Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 18:38, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9
2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35
2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54
Алайда әдебиетте ішкі сенім бағалаудың нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Мәселен, М.С. Строгович былай деп жазады: «Қазылық жасайтын ішкі сенім судьяларда істің барлық мән-жайын, іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелерді жан-жақты және мұқият зерттеудің нәтижесінде қалыптасады. Сенім объективті фактілер мен істің мән-жайында негізделуі тиіс және ойына келгенін істеу, негізсіздік ешбір жағдайда мүмкін емес. Барлық дәлелдемелер жан-жақты тексеріліп, барлық күмәнді, сенімсіз, кездейсоқ дәлелдемелер ысырылып тасталған уақытта судьяның сенімі қалыптасады және сот расталған, күдік тудырамайтын және дұрыс дәлелдемелерге тоқтайды»[39]. Басқаша айтсақ, М.С. Строговичтің пікір бойынша ішкі сенім – дәлелдемелерді бағалаудың нәтижесі. Бірақ, егер бұл нәтиже болатын болса, онда ішкі сенім белгілі бір іс танылып отырған адамның кінәлілігіне немесе кінәсіздігіне тұрақты сенім түрінде көрінуге тиіс. Мұндай тұжырым дәлелдеме ішкі бойынша бағалатындығы туралы заңның ережесімен сәйкес келмейді, яғни дәлелдемелерді бағалау процесінің өзі ішкі сенім арқылы жүзеге асырылады. Бірақ мұндай жағдайда, бұрын біз атйып өткеніміздей, ішкі сенім нақты қылмыстық істен тысқары жатқан шындық, жалпы адамзаттық принциптерге негізделген бағалау өлшемдері жүйесінің өзгеше бір түрі. Аяқталмаған бағалау қызыметінің нәтижесі болса ол, әрине, ішкі сенім емес адамның қылмыс жасаудағы кінәлілігі немесе кінәсіздігі болып шығады.
Дәлелдемелерді бағалау нәтижесінде сот сенімі мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
Сонымен, ішкі сенім дәлелдемелерді бағалаудың әдісі ретінде көрінеді және әрбір нақты іс бойынша шындыққа қол жеткізу жолдарын таңдауда белгілі бір еркіндікті көздейді[40].
Ішкі сенім теориясын қалыптасыруға Ом, Беркли, Кант сияқты философтардың идеалистік көзқарастары ықпал етті. Мұндай ықпал етудің кері әсері мынадан көрінеді: судьялардың ішкі сенімін процессуалистер дәлелдемелерді қараудың нәтижесіндегі әсермен теңдестірді. ХІХ ғасырдағы қылмыстық процестің жай-күйін талдай келіп, зерттеушілер бұл кезеңдегі ішкі сенімнің іс жүзінде судьялардың дұрыс шешім алғандығы туралы субъективті сенімімен сипатталатынын атап өтеді.
Дәлелдемелерді бағалау кезінде ішкі сенімнің мәнін түсінуге деген осындай көзқарас қылмыстық процесте объективті емес, тек салыстырмалы шындыққа ғана қол жеткізудің көптеген негіздемелерінің бірі ретінде қабылданды.
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ
ҒЫЛЫМИ - ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ
Ғылым мен техниканың дамуы өмірдің барлық салалары мен адам қызметіне, оның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізуде өзінің оң ықпалын тигізуде. Сонымен бірге А. Эксархопуло атап өткеніндей, «оң тенденция белгілі бір қиыншылықтарға кездесуде, оған, атап айтқанда, ғылыми-техникалық құралдарды құқытық регламенттерде қылмысқа қарсы күресте іс жүзінде қолданудан едәуір кейіндеп қалғаны да жатады»[41].
Әңгіме тақырыбына қатысты заңның осы заманғы жай-күйі мұндай пайымдаудың дұрыстығына көз жеткізеді, дегенмен бір қарағанда мұндай нормалардың мол болуы мазмұнының байлығын байқатса керек.
Мәселен, ҚІЖК дәлелдеуде ғылыми-техникалық құралдарды қолдануды төмендегідей сипатта регламенттейді:
Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланудың қоытындылығына тәртібі ҚІЖК-нің 129-бабында тұжырымдалған.
Қылмыстық процесте ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды реттейтін жекелеген ережелер қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге де көздерінде бар.
«Жедел-іздестіру қызыметі туралы» Заң жедел-іздестіру қызметінің субъектілерінің міндеттерін негізге ала отырып, анықтау жүргізу мақсатында ғана емес, сонымен бірге өзге де ерекшелігі бар мақсаттарда ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың регламентін белгілейді. Дәлелдеуге байланысты қызметке қатысты айтатын болсақ, жоғарыда аталған заң мынадай тәртіп белігілейд:
- жедел – іздестіру қызметінің
субъектілері болып табылатын
органдар міндеттерін шешу
Жоғарыда аталған заңның 14-бабының мағынасынан туындайтыны сияқты техникалық құралдарды пайдалану арқылы жедел-іздестіру іс шараларын жүзе асыру нәтижесінде алынған материалдар оларды қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес тексергеннен кейін қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер ретінде пайдалануы мүмкін. Сонымен, ғылыми техникалық құралдарды пайдалануға осы заманғы заңда төмендегі бағыттар бойынша нұсқамалар бар, олар:
а) дәлелдемелік ақпаратты ерекшелігі бар материалдық құралдар белгілеу мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды тікелей қолдану, бұл орайда ақпаратты сақтаушы материалдық (техникалық) құралдың өзі заттай айғақтардың категориясына көшеді;
ә) жария және жария емес ақпаратты жинау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, бұл орайда кейін белгіленген процессуалдық нысан беруді талап ететін ақпарат дәлелдемелік сипатта пайдаланылуы мүмкін;
б) ғылыми-техникалық құралдарды қолдану негізінде дәлелдемелердің дербес түрлерін қалыптастыру (мәселен, күрделі сот сараптамаларын жүргізу);
в) дәлелдемелерді жинауға арналған құрал ретінде ғылыми техникалық құралдарды пайдалану;
г) қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттарынан тыс ғылыми техникалық құралдарды қолдану арқылы алған ақпаратты дәлелдемелік сипатта пайдалану (материалдық өндіріс, банк операциялары, шаруашылық басқару және тағы басқа да салаларда қалыптасатын статистикалық, лперативтік және өзге де ақпаратты талап ету).
Қылмыстық процесті жүргізуді дәлелдеу мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану КІЖК-нің 129-бабында белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс, олар:
Тексерілмеген, пайдалануға рұқсат етілмеген ғылыми-техникалық құралдарды не сынақ бағдарламасынан өтпеген тәжірибелік үлгілерді қолдануға болмайды. Егер ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жөнінде қажетті ғылыми негізделген кепілдеме болмаса, онда алынған нәтижелер дұрыс емес болуы мүмкін, мұның өзі оларды дәлелдемелер жүйесінен шығарып тастайды деген сөз. Ғылыми – техникалық құралдардың құқықтық тұрғыдан қорғалуы, біріншіден, осы құралдарды қолдану саласындағы белгілі бір шектеулерден, екіншіден, дәлелдеу мақсатында нақты құралды жалпы пайданланудың заңдылығы мен байланысты болуы мүмкін.
Ғылыми-техникалық құралдырдың нақты түрлерінің ерекшеліктеріне қарамастан оларды қолданудың процессуалдық көзқарас тұрғысынан маңызы бар ортақ шарттары бар. Мұндай процессуалдық маңызы бар шарттар біздің көзқарасымызша мыналар болып табылады:
Ғылыми-техникалық құралдарды
қолдану үшін жалпыға мәлім
іске жіберілетіндігі
Ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың процессуалдық кепілдіктер жүйесі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс, мұның өзі құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүддесіне қысым жасауға жол берілмейтіндігін білдіреді. Мұндай санкциялар, мәселен, телефон арқылы сөйлесуді және өзге де әңгімелерді тыңдаған кезде көзделеді.
Әдебиетте мынадай пікір бар, егер таным әдісі нағыз ғылыми сипатта болса, онда дәлелдеу мақсатында оны қолдану үшін заңда шекткулер болмайды. Тікелей тыйым салу заңда шынында жоқ, бірақ бұл тыйым салу заңдылықты сақтау принципінен туындайды. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда А.Эксархопуло әділетті түрде былай деп атап өтеді: «заңсыздық ретінде шынайы ғылыми әдіске қылмыстық сот ісін жүргізуде жол берілмейтін мысалдарды жеткілікті мөлшерде келтіруге болады (мәселен, адамның ішкі органдарынан ізделетін объектілерді табу үшін жеке басын тінту кезінде рентгенді пайдалануды заңды деп есептеуге болмайды, ал бірақ ғылыми көзқарас тұрғысынан бұл өзін-өзі толық ақтайды және аурудың себептерін анықтау үшін медицинада оған жол беріледі»1. Заңдардың түрлі салаларында белгіленген тұлға құқықтары жүйесінен уәкілетті адамның дәлелдеу мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды қолдану құқығының артықшылығы болуы тиісті. Және осы мәселелердегі басымдық қылмыстық іс жүргізу заңдарында бекітілуге тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сөйтіп, дипломдық жұмыста жоспарланған сұрақтарды қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен ғылыми көзқарас тұрғысында қарастыру нәтижесінде айтарлықтай қорытынды жасауға тәмәмдап қалдық.
Қылмыстық процессуладық қызмет ретінде дәлелдеудің мақсаты объективтік шындыққа қол жеткізу болып табылады. Объективтік шындыққа қол жеткізу танымның жалпы және жеке әдістерін қолдануға негізделген. Жалпы әдістердің негізіне логикалық заңдар жатады, бұл қатысты емес заңдар барлық және қарама-қайшы нәрселерді алып тастайды. Іс бойынша мәні бір фактілермен мән-жайларды табудың, бекітудің, зерттеудің және анықтаудың әдістеріннен көрінетін танымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлерімен ерешеленеді: