қазақтың жүздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 13:17, реферат

Краткое описание

Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орт. болатын. 14 — 15 ғ-ларда бұл тайпалар Моғолстан мемлекетінің құрамында біртұтас этн. бірлестікке біріге бастады. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақтың жүздері.docx

— 101.70 Кб (Скачать документ)

                  Қазақтың жүздері

Ұлы Жүз — қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.

Жері жапсарлас әдет-ғұрпы


Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орт. болатын. 14 — 15 ғ-ларда бұл тайпалар Моғолстан мемлекетінің құрамында біртұтас этн. бірлестікке біріге бастады. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен

  • жалайыр,
  • қаңлы,
  • албан,
  • суан,
  • дулат,
  • шапырашты,
  • сіргелі,
  • шанышқылы,
  • ысты,
  • ошақты,
  • сарыүйсін,

қатаған тайпалары ене бастады. Бұл тайпалардың басым бөлігі б.з.б. 1 ғ-да Жетісуда, Шығыс Түркістан, қазіргі Қырғызстан жерінде құрылған үйсін мемлекетінің құрамында ерте темір дәуірінде тіршілік еткен болатын. Үйсін мемлекетінде үйсіндермен туыстас (юечжи, т.б.) бірқатар тайпалар тіршілік етті. Н.Я. Бичурин, Г.Е.Грумм-Гржимайло сынды ғалымдардың еңбектерінде үйсіндер құрамында дулұ тайпасы өмір кешкені айтылады. Бұл мемлекет Қытаймен тығыз дипломат. қатынастар орнатып, алыс-жақын елдерге кеңінен танылды. Белгілі зерттеуші Н.Мыңжанұлы “б.з.б. 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық Үйсін тарихында, Үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталғанын” айтады. Халқымыздың автохтондық концепциясын қолдайтын ғалымдар көне үйсіндердің қазақ этносында маңызды рөл атқарғандығын жазады. Мұны Қытай ғалымдарының басым бөлігі мақұлдайды.

Түркітанушы-археолог А.Досымбаеваның мәліметтеріне қарағанда, Жетісу жеріндегі үйсін және түркі дәуіріндегі археол. ескерткіштер кешені өзара тығыз байланыста дамыған. Оны жазба дерек көздері де растайды. “Таң патшалығының көне тарихы. Түрік шежіресі” атты тарихи дерек көзінде “Теле … қатарлы елдер бағынғаннан кейін, олардың халқы дулат, нүшбе, қарлық, шиуо, шымыр, обырларға араласып, сіңісіп кетті” деген жолдар бар. Бұл өз кезегінде Түрік қағандығының құрыла бастаған кезіндегі саяси жағдаймен этн. қатынастарды айғақтайды.

Сондай-ақ Батыс Түрік қағандығының құрамында да Ұлы Жүзге кірген бірқатар тайпалар болды. Бұл мемлекеттің негізгі өзегін “он оқ бодон“ (он оқ халқы) деген он ірі тайпа құрады. Олар өз кезегінде бес тайпалы дулат (дұғлу) пен бес тайпалы нүшбелер (нушубилер) одағынан тұрды. Екі иеліктің шекарасы Шу өз. болды. Қытай деректемелері бойынша дулаттардың бес тайпасы — түргеш (мамандардың есептеуінше сарыүйсіндердің ата-бабалары), қойлау, чимойын(шимугін), ысты, жаныс, ал нүшбелер одағы азғыр (әскіл), қасо, барысқан (барсаған) сынды ұлыстардан немесе тайпалардан тұрған. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған мемлекеттерде Ұ. ж. құрамына енген көптеген ру-тайпалар болғандығы белгілі. Мыс., жоғарыда аталған тайпалар арасынан түргештер күшейіп, кейіннен Түргеш қа-ғандығын құрады. Кейіннен бұл мемлекетті қарлұқтар бағындырады. Қарахан мемлекеті тұсындағы жазба деректемелерде де кейіннен Ұ. ж. құрамына енген ру-тайпалардың атаулары кездеседі. Жетісуда қарақытайлар (қидандар) үстемдік құрған кезде мұндағы бірқатар ру-тайпалар солардың билігін мойындады. Кейіннен қидандардың өздері түркі халықтарына сіңісіп кетті. 13 ғ-дың бас кезінде Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол тайпаларының шапқыншылығы кезінде Ұ. ж. тайпаларының құрамы жалайырлар есебінен толықты. Шыңғыс ханның басты әскери күштерін бірі болған жалайырлар осында ілкі замандардан бері мекендеп келе жатқан ру-тайпалармен біте қайнасып, араласып кетті. Жергілікті билеушілердің (Күшлік ханның) діни озбырлығына наразы болған ру-тайпалардың біразы Шыңғыс хан әскерлерін азат етуші ретінде қарсы алды. Біраз бөлігі оның әскеріне қосылып, Хорезмді жаулап алу соғыстарына қатысты.

Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы (1219 — 1221) және ол жерлерді ұлыстарға бөлуі нәтижесінде Ұлы Жүзді құрағанру-тайпалардың этн. аумақтары ішінара Жошы мен Шағатайға берілді. Ұ. ж-ге кірген тайпалардың басым бөлігі Шағатай ұлысының аумағында тіршілік етті. Ол ыдырағаннан кейін Моғолстан мемлекетінің құрамында өмір сүрді. Бұл мемлекетте дулат тайпасының әмірлері ұлысбегі лауазымын иемденіп, әскери және әкімш. билікті өз қолдарында ұстады. Ұлысбегілер өздері қалаған адамды хан сайлап, ұнамағандарын тақтан түсіріп отырды. Моғолстан мемлекетінде Ұлы Жүздің шоғырлану үрдісі зор қарқынмен жүріп, ортақ тіл, мәдени дәстүр қалыптасты. 15 — 16 ғ-ларда қазақ жүздері, негізінен үш мемлекет аумағында Ноғай Ордасынан бөлінген тайпалардан Кіші жүз, Әбілхайыр хандығынан бөлінген тайпалардан Орта жүз, ал Моғолстанда Ұлы Жүз қалыптаса бастады. Бірақ бұл процесс Қазақ хандығы құ-рылғаннан кейін 17 ғ-дың 2-жартысында ғана толық аяқталып, қазақ халқы қалыптасты. Сөйтіп, ұзақ жылдарға созылған кірігу нәтижесінде қазақ халқының этн. аумағы қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын толық қамтыды. Қазақ халқын құраған негізгі үш бірлестіктің бірі болған Ұлы Жүз қазақтары егін ш-мен және мал өсірумен айналысты, көрші елдермен сауда қатынасын орнатты. Ұлы Жүз құрамына енген тайпаларды халық “Ұлы жүз — үйсін” деп атады. 1643 ж. Жоңғар қонтайшысы Батыр Ұ. ж-дің шығыс аймағының біраз жерін өзіне қаратты. 1681 — 88 ж. Жоңғар билеушілері Ұ. ж-дің Оңтүстік Қазақстандағы жерлеріне бірнеше рет шабуыл жасады. 18 ғ-дың 1-жартысында Үш жүз бірлестігінің арасында саяси және экон. байланыс нашарлап кетті. Қазақ шонжарларының әр түрлі топтары арасындағы өзара бәсекелестікті шебер пайдаланған Жоңғар билеушілері қазақ жеріне, әсіресе, Ұ. ж. тайпалары мекен еткен Қле, Сыр, Талас, Шу бойына шапқыншылығын күшейте түсті. Ақыры 1723 ж. жоңғарлар жойқын жорыққа аттанып, Ұлы Жүзді басып алды (қ. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама). Ұлы Жүз қазақтары зор шығынға ұшырап, ұлыс билеушісі Жолбарыс өзі билеген қазақ қауымдары мен Ташкент тұрғындарының атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындады. 1733 ж. Ұлы Жүз елшілері Аралбай мен Оразгелді Ресейге барып, сыртқы жауға қарсы күресте орыс патшасынан көмек алуға тырысты. 1734 ж. 20 сәуірде Ресей патшайымы Анна Ивановна Жолбарыстың атына арнайы грамота жолдады, бірақ Ұлы Жүз бен Ресей арасы шалғай болғандықтан саяси байланыстар тоқтап қалды. 19 ғ-дың 1-жартысында Ұлы Жүзге қараған оңт. аудандарды Қоқан хандығы басып алды. Әулиеата (Жамбыл), Сайрам, Шымкент, Түркістанды мекендеген Ұлы Жүз рулары 1821 ж. қоқан үстемдігіне қарсы бас көтерді. Олар Шымкент пен Сайрамды бағындырғанымен күші басым қоқан әскерлеріне төтеп бере алмады. Қоқан хандығынан қысым көрген Ұлы Жүз қазақтары біртіндеп Ресейдің қол астына өте бастады. 1837 — 47 ж. Ұлы Жүз қазақтарының бір бөлігі Кенесеры Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қолдаса, келесі тобы оның жасақтарының озбырлығына қарсы шығып, қырғыздармен болған шайқастан кетіп қалды. Осыдан кейін-ақ патшалық Ресей Ұлы Жүз қазақтары аумағындағы экспанциясын күшейтті. 1849 ж. Қле мен Қаратал аралығын, Балқаш к-нің жағалауын қоныстанған 59 мың Ұлы Жүз қазақтары Ресейдің қол астына өтті. 19 ғ-дың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. 1848 ж. 10 қаңтарда патша үкіметі Ұлы Жүз қазақтарын басқару үшін және Жетісу өлкесін бақылау үшін Үлкен Орданың приставы деген қызмет орнын белгіледі. Пристав Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынды. Ұ. ж. қазақтары Ресейге толық қарағаннан кейін Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды да, Сырдария облысы мен Жетісу облысын мекендеді. Бұл облыстардың шекарасы Құрағаты, Шу өзендерінің бойымен өтті. Ұ. ж-дің Жетісу облысы 1882 ж. Ақмола, Семей облыстарымен бірге жаңадан ұйымдасқан Дала генерал-губернаторлығының құрамына кірді. 1897 ж. қайтадан Түркістан ген.-губернаторлығына енді. Ұ. ж. тайпалары туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі ресейлік П.И. Рычков, А.Левшин, Н.А.Аристов, В.В. Бартольд сынды зерттеушілердің шығармаларында кездеседі. Сондай-ақ М.Тынышбаев, т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерінде Ұлы Жүзру-тайпаларының саны, т.с.с. мәселелері көтеріледі. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында Ұлы Жүз қазақтары, негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерімен Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкентуездерін мекендеді. 20 ғ-дың 1-жартысында болған ұлт-азаттық көтерілістерге, Азамат соғысына, ашаршылық жылдарындағы жағдайларға тап болған Ұлы Жүз қазақтары едәуір шығынға ұшырап, біраз бөлігі көршілес елдерге көшуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда Ұлы Жүз ру-тайпаларының өкілдері тек қазақ халқы ретінде ғана танымал.

