Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 16:17, реферат

Краткое описание

XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді Мұхаммед Хайдар Дулати.
Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.doc

— 143.00 Кб (Скачать документ)

XVII ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының көрші елдермен қатынасы өзгерістерге ұшырайды. XVI ғасырдың екінші жартысы Моғолстан үшін құлдырау кезеңі болды. 1605 жылы Бұхарадағы билікке аштархандық әулеттің өкілі Имамқұли келді. Бұл кезде Бұхар хандығы Қазақ хандығы үшін Абдаллах хан кезіндегідей соншалықты қаһарлы емес-ті.

 Қазақ қолдарымен  арада болған шайқастардан соң  1613 жылы Имамқұли хан қазақ  Тұрсын сұлтанды Ташкенттің билеушісі  ретінде мойындайды. Ал Тұрсын  хан Бұхар хандығына тәуелсіздігін  көрсету үшін өз теңгесін шығарады.

XVII ғасырдың бас кезі  аштархандықтарға қарсы қазақ-қырғыз  одағының нығая түсуімен сипатталады. 1621 жылы Шахрух бекінісінің жанында  Тұрсын хан бастаған 100 мың қазақ  пен қырғыз қолдары 160 мың Имамкұли  хан әскерімен кездесіп, жеңіс  қазақ-қырғыз жағында болады.

 Есім хан билігі  тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының  ықпалы артып, қазақ жеріне  қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды  ескере отырып, Есім хан қырғыз  елімен арадағы одақты нығайта  түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим  ханмен достық қатынаста болады.

 Соның нәтижесінде,  Есім хан 1620 жылы ойраттарға  ойсырата соққы береді. Жорықта  жүрген Есім ханның жоқтығын  пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға  шабуыл жасап, Есім ханның отбасын  тұтқынға алады. 1628 жылы Ташкенттің  түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді.

 Осы мезгілде ойраттарға  қарсы Қазақ-қырғыз одағының нығаюына, сондай-ақ ел арасы бірлігі  ісінде көп жұмыс тындырған  қырғыз Көкім би Қарашораұлының құрметіне Есім хан Ташкентте "Көкімнің көк күмбезін" салдырады.

 Есім хан 1628 жылдың  күзінде өмірден қайтып, Түркістанда  Қожа Ахмет Йасауи күмбезі  жанына жерленеді.

 Жоңғар хандығы  және Жәңгір хан[өңдеу]

Crystal Clear app kdict.png Толық мақалалары: Жоңғар Хандығы және Салқам Жәңгір хан

 

 

 Хан Жәңгір

 Есім ханның көзі  тірісінде-ақ жоңғар қалмақтарымен  күресте оның ұлы Жәңгір сұлтан  көзге түсе бастайды, ал оның  хандық қызметі (1628—1652 жылдары)  қалмақтардың басқыншылық саясатына  қарсы тынымсыз арпалысты күрес жағдайында өтті.

 Қалмақтармен болған  жекпе-жекте Жәңгірді жеңетін  қалмақта батыр болған емес. Сол  үшін де оны халық Салқам  Жәңгір атандырады.

 Сәл үзілістермен  бүкіл XVII ғасыр бойы жәнө XVIII ғасырдың  алғашқы жартысында жүрген қанды жоңғар-қазақ соғысына Жетісудағы, Шығыс және Орталық Қазақстандағы шұрайлы жайылымдар үшін талас негіз болды. Қалмақ тайпалары сондай-ақ Сырдың орта ағысы арқылы өтетін сауда жолдары мен егіншілік орталықтарын билеуден үміттенді. Шығысынан қуатты Қытай мемлекеті тықсырған ойраттар онымен салыстырғанда әлсіздеу, батысындағы Қазақ хандығынан қоныс тартып алу жолына түсті. Басқаша айтқанда, Қазақ мемлекеттігінің ендігі уақытта болу не болмау мәселесі таразыға түсті.

 Жәңгір ханның үлкен  саясаткерлігінің, қолбасшы-батырлығының арқасында Қазақ мемлекеті сақталып қалды. Жоңғар хандығының қуатын бағалай білген Жәңгір хан Бұхара Хиуа және Монғол хандықтарымен белсенді дипломатиялық қатынасқа көшеді. Оның әсіресе 1612 жылдан бастап Самарқанның әмірі Жалаңтөс батырмен достық қатынасы қалмақтармен күресте өз нәтижесін береді.

1643 жылы жаңа жоңғар-қазақ  соғысы басталып кетті. 50 мың әскермен  басып кірген Батур қонтайшы  қырғыз Алатауының біраз жерін,  Шу өзенінің жоғарғы оң сағасын,  сондағы елдерді жаулап алады.

 Жәңгір хан Жалаңтөс әмірді, тяньшаньдық қырғыздарды жәрдемге шақырады. Өзі 600 адамдық қолмен Жоңғар Алатауының тар жылғасында қонтайшының әскерін қарсы алады. Аз қолмен үлкен әскерге бетпе-бет келудің мүмкін еместігін түсінген Жәңгір хан айлаға көшеді. Tap жылғада бірнеше ор қаздырып, оларды бекініс етіп, мылтығымен үш жүз жауынгерді орналастырып, қалған үш жүзден бекіністерді алмақ болған Батур қонтайшының сыртынан кенеттен шабуыл жасайды. Алды-артынан жауған оқтан, екі жақ беттен төмен қарай құлаған тастан мыңдаған жоңғар жауынгерлері қаза болады.

 Бірақ шайқас мұнымен  аяқталмайды. Қонтайшы өзінің  басымдығын енді сезіне бастаған  сәтте 20 мың қолымен Жалаңтөс  батыр, Көтен жөне Табай батырлар  бастаған қырғыз жасақтары келіп  жетеді. Ендігі шешуші шайқас  жазықта өтеді. Жеңіс толығымен Жәңгір жақта болады. Он мыңға жуық әскерінен айырылған Батур қонтайшы үлкен шығынмен еліне қайтады.

1646 жылы қонтайшы қазақтардан  кек алу үшін қайтадан атқа  қонады. Бұл жолы ол үстем түсіп,  Жәңгір сұлтанның інісін бала-шағасымен және басқа біраз адамдарды тұтқынға алып, кейін оралады.

 Қазақ пен қырғыздарға  қарсы келесі 1651—1652 жылдары жорыққа  ойраттар үлкен даярлық жасап,  Ресейдің жақын аудандарынан  сауыт-сайман, оқ-дәрі, қару жасауға  қажет темір сатып алады. Бұл  жолғы соғыс қазақ пен қырғыздарға өте ауыр тиеді. Қанды бір шайқаста қазақ мемлекетінің басшысы ретінде кемел саясатымен және туған елін қолына қару алып қорғауда ерен ерлігімен бүкіл Орталық Азия елдері арасында кең танымал болған Жәңгір хан майдан даласында мерт болады.

 Тәуке хан заманы[өңдеу]

Crystal Clear app kdict.png Толық  мақаласы: Тәуке хан

 Қалмақтармен жер  үшін күрес Жәңгір ханның ұлы  Тәуке хан (1680—1715/1718 жылдары) тұсында  да жалғасады. Тәукенің билігі  қалмақ қонтайшылары Қалдан Бошоқты  (1676—1697 жылдары) мен Себан-Рабданның (1697—1727 жылдары) билігіне тұстас келді. Бұл — қазақ-қалмақ қатынасының аса ширыққан кезі болатын. Қалдан ханның әскері 1681 және 1683 жылдары Сайрамға дейін жетеді. Жетісу өңірі біраз уақытқа қалмақтардың қолына өтеді. 1710 және 1711 жылдары қалмақтар қазақ жеріне жаңа шабуылға көшті. Оған жоңғарлардың Қытаймен арадағы қатынасының шиеленісіп кетуі себепші болған еді.

XVII ғасырдың соңы мен  XVIII ғасырдың бас кезі жоңғар  қалмақтарынан төнген қауіпке  қарамастан, Қазақ мемлекеттігінің нығая түсуімен сипатталады. Ел арасында қалыптасқан пікір мұндай жағымды өзгерістерді Тәуке ханның есімімен байланыстырады. Тәуке өзінің қайраткерлік қабілеті арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты, орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде, елдің әл-ауқаты, байлығы артты. Сондықтан да халық ханды әз-Тәуке атап, ал оның билік құрған кезеңін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп бағалады.

 Жоңғар хандығымен  күрес жүргізе отырып, Тәуке хан  Бұхармен жақсы қатынаста болуға тырысты. Ол қазақ хандарының дәстүрлі Мәуереннахрдағы ықпалы үшін күрес бағытынан қайтқан жоқ, өмірінің соңына қарай Ташкентті өзіне қаратты.

 Ресейдің Батыс  Сібірге біржола орнығуы, Ертіс  бойына орыс бекіністерінің орныға  бастауы, сөйтіп, бұл қуатты мемлекеттің батыс пен солтүстік-шығыста қазақ елінің тікелей көршісіне айналуы, әрине, Тәуке ханды да ойға салғаны анық. Жоңғардан төнген қауіп жағдайында оның 1717 жылы орыс үкіметіне елші аттандырып, әскери көмек сұрауы — соның айғағы.[1]

 Қазақ хандығының хандары[өңдеу]

 

 Керей хан, Болат  сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген.

 Әз-Жәнібек хан,  Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген.

 Бұрындық хан, Керей  хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген.

 Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген.

 Момыш хан, Қасым  хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген.

 Тайыр хан, Әдік  сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген.

 Бұйдаш хан, Әдік сұлтан  ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін  билеген.

 Тоғым хан, Жәдік сұлтан  ұлы, 1533—1537 жылдары билеген.

 Ахмет хан, Жаныш сұлтан  ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын  билеген.

 Хақ-Назар хан, Қасым хан  ұлы, 1538—1580 жылдары билеген.

 Шығай хан, Жәдік сұлтан  ұлы, 1580—1582 жылдары билеген.

 Тәуекел хан, Шығай хан  ұлы, 1582—1598 жылдары билеген.

 Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген.

 Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген.

 Салқам Жәңгір хан, Есім  хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген.

 Батыр хан, Бөлекей сұлтан  ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке  сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген.

 Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген.

 Қайып хан, Хысырау сұлтан  ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары  билеген.

 Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.

 Әбілмәмбет хан, Болат хан  ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.

 Абылай хан, Көркем Уәли  сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.

 Кене хан, Қасым сұлтан  ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.

 Ұлы жүз билеушілері[өңдеу]

 

 Жолбарыс хан, Тұрсын сұлтан II ұлы, (Шығай ханның Аман-Бұлан  сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1715—1718 жылдары билеген.

 Есім сұлтан, Сәмеке хан ұлы,  Тәуке хан немересі 1750—1798 жылдары  билеген.

 Әбілфайыз хан, Әбілмәмбет  хан ұлы, 1771—1783 жылдары билеген.

 Орта жүз билеушілері[өңдеу]

 

 Қайып хан, Хысырау сұлтан  ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.

 Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.

 Сәмеке хан, Тәуке хан ұлы, 1719—1734 жылдары билеген.

 Әбілмәмбет хан, Болат хан  ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.

 Күшік сұлтан, Тұрсын  сұлтан ұлы, (Шығай ханның Ондан  сұлтан деген ұлынан тараған  ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.

 Барақ сұлтан, Тұрсын  сұлтан ұлы, 1731—1748(1750)? жылдары билеген.

 Абылай хан, Көркем  Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары  билеген.

 Уәли хан(1741—1819), Абылай хан ұлы, 1781—1819 жылдары билеген.

 Дайра хан, Барақ  сұлтан ұлы, 1781—1784 жылдары билеген.

 Бөкей хан, Барақ  сұлтан ұлы, 1815—1817 жылдары билеген.

 Шыңғыс сұлтан, Бөкей  хан ұлы, (Барақ сұлтан немересі) 1819—1822 жылдары билеген.

 Ғұбайдолла хан, Уәли хан ұлы, 1821—1824 жылдары билеген.

 Кене хан(1802—1847), Қасым  сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.

 Кіші жүз билеушілері[өңдеу]

 

 Ресей Империясы  тағайындаған хандар[өңдеу]

 Әбілқайыр хан,  Қажы сұлтан ұлы, (Әз-Жәнібек ханның Сөк сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.

 Нұралы хан, Әбілқайыр  хан ұлы, 1748—1786 жылдары билеген.

 Жармұхамбет хан,  Әбілқайыр хан ұлы, 1786—1791 жылдары  билеген.

 Ералы хан, Әбілқайыр  хан ұлы, 1791—1794 жылдары билеген.

 Есім хан, Нұралы  хан ұлы, 1796—1797 жылдары билеген.

 Айшуақ хан, Әбілқайыр  хан ұлы, 1797—1806 жылдары билеген.

 Жантөре хан, Айшуақ  хан ұлы, 1806—1810 жылдары билеген.

 Шерғазы хан, Айшуақ  хан ұлы, 1812—1824 жылдары билеген.

 Халық таңдаған  билеушілер (Маңғыстау өңірі)[өңдеу]

 Батыр хан, Қайып  хан ұлы, 1748—1785 жылдары билеген.

 Әбілғазы хан, Батыр  хан ұлы, 1791—1806 жылдары билеген.

 Қаратай хан, Нұралы  хан ұлы, 1806—1816 жылдары билеген.

 Арынғазы хан, Әбілғазы  хан ұлы, 1816—1821 жылдары билеген.

 Бөкей Ордасы билеушілері.[өңдеу]

 Бөкей хан, Нұралы  хан ұлы, 1800—1815 жылдары билеген.

 Шығай хан, Нұралы  хан ұлы, 1815—1823 жылдары уақытша  билеген.

 Жәңгір хан, Бөкей  хан ұлы, 1824—1845 жылдары билеген.

 Сайып-Керей хан,  Жәңгір хан ұлы, 1845—1847 жылдары билеген

 

 

 

 

Қазақ хандығының құрылуы  және нығаюы (15-17 ғғ.)

 Қазақ хандығының  пайда болуы Қазақстан жерінде  14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық  және этникалық-саяси процестерден  туған заңды құбылыс. Өндіргіш  күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

 Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

 Дешті Қыпшақ пен  Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық  қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық  ретінде , хандар мен феодалдардың  қол астынан көшіп кетіп, қоныс  аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж.  Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

 Қазақтың алғашқы  ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.

Информация о работе Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы