Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 18:38, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9
2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35
2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54
Біз жоғарыда М.С. Строговичтің дәлелдемелерді бағалаудың мәнісін қалай түсінетінін айтқан болатынбыз. Судьяның ішкі сенімі өлшем болады деген сөз естеріңізде болар. Мұндай көзқарас тергеушінің, анықтаушының және прокурордың сотқа дейінгі кезеңдерде орын алатын бағалау қызметтерінің маңызына нұқсан келтіреді. Өйткені, ішкі сенім қылмыстық процестің букіл барысында дәлелдемелерді бағалаумен қатар жүріп отырады және алдын-ала тергеуде немесе анықтауда тұжырымдалатын дәлелдемеік негіздің сапасына, мазмұнына тиісінше ықпал етеді. Сонымен, соттың ішкі сенімі ішінара тергеушінің ішкі сеніміне негізделеді. Сонымен бірге ақтау үкімін шығару жағдайлары, бірқатар негіздер бойынша істі қысқарту туралы соттың қаулы алуы тергеушінің прокурордың және соттың ішкі сенімдерінің сәйкес келмейтіндігін куәләндырады.
В.Д. Арсеньевтің пікірі бойынша дәлелдемелердің көздері туралы мәселені шешу жолымен анықталатын нақты дәлелдемелердің «күші мен маңызын» айқындауға назар аудару проблеманы дұрыс бағалай білудің бір кілті екен. Дәлелдемелерді бағалауда судьялардың ішкі сенімі маңызының беделін түсірместен В.Д. Арсеньев категорияның мазмұндық сипатын едәуір ұлғайтады және оны дәлелдемелердің көздері, қатыстылығы және іске жіберілетіндігі ұғымдарымен байыта түседі.
Г.М. Миньковсикийдің көзқарасы елеулі теориялық-құқықтық қызығушылық туғызады, өйткені дәлелдемелерді бағалау проблемасын зерттеудің бүкіл бұрынғы тәжірибесін қамтиды, сондай-ақ жекелеген жаңа элементтер енгізеді (мәселен, дәлелдемелерді бағалау субъектілерінің тобын кеңейту), бұл элементтер қаралып отырған категорияның мәнін тереңдете түседі.
Ф.Н. Фаткуллин тұжырымдаған дәлелдемелерді бағалаудың анықтамасы бұрын келтірілген тақырып мәні туралы түсініктерімен салыстырылып қарағанда анағұрлым толықтығымен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Ол «дәлелдеу тәсілдерін бағалаудың мазмұнына іс бойынша объективті шындыққа қол жеткізуге ықпал ететін олардың барлық бағалы қасиеттерін анықтау жатады» деп дұрыс байқаған[33].
Әділет үшін атап өту керек. Л.М. Карнееваның дәлелдемелерді бағалаудың мәні туралы көзқарасы толықтығымен де, өзіне тән сипатымен де ерекшеленбейді. Оның үстіне, біздің көзқарасымызша, ол бұл мәселеде бұрынғы зерттеушілердің жетістіктерін ескермеген.
В.С. Джатиев айқындамасының жаңалығы проблеманы жан-жақты философиялық пысықтаумен айқындалады. Зерттеуші дәлелдемелерді бағалаудың бір қырын ғана алып отырғанына (атап айтқанда, қылмыстық мән –жайын дәлелдеу мен бағалау) қарамастан – ол қылмыстық сот ісін жүргізудің аса маңызды тақырыптарының бірі дәлме-дәл құқықтық регламенттеу сияқты маңызды аспектілерді әңгіме етеді. Мәселен, ол қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды бағалауда заңға дербес норма енгізуді ұсынады[34]. Бұл идея қабылдап, ол Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 128-бабында бекітілді.
Сонымен, дәлелдемелердің бағалаудың мазмұнын мыналар құрайды:
Дәлелдемелерді бағалау үшін мынадай негізгі сипаттар тән:
Дәледемелердің іске жіберілетіндегі – шыдықты анықтау үшін оны пайдаланудың заңдылығы, әділеттілігі. Ол ең дәлелденген істің жіберілуімен анықталады.
Сот дәлелдемелері ретінде табиғи заңдарға қайшы келетін жорамалды, болжамды, өсек-аяңды, фактілерді пайдалануға болмайды.
Дәлелдемелердің қатыстылығы – бұл дәлелдеменің дәлелдеу тақырыбына байланыстылығы. Дәлелдемелердің қатыстылығы туралы айтқан кезде бұл іс жүзіндегі деректердің іс үшін маңызы бар екендігі, олардың шындықта анықтаудың құралдары екендігі, тікелей немесе жанама, тура немесе басқа да дәлелдемелер арқылы іске қатысы бар екендігі түсіндіріледі.
Дәлелдемелердің қатыстылығы олардың іс үшін елеулі мән-жайларды бастау немесе жоққа шығару сияқтв сипатынан көрінеді.
Дәлелдемелердің жеткіліктілігі - бұл зерттеу тақырыбының дәлелділігіне, іс бойынша шындықтың анықталғанына сенімнің қалыптасуы.
Іске қатысты бар дәлелдемелердің бірін де қалдырмастан жинаудың қажеті жоқ. Дәлелдемелерді жинау осы іс бойынша қажетті шектерде дәлелдеу тақырыбы анқыталғаннан кейін тоқтатылады. Дәлелдемелерді одан әрі жинау негізсіз, тергеудің мерзімдерін ұзартуға іс материалдарын жасанды түрде күрделендіруге, уақытты, күш пен қаражатты орынсыз шығындауға әкеліп соғуы мүмкін.
Дәлелдемелердің сенімділігі – бұл жауап алынған адам хабарлаған фактілер туралы мәліметтерді қабылдау, түсіріп алу, беру және белгілеу шарты; материалдық іздердің пайда болуы, сақталуы және көшіріп алу шарты; сараптамалық зерттеудің барысы мен оны қорытындыда дұрыс бейнелеудің шарты; тергеушіге (сотқа) берілген құжаттардың шығу тегі мен жай күйінің шарты көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелерді қалыптастыру процесін талдау.
Дәлелдемелерді бағалау олардың сенімділігі көзқарасы тұрғысынан тергеу іс-қимылы барысында, тергеу жорамалдарын ұсынған кезде, процессуалдық шешімдер қабылдаған кезде жүргізіледі. Дәлелдемелердің дұрыстығын бағалау мыналардан тұрады:
Бұл бұрын дәлелдемелерді бағалауға тән сипаттарды келтіре отырып, бұл қызмет қылмыстық іс жүргізу құқығы принциптеріне құрылады деп көрсеттік. Мұндай принциптерге мыналар жатады:
Дәлелдемелерді бағалаудың маңызы мыналардан көрінеді:
Бұл өзі құқықта бірқатар жағдайларда орын алатыны сияқты белгілі бір феномендерді доктриналдық түсіндірудегі пікір алшақтығының себебі тиісті заң ережелерінің жеткіліксіздігі болып табылады. Зерттеушінің міндеті қолданылып жүрген нормаларды түзету не ақтаңдақтардың орнын толтыратын белгілі бір қосымша заңдар қабылдау қажеттігіне заң шығарушының көзін жеткізу.
Дәлелдемелерді бағалау туралы нормаларды ҚІЖК-не төмендегідей редаккцияда енгізу туралы А.М. Лариннің ұсынысы осымен түсіндіріледі:
1) Анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья
және сот заңды және
Жекелеген зерттеушілер дәлелдемелердің іске жіберілетіндігі және қатыстылығы оларды бағалаудың мазмұнына кірмейді, өз алдына бағалуды білдіреді деп ойлайды.
Дәлелдемелерді жинау мен бағалаудың осы заманғы мәнін түсіну үшін қысқаша тарихи шолу жасап өту, біздің ойымызша қызықты болар еді. ХVІ –ХVІІІ ғасырларда өзінің теориялық талдауының жоғары шегіне жеткен және ХІХ ғасырдың ортасына дейін европалық елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығында өзінің ықпалын сақтаған формальды дәлелдемелер жүйесі қызығушылық туғызады. Формальды дәлелдемелер теориясының мәні әрбір дәлелдемеге алдын ала белгіленген күш беруінен көрінеді. Мәселен, әйел адамның жауабына ер адамның жауабы дәлелдемелік күш болды, қарапайым адамның жауабынан гөрі ақсүйек адамның жауабына артықшылық берілді және т.т.
Формальды дәлелдемелер теориясының жаңғырығы А.Я. Вышинскийдің тұжырымдамасына да әсер етті. 1857 жылғы Ресей империясының Заңдар жинағына сәйкес сотталушының өз кінәсін өзі мойындауын «әлемдегі ең үздік куәландыру» деп танып, оны мүлтіксіз (яки даусыз, мінсіз) дәлелдемелер категориясы ретінде қарады. А.Я. Вышинский осы ережені өзінше түсіндіріп, айыпталушының өз кінәсін мойындауы өзге дәлелдеуді талап етпейтін «дәлелдемелердің тәңірісі» деген ережені негіздеуге әрекеттеніп бақты.
1864 жылғы Ресей империясының
қылмыстық сот ісін жүргізу
Жарғысының 804-бабында былай деп
белгіленген: «Сот төрағасы өзінің
түсіндіруін мына жағдайда
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні
Лексикалық көзқарас тұрғысынан сенім дегеніміз – қандай да бір идеяға, көзқарасқа негізделген, әлденеге деген тұрақты көзқарас[37]. Этикалық көзқарас тұрғысынан сенім дегеніміз – белгілі бір мінез-құлықтың қажеттілігін және орындылығын түсіне отырып, белгілі бір саналы әрекетті жасауға мүмкіндік беретін тұлғаның адамгергшілк қызметінің орынды негізі. Бұл ұғымға басқа да элементтермен қатар түрлі құбылыстар мен әрекеттерді қоғамдық пікірдің бағалауы да кіреді[38]. Осы ұғымды қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне негіздеп түсіндіруге қатысты айтатын болсақ, тергеу кезінде, сондай-ақ істі сотқа қарау кезінде қалыптасатын сенімнің мәні барлық уақытта іс бойынша шындыққа қол жеткізуге жәрдемдесетін дәлелдемелерді бағалаумен байланысты. Демек, адамның кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы сенім - дәлелдемелерді тиісінше бағалаудың нәтижесі.
Мұнымен қатар заң шығарушы сот, прокурор, тергеуші және анықтаушы көздерінің ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалайтындығы туралы ережені бекітеді. Осы заң ережесінің мағынасынан бағалау прцесінде дәлелдемелерді бағалау басталғанға дейін субъектінің бойында бар ішкә сеніммен таразыға салынады деген ой туындайды.
Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады, адамның кінәлі немесе кінәсіздігі туралы сенім өзінің бағыты мен мазмұны бойынша дәлелдемелерді бағалайтын субъектілердің ішкі сенімдерімен сәйкес келмейді екен. Егер біріншісі - бағалау қызметінің нәтижесі болса, екіншісі - бағалау қызметінің қағидасы.
Сонымен, дәлелдемелерді бағалауға байланысты қызмет принципі ретіндегі ішкі сенім - нақты субъектінің бүкіл тәжірибесімен тұжырымдалған шындық. Осынау ішкі сенімнің мазмұны тұтас алғанда қоғамның адамгершілік негіздерін бейнелеуге тиіс. Біздің көзқарасымызша, іс бойыншы нақты дәлелдемелерге қарамастан, субъектінің бойында бар ішкі сенім мазмұны – қылмыс пен оны жасаған адамдарды теріс бағалаудан және кінәлі еместерді оң бағалаудан көрінетін қоғамдық пікірмен үйлесіп отыруға тиіс. Ішкі сенімді, міне, тап осылай түсіну дәлелдемелерді бағалау кезінде сотты қате пікірден сақтайды.