Қонақ кәде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 14:59, реферат

Краткое описание

Қонақ кәде – қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында қонақасы берілгеннен кейін үйге жиналған қауым әңгіме-дүкен құрып, шағын сауық кешін ұйымдастырады. Сол кезде мейманнан қонақ кәде жасауын өтінеді. Келген қонақ аса сыйлы әсіресе әнші, жыршы, шежіре айтатын қарт, сал-сері болса, ауыл адамдары оларға қонақжайлық көрсетіп, бірнеше күн қонақ етіп, ән-жырын тыңдаған
Ал бір аңыз-әңгімеде әйгілі Төле би бабамыздың келіні Данагүлді алғаш көргенде, бұрымы тізесіне түскен бойжеткеннің сонадай жерден тоқтап, үлкендерге жол бергені, осы ілтипаттың өзінен ғана дана бидің дана қызын ешкім айтпай-ақ танығаны айтылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қонақ кәде.docx

— 26.54 Кб (Скачать документ)

Қонақ кәде – қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын салт. Дәстүрлі қазақ қоғамында қонақасы берілгеннен кейін үйге жиналған қауым әңгіме-дүкен құрып, шағын сауық кешін ұйымдастырады. Сол кезде мейманнан қонақ кәде жасауын өтінеді. Келген қонақ аса сыйлы әсіресе әнші, жыршы, шежіре айтатын қарт, сал-сері болса, ауыл адамдары оларға қонақжайлық көрсетіп, бірнеше күн қонақ етіп, ән-жырын тыңдаған

Ал бір аңыз-әңгімеде әйгілі Төле би бабамыздың келіні Данагүлді алғаш көргенде, бұрымы тізесіне түскен бойжеткеннің сонадай жерден тоқтап, үлкендерге жол бергені, осы ілтипаттың өзінен ғана дана бидің дана қызын ешкім айтпай-ақ танығаны айтылады. Осылайша, келіні Данагүлдің ақыл-парасатын таныған Төле би қырық қарақшының қолына түсіп қалғанда ұлына емес, келіні Данагүлге хат жазып, көмек сұрайды. Сонда Данагүл астарлы сөзбен жазылған хаттың мәнісін ұғып, қайын атасы – Төле биді құтқарып алады. Бұл, әрине, Төле бидей қайын атаның келінді бағалай білгендігінің бір көрінісі!