Зат

Албан

шанышкылы

дулат

жалайыр

канлы

ошакты

сиргели

суан

шапырашты

ысты

Ру

  • игілік-баба
  • айт
  • қоңырбөрік
  • қыстық
  • ақ қыстық
  • қызыл бөрік
  • айтбозым
  • алжан
  • жарты
  • құрман
  • сегіз-сары
  • бука
  • дархан
  • бесбала
  • шакалак
  • меркит
  • кият
  • санырау
  • бесулы
  • ботпай
  • жаныс
  • сыйхым
  • шымыр
  • акбиюм
  • андас
  • арыктыным
  • байчигир
  • балгалы
  • кальпе
  • кайшылы
  • карашапал
  • кушук
  • мырза
  • оракты
  • сиырши
  • сыпатай
  • кара-канлы
  • кызыл- канлы
  • капсан- канлы
  • сары- канлы
  • аталык
  • байлы
  • коныр
  • тасжурек
  • айтбозым
  • акконирдек
  • байжигит
  • батыр
  • елибай
  • жайдак
  • жанабай
  • қайшылы
  • карабатыр
  • караконирдек
  • тутанбалы
  • шалдар
  • байтюгей
  • токарстан
  • айкым
  • асыл
  • екей
  • ескожа
  • шыбыл
  • теке
  • қошқар
  • орымбет
  • ойық
  • тілік
 

Орта  жүз құрамы


Шежіре бойынша Орта жүз құрамы алты рудан тұрады: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ. Орта жүз қазақтарының тарихы мен рулық-тайпалық құрамының толық сипаттамасы толымды түрде Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, І.Халиди, А.И. Тевкелев, А.И. Левшин, П.И. Рычков, т.б. ғалымдар еңбектерінде баяндалады. Бұл тайпалар өз ішіндеруларға бөлінеді. Арғын руы өз ішінде екі үлкен атадан тұрады: бес мейрам (қуандық, сүйіндік, бегендік, шегендік, қаракесек) және жеті момын (атығай, қарауыл, қанжығалы, тобықты, бәсентиін, шақшақ, сарыжетім), қыпшақ: қара қыпшақ, құлан қыпшақ, сары қыпшақ, қытай қыпшақ; найман: терістамғалы, сарыжомарт (ергенекті), төлегетай, сүгірші; қоңырат: жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл, байдар, жандар, құлыншақ; керей: ашамайлы және абақ; уақ: жантелі және жангелді деген үлкен аталарға бөлінеді. Кейбір шежірелер алты тайпаға қосымша жетінші етіп тарақтыны қосады. Аңыз бойынша тарақты Орта жүз ноқта ағасы. Ноқта ағасы ретіндегі құрметке Ұлы жүзде жалайыр, кіші жүзде табын руы ие. Ноқта сөзі бұл рулардың жетекші рөлге ие болғанын көрсетеді. Әрі аталған үшеуінің де таңбалары тарақ таңба, яғни төре таңбасымен үндес келеді. 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген.

Абылай хан.

Орта  жүз аумағы


Орта жүз аумағы оңтүстікте Сырдарияның орта ағысы алабындағы және Орта Азия өңіріндегі отырықшылық жағдайда егіншілігі өркендеген көне мәдени орталықтармен шектескен. Ауызша деректер бойынша кезінде Ұлы жүз бен Орта жүз табиғи шекараларының бірі болып Шу өзені белгіленген.Орта жүз солтүстікте Ресей иеліктеріндегі жерлермен шектесті. Кейбір рулар қазіргі Қазақстан шекарасынан тыс жерлерде де орын тепкен. Найман руының бір бөлігі (қызай, байжігіт) мен керей руының үлкен бір бөлігі (абақ керей) қазіргі Шыңжаң жеріне (ҚХР)қоныстанған. Моңғолияның Баян-Өлгий, Қобда аймағында өмір сүріп жатқан қазақтардың да негізгі бөлігін осы абақ керейлер құрайды. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін абақ керей руы малға жайылым іздеп бұрынғы қоныстарынан шығысқа қарай көшіп, қазіргі Қытай жеріндегі Алтайдың таулы аймақтарын, Қара Ертіс бойынжайласа, қыста Моңғолия жеріне өтіп, қыстап жүрген. Моңғолияда революция жеңіске жетіп, 1921 жылыҚытаймен арадағы шекара белгіленген соң, абақ керейлер Моңғолияның Қобда аймағында түпкілікті орналасып қалған. Моңғолияда біршама найман, аздап арғын, уақ рулары кездеседі. Қытай жерінде өмір сүріп жатқан Орта жүз руларының көпшілігi Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі зұлматтың нәтижесінде Қазақстаннан қоныс аударғандар. Орта жүз құрамына кірген тайпалар ежелгі заманда-ақ көшпелі жағдайда мал шаруашылығымен шұғылданған. Сырдария бойында, Сарысу, Нұра, Торғай өзендері, Алтайдың тау бөктерлерінде суармалы егіншілікпен де айналысқан. Балық аулау Балқаш, Зайсан көлдерінде жақсы дамыды.Аңшылық кәсіп, қолөнер түрлері де (ағаш ұсталығы, зергерлік, кілем тоқу, т.б.) айтарлықтай дәрежеде болды. Бұған қосымша Орта жүз жұртшылығы өзіне көршілес аймақтардан астық, өнеркәсіп және қолөнері бұйымдарын негізінен малға және мал шаруашылығы өнімдеріне айырбас жасады.Ортағасырлық деректемелерде Орта жүз құрамына кірген тайпалар туралы біршама мәліметтер бар (Рашид әд-Дин, Әбілғазы, т.б.). Олардың тарихы ежелгі уақыттардан басталады. Орта жүз тайпалары ерте орта ғасырларда (VI– XII ғасырлар) болған саяси-тарихи оқиғаларға белсене араласып, Орта Азиядағы түрлі халықтардың этногенезінде маңызды рөл атқарды. Кейіннен басқа да түркі-моңғол тайпалары сияқты Шыңғыс хан құрған мемлекеттің құрамына кірді, Жошы әулеті билеген Алтын Орда мемлекетінде үлкен рөл атқарды.

Сырдария

Этнотарихы


Этнотарихи жағынан Орта жүздің қалыптасуы орта ғасырдағы қыпшақ этномәдени ортасымен, Ақ орда, Өзбек ұлысы ру-тайпаларымен байланысты. Оның қалыптасуына XV – XVI ғасырларда' пайда болған географиялық және этносаяси факторлар негіз болды. Яғни,Алтын Орданың, оның шығысындағы автониялық құрылым Ақ Орданың ыдырауы, жаңадан құрылған тәуелсіз ұлыстардың (өзбек, қазақ, ноғай, т.б.) өзара соғыстары өзара жақын, туысқан руларды біріктіруге мәжбүр етті. Қазақ хандығының нығаюы мен халықтың топтасуында Орта жүз тайпалары елеулі қызмет атқарды. XVI – XVII ғасырларда Қасым хан, Ақназар, Тәуекел, Есім хан, Тәуке хантұсында қазақ хандығының аумағы күрт кеңейіп, бір-біріне жақын тайпалар бірігіп, аумақтық-әкімшілік бөлік болып қалыптасты (Жүз). Үш жүздің қалыптасуы жаугершілік уақытта, сыртқы жауға қарсы әскер топтастыруда шешуші рөл атқарды. XVIII ғасырда қазақтарға қарсы Жоңғар хандығының агрессиясы күшейіп ( Жоңғар шапқыншылығы), қазақ тайпаларының батысқа қарай ығысуына, көшуіне әкеп соқты. Жеке-жеке бытырай қоныстанған олар жоңғарлардың ұйымдасқан тегеурінді күшіне төтеп бере алмады. Ш.Уәлиханов бұл жайында былай жазады:“Құтырынған жоңғарлар түре қуған Орта жүз қазақтары Самарқанд маңынан барып шықты, олардың бірқатары көмек пен қамқорлық іздеп, Ресей шекарасына жақын қоныстанды”. Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықты Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлар көтеріп, оларға қарсы бірнеше рет соққы берді. Сыртқы жаудан қорғану үшін Орта жүз тайпаларының біразы Ресей бодандығынаөте бастады. '1734 жылы 10 маусымда Сәмеке хан бастаған Орта жүз руларының бір бөлігі Ресейдің қол астына өз еркімен өтті. 1740 жылы тамызда Әбілмәмбет хан, 1742 жылы қарашада найман тайпасын билеуші Барақ сұлтан Ресей бодандығын қабылдады. 1754 жылы қазанда қоңыраттардың біраз бөлігі бодандыққа кіргенімен, олардың Ресей қол астына өтуі XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылды.Жоңғар шапқыншылығы кезінде жан-жаққа бытырай көшуге мәжбүр болған Орта жүз тайпалары мен рулары XVIII ғасырда өз Орта жүз руларына ежелгі жерін қайтару үшін әскери және дипломатиялық әдістерді қатар қолданды. Қазақтарды іштей ыдыратуды көздеген Ресей өкіметі 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық құрып, оған Бөкей хан болды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан өлген соң 1822 жылы орыс патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билік жойылып, 8 сыртқы дуанға бөлінді. “Сібір қазақтары туралы ереже” бойынша әр дуан 15 – 20 болыстан, әр болыс 10 – 12 ауылдан, әр ауыл 50 – 70 түтіннен құралды. Ереже бойынша белгіленген 8 сыртқы дуанның [Қарқаралы, Құсмұрын (1824), Аягөз (1831), Ақмола, Аманқарағай (1832), Баянауыл, Үшбұлақ (1833), Көкпекті (1844)]ашылуы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. 1824 – 36 жылдары Саржан сұлтан басқарған Қарқаралы және Көкшетау округтеріндегі халық бірнеше рет стихиялы түрде көтерілді. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс одан да ауқымды болды. Алғашқыда оған Ақмола, Қарқаралы, Аманқарағай, Баянауыл округтерінің халқы қосылса, уақыт өте келе бұл көтеріліс үш жүзді қамтыды. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанға әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді (1866, 1891 жылғы реформалар). Орта жүз қазақтары Семей және Ақмола облыстарының құрамына енді, олар Жетісу облысы Лепсі уъездінде, Торғай облысы Қостанай және Торғай уъездінде халықтың көпшілік бөлігін құрады. Орта жүз тайпаларының біраз топтары Торғай, Сырдария облыстарының кейбір уъездін де қоныстанған. Орта жүз қазақтары енген екі облыста 130 болыс, 1048 старшын, 183668 шаңырақболған. 1889 жылғы санақ бойынша, Семей облысында – 519887, Ақмола облысында -466364 адам тұрған. 1897 жылғы санақ бойынша, халық саны көбейіп, мұнда барлығы 1267198 қазақ тұрған.

Информация о работе қазақтың жүздері