Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 18:38, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9
2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35
2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54
Дәлелдемелік ақпаратты бекітудің әдістерін ең алдымен олардың процессуалдық табиғаты бойынша топтастыруға болады. Бұл критериймен мынадай әдістерді бөліп көрсете аламыз:
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы дәлелдемелік ақпаратты бекітудің міндетті әдістерінің қатарына тиісті іс жүргізушілік құжаттарда вербальды ақпаратты суреттеу жолымен бекітуді жатқызады. Өзінің үлкен көлеміне байланысты қылмыстық іс құжаттарына тіркеле алмайтын іс үшін маңызы бар объектіге міндетті түрде суретке түсіру әдісі қолданылады. Қылымыстық іс жүргізу заңнамасы қосымша және міндетті емес әдістердің қатарына суретке түсіру, жоспарлар мен схемалар жасау, бейнежазбаны жатқызады. Дәлелдемелік ақпараттарды бекітудің мұндай әдістерін қылмыстарды ашу мен тергеумен айналысатын субъект қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес қажетті жағдайда ғана қолдана алады.
Оған қоса суретке түсіру, бейнежазбаға түсіру әдістері арқылы жүзеге асырылатын дәлелдемелік ақпараттарды бекіту объектілерінің ауқымын кеңейту керек. Мысалы, адам өлімімен ұштасқан жол апаты істері бойынша, жаралыс құралыдарын қолдану істері бойынша, адам қөліміне соқтырған қауіпсіздік шарттарын бұзу істері бойынша.
Бекіту әдістерін өзінің сипаты мен табиғаты бойынша алғашқы суретті алуға мүмкіндік беретін және кейінгі суретті алуға мүмкіндік беретін деп екі түрге бөлуге болады.
Алғашқы топтың қатарына ізді алу үшін оның бетін цементтеу және шашылмалы материалдың бөліктерін бекіту жатады.
Екінші топтың қатарына әр түрлі бейнежазба жасау, бөлшектерді дайындау жатады. Бұл топтағы әдістер жұқа көріністерді және ауқымды көріністерді алуды қамтамасыз ететін әдістер деп екі түрге бөлінеді.
Дәлелдемелік ақпаратты бекітудің барлық әдістерін келесідей жүйелендіруге болады:
Бұл топтастырудың тәжірибелік маңызы зор және кейбір модельдердің криминалистік, яғни дәлелдемелік мүмкіндіктерін анықтауға септігін тизеді.
Дәлелдемелік ақпаратты бекіту әдістерінің жүйесіне нәтижені алу уақытына қарай оларды жай, жылдам және экспрессты деп енгізуге болады. Бұл әдістер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болып, әр түрлі модельдердің түрлерін құра алады және дәлелдемелік ақпараттарды бекітуге бағыттала отырып, белгілі бір топтастыру жүйесінде өзіне тән орынды иеленуі мүмкін. Алайда олардың барлығына бірдей бір қасиеті бар бұл-қылмыстарды ашу және тергеу кезінде процессуалдық куәландыру үшін қолдануға болатын нәтижелер беру. Бұл қасиет кез келген бекіту жүйесінде ерекшелендіреді және тәжірибеде қолдануға болатын көптеген мүмкіндіктер береді.
Техникалық заттарды бекіту кезінде қолданылатын әдістерге байланысты ақпаратты бекітудің келесі әдістерін бөліп көрсетуге болады:
Дәлелдемелік ақпаратты вербальды
нысанда бекіту. Қылмыстық-процессуалдық заңның ережелеріне
сәйкес тергеу әрекеттерінің нәтижелерін
бекітудің негізгі тәсілі болып хаттама
жасау табылады.Хаттама жасау жазбаша
белгілер арқылы тергеу әрекеттерінің
барысы мен нәтижелерін ауызша(сөзбен,сөзбе-сөз)
Тергеу әрекеттерін бекітуге процессуалдық регламентация,криминалистік түсінік тұрғысынан қарау арқылы келесілерді бөліп шығару қажет.
ҚР ҚІЖК-нің 218-220-баптарына сәйкес жауап алу мен беттестірудің барысы мен нәрижелерін бекітудің негізгі құралы болып хаттама табылады.Жауап алу хаттамасы 4 бөлімнен тұрады:анкеталық;еркін баяндау;жауап алынатын тұлғаға қойылған сұрақтар мен оның оларға берген жауаптары туралы жазбалар;куәландырушы бөлім,яғни ол жауап алынатын тұлғаны көрсетулердің жазбасымен таныстыру туралы белгіден және оның оның қолымен хаттаманың дұрыстығын куәландырудан тұрады.
Заң хаттамаға көрсетулерді бірінші
жақта және мүмкіндігінше сөзбе-сөз енгізуді
талап етеді.Соңғысы,әсіресе,
Жауап алу барысында өзінің еркі немесе тергеушінің ұсынысы бойынша тұлға өзінің көрсетулерін түсіндіретін белгілі бір схемалар,жоспарлар,сызбалар жасай,суреттерді сала алады.Жауап алынған тұлға мен тергеушінің қолдарымен куәландырылған бұл құжаттар хаттамаға қоса тіркеледі.
