Қосалқы тарихи пәндер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 12:51, лабораторная работа

Краткое описание

Тарих пәнінің қосалқы салаларына палеография, метрология, нумизматика, хронология, сфрагистика, геральдика және генеология және т.б. ғылым түрлері жатады. Бұл пәндерді әр түрлі қырынан оқып-білу әлемдік тарихтағы тарихи оқиғалардың нақты уақыты мен орнын анықтай білуді үйренуге, тарихты оқып білуде шежіренің, таңбалардың, мемлекеттік белгілердің алатын орнын, зерттеу әдістерін оқытады. Қосымша тарихи пәндер мазмұны белгілі тарихи мәліметтерді байыта түсіп, тарихи оқиғалардың әр алуан деректік көзін саралауға, тарих ғылымын жан-жақты игеруге мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ВИД Силлабус 2014 2 курс.doc

— 103.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ атындағы 

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ  ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті

 

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы

 

 

 

 «5В011400-Тарих» мамандығы 

 

 

 

 

«Қосалқы тарихи пәндер»

 

ПӘННІҢ  БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚТАУ 2014

 

1. Оқитын  пәннің сипаттамасы

«Қосалқы тарихи пәндер» пәні 5В011400-Тарих  бакалавр мамандығы  бойынша таңдау компоненті. Пән 3,4 семестрде оқылады, кредит саны-3, аудиториялық сағат саны-45, оның ішінде дәріс-30 сағат, семинар-15 сағат, семестр соңында емтихан тапсырады.

 

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Қосалқы тарихи пәндерді оқытудың мақсаты-белгілі бір тарихи деректерді қолданысқа енгізу үшін арнайы әдістерді қолдана отырып, зерттеуге үйретеді. Қосалқы тарихи пәндер Отандық тарихқа қатысты мәселелерді саралауға бағытталған.

Тарих пәнінің қосалқы салаларына палеография, метрология, нумизматика, хронология, сфрагистика, геральдика және генеология және т.б. ғылым түрлері жатады. Бұл пәндерді әр түрлі қырынан оқып-білу әлемдік тарихтағы тарихи оқиғалардың нақты уақыты мен орнын анықтай білуді үйренуге, тарихты оқып білуде шежіренің, таңбалардың, мемлекеттік белгілердің алатын орнын, зерттеу әдістерін оқытады. Қосымша тарихи пәндер мазмұны белгілі тарихи мәліметтерді байыта түсіп, тарихи оқиғалардың әр алуан деректік көзін саралауға, тарих ғылымын жан-жақты игеруге мүмкіндік береді.

Пәнді оқытудың  міндеттері: Студенттерді тарихи қосалқы пәндер салаларымен, олардың зерттеу әдістерімен кешенді түрде таныстыру; Тарихтағы теориялық мәселелерді қосалқы тарихи пән деректері арқылы тереңдетіп оқыту; Тарихи дерек түрлерінің сыныпталуын меңгеруге үйрету; Тарихи деректерден ақпарат ала білуге, ішкі, сыртқы сыннан өткізуге баулу; Тарихи деректермен жұмыс істеуде қосалқы тарихи пәндер әдістерін кешенді түрде қолдана білуге үйрету; Қосалқы тарихи пәндер салаларының өзара байланысы мен ерекшелігін саралай алуға баулу; Деректердің сипатына қарай пайда болу, авторын анықтау, хронологиясын анықтау сияқты тәсілдерге үйрету;  Ғылыми-теориялық мәліметтер-ге сүйене отырып, тұжырым жасауға, сын көзбен қарауға бейімдеу; Қосалқы тарихи пәндердегі терминологиямен жұмыс жасауға үйрету.

 

3. Пәннің  қысқаша мазмұны

Қосалқы тарихи пәндер және оның міндеттері. Палеография ғылымының дамуы. Эпиграфика. Хронология. Календарь тарихы. Тарихи метрологияның қалыптасып дамуы. Ежелгі өлшем бірліктері. Нумизматика. Тарихи жағрапия.  Тарихи топонимика. Тарихи антропонимика. Тарихи сфрагастика. Геральдика. Вексиллография. Фалеристика. Генеология

 

4. Тақырыптар және оларды үйрену  ұзақтығы

4.1. Дәрістік  сабақтар

 

№№

р/с

 

 

Көлемі,

сағаты

1

Кiрiспе. Қосалқы тарихи пәндер және оның міндеттері.

2

2

Палеография ғылымының дамуы

2

3

Эпиграфика

2

4

Хронология

2

5

Календарь тарихы

2

6

Тарихи метрологияның қалыптасып дамуы.

2

7

Ежелгі өлшем бірліктері.

3

 

3 семестр: 1 кредит

15

8

Нумизматика

2

9

Тарихи жағрапия

2

10

Тарихи топонимика

2

11

Тарихи антропонимика.

2

12

Тарихи сфрагастика

2

13

Геральдика. Вексиллография

2

14

Фалеристика

2

15

Генеология

1

 

4-семестр: 2 кредит

15

БАРЛЫҒЫ:

30


 

4.2. Тәжірибелік сабақтар

 

№№

р/с

Cабақтың тақырыптары

Көлемі,

сағаты

1

Семинар 8. Нумизматика.

1. Нумизматика ғылым ретінде  дамуы.

2. Қазақстан нумизматикасы.

2

2

Семинар 9.  Тарихи жағрапия.

1. Тарихи жағрафия пәні, мақсаттары, міндеттері

2. Қазақстанның тарихи  саяси жағрафиясы

3. Қазақстанның экономикалық  және физикалық жағрафиясы.

2

3

Семинар 10. Тарихи топономика.

1. Тарихи топонимиканың  салалары.

2. Қалалар топономикасы.

3. Өзен, көлдердің топономикасы

2

4

Семинар 11.  Тарихи антропонимика.

1. ХХ ғасырдағы қазақ анторопонимикасы.

2. Жекелей есімдер олардың  ерекшеліктері.

2

5

Семинар 12. Тарихи сфрагастика.

1.  Қазақстан сфрагистикасы.

2. Мөрлердің түрлері.

2

6

Семинар 13. Геральдика және  Вексиллография

1. Елтаңбалардың шығуы  және пайда болуы.

2. Гербтер құрамы, негізгі элементтері

3. Қазақстан геральдикасы

4. Тәуелсіз Қазақстанның  туы, елтаңбасы.

2

7

Семинар 14. Фалеристика

1. Фалеристикаға жалпы  сипаттама.

2. Қазақстан ордендері  мен медальдары.

3. Қазіріг кездегі Қазақстанның  марапаттау жүйесі

2

8

Семинар 15. Генеология.

1. Генеологияның ғылым  ретінде қалыптаса бастауы, міндеттері.

2. Генеологиялық факторлар.

3. Қазақ шежіресі, оның  жетістіктері мен кемшіліктері.

1

БАРЛЫҒЫ:

15


 

4.3. Зертханалық сабақтар (мамандықтың оқу жоспарында қарастырылмаған)

 

№№

р/с

Cабақтың тақырыптары

Көлемі,

сағаты

     
     

БАРЛЫҒЫ:


 

 

5. Өзіндік  жұмыс  тапсырмалары

1. Қосалқы тарихи пәндер және оның міндеттері. Терминдермен жұмыс: Археология, Нумизматика, Сфрагастика, Генеология, Гералдика.

2. Палеография ғылымының дамуы: Бітік жазуы. Латын әліпбиі. Қытай жазуы. Арамей жазуы. Бехистун сына жазуы. Күлтегін жазуы. Көне түркі жазуы.

3. Тарихи метрологияның қалыптасып дамуы: Байырғы қазақ өлшемдері. Мүшел, мүшел есебі. Амал, қазақ, араб күнтізбесі. Жыл мезгілдері, жылнама, зодиак.

4. Ежелгі өлшем бірліктері: Жұлдыздық уақыт, жұлдызшы, белдеулік уақыт. Астрономиялық таңбалар, аспан аңыздары. Дәуір, доңыз жылы, жетіқарақшы, жеті қат көк.

5. Нумизматика: Валюта. Еуро. Ақша,  қағаз ақша, металл ақша.

6. Топонимика: Сақ тайпалық бірлестігінің Қазақстан аумағындағы географиялық орнала-суын көрсет. Қазақ жүздерінің географиялық орналасуы. Маңғыстау жер-су аттарының шығу тарихы.

7. Геральдика: Герб, қалалар мен мемлекеттер елтаңбалары.

8. Этнонимика: Қазақ руларының таңбалары мен ұрандары.

9. Вексиллография: Байырғы әскери рәміздер, байрақ. Әскери рәміздер мен рәсімдер.

10. Генеология: Кіші жүз. Қазақ шежіресі. Ш.Құдайбердіұлы.

 

6. Кеңес беру уақыты

Оқу тобының сабақ кестесіне байланысты анықталады. 11-шағын аудан, 2-1-аудитория.

 

 

7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі

Студенттің білімін бағалау семинар сабақтары және өзіндік жұмыстарын тапсыру кезінде жүзеге асырылады.

 

 

8. Білім алушылардың  білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары

Семестр бойы студент семинар және өзіндік жұмыстарға дайындалып, белсенділік көрсетіп, 2 аралық бақылауға қатысуы тиіс. 

1-аралық бақылаудың балы, 1-8-семинар, өзіндік жұмыс тапсырмаларының нәтижесі;

2-аралық бақылаудың балы 9-15-семинар және өзіндік жұмыс орындағандағы көрсеткіштері негізінде есептеледі. Пән бойынша қорытынды баға ауызша билет түрінде қабылданатын емтихан арқылы анықталады. Студентке қойылатын міндетті талаптар мен шектеулер:

Міндетті талаптар: 

  • сабаққа міндетті түрде қатысу;
  • тапсырмалардың барлық түрлерін уақытында тапсыру;

Тыйым салынады:

  • сабақтан кешігуге және дәлелсіз қалуға;
  • сабақ кезінде өзге жұмыстармен айналысуға;
  • өзге студенттерге кедергі келтіруге.

 

 

9. Әдебиеттер  тізімі

9.1. Негізгі әдебиет:

1. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. А.,1997.

2. Тынышпаев М. История Казахского народа. Санат, 1998.

3. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Білім, 1994

4. Айдаров Г. Көне түрік жазба ескерткіштерінің тілі. Мектеп, 1971.

5. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Санат, 1996.

6. Оссон К. От Чингисхана до Темирлана. Санат, 1996.

7. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Санат, 1994.

8. Шотбақова Л.Қ. Көмекші тарихи пәндер. Қарағанды, 2003.

9. Шотбакова, Л.К., Ю.В. Баер. Вспомогательные исторические дисциплины.  Караганда, 2003.

10. Каймулдинова К.Д. Топонимика. Алматы, 2011.

11. ҚР мемлекеттік елтаңбасы мөр.  Астана, 2005

 

9.2. Қосымша әдебиет:

1. Көшімова Б.Ә. Маңғыстау өңірі жер-су атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы. 2010.

2. Көшімова Б.Ә. Маңғыстау топонимиясы. Алматы. 2010

3. Телғожа Ж. Тарихи жер-су атауларының түптөркіні.  Алматы, 2010.

4. Қондыбай С. Мангыстау географиясы. Алматы, 1997.

 

Пәннің жетекші оқытушысы:

 

Доцент, Табылдиева Орынүл Дүйсенбаевна, oringul75.75@mail.ru________________________

 

 


Информация о работе Қосалқы тарихи пәндер