Әйелдің отбасындағы орны. Қазақ әйелдерінің шаруашылыққа араласуы бала кезінен, 6-7 жасынан басталған. Бұл жасқа келген қыз бала отын-суға араласып, шөпшек жимап, бесік тербетіп, шелекпен су тасыған. 8-9 жасынан кесте тігіп, кілем тоқыған. Ұзатыларда берілетін жасауын дайындауға қатыса бастаған, қоржын, бау тоқыған, үй жабдықтарын өрнектеген. Қыз баланың ұзатыларға дейінгі орны оң жақ болған. Қазақтар арасында қыз балаға ерекше көзқарас қалыптасқан, сондай-ақ, бойжеткен қызға сол әулеттің тең құқықты мүшесі ретінде қарап құрметтелді. Қыздың күйеуге шыққаннан кейінгі әлеуметтік орны мен оған деген көзқарас ерекше мәнге ие болады, яғни, ол бүкіл үй ішіндегі жұмысқа жауапты әйел, бала тәрбиесімен айналысатын шешеге айналады. Қазақ қыздары 15-16 жаеында-ақ күйеуте шыққан. Қазақтар қыздарын ерте күйеуге беруін «тұзды көп сақтама су бұзар, қызды көп сақтама сөз бұзар» деген ел арасында тараған мақалмен түсіндіреді. 
Сондай-ақ, әйел тәртібінің межеден тым асып кетпеуіне енесі қатты коқіл белген. Келін ата-енесі тұратын үлкен үйдің торіне шықпаған, тосегіне отырмаған. Қыз күйеуге шыққан соң, снссініқ қатал тәртібіне түсіп, ысыла түскен және ене келіннің ақылшысы әрі кеңесшісі болған. Қазақтың «қайын енесінің топырағынан жаралған» деген келінге қатысты сөзініқ астарында, ене тәрбиесін жалғастырған келіннің мінез-құлқы жатыр. Келін күйеуінің туыстарының үлкен-кішісіне қарамай, ат тергеп, аттарын атамаған, тіпті күйеуінің де атын атамаған. Ері үйіне кіріп келгенде, әйел орнынан тұруы керек, қонақпен бірге отырып дамылдауды білмей, ошақ басында тамақтың бабында болуын кадағалап, ыдыс-аяқты реттеп отырған. Ата- енесінің көзінше өзінің күйеуіне қарсы қарап отырмай, бір қырындап отырған, бетіне тік қарамаған. Күйеуінің еліне әбден сіңіп кеткенше келін төркініне бара алмаған, сондай-ақ, жас келін атасының көзіне түспеуге тырысқан. Қазақ әйелдері, қыздары ер адамдардың алдын кесіп өтпеген. 
Әйелге ерлер тарапынан «қалың малын төлеп алғанмын» деген де көзқарастың болғаны рас. Kөп әйелі бар үйлерде бәйбішенің орны тоқалға қарағанда салмақтырақ болған. Бәйбішенің үйі ерінің үйімен бір саналған. Бәйбіше үйіне тоқал тек шақырумен кірген және рұқсатымен отырған. Көп әйел болғанда бәйбіше үй шаруасының басшысы саналған, үй шаруасы тоқалдың мойнына артылған. Тоқал үйі бәйбіше үйінен 2-3 үйден кейін тігілген. Егер бәйбіше қызғаншақ, шайпау болған жағдайда тоқал үйі 15 шақырымдай ілгері жерден тігілетін). 
Үй ішінің көптеген тіршілігі әйел әрекеті мен еңбегіне байланысты жүрді. Үй іші мәселесінде өздерін еркін ұстайтын, өзбетімен жұмыстарын атқарды. Қазақ дәстүрінде әйелдің үй ішіндегі еркіндігі өз отбасының атына нұсқан келтірмей, қайта намысын қорғап, ел аузына ілініп, өзгеге үлгі ретінде айтылып, үлкен мадақ пен сыйга бөленетін. Ертедегі шаруаның негізі мал өсіру, егін салу болғандықтан осыған қатысты сыртқы жұмыстарды ер адамдар атқарса, тамақ дайындау, киім тігу, жүн сабау, киіз басу, жіп иіріп алаша, кілем тоқу тәрізді әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдарды тігу, мал сауу, кір жуып үй жинау, көшіп қонған кезде тең буып, оны шешу, үй жығып, оны тігу және жас балалар мен қартайған ана-енесіне қарау сияқты үй ішінің ұсақ-түйек шаруасы түгелдей әйелдер мойнында болады. Әсіресе, ақылды, парасатты, тәрбиесі жоғары әйел тек еріне ғана емес, сонымен бірге бүкіл ауылға да өзінің ықпалын тигізген. Ері үйде жоқ кезде есті әйел оны жоқтатпай, барлық жұмысқа өзі басшылық ететін. Мұндай әйелдер тарапынан еш уақытта ұрыс-жанжал шықпайтын. Үлкен-кішіні бірдей сыйлап, қажет жерінде жарасымды әзіл айтып, барлық шаруаны атқарады. 
Қазақ отбасында ең алдымен әйел салтанатына көп көңіл бөлген. Әлеуметтік жағдайына қарай отбасында киімнің асылы, алтын-күмістен жасалатын қымбат та, әрі сәнді әшекейлер әйелге арналған, сонымен қатар әдемі, бағалы ер-тұрмандар мен жүрісі жайлы жорғаларды, сәйгүліктерді әйелдер мінген. Алайда аты аңызға айналған ақылды да, тапқыр аналардың ісін кейінгі үрпаққа үлгі ретінде эңгіме-жыр еткен туындылар халық ауыз әдебиетінде өте жиі кездеседі.


Информация о работе Қонақ кәде