Тергеушінің шешімі немесе жауап алынып отырған тұлғаның өтініші бойынша дыбыс- не бейнежазба қолданылуы мүмкін. Олар бекітудің қосымша тәсілдері бола отырып,жауап алуды хаттамалауды жоққа шығармайды.Дыбыс және бейнежазбаны қолданатыны туралы жауап алынатын тұлға тергеу әрекетін жүргізу басталғанға дейін хабарланады.
Тергеу қарауы,куәландыру және эксгумация тергеу
әрекеттері ретінде іс үшін маңызға,егер
оның нәтижелері тиісті түрде процессуалдық
бекітілген жағдайда ғана ие болады.Істі
зерттейтін прокурор,мәні бойынша қарайтын
сот аталған тергеу әрекеттерін жүргізудің
толықтығы,объективтілігі,
Оқиға болған жерді қарау сияқты қарау түрінің нәтижелерін бекітудің тәсілдері(способы) мен әдістерін(приемы) ажырату керек.Олардың қатарына, тергеуші олардың көмегімен оқиға болған орын картинасын толықтай,қылмыс жасалған жердегі жағдайды,оқиға орнындағы объектілердің барлығының жиынтығында запечатлевать ететін тәсілдер жатады.Бұл жағдайда оқиға болған жерді қарау нәтижелерін хаттамалау,оқиға болған жердің сызба,жоспарын жасау,оны фотосуретке және бейнежазбаға түсіру бекітудің тәсілдері болып табылады.Ал әдістерге өлшеу фотографиясы,гипстен үлгілер (слепок) жасау және тағы басқа жатады.
ҚР ҚІЖК-нің 223, 227-баптарына сәйкес қарау,куәландыру және эксгумация хаттамалары аталған тергеу әрекеттерінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі процессуалдық құжаттар болып табылады.Бұдан басқа,бекітудің өте маңызды элементі ретінде оқиға орнында қалған барлық картинаны толық ойда сақтау үшін қарау,куәландыру және эксгумация барысында жоспарлар,схемалар,графикалар жасауды да есептеу қажет.Егер аталған тергеу әрекеттерін жүргізу барысында фото- және бейнежазба да қолданылса,онда бұл нәтижесінде алынған дәлелдемелерді дұрыс бағалау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Бұдан басқа оқиға болған жерді,мәйітті,үй-жайларды,
Тану үшін көрсету нәтижелерін бекітуді
қарастыра отырып,тану үшін көрсету хаттамасы
ҚР ҚІЖК-нің 229-бабының 13-бөлігіне сәйкес
жасалатынын айту қажет.ҚР ҚІЖК-нің 203-бабының
7-бөлігіне сәйкес хаттамаға тергеу әрекетін жүргізу барысында
жасалған фотографиялық негативтер мен
фотосуреттер,кинотаспалар,
Тінту және алудың барысы мен нәтижелерін бекітудің толықтығы мен объективтілігіне олардың тергеу әрекеттері ретіндегі дәлелдемелік мәні байланысты болады.Тінту мен алу хаттамасы тергеу әрекеттерінің нәтижелеріне байланыссыз,олар аяқталған соң ҚР ҚІЖК-нің 234-бабына сәйкес жасалады.
Хаттама жасаумен бірге, дәлелдемелерді бекітудің өзге де тәсілдері қолданылуы мүмкін:жоспарлар,схемалар жасау,фотосуретке,бейнежазбаға түсіру.Егер тергеу әрекеттерінің барысында қандай да заттар алынатын болса,онда оларды тінту немесе алу хаттамасына қоса тіркеп,қылмыстық іспен бірге сақтайды.
ҚР ҚІЖК-нің 235-бабының негізінде почта-телеграфтық жөнелтілімдерді тұтқындау,оларды тексеру мен алу жүргізілгенде тексерілген жөнелтілімдер түрлері көрсетіле отырып,хаттама жасалады,содан соң аталған жөнелтілімдердің көшірмелері жасалып,түпнұсқасы адресатқа жіберіледі.ҚР ҚІЖК-нің 236-бабына сәйкес хабарларды жол-жөнекей ұстау кезінде ұстау барысында алынған хабарлар мен компьютерлік ақпарат маманмен тиісті ақпарат ұстаушыда(носитель) бекітіледі және тергеушіге беріледі.
ҚР ҚІЖК-нің 237-бабына сәйкес сөйлесулерді тыңдау мен жазу жүргізіледі.Мұнда бекіту аудиотехниканың көмегімен жүргізіледі және кейіннен фонограмма тергеушімен тыңдалады да,хаттамаға қоса тіркеледі.
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау процессі мен нәтижелерін бекітудің негізгі құралы болып ҚР ҚІЖК-нің 238-бабының 8-бөлігі негізінде жасалатын аталған тергеу әрекетінің хаттамасы танылады.Одан басқа,айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау кезінде фото- және бейнежазба қолданылады,сонымен қатар осы тергеу әрекетінің қатысушыларының қозғалу бағыттары белгіленген жоспар жасалады.
Тергеу экспериментінің барысы мен нәтижелері аталған тергеу әрекетінің хаттамасында ҚР ҚІЖК-нің 239-бабының 5,6-бөліктеріне сәйкес жоспарлар,схемалар,графиктер жасау жолымен,фотосурет,бейнежазба және киноға түсіру құралдарымен бекітіледі.Дыбыс жазбасы да қолданылуы мүмкін.
Жоспарлар мен схемалар негізінен эксперимент қатысушыларының және оны жүргізген орындағы объектілердің дислокациясын бейнелеу үшін қажет.Масштаб қолданылып жасалатын жоспар,көбінесе адамдар мен объектілердің статикалық жағдайда орналасуын бекіту үшін қолданылады.Эксперименттің динамикалық стадияларын бекіту үшін схемаларды әрбір стадияға қатысты жасайды.Аталған жағдайда схема жасаудан басқа,әрбір стадияны фотосуретке түсіру жүргізіледі,бірақ бұл тергеу әрекетін бекітудің ең қолайлы және әмбебап құралы болып тергеу экспериментін жүргізудің барлық параметрлерін бекітуді мүмкін ететін бейнежазба табылады.
Сараптама жүргізу кезінде аталған қызмет түрінің арнайы біліммен байланыстылығын
ескеру қажет,сондықтан да сараптама жүргізуді
қандай да бір салада арнайы білімі бар
сарапшыларға тапсырады. Сарапшылар өздерінің
тұжырымдарын процессуалдық құжат болып
табылатын және ҚР ҚІЖК-нің 251-бабына сәйкес
қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелетін
қорытындыларда бекітеді.Сарапшы қорытындыларына
зерттеуден кейін қалған объектілер,соның
ішінде үлгілер,фотокестелер,схемалар,
ҚР ҚІЖК-нің 264-бабына сәйкес сараптамалық зерттеулер үшін үлгілер алу барысында тергеушімен үлгілер алу бойынша барлық әрекеттер олардың жүргізілу ретімен сипатталатын хаттама толтырылады.Хаттамаға сараптамалық зерттеулер үшін алынған үлгілер буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйде қосылады.
Дәледемелік ақпаратты графикалық
нысанда бекіту.
Дәлелдемелерді бекітудің графикалық
нысаны бекітілетін ақпаратты шартты
түрде көрсететін объектілерді суреттемелеу(зарисовки) немесе
графикалық белгілерді орындау жолымен
дәлелдемелік ақпаратты ойша сақтаудан
тұрады.Бекітудің бұл нысанының материалдық
көрінісі болып суреттер,жоспарлар,схемалар,
Табиғи (естественный) тілмен қатар жасанды тілдердің бірі-графика тілі әрекет етеді.Ақпаратты көрсету(представление) мен басқаға берудің(передача) графикалық тәсілі болып қандай да бір құбылысты шартты түрде суреттеу тәсілдерінің жиынтығы табылады.
Ақпаратты графикалық көрсету мен беруді
ой-пікірлер мен мәліметтерді басым көпшілігінде
қандай да бір тегіс(плоскостной) беттерде(поверхности
) бекітілетін кеңістіктік көріністер
көмегімен көрсету тәсілдері және әдістерінің
жиынтығы ретінде анықтауға болады.Ойларды
графикалық тәсілмен белгілеу мүмкіндігі
элементтерге,сызықтарға,
Бұл мүмкіндік формализованный графикалық
тіл - ақпаратты берудің спецификалық
белгілер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.Бұл
тілді ұстаушылар(носители) болып графиктер,сызбалар,жоспарлар,
Жоспар мен схема жасау тергеу практикасында оқиға болған жерді қарау нәтижелерін бекітудің ең көп тараған тәсілдерінің бірі ретінде орын алады.
Оқиға болған жерді қарау нәтижелерін бекіту кезінде жасалатын жоспарлар,схемалар мен сызбалардың тиянақты классификациясын алғаш берген - В.М.Николайчик.
Ол оқиға орнының жоспарларының,схемаларының
және ғимараттардың,құрылыстардың вертикальды
кескіндерінің және өзгелердің барлығын
сызбалар деген жалпы атаумен біріктіреді.Сызбаларды
оқиға орнын фотосуретке түсіру түрлеріне
ұқсас бағдарлап,шолып,түйіндеп,
ҚР ҚІЖК графикалық құжаттар қатарына тек жоспарлар мен схемаларды жатқызады.222-бап «Қарауды жүргізудің жалпы ережелері» қарастырады: «Қажет болған жағдайларда тексерілетін объектілерге өлшеу жүргізіліп,олардың жоспарлары мен схемалары жасалады,сондай-ақ суретке түсіру және өзге құралдармен бейнелеу жүргізіледі,бұл туралы хаттамада белгі қойылып,оған аталған материалдар қоса тігіледі.»