Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 18:38, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9
2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35
2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54
Дәлелдемелерді бекітудің криминалистік мәні жоғарғы тиімділік тұрғысынан ақпараттық аспектіден анықталуы тиіс. Дәлелдемелерді бекітудің ақпараттық аспектісі фактілік деректерді бекіту ақпарттық шығындарға әкеліп соқтыратындықтан бекітудің техникалық әдістеріне әр түрлі талаптар қояды. Дәлелдемелерді бекітудің ақпарттық мәні мыналарға негізделеді:
Осыған орай, фиксация криминалистік тұрғыдан алғанда, қылмыстарды ашу мен тергеу қызметін жүзеге асыру кезінде төмендегі сұрақтарға жауап алу үшін базаны құруға арналған:
Бұл сұрақтарда дәлелдемелерді бекітудің криминалистік мәні қылмыстарды ашу мен тергеуді жүзеге асыратын құзыретті субъектінің қызметімен қарастырылады. Аталған субъектінің әрекеттерінің мазмұны потенциалды ақпаратты өзекті ақпаратқа айналдырудан көрініс табады.
Қазіргі уақытта дәлелдемелерді бекітудің теориялық аспектісі заттай дәлелдемелердің қатарына жататын объектілердің аясын кеңейтуге байланысты өзекті болып табылады. Олардың қатарына әр түрлі нысандағы микрообъектілер жатады. Бекітіудің өзекті мәселелерінің қатарына иісті іздерді бекіту жатады. Бұған қоса, қылмыскердің денесінде, киімінде, қылмыс құралдарында, қылмыстық қол сұғу затында көрініс табатын материалдық іздердің пайда болуын қамтамасыз ететін техникалық құралдарды пайдалану тәжірибесі бар. Объектілерге қол сұғу әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін, көзбен көрінетін химиялық заттар пайда болуы мүмкін. Барлық аталған белгілі бір анықталған жағдайдың материалдық іздері тұлғаның сол жерде болған фактісін дәлелдеуі мүмкін.
Оқиға туралы ақпараттың пайда болу заңдылығын білу арқылы тергеліп жатқан қылмыстың қоршаған ортада көрініс табуының шарттарын анықтауға болады. Дәлелдемелік ақпаратты бекітудің криминалистік мәні осыдан көрініс табады.
Осыған орай, дәлелдемелік бекітудің криминалистік және процессуалдық мәндерінің айырмашылығына қарамастан олардың арасындағы юелгілі бір байланысты анықтауға болады. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда дәлелдемелерді бекітудің криминалистік және процессуалдық аспектілердегі түсініктерінің ара қатынасы қажеттілік пен толықтылықтың байланысын білдіреді. Яғни процесс міндеттілік тұрғысынан қажеттілік шарттарын шығарады, ал криминалистика бұл шарттарды техникалық және тактикалық мазмұнмен толықтырады, нәтижесінде дәлелдемені толық және объективті қарастыру үшін жеткілікті етіп береді, басқаша айтқанда, процессуалдық бекіту бұл-нысан, ал криминалистік бекіту – бұл оның мазмұны.
Сонымен, криминалистік бекіту – бұл құзыретті тұлғалармен белгілі бір анықталған нысанда қылмыстық іс жүргізу заңымен қарастырылған тәртіп бойынша ақпарттық дәлелдемелерді бекітуі.
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру
Топтастыру тәжирибелік және теориялық қызметке маңызы зор ғылыми білімнің негізін қалаушы элемент.
Бекітудің келесі әдістері бар:
Көрсетілген бекітудің тәсілдерінің тізімі топтасу мағынасын иеленсе де, топтастыру жүйесінен ерекшеленеді. Бір топтастыруда келтірілген негіздер келесі топтасытурады қолданылуы тиіс; топтастырылатын сыныптың көлемі топтасыту мүшелеріне сәйкес келуі тиіс; топтастырудың мүшелері бір-бірін жою керек. Жоғарыда аталғаннан кез келген топтастыру белгілі бір бөлу нысанын білдіреді деген қорытындыға келуге болады.
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту теориясының дамуына Р.С.Белкин үлкен үлес қосты. Ол бекітудің нысандары мен әдіс-тәсілдерін жасады. Оның еңбектерінде бекітудің техникалық тәсілдері жүйелендірілген.
