Ал С. П. Толстовтың археологиялық материалдарға сүйенген дерегі бойынша Парфиядағы жартылай көшпелілердің күмбезді архитектурасы біздің заманымызға дейінгі IV—II ғасырларда салынған. Яғни, күмбезді архитектура Каспийдің оңтүстік шығысындағы байтақ далада Рим империясында салынған күмбезді архитектурадан екі жүз, үш жүз жыл бұрын белгілі болған.
Киіз үй көшпелілер даналығы дүниеге әкелген өнер туындысы ретінде өткен ғасырлардан-ақ европалықтар назарына ұсынылып, көрмелерден орын ала бастады. Ішкі орда ханы Жәңгірдің әмірімен екі жыл бойы мәнерлеп жасалған киіз үй Николай I патшаға сыйға тартылған. Бұл үйдің бітім-көркі туралы тамылжыта жазылған дерек — «Тургайская газетаның» 1903 жылғы 25-ші санында жарық көріпті. Әлкей Марғұланның «Қазахская юрта и ее убранство» атты еңбегінде қызықты деректер бар. Зайсанның қазағы ұлы князь Николай Николаевичке сыйға тартқан киіз үй алтынмен апталып, күміспен күптелген еді дейді. Ал Алмас дегеннін киіз үйі 1861 жылы Париждегі халықаралық көрмеге қатысса, Мейрам Жанайдаровтын киіз үйі 1876 жылы Петербургте өткен ориенталистердің үшінші конгресінде тігіліпті. Мұндай мысалдарды тізе беруге болады. Тіптен, осман түріктеріне қарсы жүргізген болгарлардың азаттық соғысында орыстармен бірге қазақтардың да болғаны тарихтан белгілі ғой, сондығы қақаған қыста киіз үйдің айрықша пайдалы болғаны көз көргендердің жазбаларында тәптіштеп жазылған.
Киіз үйдің практикалық мәніне қоса эстетиклық әсерін сөз еткенде оның табиғатпен үндесе көрінетін, табиғаттың төл перзентіндей біте қайнасып тұратын сырт тұлғасы да назар аудармай қоймайды. Шымдауыт шалғынға тігілген ақ шаңқан үйлер сырт көзге шашып тастаған жұмыртқадай болып немесе өңшең ақ күмбезден тұратын қаладай болып көрінер еді. Георги жазатын мың киіз үйдің бір жерде отыруы немесе инженер И, Шангиннің Нұра жағасынан 4 мың киіз үйді бір жерден көруі, расында, көшпелі қала дегізгендей ғой...
Енді қысқа-қайырым тілмен киіз үйдің бітім-үлгісін айта кету жөн сияқты. Жалпы бітіміне, сырт тұлғасына сүйек құрылысына байланысты киіз үйдің екі түрлі үлгісі бар. Оның бірін — «қазақы киіз үй», екіншісін —«қалмақы киіз үй» /торғауыт - құраст./деп атайды. Мұның өзі архитектурадағы готика, роман стилдері, немесе палаццо, барокко жүйелері деген сияқты үлгілік ерекшеліктерді аңғартады. Қазақы киіз үйдің еңсесі биік, иығы шығыңқы, дөңгелек күмбезді больш келеді. Ал қалмақ үлгісіндегі үй шошақ, уықтары иінсіз түзу болып, сүйірлене көрінеді.
Тұтыну қажетіне орай киіз үй үш түрге бөлінеді. Бірінші — тұрғын үй, екінші — қонақ үй немесе салтанатты той үйі, үшінші — жорық немесе көш-қонның үйі. Осы қажеттіліктер киіз үйдің алуан талапқа лайық түрлерін дүниеге әкелумен бірге, қолөнерінің шегіне жеткен мүмкіндіктерін бойына жинақтауға себепші болған.Мәселен, тұрғын үйдің үш қанаттан бастап, он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлгілері болған (Маргулан). Бұларды қанат (кереге) санына қарай үш қанат үй, бес қанат үй деп атаған. Кейде қанат санын аңғартатын қара үй (үш қанат), қоңыр үй (төрт қанат), боз үй (бес қанат), ақ үй (алты қанат) деп атаса, ақ ала орда, ақ орда немесе ақ шаңқан, алтын орда, алтын үзік деп 8-12-30 қанат үйлерді айтады.
Киіз үйдің түрлері. Төмендегі киіз үйдің түрлері туралы деректерді белгілі ғалым, этнограф Ө. Жәнібековтың «Үйлесімі жарасқан» деп аталатын мақаласынан алынды.
Қазақтың, халық болып қалыптасуына байланысты ресми пікірге жүгінсек, X—XII ғасырлардан бастап Оңтүстік Сібір мен Сарыарқаны, оларға іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікті мекендеген «қыпшақтардың моңғол үстемдігінен кейінгі дәуірде қазақ халқынын негізін құрағаны» (В. Бартольд) белгілі. Әйтсе де, әзірге жазба деректерде X ғасырдан бастап кездесетін «қазақ» этнонимінің ел арасында «қыпшақ» деген атаумен қатар пайдаланылып келгенін, жат жұрттық авторлардың дала тайпаларын, олардың тұрпатына, бет пішініне, тілінің бірегейлігіне, күнкөрісінің, тұрмыс-салтының, мінез-құлқының ұқсастығына қарап, бөле-жара атамай «қыпшақтар» деп есептегенін ескерсек, бұл екі атаудың екеуі де тектестік тамырын тереңге жайған бір халықтың есімі болып шығатыны даусыз. Мұны көрмеу — қазақтың «түйе өз өркешін көрмейді» дейтінінің кебі.
Құрастырылып-ажыратылатын тұрғын жайдың сол түркі-қыпшақ үлгісіне жататын «қазақтың киіз үйі құрылымдык, жағынан осы уақытқа дейін көшпелі халықтардың бірде-біреуі асып түсе алмаған, жылжымалы баспананын ең жетілдірілген түрі болып табылады» ( Руденко).
Моңғолдың үйімен салыстырғанда керегесі биіктеу, уығының төменгі жағы иіңкі болатындығынан күмбезі көтеріңкі, келбеті сымбатты болып келеді.
Академик Әлкей Марғұланның
айтуына қарағанда, қазақтың киіз үйі
ағаштан қиыстырылатын немесе балшықтан
соғылатын баспаналармен
Киіз үй қазақпен көршілес Орта Азия халықтарында да кездеседі. Олардағы киіз үйде де құрылымында немесе кескінінде ішінара кездесетін, бұрын көшпелі, жартылай көшпелі өмір кешкен қырғыз, түрікпен, қарақалпақ елдерінің тарихи дамуы арқылы енген кейбір ерекшеліктер ғасырлар бойы қалыптасқан құрылғыны түбегейлі өзгерістерге түсіре алмағандықтан, түркі халықтарына тән бірегейлік сақталып қалған.
Қазақтағы киізбен жабылатын баспананың алғашқы түрлерінің бірі — қос.Сырты жонылып, тәртіпке келтірілген, ұштарында басын қосып байластыратын қайыс, жіп өткізетін арнайы тесіктері бар, 2,5—3 метрдей сырықтардан құрастырылатын болған. Сырықтарды іштен дем тартатын түтікпен қоса байластырып орнынан тұрғызғаннан кейін, араларын ашып жерге тіреп, екі туырлықпен немесе арнайы пішілген үзікпен жауып, ірге жағын бел арқанмен бастыра салады екен. Киіз баспананың бұл түрінің оңтайлылығы сонша, көшіп- қонғанда сырықтарын жалғыз түйеге тендеп, үстіне киізін, малшының көрпе-төсегін, қазан-ошағын артып кете беретін болған.
Информация о работе Қазақстан тарихындағы көшпелілердің материалдық мәдениеті