Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 16:17, реферат
XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді Мұхаммед Хайдар Дулати.
Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді.
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
XVI ғасырдың басындағы
Қазақ хандығының өрлеуін
Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді. Ханның мемлекеттікті нығайтуға бағытталған бұл шаралары түрлі әлеуметтік топтардың қолдауын тапты, халықтың күнделікті тіршілігіне тұрақтылық берді. Өз ретінде ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты.
Қазақ хандығының нығаюына алып келген Қасым ханның бұл шаралары көрші елдер арасында да кеңінен мәлім болды. Моғол хандары Қазақ хандығымен тату болуға ұмтылды. Жоңғарлар Қасым хан тұсында қазақ жеріне жорыққа аттануға жүрексінді. Батыстағы Ноғай ордасының біраз бөлігі ел ішіндегі берекесіздіктен қашып, Қазақ хандығына келіп паналады.
XVI ғасырдың екінші
онжылдығында Қасым хан өз
билігін кең-байтақ қазақ
халқы 1 млн-нан асып,
атты әскері 300 мыңға дейін жетті.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа бастайды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған — Мәскеу мемлекеті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропаға да жетті, Мәскеуде бірнеше мәрте болған (1517 және 1526 жылдары) австралиялық дипломат Сигизмунд Герберштейн өз жазбаларында қазақтар жөнінде мәлімет берді.
Қасым ханның қызметі
мен өлімі жөнінде Қадырғали
би: Жәнібек ханның ұлдарының
арасында аса белгілі болғаны
Қасым хан еді. Ол Жаған
Қазақ хандығы XVI ғасырдың 20—40-жылдарындағы аласапыран тұсында[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Қазақ хандығы
Қазақ хандығы
Қасым хан өлген соң, таққа оның ұлы Мамаш отырды. Бұл ханның билігі кезіндегі оқиғалар жөнінде мәлімет жоқ. Мамаш хан бір шайқас кезінде өзінің ауыр сауытына тұншығып қайтыс болады. Хандықта аласапыран кезең басталады. Сұлтандар арасындағы билік үшін болған талас-тартыстан соң таққа Қасым ханның немере інісі Таһир отырады. Бұл, шамамен, 1524 жылдың төңірегі. Таһир хан мемлекет басқару ісінде жоғары кабілет таныта алмайды. Ең негізгісі — хан мен ел билеушілер арасында өзара түсінісу болмады. Қадырғали би ол жөнінде: Таһир хан біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді, — дейді.
Сыртқы саясатта Қасым хан тұсындағы ноғайлармен арадағы жылы қатынас әскери қақтығыс ұласты, ал Ташкенттің билеушісі Келді-Мұхаммедпен түсінісе алмаған Таһир хан Түркістан маңында өзбектермен болған қанды шайқаста жеңіліс табады. Осы уақытка дейін Моғолстан хандарымен арадағы жарасымды қатынастың да шырқы бұзылады. Бірақ басы ашық бір нәрсе — сол Таһир хан көрші қырғыз елімен одаққа келіп, Жетісу мен Ыстықкөл аймағын моғол және қалмақ шапқыншылығынан қорғап қалуға көп күш жұмсайды.
Халқынан айырылған Таһир ханның өмірінің соңы жоқшылықта қырғыз жерінде өтеді. Шамамен 1532 жылы қаза болған ханның соңында азып-тозған хандык калады.
XVI ғасырдың 30—50-жылдары қазақ және қырғыз одағының Жетісу мен Ыстықкөл аймағы үшін жүргізген күресін Таһир ханнан соң оның інісі Бұйдаш хан жалғастырады. Бұл кезде бірнеше хандыққа бөлініп кеткен қазақ жерінде Бұйдаш ханнан басқа Тоғым және Ахмет сұлтандар хандық кұрды. Тоғым хан мен Бұйдаш ханның қызметі, негізінен, Жетісу мен Сырдария өңірін моғол және өзбек хандарының шапқыншылығынан сақтап қалуға жұмсалды.
Өкінішке орай, бұл
кезеңдегі қырғыз бен қазақ
қолдарының басқыншыларға
Ал Ыстықкөл маңында
Ташкент билеушісі Дервіш хан
бастаған өзбек қолдарымен
XVI ғасырдың 30-жылдары
Орталық Қазақстан үшін Ахмет
ханның жүргізген күресі
Хақназар хан билігі[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Хақ-Назар хан
XVI ғасырдың екінші жартысында қазақ мемлекеттігі қайтадан нығаю жолына түсе бастады, Қасым ханның Ханық сұлтан-ханымнан туған ұлы Хақназарды хандық дәрежеге көтеру рәсімі болды. Хан сайлау салты бойынша, оны ақ киізге отырғызып, молда хутба оқыған соң, киізді төрт би төрт бұрышынан көтеріп, жиналған жұрттың алдынан өтіп, жаңа ханды таныстырады. Ішкі және сыртқы саясатта әкесі Қасым ханның жолын жалғастыра отырып, Хақназар хан қазақ руларының ескі қонысын сақтау, көрші елдер арасындағы Қазақ хандығының ықпалын арттыра түсуге күш салды.
Башқұрт елі арасында тараған мәліметтерге сүйене отырып, П.И.Рычков: Бұл Хакназар хандық мәртебеге көтерілген соң күшейгені соншалық, тек ноғайларды ғана емес, Башқұрт елін, Қазан, Сібір және Астрахан патшалықтарын, Бұхараны, Хиуаны, Ташкенді және басқа көптеген қалаларды өз билігіне қаратты және олардан алым-салық жинатты, — деп көрсетеді. Шын мәнінде, Хақназар ханның мемлекеті мұншалықты дәрежеге жетпегенімен, оның кеңейіп, нығая түскендігі даусыз.
