Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 16:06, реферат
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты. Қазақстан экономикасының артта
Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы
және ТМД-ның құрылуы. КСРО-ның құлауының
басты себептерінің
бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық.
Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық
жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі
шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге
түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен
қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО
АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік
елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті
сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы
шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда
әскери шығын 20 триллион долларға жеткен.
Мұндай зор шығындар экономиканы орасан
зор зардаптарға ұшыратты. Қазақстан экономикасының
артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы
1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады.
12-бесжылдықта (1986-1990 жж.) республика экономикасын
қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді,
жаңа идеяларды іске асырудың жолдары
қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық
табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды
жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Қазақстанда
мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің
жаңа формалары – акционерлік қоғамдар,
жалдық және кооперативтік кәсіпорындар,
фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар,
түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер
қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында
республикада 35 біріккен кәсіпорындар,
16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар,
халықаралық коммерциялық банк жұмыс
істеді. Дегенмен, әртүрлі себептерге
байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы
республикаларының бір-бірімен біте қайнасып,
бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының
бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық
қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында
қоғамдық өнім шығару соның алдындағы
жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, ұлттық табыс
10%-ке, еңбек өнімділігі 5,4%-ке төмендеді.
Мұндай жағдай өзге республикаларда
да орын алды. Осыған байланысты Кеңес
Одағы елдерінде ұлттық толқулар күшейді.
Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі,
Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді
шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын
айқындады. Кеңес басшылары ұлт мәселесінің
байыбын терең түсінбеді, ұлтаралық қатынастар
мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп
бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт республикалары
Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді
мемлекет болуы жөніндегі талаптарын
қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың
қараша – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында
Балтық жағалауындағы Эстония, Литва,
Латвия республикалары өздерінің егемендігі
туралы алғашқы құжаттарын қабылдады.
Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке
тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін,
көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік
туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары
да қабылдады. Елдегі мемлекеттік өкімет
билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл
күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика
Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік
егемендігі туралы Декларация қабылдады.Бұл
Декларацияда негізінен мына мәселелерге
мән берілді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы
қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге
асады; Республика әкімшілік-аумақтық
құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени-ұлттық құрылыстарға байланысты
барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика
өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын
КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға
құқылы;Қазақстанның өз шекарасындағы
аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және
оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның
аумағында басқа мемлекеттердің әскери
құрамалары, олардың әскери базалары орналаса
алмайды; Қазақстан өзінің дербес ішкі
әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік
органдарын ұстауға құқылы.
1991 жылдың ортасынан-ақ
Қазақстан басқа республикалармен бірге
іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды.
Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен,
Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен
бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан
шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы
экономикалық байланыстарды мойындау
туралы екі жақты келісімдер жасалды.
1990 жылы желтоқсанда төрт республика –
Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан
егеменді мемлекеттер одағын құру туралы
инициатива көтерді, Новоогарев келісімін
талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс
басталды. 1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы
«Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп жіберді.
КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-министрі
В.С. Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік
Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО
Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс
министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні
Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік
комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік
осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді.
Бұл іс жүзінде Кеңес Одағындағы ескі
мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды
сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған
төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста)
болған КСРО президенті М.С.Горбачевтың
сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған
ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға
денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл
төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс
«Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа»
қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына
кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда
көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде
елде қалыптасып келе жатқан демократия
нышандарын тұншықтыру және нарықтық
қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы
елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап
қалу көзделді.
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен
және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен
байланысты одақтас республикалардың
жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген
келіссөз талаптарынан бас тартты. Ол
КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас
республикалардың, оның ішінде Қазақстанның
егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның
бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи
аренадан кетті.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика
өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар
тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа
қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда
Минскідегі айтылған жалпы принциптік
мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан
құрылған Достастық мемлекет басшылары
және үкімет басшыларының Кеңесі деген
жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы
көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа
кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар
Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің
барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды
мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен
қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық
қаруды және оған әскери басшылық жасауды
бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге
қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып,
халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің
орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті.
Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы
қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының
келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен
аяқталды.
Информация о работе Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның құрылуы