Дәлелдемелік ақпараттарды бекітудің негізгі әдістері, амалдары мен тәсілдері |
Вербальды (сөздік) |
Графикалық нысан |
Пәндік нысан |
Образдық |
Дыбысжазба Хаттамаға түсіру |
Графикалық суреттеу |
Пәнді заттай алу және оны топтамалау |
Суретке түсіру бейнежазба киносъемка |
Тергеу әрекетін жүзеге асыру кезінде хаттаманы жасау, жауап алу кезінде дыбызжазбаны қолдану |
Схематикалық және масштабты жоспарлар, суреттер, сызбалар, оған қоса салынған портреттер |
Бөлшектер жасау көшірмелер алу |
Көрінетін және көрінбейтін сәулелерде суретке түсіру, тергеу әрекеттерін жүзеге асыру кезінде бейнежазба мен киносъемканы пайдалану. |
1-сурет. Дәлелдемелік
ақпараттарды бекітудің
Дәлелдемелерді бекітудің жалпы ғылыми әдістерінің қатарына өлшеу, баяндау және модельдеу жатады деп тұжырымдайды. Бұл әдістер техникалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:
Қарастырып отырған теорияның топтастырылуы кеңінен таралған процессуалдық міндетті нысандарды толығымен ашып көрсетеді.
Дәлелдемелерді бекіту аясында «әдіс» ұғымы «амал» «тәсіл» ұғымдарымен мағыналас. Бұл ұғымдар мәні бойынша бір-біріне жақын алайда оларды сәйкестендіру қателік болып табылады.
Жалпы алғанда амалды белгілі бір анықталған мақсаттарды шешу үшін қолданады.
Ал дәлелдемелік ақпаратты бекіту мақсатында қолданылатын іс-әректтер кешенін тәсіл деп атауға болады. Мысалы техникалық-криминалистік тәсіл деп дәлелдемелерді қолдану, зерттеу және жинау кезінде қолданылатын рационалды және тиімді әрекеттердің тәсілі деп айтуға болады. Тәсілі ұғымы түсінігі амалмен салыстырғанда тар болып табылады.
Дәлелдемелеік ақпаратты бекіту мақсатына жету кезінде тәсіл амал және әдіс бір-бірімен ұштасады. Осыған орай, белгілі бір анықталған әдіс-тәсілдерді қолдану жалпы метологиялық қағидалардан бастау алады.
Ғылыми зерттеудің әдістерін қолдану мақсаттары сол зерттеудің мақсатымен шартталған. Адамдардың тәжірибелік өмірі мен ғылыми зерттеудің арасындағы айырмашылық осы жерде байқалады. Тәжірибелік қызметтің әдістері мен ғылыми қызметтің әдістерінің айырмашылығы осы жерде байқалады. Тәжірибелік қызметтің белігілі бір түрынде ғылыми әдісті қолданудың шартарына байланысты модификация, адаптация, және шектеу орын алуцы ммүкін. Бұл ең алдымен тәжіәрибелік қызметтің ғылыми зеттеруден ерекшеленетімен, екіншіден, тәжірибелік қызметтің өзіне тән арнайы ерекшілктерге байланысты.
Тәжірибелік қызметтің әдістері әрекеттер мен операциялардың жүйесін құрап
а) ғылыми әдістерге
б) бектіу объектісінің ерекшеліктері мен сипатына
в) нақты тәжірибелік мақсаттарды шешу тәжірибесіне негізделуі тиіс.
қылмыстарды ашу мен тергеу қызметінде оынң ішінде дәлелдемелерді бекіту қызметінде тәжірибелік қызмсеттің бағалау критерийлерінен басқа – негізділік, қауіпсіздік, тиімділік, үнемділік.
Сот тергеуінде кез келген тәжірибелік танудың мақсаты – объективтік ақиқатты анықтау. Бірақ сот тергеуі жол берушілік критерииінің басты орынды иеленуімен ғылыми зерттеуден ерекшеленеді. Бұл критерий әдістің қодану аясына байланысты әр түрлі мазмұнды иеленеді. Мысалы, қылмыстарды ашу және зерттеу қызметінде, сот немесе дәлелдемелік ақпарттаы бекітетін субъектінің қызметінде.
Қылмыстарды ашу және зерттеу кезінде әдістің жолберілушілігін анықтайтын басты шарттардың бірі-әдістің заңдылығы.
Әрине дәлелдемелік
ақпаратты бекітудің ә»дістері
заңмен реттелмесе де бұл
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту әдісінің жолберілушілігін анықтайтын қажетті шарттарыдың бірі-ғылыми негізделгендігі және ғылымилығы болып табылады. Ғылымилығы – бұл аядағы білімнің жаңа жетістіктерімен қамтамасыз етілуі деп түсіну керек.
Бекіту әдісінің жол берілушілігі тек оның ғылымилығымен ғана емес, сонымен қатар объектіге әсер ету сипатына да байланысты болып табылады.
1970 жылы Р.С.Белкин иерархиялық
жүйеде криминалистика әдістері
Криминалистиканың жалпы әдісі – диалектикалық әдіс. Криминалистік ғылымда қорлданыладытн жалпы ғылыми әдістер – қарау, салыстыру, суреттеу, өлшеу, эксперимент, модельдеу және математикалық әдістер. Криминатистиканың арнайы әдістері екі топқа бөлінеді: жеке криминалистік (технико-криминалистік, құрылымдық-криминалистік) және криминалистік ғылыми зерттеулерде қолданылатын басқа ғылымдардың арнайы әдістері.
Белкиннің ұсынған криминалистік әдістер топтамасының жалпы ғылыми немесе арнайы әдістердің қатарына жатқызылған әдістер тізіміне ғана байланысты өзгерістер енгізілді. Дәлелдемелік ақпаратты бекіту кезінде осы әдістердің қолданылу деңгейі қандай деген сұраққа бекіту әдістерінің топтамасы жауап береді.
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту процесі ғылымға негізделетін тәжірибелік қызметтің бір түрі болып табылады. Алайда дәлелдемелік ақпаратты бекітуді ғылыми зерттеу деп тануға болмайды. Бекіту процесі ойлау, тану процесімен тығыз байланысты болғандықтан бекіту субъектісінің ойлау деңгейі мен тану процесінің деңгейінің сипаты туралы сұрақтар туындайды.
Дәледемелік ақпаратты бекіту процесін шешу әдістері мен мақсаттарын басшылыққа ала отырып, оның танудың эмпирикалық деңгейіне сәйкес келетінін айта аламыз. Алайда эмпирикалық танудың субъектісіне тән жай ойлау деңгейі бекіту субъектісінің ойлау деңгейіне сәйкес келмейді. Ол теориямен байланысты сол себептен оны ғылыми – эмпирикалық деп атауға болады деген пікірлерді Ф.Кумпф және З.Оруджиев ұстанады. Яғни ақпараттарды бекіту процесінің эмпирикалық сипаты танудың теориялық әдістерін қолдану қажеттілігіне шек қояды.
Осыған орай, жалпылық деңгейі және оларды қоданудың аясы деген әдістерді топтастырудың бірыңғай негізі басшылыққа ала отырып дәлелдемелік ақпаратты бекіту жүйесі мынадай нысанда болуы тиіс:
Бұл топтастыру
белгілі бір түсінтемені қажет
етеді. Көрсетліген әдістер –
бұл тану теориясының
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту және табу әдістерінің топтамасында жалпы әдіс екі тарауда да көрсетілген ол: диалектикалық және формальды логика. Тәжірибелік қызметте дилектикалық логика әдіс ретінде емес, бекітудің әдістері мен амалдарын таңдаудың негізгі бағыты ретінде қолданылады. Диалектиканың қажеттілік пен кездейсоқтық, себеп пен салдар және басқа да категориялары бекіту субъектісінің қорытынды шығаруының бағыттары мен себептерінің мазмұнды сипатталуында маңызды орынды иеленеді. Әрине диалектикалық әдіс дәлелдемелік ақпаратты бекітудің кез келген нысанын жүзеге асыру кезінде жалпы қолданылатын әдіс болып табылады.
Дәлелдемелік ақпараттарды бекітудің жалпы ғылыми әдістерінің қолдану аясы басқа. Әдістердің бұл категориясы өзінің мазмұны бойынша ғылыми зерттеудің арнайы ғылыми әдістерінің категориясына сәйкес келеді. Арнайы әдістер дегеніміз бекітудің басқа нысанында қолданылмайтын, нақты жекелеген объектіні бекіту кезінде қолданылатын, кейде әдістер кешені ретінде көрініс табатын әдістер болып табылады. Көрсетілген топтастыру жалпы болғанымен, жалғыз болып табылмайды. Тәжірибеде қолдану шарттары, процессуалдық нысан, қолданылатын техникалық әдістер және басқа да негіздер бойынша бекіту әдістерінің топтамасы бар.