Моғолстанның Орталық
Азия кеңістігінде елеулі
XVI ғасырдың 50-жылдары Ноғай ордасы үшін өте ауыр кезең болды. Ішкі алауыздықтан әлсіреген ноғай елінің Жайық пен Елек өзендерінің бойындағы біраз ұлыстары Қазақ хандығының құрамына енеді. Хақназар ханның ьқпалы Сібір билеушісі Көшім ханға да жайсыз тиген еді.
1552 жылғы Қазан, 1556 жылы Астрахан хандықтарының жерін өзіне қаратқан Ресей — енді Қазақ хандығына көзін сала бастайды. Өйткені Қазақ, хандығы арқылы ол Орталық Азия және Сібірмен қатынас жасай алатын еді. Орталық Азияға сауда жолы Тобылдан Ертіс арқылы Есілдің жоғарғы сағасына, одан әрі Ұлытаудың етегімен Сарысудан Түркістанға, содан соң Сырдан өтіп Бұхараға шығатын еді. 1573 жылы орыс патшасы IV Иванның Қазақ хандығына жіберген елшілігі жолда тұтқынға түседі. 1574 жылы Иван Грозный Оралдағы ағайынды Строгановтарға қазақтармен салықсыз сауда жасау құқығын береді. Осы кезеңде қазақ жеріне бас тіреген орыс елшілерінің бәріне де Қазақ хандығының ішкі жағдайын, оның көрші елдермен қарым-қатынасының жай-жапсарын анықтау тапсырылады.
XVI ғасырдың екінші жартысында да шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы қатынастағы ең өзекті мәселе — Сырдың орта ағысындағы қалаларға билік ету еді. Бұхара, Герат және Қорасанның билеушісі Абдаллах хан өзінің жауларымен, әсіресе Ташкенттегі билікті басып алған Баба сұлтанмен күресте қазақ хандары Хақназар, Шығай және Тәуекелдердің қолдауына сүйенуге тырысты. Абдаллах хан мен Баба сұлтан арасындағы алауыздықты ұтымды пайдалана отырып, Хақназар хан Түркістанның төңірегін және Сауранды өз билігіне қаратуға күш салды. Бірақ осы билік үшін өзара қырқыс барысында Хақназар хан екі ұлы және басқа сұлтандарымен Баба сұлтанның әскерінің қолынан қаза табады. Шамамен 1580 жылы өмірден кеткен Хақназар ханның билігінің соңына карай Қазақ хандығы батыста — Жайық, солтүстікте — Есіл мен Нұра, шығыста — Шыңғыстай, Балқаш және Шу өзені, оңтүстікте Түркістан аралығын қамтыды. Хақназар хан тұсында ноғай, башқұрттардың біраз бөлігі Қазақ хандығына қарады, қырғыз-қазақ одағы бұрынғы жылылық қалпын сақтады.
Тәуекел сұлтан[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Тәуекел хан
Өмірден кеткен Хақназар ханның орнына таққа Қасым ханның інісі Жәдік ханның баласы жас кезінде шайқастарда ерлігімен көзге түскен, сексен жастағы Шығай сұлтан отырғанда, елді басқару тізгіні оның ақылды да ержүрек ұлы Тәуекел сұлтанның қолына көшеді. Ортаазиялық деректер Шығай хан ұлымен Бұхара билеушісі Абдаллах ханның жағында Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы бірнеше жорықтарға қатысып, ең соңында Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның басын алып тынғанын айтады.
Қазақ сұлтанының
қызметіне риза болған
1582 жылы Ходжентке
жақын Күмішкент атты елді
мекенде Шығай хан қаза табады.
Келесі 1583 жылы Әндіжан мен Ферғанаға
жорықтан қайтар жолда
Осы кезде Тәуекел сұлтан қазақ елінің бір бөлігін ғана билейді. Елдің біраз бөлігі Хақназар ханның ұлдары Мұңғатай және Дінмұхаммед сұлтандардың ықпалында болатын. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылған жоқ. 90-жылдардың ортасына қарай Тәуекел сұлтан бүкіл қазақ жұртының ханы ретінде таныла бастайды. 1594 жылы Тәуекел хан орыс тұтқынындағы немере інісі Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен босатып алу үшін орыс патшасы Федорға Құл-Мұхаммед атты елшісін аттандырады. Оразмұхаммед сұлтан тұтқынға 1580 жылы орыстардың Көшім ханмен жүргізген соғысы кезінде түскен еді. Яғни, бұл уақытқа дейін Тәуекелдің бүкіл хандық атынан орыс патшасына елшілік жіберуге мүмкіндігі болмаған-ды.
Қазақ елшілігінің
алдына екі міндет қойылды.
Олар: Оразмұхаммед сұлтанды
Сібір хандығы 15 ғасырда-16 ғасырда
Сібір хандығы —
15 ғасырда Орыс патшалығына
Біріншіден, орыс патшасы Сібір хандығы сияқты Қазақ хандығын да өз құзырына алмақ ойы бар емеурінін жасырмай ашық айтты.
Екішіден, орыс патшасы
егер Тәуекел хан ұлы Үсейін
ханзаданы Мәскеуге аманатқа
жіберсе ғана Оразмұхаммед
Үшіншіден, патша Тәуекел ханды орыс патшалығының қол астында үйіріп, оның бұйрығы бойынша Бұхара билеушісі мен және Сібір ханы Көшіммен соғысуға міндеттейді.
Құл-Мұхаммед елшілігіне
келуат ретінде Мәскеуден
Тәуекел хан 1598
жылы қауырт түрде
Бұл аталған аймақтардың
Қазақ хандығы кұрамына
Есім хан[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Есім хан
Қасым ханнан соң
қазақ мемлекеттігін