Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 06:23, реферат
Біз, қазақ халқы, еліктегіш халықпыз. Абай атамыз айтқан бес ғайбат іске алтыншы қылып еліктеуді қоссаңыз, «қатып» кетейін деп тұр. Махаббатты дәріптеуге келгенде Қозы мен Баян, Қызжібек пен Төлеген емес, аузымызға, алдымен, әулие Валентин түседі. Жастарымыз оның байыбына да барып жатпастан, яғни тарихына, тағылымына үңілместен, әйтеуір ғашықтар күні ғой, сезімімізді білдіріп қалайық, тойлап қалайық деп жанталасып жүргендері.
Жастарымыз оның байыбына да барып жатпастан, яғни тарихына, тағылымына үңілместен, әйтеуір ғашықтар күні ғой, сезімімізді білдіріп қалайық, тойлап қалайық деп жанталасып жүргендері. Ал «әулие Валентин» атанған адамның кім екендігіне де, оның шығу тарихына да назар аудармайды. Ең басты білетіндері – бүгінгі күн олар үшін «ғашықтар күні» деп аталады. «Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығады», – дейді қазақ атам. Иә, біз сондаймыз. Қазақты жамандағаным емес, бірақ ащы шындық – сол! Бойымызға құт қонғандай, еліктеуге келгенде алдымызға жан салмаймыз.
ҚАНЫ ҚАЗАҚ ҰРПАҚ “ВАЛЕНТИН ӘУЛИЕГЕ” НЕГЕ ТАБЫНАДЫ?
ҚАНЫ ҚАЗАҚ ҰРПАҚ “ВАЛЕНТИН ӘУЛИЕГЕ” НЕГЕ ТАБЫНАДЫ?
Біз қазақпыз,ғашык болған Баянға,
Ей,жастарым елің үшін аянба
Ғашық болсаң Валентин күнін емес
Қалқаман мен Мамыр жайлы баянда.
Біз қазақпыз ғашық болған Жібекке
Еңлікті айт ынтық болған Кебекке
Қазағымның өз тарихы тұрғанда
Өзге ұлттың Валентині керек пе?
Біз, қазақ халқы, еліктегіш халықпыз. Абай атамыз айтқан бес ғайбат іске алтыншы қылып еліктеуді қоссаңыз, «қатып» кетейін деп тұр. Махаббатты дәріптеуге келгенде Қозы мен Баян, Қызжібек пен Төлеген емес, аузымызға, алдымен, әулие Валентин түседі. Жастарымыз оның байыбына да барып жатпастан, яғни тарихына, тағылымына үңілместен, әйтеуір ғашықтар күні ғой, сезімімізді білдіріп қалайық, тойлап қалайық деп жанталасып жүргендері. Ал «әулие Валентин» атанған адамның кім екендігіне де, оның шығу тарихына да назар аудармайды. Ең басты білетіндері – бүгінгі күн олар үшін «ғашықтар күні» деп аталады. «Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығады», – дейді қазақ атам. Иә, біз сондаймыз. Қазақты жамандағаным емес, бірақ ащы шындық – сол! Бойымызға құт қонғандай, еліктеуге келгенде алдымызға жан салмаймыз.Жалпы бұл күннің дәлелденген тарихы жоқ,, тек қана аңыздар. Жалпы, «Әулие Валентин» мерекесінің қайдан шыққандығын толық ешкім білмейді. Дегенмен, бүгінгі әлем халықтарының «сезім-символына» айналған Валентин хақында бірнеше аңыз бар. Валентин Рим императоры Клавдийдың тұсында өмір сүріп, өмірін тақуалыққа арнаған діндар (монах) болған екен. Ал, осы билеушінің тұсында жастар елді жаудан қорғаудың орнына жастай үйленіп, әскерге барудан қашатын болған. Сондықтан Клавдий ІІ әскерге бармайынша үйленудің алдын алу үшін заң шығарып, заңға қарсы шыққандарды өлім жазасына кесіп отырған. Солардың қатарында Валентин де өлім жазасына кесілген көрінеді. Бірақ Валентин өзгенің әйелімен заңсыз некеге тұрған екен. Келесі бір аңызда, діндар жігіт жас қыздарға жүрек тәрізді хат жолдап отырған. Бірақ католик шіркеуінің шарттарына сәйкес, олардың сезімі тек құдайларға арналуы тиіс. Алайда, Валентин дінге қарсы шыққандықтан, жазаланады. Ал үшінші аңызға сүйенсек, шіркеу қызметкері Валентин түрмедегі тұтқындарға ғашық болып, осы жағдай әшкереленген соң жазаланған. Осы үш аңызда да Валентиннің басы 14 ақпанда шабылғаны айтылады. Соған орай 469 жылы билік еткен Гелариус есімді император осы күнді «Әулие Валентин» күні деп жариялапты. Ең сорақысы сол, оны әулиеге балайтындығы.
Үш аңызда да Валентиннің діннен безген арсыз екені анық аңғарылады. Бірде тұтқындарға ғашық болғаны айтылған. Рас, түрмеде көбіне-көп ер адамдар жазасын өтейтіні белгілі. Римде әйелді лажы келсе, түрмеге қамауға алмай, күңдікке салатын болған. Сонда бүгінгі қазақ жастары бір жынысты махаббатты символ етіп алған ба? Әлде қандай мерекені атап өтіп жатқанын аңғармай ма? Ал келесі аңыздарда католик дінінің шарттарын бұзғаны хақында сөз етіледі. Рас, Ислам дінінде шариғатты бұзғандар күнәһарлар саналады. Жастарымыз діннен безген күнәһарды өздеріне пір тұтып жүргені ме?
«Біздің елге әулие-сымақты насихаттау қайдан келді?» деген сауалға да жауап беру қиын. Алғашында бұл мейрамды Еуропа жұртшылығы тойласа, 1777 жылы әулие Валентинді ардақ тұтуды АҚШ бастаған екен. Ресейге өткен ғасырдың басында жеткізілсе, сол арқылы біздің елде де жалған әулиені насихаттау белең алғанға ұқсайды.
Мысалы «Әулие Валентин
күні» еліміздің түкпір-
Еліміздің белсенді жастары осы жат мәдениеттің жағымсыз мейрамын жоюға белсеніп, өзіміздің махаббат мейрамын 15 сәуір деп жариялаған болатын. Сонда да Валентиннің айы оңынан туып тұр.
Информация о работе Қаны қазақ ұрпақ "Валентин Эулиеге" неге табынады?