Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 09:06, реферат
Қазақ хандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша, оның карамағында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді. Оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.
Кіріспе 2
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.......3
Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы.......................................................4
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі...................................5
Үш жүздің бірігуі. Болат ханның үш жүздің басын қосуы.................................8
Бұланты маңындағы шайқас 8
Аңырақай шайқасы 11
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»...........................................................14
Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы.......................................16
Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері................................................................................................................17
Қазақтардың жеңілу себептері............................................................................17
Жоңғар агрессиясының салдарлары....................................................................17
Қорытынды............................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………19
ЖОСПАР
Қазақ хандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша, оның карамағында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді. Оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.
Қазақ және жонғар әміршілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізінде жайылым үшін бақталастық жатқан еді. Мал санының өсуіне қарай көшпелілер мал шаруашылығы өндірісі үшін қажетті аумақты ұлғайтуға мәжбүр болды.
Жоңғар Шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Ұлы Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.
Жоңғар Хандығы – Батыс Моңғолияда 17 ғасырдың 30-жылдарына қарай төрт ойрат тайпасының бірігуі негізінде құрылған мемлекет. Ғылыми әдебиеттерде Жоңғар Хандығының негізін салған төрт тайпа – шорос, хошоут, дурвэд, хойттар аталады (торғауттар 1627 жылы батыстағы Еділ бойына қоныс аударған). Шыңғыс хан ұрпақтары құрған Юань империясы ыдыраған соң (1368 жылы) олар Батыс Моңғолияда қоныстанып қалған еді. Олармен туысқан тайпалардың бір бөлігі халхалар Шығыс Моңғолияда тұратын. Қытайға апаратын сауда жолдарын иемдену құқығы үшін Шығыс Моңғолия мен Батыс Моңғолияда тұратын ойраттар арасында бірнеше дүркін қанды соғыстар болған. 15 ғасырдың 1-жартысында ойраттардың басшылары Тогон (1418 – 40) және Эсен (1440 – 50) шығыс пен батыстағы ойрат тайпаларын бір мемлекетке қосқан. Бірақ ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты біріккен мемлекет ұзақ өмір сүрген жоқ. Олар Қытайға апаратын сауда жолынан айырылып қалды.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген
сұлтандар дербестікке қол
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады» - дейді.
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді.
Ойраттар белсенді рөл атқарған
Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай
императорының бақылауындағы
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы).
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.
18 ғасырда қазақтар үш жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді - Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде – Жолбарыс хандық етті. Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
16 ғасырдың соңында ойраттар (қалмақтар)
төрт тайпалық бірлестіктен
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы
16 ғасырдың орта шені мен оның
2-жартысында қазақ хандары
Ойрат-қытай соғыстары.1690
– 97 жылдары ойрат-қытай соғыстары Жоңғар
хандығы әскерлерінің бір бөлігінің оңтүстік
майданға кетуіне мәжбүр етіп, олардың
қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын
біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып
Тәуке хан 1698 жылы ойраттарға да, Еділ
қалмақтарына да күйрете соққы берді.
Жоңғарлардың жаңа шабуылының басталуы 17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті.
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі
Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді.
Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды.
Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.
Ордабасы съезі.
1726 жылдың күзінде Бадам өзені
маңындағы биік қырқа –
Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.
Съезде талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды. Осы съезде Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қолбасшысы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды» . Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жаунгерлік рухын көтерді.
Қарақұмдағы съезд
1710—1711 жылдары жоңғар әскерлерінің
ірі күштері Қазақстан шегіне
басып кірді. Оның қаншалықты
елеулі екенін 1710 жылдың күзінде
қазақ жүздері өкілдерінің
Съезге әлімұлы, байұлы және жетіру
бірлестіктері билеушілері
Ең ықпалды тұлға Тәуке хан болды. Оның елдің тыныс-тіршілігін жетік білуімен қоса, өмір тәжірибесі аса мол болатын. Ол әртүрлі қазақ руларымен тығыз байланыс жасап тұратын, дағдылы құқықты жақсы білетін, батырлармен қарым-қатынасы жақсы еді. Ақыр аяғында, Тәуке хан қазақ-жоңғар өзара қатынастарының ғана емес, сонымен қатар жоңғарларға қарсы соғыс қимылдарының тарихының да барлық күрделі жақтарын басқалардың бәрінен жақсы білді. Ол шайқастарды көзімен көріп қана қойған жок, оның қалың ортасында жүрді. Қазақ жасақтары мен көптеген руларды жалпы басқарудың ауырлай түскенін ескере отырып, Тәуке хан қазақ жасақтары мен қазақ руларын басқаруды құрылымдық қайта ұйымдастырудың жоспарын ұсынды. Сонымен бірге ол сұлтандар билігін шектеуге, үш жүзді жауапты билер арқылы басқару жолымен орталықтандыруды нығайтуға ұмтылды. Бұл шаралар бүкіл қазақ жасақтарын құру, қазақтардың қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес келді.
Съездегі негізгі мәселе Жоңғар хандығына бірігіп тойтарыс беру болды. Түрлі өкілдердің көзқарастары бірдей болған жоқ. Адамдардың бір бөлігі қатаң қажеттілікке сай жоңғарларға бодан болуды жөн көрді.
Бұған дейінгі оқиғалар жоңғарларды жеңудің оңай еместігін көрсетті. Съезге қатысушылардың пікірлері бір жерден шықпады. Рубасыларының бір бөлігі аңысын аңдау көзқарасын ұстанды. Революцияға дейінгі зерттеуші Я. Гавердовскийдің айтуына қарағанда, көбі үрейге берілген: «өздерінің тұрғылықты жерін тастап кетіп, қашып құтылғысы келді... ал кейбіреулері қоян сияқты, жан-жаққа бытырап кетуді қалады, тіпті көптеген адамдардың бұрынғы тұрақтылығына сызат түсірді». Алайда съезге қатысушылардың бір бөлігі аңысын аңдып көпшілікке қосылу үшін даудың қалай бітетінін күтті. Осындай ауыр жағдайдың өзінде де жоңғарлардың басып кіруіне қарсы батыл күресті жактаушылар болды. Қалыптасқан жағдайға қарамастан, дау кезінде олар жанқиярлық күрес жүргізу қажет екенін дәлелдеді. Дауға өз пікірін айтқысы келмеген көптеген съезд қатысушылары тартылды. Шығыстық үлкенді сыйлауға қарамастан, пікірлер ашық айтылып, дауға, өз пікірін дәлелдеуге еркіндік берілді. Дау шарықтау шегіне жеткенде ортаға адуынды да кесіп айтар шешен Бөгенбай батыр шықты. Ол ақсақалдар алдына келіп, семсерін жерге қойды да, жейдесін жыртып жіберіп кеудесін жалаңаштап: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның бейшара бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз, өлсек, қару ұстап өлеміз! Қыпшақ даласының сарбаздарының жалтарған кезі болды ма?! Мен қолымды жау қанына малғанда, сақалымды қырау шалған жоқ болатын! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман?! Жауға мінер тұлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорамсақ қаңырап бос қалыппа?!» — деді. Бөгенбай батырдың сөзі жоңғар мәселесін шешудің шырқау шегі болды. Мұндай көзқарасқа ашық қарсы шығуға ешкімнің батылы бармады. Осыдан кейін съезге қатысушылардың бәрі Бөгенбайдың ұранынан айнымауға ант берді. Бір жеңнен қол шығарып, бір-бірін қасық қаны қалғанша қорғауға серттесті. Рухтың күшейгені сонша, кейбір ақсақалдар берілген антты қуаттай түсу үшін жанып тұрған отқа қан тамызуға дейін барды. Ант беру қабылданғаннан кейін жаппай құдайға сыйынып, боз биенің етінен дайындалған құрбандық таратылды, сол арқылы одақтың мызғымастығы да көрсетілді».