Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 06:23, реферат
Біз, қазақ халқы, еліктегіш халықпыз. Абай атамыз айтқан бес ғайбат іске алтыншы қылып еліктеуді қоссаңыз, «қатып» кетейін деп тұр. Махаббатты дәріптеуге келгенде Қозы мен Баян, Қызжібек пен Төлеген емес, аузымызға, алдымен, әулие Валентин түседі. Жастарымыз оның байыбына да барып жатпастан, яғни тарихына, тағылымына үңілместен, әйтеуір ғашықтар күні ғой, сезімімізді білдіріп қалайық, тойлап қалайық деп жанталасып жүргендері.