Дәлелдеу процессі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 18:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9
2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35
2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәлелдеу процессі.doc

— 371.00 Кб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ................................................................................................................3

 

  1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5

 

  1. ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9

 

2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9

2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді  бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15

2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35

2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37

2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46

 

  1. ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпы қолдау тапқан принциптері мен ережелеріне сәйкес, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын таниды және кепіл болады.

Құқық қорғау аясындағы мемлекеттік-билік қызметінің бір бағыты қылмыстылықпен күресу. Қылмыстарды тез, толық және объективті ашу мен тергеу осы бағыттағы міндеттерді шешуге жағдай жасайды.

Қылмыстық ізге түсу органдары өз қызметтерін жүзеге асырғанда жазаның болмай қалмайтындық принципін басшылыққа алады, яғни әрбір қылмыс жасаған адам әділетті жазаға тартылуы керек және еш адам қылмыстық жауапкершілікке кінәсіз тартылмауы тиіс.

Кейінгі кезде, қылмыстардың өсуінің біршама тұрақтанғаны байқалады. Мұны аса маңызы бар, бірқатар факторлармен түсіндіруге болады:

1) еліміздің азаматтарының құқықтық аядағы білім деңгейінің өсуі, осының салдарынан мемлекеттің құқық қорғау органдары аталған қылмыстарға тез және тиімді әсер ете алады деген сенім пайда бола бастады;

2) прокуратураның рөлі күшейтілді, конституциялық ережелерге (ҚР Конституциясы 84-бап) сәйкес прокуратура тергеу мен анықтаудан бөлінді, ол қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысына қадағалау жүргізуге мүмкіндік берді. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын тергеу бөлімдері мен анықтау органдарының адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге бағытталған өкілеттіктері көп. Прокуратура органдары қадағалау қызметіне күшін жұмылдырып, жасалған қылмыстар бойынша, әсіресе аталған категориядағы қылмыстар бойынша хабарламалар мен арыздардың тіркелуіне және есепке алынуына едәуір әсер етті, соның салдарынан аталған қылмыстардың белгілі бір шамада жасырылуы азайды;

3) аталған қызмет саласында жауапты, мемлекеттік органдардың жетекшілерінің  бағдарламалық құжаттарды: Қазақстан  Республикасындағы құқықтық реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұғырнамасының ережелерін жүзеге асыруы, бұл да аталған қылмыстарға көңіл бөлудің тиімділігіне әсер етті.

Қылмыстық іс жүргізудің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оны жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылануы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады (ҚР ҚІЖК 8-бап). Осы міндеттерді атқару қылмыстық іс жүргізу органы мен лауазымды тұлға үшін негізгі қызметтік міндет. Оларды толық көлемде атқару үшін қылмыстық іс жүргізу Заңымен, органдар мен лауазымды тұлғаларға процесуалдық мәртебелері анықталып, құқықтар мен міндеттер бекітілді.

Кез келген қылмыс заңменен реттелінген жолмен және орнатылған мерзімдерде ашылуы қажет. Осы мақсатта уәкілетті құқық қорғау органдары адам және азаматтардың құқықтарын сақтай отырып алдына қойған міндеттерді атқару арқылы дәлелдеу қызметін жүзеге асыра отырып, жалпы қылмыстық сот ісін жүргізу қызметінің мақсатына қол жеткізеді.

Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.

Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай,  ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.

Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде объективтік ақиқатты анықтау іс жүргізу кепілдіктері ретінде көрінетін ерекшелігі бар процедуралық жағдайлар болған уақытта ғана мүмкін болады.

Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме ұғымымен» жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында қылмыстық іс жүргізудің «дәлелдеме» ұғымының (процеске, актіге, іс-қимылға қатысы жоқ) мәнісі философиялық көзқарас тұрғысынан «тар мағындағы дәлелдеме» ұғымына сай келеді. Дәлелдеме (объектілер) және дәлелдеу (іс-қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағыналықтан гөрі әдістемелік мәні бар. Міне, сондықтан біз іс жүргізудің «дәлелдеу» ұғымына барабар ретінде «дәлелдеменің кең ауқымды мағынасындағы» философиялық ұғымын қолданамыз.

Сонымен, дәлелдеудің жалпы әдістемелік мазмұны (ауқымды мағынасындағы дәлелдеме) процесте (әдістемеде) шындықты анықтаудан көрінеді. Кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме – қандай да бір пайымдаудың шынайылығын анықтаудың кез келген процедурасы (осы дәлелдеменің тезисі немесе қорытындысы деп аталады), кейбір логикалық пайымдаулардың көмегімен, сондай-ақ кейбір табиғи заттар мен құбылыстарды сезіммен қабылдау арқылы жүзеге асырылады[2].

Дипломдық жұмыста, біз дәлелдеу процесінің – ақиқатты анықтаудағы процесуалдық жолдарын қарастыруды, оның негізгі құрама элементтеріне жеке тоқалып саралауды мақсат етеміз.

Дипломдық жұмыс – үш тараудан, үш тараушадан, екі қосалқы тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ

 

Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесінің құқықтық түсініктері қаралып отырған қызмет саласының ерекшелігі мен елеулі түрде кемелденуі және процессуалдық дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми пайымдаулармен толықты.

Мәселен, М.М. Гордзинский дәлелдеу процесін «дәлелдемелерді жинау, бекіту және бағалау жөніндегі тергеу сот және прокурорлық органдардың қызметі» деп белгіледі[3]. А.М. Лариннің пікірі бойынша дәлелдеу «қылмыстық сот ісін жүргізуде заң белгілеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалған (немесе жорамалданған) қылмыстар және олармен байланысты жағдайлар туралы шындықты білу үшін фактілерді зерттеуден тұратын, ерекше, заң белгілеген нысандарды жүзеге асырылатын тергеушінің, прокурордың, соттың, сондай-ақ қылмыстық процеске тартылатын немесе жіберілетін басқа да қатысушылардың (субъектілердің) күрделі қызметі»[4]. Осыған ұқсас көзқарасты М.С. Строговичте білдіреді: «дәлелдеу – қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды қылмыстың жасалғандығын (немесе жасалмағандығын), белгілі бір адамның қылмыс жауадағы кінәлілігін (немесе кінәсіздігін) және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау» [5]. Әрі қарай М.С. Строгович мынаған назар аударады, дәлелдеу ұғымы «құзіретті органдар жүргізетін зерттеу ұғымына тең, ұқсас». М.М. Гродзинскийдің позициясына В.Д. Арсеньев жақын тұр, соңғысы былай деп есептейді: «Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеуді белгілі бір шектерде қылмыстық іс жүргізу заңы бағыттайтын және реттейтін қылмыстық іс бойынша іс жүзінде болған жағдайларда анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау жөнінде соттың, прокурордың және басқа да органдар мен адамдардың қызметі ретінде қарау керек»[6].

Р.С. Белкин дәлелдеудің танымдық (гносеологиялық) сипатына тоқталады, ол дәлелдеу дегеніміз «осы құбылыстың, фактінің және оларды басқада фактілермен, құбылыстармен негіздеу арасындағы байланыстарды анықтау. Бұл байланыстардың объективті түрдегі сипаты бар: олар танылғанына немесе танылмағанына қарамастан, дәлелдеуді жүзеге асыратын тұлғаның еркіне қарамастан болады. Дәлелдеу процесінде олар анықталады, танылады және белгілі бір жорамалдың шындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді»[7]. Әрі қарай ол дәлелдеудің мәнісі дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден және бағалаудан көрінеді деп атап өтеді. Дәлелдеу мәнісінің анағұрлым терең анықтамасы А. Р. Ратиновқа тиесілі: «оқиға туралы мәліметтер алынуы мүмкін ақпарат көздерін табу, ол мәліметтерді жинау, оларды іс жүргізу түрінде бекіту, қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды сенімді түрде анықтау мақсатында тексеру мен бағалау – қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінің мазмұнын құрайды»[8]. Өзара  диаклектикалық іс-қимылға түсетін ойлау және тәжірибелік тұрғыдағы тең екі жақтың үйлесімін дәлелдеудің мәнісін айқындай келіп Ф.Н. Фаткулин былай деп жазады: «... Кеңестік қылмыстық процестегі дәлелдеу дегеніміз  - заңда көрсетілген органдармен тұлғалардың іс жүргізу қызметі, олар ықтимал тергеу жормалдарын анықтаудан осы жорамалар бойынша, сол сияқты іс бойынша сенімді түрдегі қорытындыларды негіздеу бойынша дәлелдемелер мен олардың көздерін жинаудан, тексеруден және дәлелдеуден көрінеді»[9].

Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеудің мәнісі туралы осы заманғы түсінік таным мен дәлелдеу мазмұны бойынша түрлі ұғымдар деген пайымдауға негізделген. Мәселен, Ю.К. Орлов дәлелдеудің құқықтық және гносеоологиялық аспектілерін ажырату қажет, соның негізінде: «дәлелдеу - тану», «дәлелдеу көз жеткізу», «дәлелдеу - негіздеу» деңгейлері болып, бөлінеді, олар өзара «субординациялық байланыста» болады деп есептейді[10].

Осы идеяны дамытып және тереңдете отырып, В.С. Джатиев мынадай ойды негіздейді: белгісізді білуден көрінетін танымның логикалық мазмұны танылғанды растауға бағытталған дәлелдеудің мазмұнына жеткілікті түрде сәйкес келмейді. Басқаша сөзбен айтқанда таным – белгісіздікке бастайтын жол, ал дәлелдеу нақты білімді растау. Осыған сүйене отырып В.С. Джатиев былай деп жазады: «Қылмыстық іс жүргіздуі дәлелдеу дегеніміз – айыпталушының сотталуышының қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы айғақты іс бойынша жиналған дәлелдемелерді айыптауды тұжырымдаған және оны қолдайтын тұлғаның сот үшін және сот алдындағы негіздеуі»[11].

Қылмыстың іс жүргізу дәлелдеудің мәнісі туралы мәселені зерттеуде осы заманғы ғылыми үрдістерді анықтау үшін А.А. Давлетовтың көзқарасы қызығушылық туғызады, ол былай деп жазады: «Қылмыстық іс жүргізк танымы құрылымда дәлелдеуді ажырата білу қажет. Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу танымы дегеніміз  - заңда көзделген тәртіппен жүргізілетін сот ісін жүргізу органдарының тергелетін қылмыс және оның байланысты өзге де өмір құбылыстары туралы білім алу жөніндегі қызметі. Қылмыс іс жүргізу танымы – дәлелдемелерді зерттеу және мән-жайларды дәлелдеу сияқты екі бөліктен тұрады»[12].

Сонымен, доктриналдық түсіндіру қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеу процесін мынадай негізгі сипаттарға бөлуге мүмкіндік береді:

  1. гносеологиялық дәлелдеу  - бұл таным процесінің бір түрі, логикалық дегеніміз – бұл нақты қылмыстық жазалауға жататын әрекет адамның жасағандығы туралы пайымдаудың шындығын негіздеу операциясы;
  2. дәлелдеу мен таным сәйкес келмейді: олар тегі (таным) және түрі (дәлелдеу) ретінде өзара арақатынаста болады;
  3. дәлелдеу процесі – құқықтың және гносеологиялық екі аспектінің үйлесімін білдіреді. Құқықтық аспект мынадай кезеңдерді қамтиды: а) дәлелдеу - тану; ә) дәлелдеу – көз жеткізу; б) дәлелдеу – негіздеу. Және де дәлелдеудің әрбір келесі кезеңі -  оның алдындағы кезеңге байланысты және содан логикалық түрде туындайды. Гносеологиялық аспект мынадай деңгейлерден тұрады: а) ақпараттық дәлелдеу; ә) логикалық дәлелдеу;
  4. тергеу және сот қызметінде орын алатын дәлелдеудің зерттеушілік, танымдық сипаты болады.
  5. дәлелдеу процесінде тергеу және сот талқылауының тақырыбы туралы шынайы және сенімді білімге қол жеткізіледі;
  6. қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу адресаты тар мағынасында таным субъектісі (мәселен істі қараушы сот), кең ауқымды мағынасында тұтас қоғам болып табылады;
  7. дәлелдеу тәртібі қатаң түрде қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттелген;
  8. дәлелдеу процесі (ҚІЖК 124 - бап) төмендегілер бойынша дәйекті қызметті қамтиды: а) дәлелдемелерді жинаудан; ә) зерттеуден; б) дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан.

Бұл қызмет әдебиетте дәлелдеудің кезеңдері немесе элементтері деп аталады.

Қылмыстық процессуалдық қызмет ретінде дәлелдеудің мақсаты объективтік  шындыққа қол жеткізу болып табылады. Объективтік шындыққа қол жеткізу танымның жалпы және жеке әдістерін қолдануға негізделген. Жалпы әдістердің негізіне логикалық заңдар жатады, бұл қатысты емес заңдар барлық және қарама-қайшы нәрселерді алып тастайды. Іс бойынша мәні бар фактілермен мән жайларды табудың, бекітудің зерттеудің және анықтаудың нақты әдістерінен көрінетін танымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлері мен ерекшеленеді:

  • негізінен танылуы қажет  тақырыптың сыртқы белгілерін анықтауға есептелген бақылау мен сипаттаудың тәжірибелік әдістері;
  • суретке түсіру, киноға түсіру, видео жазба және т.б. арқылы арнайы химиялық-технологиялық құралдарды пайдалануға байланысты жасалған қылмыстық әрекеттің материалдық белгілерін және сыртқы жай-күйін табу мен тіркеудің ғылыми-техникалық әдістері;
  • іс бойынша дәлелдеу материалдарының сапасы мен маңызын анықтау үшін қолданылатын ақпаратты (талдау, жинақтау, теңдестіру) өндеудің логикалық әдістері;
  • сот медициналық кибернетикалық, графикалық, психологиялық және өзге де ғылыми құралдар көмегімен жүзеге асырылатын модельдердің, өңдеудің және қайта құрудың әдістері;
  • белігі бір материалдық объектілердің және олардың бейнелеуінің ұқсастығы туралы мәселені шешу үшін жүргізілетін криминалистік теңдестіру әдістері;
  • қылмыстық істің белгілі бір мән-жайының деректерін тәжірибе жолымен алуға мүмкіндік беретін эксперименталдық әдістер[12].

Информация о работе Дәлелдеу процессі