қазақтың жүздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 13:17, реферат

Краткое описание

Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орт. болатын. 14 — 15 ғ-ларда бұл тайпалар Моғолстан мемлекетінің құрамында біртұтас этн. бірлестікке біріге бастады. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақтың жүздері.docx

— 101.70 Кб (Скачать документ)

 

Ашаршылық кезеңі.

Қазақ халқының этногенезі ұйытқы болуы


Орта жүз құрамына енген тайпалар мен рулар XV ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басында негізінен Қазақстанның шаруашылық және географиялық жағынанөзіндік ерекшелігі бар шығыс, орталық және солтүстік өңірлерін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі тарихи оқиғалар (“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ашаршылық”, “кәмпеске”, дүниежүз. соғыстар, т.б.) салдарынан Орта жүз тайпаларының бұтақтары, рулары мен аталары Ұлы жүз бен Кіші жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне шашырай қоныстанды. Сондай-ақ Орта жүз рулары Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шетелдерге (Моңғолия, Қытай, Түркия, бірқатар Еуропа елдеріне) көшіп, бүгінде сол елдердегі қазақ диаспорасын құрап, өмір сүріп жатыр. Қазіргі таңда тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мәні жойылған. Орта жүз өкілдері тек біртұтас қазақ ұлты ретінде ғана танымал.

 

 

 

 

Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты олар ел арасында “Кіші жүз – алшын” атанған. Оның құрамына:

  • 12 ата байұлы (адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, масқар, таз, тана, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш);
  • 6 ата әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті);
  • 7 ата жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары енеді.
  • 15 – 17-ғасырларда ру-тайпалық топтар Бұрындық, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан тұсында Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды (1710).
  • 1723 ж. Жоңғар шапқыншылығы қазақ даласын үлкен апатқа ұшыратып, бұл кезең “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” аталды. Басқыншылардың шабуылына төтеп бере алмай Кіші жүздің бірқатар рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұхарға беттеді. Бірақ мұнда да тұрақтай алмай, Жайыққа қарай ығысты. Ықпалды хан деп саналғанмен, Әбілқайырдың билігі Кіші жүзге түгелдей жүрмеді. Кейіннен Кіші жүзде Нұралы, Ерәлі, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар билік құрды. Қазақтардың Ресей қол астына алынғанына жарты ғасыр өткенде, империялық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Оны Сырым Датұлы басқарды. Бұл күрес қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Кіші жүз қазақтарының бірсыпырасы Еділ мен Жайық аралығына көшіп, 1801 ж. Бөкей ордасын (ІшкіБөкей ордасы) құрды.

Осы уақытта Бөкей ордасына Астрахан маңайын мекендеген ноғайлар Бөкей ханның қолдауымен көше бастайды. Әлі күнге дейін Кіші жүз қазақтарының арасында руға кірмейтін Ноғай-Қазақ руы бар.

  • 1824 ж. патша өкіметі Кіші жүзде хандық басқаруды жойып, оның орнына жекелеген аймақтарды билейтін басқарушы сұлтандар тағайындауға кірісті.
  • 1845 ж. Жәңгір хан өлген соң патша өкіметі Бөкей ордасындағы хан билігін де жойды.

Кіші жүз құрамына енген тайпалар мен рулар 15-ғасырдың екінші жартысы мен 20-ғасырдың басында, негізінен, Қазақстанның батыс өңірін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі дүрбелеңді оқиғалар, қоғамдық сілкіністер (жаугершілік жорықтар, “Ақтабан шұбырынды”, Отан қорғау, ұлт-азаттық соғыстар, әсіресе, 20-ғасырдағы большевизм асыра сілтеулерінен туындаған қуғын-сүргін, ашаршылықтар мен толқулар, т.б.) салдарынан жекелеген рулар мен аталар Орта жүз бен Ұлы жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шет елге (Иран, Ауғанстан, т.б.) көшіп барып қоныстанды. Осындай көші-қон, араласулар нәтижесінде тайпалық одақтардың алғашқы құрылған кездегі мәні жойылып, біртұтас қазақ халқының қалыптасуын объективті ақиқатқа айналдырды.


Информация о работе қазақтың жүздері