Дәлелдеу процессі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 18:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9
2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35
2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәлелдеу процессі.doc

— 371.00 Кб (Скачать документ)

Дәлелдемелерді зерттеуге байланысты әртүрлі сипаттамалары берілген кейбіреуіне тоқтай кетсек келесіне назар аударуды жөн көріп отырмыз. Дәлелдемелерді зерттеудің мүлде жаңа сипаты А.А. Давлетовтың аталған жұмысында ұсынылды. Оның пікірі бойынша дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі қызмет  - ақпараттың және логикалық екі деңгейдің жиынтығы ретінде түсінілетін дәлелдеу процесінің мәнінег қалыптасуы тиіс. Басқаша айтсақ, анықталатын мән-жайлар туралы бастапқы білім жинақтаудың механикалық сипаты болады, өйткені әзіргк бөлек-бөлек ақпаратты қарапайым түрде біріктіру жүріп жатады. Бұқаралық ақпараттың сыны белігісіне жету – ақпараттың элементтері (бірліктері) арасындағы өзара байланысты орнатуға бағытталған логикалық операцияларды жүргізудің қажеттілігіне және негізді екенідігіне әкеледі.

Проблемаға деген осы көзқарастың тартымдылығына қарамастан, біз оның бірыңғай теориялық бағалылығы бар деп ойлаймыз. Мәселе мынада, ақпараттық және логикалық деңгейлерді іс жүзінде бір-бірінен бөлуге болмайды. Қолымызға тиген кез келген ақпараттық бірлік -  бір мезгілде логикалық операциялардың нәтижесі де болып табылады. Тіпті қылмыстық тергеуге тән ең бастапқы «хаос» логика заңдарына бағынады және материалдық сипаттың белгілерімен өзара байланысты (көп жағдайда әрекетті қылмыстық құқықтық бағалау дәлелдемелерді іздеудің бағытын белгілейді).

Мынадай көзқарас та қызығушылық туғызады, оған сәйкес дәлелдемелерді тексеру оларды зеттеудің құрамдас бөлігі ретінде емес, зерттеумен қатар дәлелдеу процесінің элементі ретінде қарастырылады. Мәселен, А.И. Валяевтің пікірі бойынша: «Дәлелдемелерді тексеру дегеніміз – ондағы бар ақпаратты растауға (теріске шығаруға) бағытталған қызмет. Дәлелдемелерді тексеру – деректерді жинау деген сөз, солардың негізінде оның сенімділігі мен іске жіберілуі туралы пікір айтуға болады. дәлелдемелер басқа дәлелдемелер арқылы ғана тексерілуі мүмкін. Сонымен, дәлелдемелерді зерттеу оны кейін тексерудің  қажетті әрі елеулі алғышарты дәлелдемелер табылғаннан (немесе оны алу барысында) және бекітуден (алынғаннан) кейінгі бірінші және міндетті элементі болып табылады. Тергеуші мен соттың қарамағында бар алынған ақпарат қана тексерілуі мүмкін»[18]. Әрі қарай А.И. Валяев дәлелдемелерді зерттеу мен тексеру уақыт жағынан бір-бірінен қалыс қалуда, әртүрлі процессуалдық әдістермен және тәсілдермен іске асырылуда деген ойды негіздейді,

Дәлелдемелерді тексеру мен зерттеу өздерінің мазмұны бойынша сәйкес келеді деген көзқарас та әдебиетте бар. Мәселен, Л.М. Карнеева былай деп жазады: «Дәлелдеу процесін негізгі баспалдақтарға бөлуге болады, олар:

  1. Дәлелдемелерді табу.
  2. Дәлелдемелерді тіркеу
  3. Дәлелдемелерді тексеру
  4. Дәлелдемелердің топтамасы және оларды бағалау[19]

Әрі қарай ол: тексеру әрбір дәлелдемені талдау, істе бар, сондай-ақ осы мақсат үшін тергеу эскперименті барысында арнайы алынған басқа да дәлелдемелерден салыстыру жолымен жүзеге асырылады деп көрсетеді. Сонымен, тексеру мазмұнын осылайша түсіндіру дәлелдемені зерттеудің мәнін іс жүзінде қамтиды».

 

 

 

    1. Дәлелдемелерді бағалау

Дәлелдемелерді бағалау – бұл іс бойынша шындықты анықтауда жиналған дәлелдемелердің рөліг айқындауға бағытталған логикалық ой процесі. Дәлелдеу процесінің осы кезеңдегі (элементі) құқықтық негізі ретінде ҚІЖК-нің 128-бабы бой көрсетеді, онда былай деп жазылған: судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы заңды және құқықтық танымды басшылыққа ала отырып істің барлық жағдайларын олардығ жиынтығында жан-жақты толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалайды және қандай да болсын дәлелдеменің судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы үшін күні бұрын белгіленген күші болмайды.

Сонымен, дәлелдемелерді бағалау - өзінің шектері мен шектулері бар белгілі бір процессуалдық маңызды шарттарға негізделген қызмет.

Теориялық ғылым көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелерді бағалау бір мәнді түсіндірілмейді. Бұл мәселеде анағұрлым көрнектілері мынадай айқындамалар болып табылады.

  1. А.И. Трусовтың пікірі бойынша «процесте дәлелдемелерді бағалауда әрбір дәлелдеменің күші туралы пайымдауға арналған арнайы формальды ережелерді күні бұрын белгілеу жолымен заң шығарушы емес, судьялар, прокурорлар, тергеушілер және анықтауды жүргізетін адамдар жүзеге асырады, олар үшін бірде бір дәлелдеменің алдын ала белгіленген күші болмайды»[19].

Қаралып отырған бөлікте ҚІЖК-нің алғышарттарын қарай келіп, А.И. Трусов «бұл ережелердің мәні ең әуелі формальды дәлелдемелер жүйесін толық жоққа шығарудан тұрады»[20] деп есептейді.

  1. Осы заманғы ғылыми үрдістерге П.Ф. Пашкевичтің көзқарасы әлдеқайда жақын, ол мынадан көрінеді: «дәлелдемелерді бағалау дегеніміз – олардың әрқайсысы қаншалықты нақты айқындалғанын, ол іспенен және басқа дәлелдемелерден қаншалықты байланыста тұрғанын, іс үшін маңызы бар.

Фактіні орнықтыратын  немесе жоққа шығаратынын және іс бойынша барлық арналған дәлелдемелердің жиынтығы нені білдіретінін анықтау»[21]. Әрі қарай П.Ф. Пашкевич былай деп жазады: «Барлық адамдар үшін олардың кәсіби, ұлттық немесе нәсілдік тегіне қарамастан белгілі бір ой кешу заңдары қолданылатынын ғылым әлдеқашан дәлелдеді, мұның өзі адамдарға олардың айырмашылықтарына қарамастан бір-бірін түсінуге мүмкіндік береді... Жалпы адамзаттық логика әрбір адамның оның ішінде судьяның танымдық қалауының негізі болып табылады»[22].

3. Дәлелдемелерді бағалау туралы  заң ережелерін, мәнін түсіндіру  М.С. Строговичті судьялардың ішкі  сенімі дәлелдемелерді бағалаудың бірден бір өлшемі деген ойға әкелді. Ішінара ол былай деп жазды: істе бар дәлелдемелерді бағалау істің барлық жағдайларын олардың жиынтығында қарауға негізделген судьялардың, ішкі сенімі бойынша жүргізілетін болғандықтан, судьялардың ішкі сенімі қылмыстық процесте дәлелдемелерді бағалаудың өлшемі болып табылады. Бұл ережені былай түсіну керек, заң дәлелдемелерді бағалау кезінде судьялар басшылыққа алуға міндетті қандай да бір сыртқы өлшемдерді белгілемейді, судьялар белгілі бір дәлелдемені сенімді немесе сенімсіз деп тануға міндетті болатындай қандай да бір формальды белгілерді көрсетпейді. Судьяларға өздерін сендіретін дәлелдемені сенімді деп тануға және керісінше, өздері үшін сенімсіз дәлелдемені сенімсіз деп жоққа шығаруға құқық береді.

Осы мағынада судьяның ішкі сенімі дәлелдемелерді бағалаудың өлшемі деп есептеледі. Бірақ судьялардың сенімі дұрыс, негізделген болуға тиіс, сондықтан судьяның ішкі сенімі үшін де өлшем қажет. Мұндай өлшем – судьяның сенімі істің іс жүзіндегі мән-жайларына сәйкес келуі»[23].

Сонымен бірге М.С. Строгович судьяның ішкі сенімін қандай жағдайда да сот айқындайтын фактілердің шынайылығының өлшемі ретінде қабылдауға болмайды деп дұрыс атап көрсетеді. Ол «дәлелдемелреді бағалаудың өлшемі» мен «сот қорытындылары шынайлығының өлшемі» ұғымдарын ықтимал шатастырып алмауды ескертеді.

4. В.Д. Арсеньев жалпы түрде дәлелдемелерді  бағалауды: «әрбір дәлелдемені жеке  алғанда және барлық дәлелдемелерді  жиынтық күйінде алғанда күші  мен маңызын айқындау»[24] деп анқытама береді. Сонымен бірге ол мұндай сипаттау аталған ұғымның көптеген елеулі элементтерін аша алмайды және дәлелдемелерді бағалау жөніндегі қызметті құрайтын элементтер призмасында егжей-тегжейлі қарастырылуы тиіс деп әділетті түрде атап өтеді. Осыны ескере отырып, В.Д. Арсеньев әрбір әрбір дәлелдемені бағалаудың мазмұнына мынадай мәселелердің шешілуін енгізуді ұсынады: а) дәлелдеменің көзі туралы дәлелдеудің, құралы; ә) дәлелдеменің, қатыстылығы және іске жіберілетіндігі туралы; б) дәлелдеменің сенімділігі туралы.

Соған қоса ол жиынтық күйінде дәлелдемелерді бағалау - әрбір дәлелдеме процестің әрбір кезеңіндегі дәлелдеу қорытындысын құрайды деп атап өтеді.

  1. «Дәлелдемелер теориясының» (1973 ж. авторлары Г.М. Миньковскийдің атынан былай деп анықтама береді: «дәлелдемелерді бағалау - бұл тергеушінің, прокурордың және судьялардың ой қызметі, ол мынадан тұрады, аталған қызмет адамдары заңды және социалистік құқықтық танымды басшылыққа ала отырып, әрбір дәлелдемені жеке алғанда және дәлелдемелердің бүкіл жиынтығын өздерінің ішкі сенімі бойынша қарайды. Іс бойынша қорытындылар шығару үшін олардың қатыстылығын, іске жіберілетіндігін, сеніммділігін, жеткіліктілігін анықтайды. Дәлелдемелерді бағалау негізінде тергеу (сот) жорамалдары ұсынылады және олардың бірінің жеткілікті түрде расталғаны, сөйтіп, қалғандарының жоққа шығарылғандығы анықталады, әртүрлі процессуалдық, оның ішінде тергеу (сот) іс-қимылын жүргізу туралы шешімдерді қабылдау үшін негіз қаланады, істің жекелеген мән-жайы мен тұтас алғанда қылмыстық дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы қорытыныдлар жасалады»[25].

Дәлелдемелерді бағалушы субъектілердің тобы қылмыстық процесте өзінің немесе өкілі болып табылатын адамның (айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші және өзге де адамдар) мүддесін көздейтіндердің қылмыстық процеске қосылуы есебінен елеулі түрде ұлғая түседі. Сонымен бірге дәлелдемелерді бағалаушы адамдар мүдделерінің әр қилылығы бұл қызметке өз ерекшелігін енгізетіндігін атап көрсетеді.

6. Ф.Н. Фаткулиннің пікір бойынша  дәлелдемелерді бағалау астарынан «дәлелдемелердің барлық бағалы қасиеттерінің сипаты мен маңызын, олардың көздерін және іс бойынша объективті шындыққа қол жеткізу мақсатында осы материалдарды алудың (пайдаланудың) тәсілдерін анықтаудан көрінетін процессуалдық қызмет элементі» дегенді түсінуіміз қажет деп жазады[26].

Ол дәлелдемелерді бағалаудың мазмұны мынадай сипаттардың анқытамасын қамтуы тиіс деп ойлайды, олар: а) нақтылық, іс жүргізу көздерінде бар мәліметтердің ішкі келісімі және сапалылығы; ә) осы ақпараттардың жекелеген фактілер мен мән-жайларды растай алатын қабілеттілігі мен жеткіліктілігі; б) іске тігілген қоғамдық объектілерде бар істелген әрекеттің, материалдық іздерінің сапалылығы; в) осы материалдық іздердің және дәлелдемелік фактілердің, сол сияқты олардың өзара байланысы мен қатынасының іске қатыстылығы; г) дәлелдемелік фактілермен материалдық іздердің сенімділігі, олардың істің заң тұрғысынан маңызы бар мән-жайларды анықтай алатын қабілеттілігі; д) дәлелдеудің бүкіл тақырыбының мән-жайлары туралы сенімді қорытынды жасау үшін және іс бойынша маңызы бар олардың сипаттарын толық анықтау үшін жиналған дәлелдемелердің (фактілер, дәлелдемелік фактілер және материалдық іздер туралы мәліметтер), барлық жиынтығының жеткіліктілігі[27].

7. Л.М. Карнеева дәлелдемелерді  бағалауды: «дәлелдемелердің қатыстылығын және іске жіберілетіндігін, олардың сенімділігін және қатыстылығын және іске жіберілетіндігін, олардың сенімділігін және дәлелдеу тақырыбына енетін мән-жайларды анықтау үшін маңызын айқынтайтын бағалаушы пайымдаулар» деп түсінеді[28].

Бұл қызметтің, мазмұнына ол әрбір дәлелдемені жеке алғандағы бағалауды да, сондай-ақ қандай да бір анықталуға тиісті мән-жайға қатысты дәлелдемелердің белігі бір тобын да, содан кейін іс бойынша жиналған дәлелдемелердің бүкіл жиынтығын да қосады.

Л.М. Карнееваның проблеманығ мәнісін түсінудегі ерекшелігі ізашарлары бұрын мазмұнына құрамдас элементтер ретінде енгізген дәлелдемелерлі бағалаудың ережесін тұжырымдауы болып табылады. Басқаша сөзбен айтсақ, ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалау, іс материалдарын жиынтық түрінде қарау, толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігі талаптарын сақтау, саңның нұсқамасын бағалаудың негізділігі  - мұның бәрі, сөз болып отырған зерттеушінің, пікір бойынша дәлелдемелерді бағалаудың шарттары.

8. Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдемелерді бағалаудың мәні проблемасына В.С.Джатиев философиялық көзқарас тұрғысынан келеді. Бағалаудың философиялық категория ретінде талдай отырып, ол оны құқықтық мағынасында түсіндіреді және өз пікірін қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелерді бағалау мынадай түрлерден қалыптасады деп негіздейді, олар: 1) имоционалдық; 2) рационалдық. Рационалдық бағалау өз кезегінде а) гносиологиялық және  ә) аксиологиялық болып екіге бөлінеді. Ал гносеологиялық бағалаудың мазмұнына істің іс жүзіндегі және құқықтық тұрғыдағы сипаттарын қарау кіреді[29]. Әрі қарай дәлелдемелреді бағалау туралы заң ережесін сынға алады. Атап айтқанда, ол заң шығарушы «дәлелдемелерді бағалау» және «қылмыстың мән-жайын бағалау» ұғымдарын ұштастыруға жол берген деп есептейді. Мәселе мынада, оның пікірі бойынша тұтас алғанда дәлелдемелерді бағалау мен қылмыстың мән-жайының дәлелдемелерінің көзге түсетін өзара байланысына қарамастан қылмыстық мән-жайын бағалау кезінде ішкі сенімнің мәнін айыра білу қажет.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдемелердің мәнін толық ашу үшін келтірілген көзқарасты категория ретінде бағалаудың философиялық анықтамасымен аяқтауды орында деп санаймыз. Сонымен, бағалауды философиялық түсіндіру «... әлеуметтік құбылыстарға, адам қызметіне, оның мінез-құлқына қатысты, олардың маңызын, адамгершіліктің белгілі бір нормалары мен принциптеріне сәйкес келуін (мақұлдау және айыптау, келісу немесе сынау, ұнату немесе ұнатпау және т.б.) білдіреді. Адамның интеллектуалдық және адамгершілік дамуы оның әлеуметтік айқындамасымен, дүние танымымен, мәдени деңгейімен анықталады. Екінші жағынан, осы тұлғаның мінез-құлқы жүйесіндегі себептерді, іс-қимылдың құралдары мен мақсаттарын, оның шарттарын, орнын есепке алу – оны дұрыс бағалаудың қажетті шарты»[30].

Жоғарыда келтірілгендей көзқарастарды талдау мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

А.И.Трусовтың көзқарасына байланысты айтсақ, оның түсінуіндегі объективті шындық социалистік идеология мен теңдестілілетін тұсында қабылдауға келмейді. Шындық біреу, сондықтан оны кім қалай түсінсе де шындықтың мәні өзгеріссіз қалады. Міне, осы айқындама мәселені философиялық тұрғыдан түсінуден туындайды. Шындық бұл танушы субьектінің объектіні барабар бейнелеуі, ол өз алдына адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз қалай болса, тап сол күйінде көз алдына елестету[31].

П.Ф. Пашкевичтің көзқарасы несімен құнды? Ол қылмыстық іс жүргізу қызметінің идеологилық жағына үлкен маңызбен объективтік беру әркеттеріне тосқауыл қояды. Осыған байланысты П.Ф. Пашкевичтің, Я.Л.Штутиннің атына айтқан сыны есте қалады. Ол былай деп жазған болатын: «Таным арифметикасы болса отырып, біздің формальді логикамыз буржуазиялық формальді логикадан ерекшеленетіні сөзсіз»[32]. Бұл жағдайда сөзссіз жағдай адамның идеялық сеніміне қарамастан кез келген адам үшін бірде логикалық тәсілдердің негізінде ғана шындыққа қол жеткіізледі.

Информация о работе Дәлелдеу процессі