Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 18:38, дипломная работа
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.
КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9
2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35
2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54
Осы қарастырылған сұрақтарға кеңес одағының процесуалист – ғалымдары бірталай пікірталасқа түскен еді. Мәселен, В.Т. Томин дәлелдеу процесінің мәнісін түсінуге мүлде басқа көзқарас ұсынады. Ол былай деп жазды: «Қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің бүгінгі тәжірибесінде генетикалық көзқарас үстемдік құруда. Дәлелдеме көзін қылмыстық сот ісін жүргізудегі іске жіберудің қажетті шарты туындаған сәтінен бастап қылмыстық іске дейінгі оның жолын бақылап шығу болып табылады. Мұндай көзқарас қылмыстық істерді қарау кезінде бірқатар маңызды объектілерді пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Ал енді танымның шынайылығын қамтамасыз ету үшін ұқсастығын дәлелдеудің гносеологиялық айқындама тұрғысынан маңыздылығы ешбір кем емес. Алайда, бүгінгі күні ұқсастығы арқылы дәлелдеу мүмкін болуы үшін объектінің генезисін анықтау қажет.
Ғылымның маңызды міндеті - ұқсастық арқылы дәлелдеудің генезис арқылы дәлелдеуді алмастыруға қабілетті екенін көрсету...»[13].
Дәлелдеудің мұндай түсінігінің тиімділігін (генезиске бақылау жасаудың орнына ұқсастығын дәлелдеу) В.Т.Томин құқық қолдану органдарының осы заманғы практикасынан орын алған жедел іздестіру жолымен алынған ақпаратты процеске енгізу үшін арнайы сипаттағы шаралар қолдану қажеттігінің болмауынан көреді. Бұл орайда қылмыстық процесуалдық қызметке «арнайы ақпаратты тергеу мен сотқа хабарлаудың ерекше тәртібін белгілейтін немесе милиция қызметкерін оны хабарлау міндетімен мүле босататын қызмет құпиясы» ұғымын енгізу ұсынылады.
Дәлелдеу тақырыбын реттей отырып дәлелдемелерді жинау мен бағалауға, жалпы дәлелдеме ұғымына қазіргі қолданыстағы заңдар мынадай сипатта анықтама береді: «дәлелдеу істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, бағалаудан дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады» (ҚІЖК 124-бабы). Біздің байқағанымыздай, мұндай ұғымда шындық объектілеріне қол жеткізу сияқты мақсат, сондай-ақ дәлелдемелерді тексеру сияқты кезең жоқ.
РСФСР ҚІЖК-ның (1990ж.) теориялық модельінің авторлары бұл олқылықтың орнын толтыруға талаптанды. Мәселен, А.М. Ларин РФ ҚІЖК –не мынадай редакцияда «Дәлелдеу» нормасын енгізуді ұсынады: «Дәлелдеу – істі заңды, негізді және әділетті түрде шешу үшін маңызы бар мән-жайлар туралы объективті шындықты анықтау үшін дәлелдемелерді жинау мен бағалаудан тұрады». Әрі қарай ол екі дербес норманың тұжырымдамасын келтіреді: «Дәлелдемелерді жинау», «Дәлелдемелерді тексеру». А.М. Лариннің ұсынысы назар аударуға тұрады, өйткені процессуалдық дәлелдеудің мәнісін біркелкі түсінуге мүмкіндік береді.
2. ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)
2.1 Дәлелдемелерді жинау
Дәлелдемелерді жинау – бұл дәлелдеу процесінің бірінші кезеңі немесе элементі. Іс жүргізу құқықтық көзқарас тұрғысынан дәлелдемелерді жинау іс бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға бағытталған іс-қимыл жиынтығынан көрінеді. ҚІЖК-нің 125 – бабына сәйкес дәлелдемелерді жинау мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін: кез келген адамды куәгерлер, жәбірленушілер ретінде шақыру және жауап алу, сондай-ақ сарапшылар ретінде қорытынды беру үшін шақыру; кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, сондай-ақ қызмет адамдары мен азаматтардан заттарды, құжаттарды және мәліметтерді талап ету. Бұған қоса дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сол сияқты кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау:
Дәлелдемелерді жинау тәсілі - КДЖК-де қаралған тергеу және сот іс қимылдарын жүргізу. Дәлелдемелерді жинау кезеңдері мыналар болып табылады: а) табу; ә) бекіту; б) алу.
Дәлелдеу процесі мен өзара процесті анықтау органдары ретінде ішкі істер органдарының құқықтарын реттеудің маңызы ешбір кем емес мәселелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңының 11-бабында айтылады. Аталған бапқа сәйкес ішкі істер органдарының мынадай құқықтары бар:
Сонымен, дәлелдемелерді жинау – іс бойынша шындыққа қол жеткізу мақсатында қылмыстық іс жүргізу құқығында көзделген процесуалдық шаралар мен ұйымдық іс-қимылдардың синтезі.
Дәлелдемелер жинаудың мәнісін ғылыми түсіну бір мәнді еместігін сипатталады. А.И. Винбергтің пікірі бойынша дәлелдемелерді жинау - әртүрлі дәлелдемелерді табу, тіркеу және сақтау жөніндегі іс-қимылдар жиынтығы. Осы көзқарасқа Р.С. Белкиннің көзқарасы да жақын, ол «дәлелдемелер жинау» ұғымының кешенді сипатын негіздейді және оған дәлелдемелерді табу, процесуалдық бекіту, алу және сақтау жөніндегі іс-қимылдарды қосады. В.Н. Терзиев пен С.П. Митричев өзгеше көзқарас ұстанады, олар дәлелдемелерді табу, жинау, бекіту және зерттеу – дәлелдеу процесінің біршама дербес кезеңдері деп есептейді. Бұл проблеманы В.П. Колмаков тар мағынасында түсіндіреді. Атап айтқанда, ол өзара тығыз байланысты болса да жинау мен процессуалдық бекіту дербес кезеңдер деп есептейді.
Осындай көзқарастарды талдау мынадай қорытынды ережелерді тұжырымдауға мүмкіндік береді:
А.И. Винберг пен Р.С. Белкиннің көзқарастарының ортақ сипаттары көп және бірқатар көзқарастар бойынша орынды деп санаймыз:
а) дәледемені табу заңда көзделген іс жүргізу құжатында тиісті түрде бекітілген жағдайда ғана процессуалдықмағынаға ие болады;
ә) табылған дәлелдемені оны бекітуден бөліп қарау процессуалдық мағынасында мүмкін емес, керісінше жағдайда дәлелдемені табусыз бекітуді дербес түрде қолдану - нонсенс, ал процесуалдық бекітусіз табу – тап сол процессуалдық мағынасында дәлелдеменің болмауымен бірдей;
- жинау деп сондай-ақ процессуалдық бекітуді түсінуге болмайды, өйткені:
а) дәлелдемені табу бұл жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға байланысты, КІЖК-нің ұйғарымдарымен бірсыпыра жағдайлар ды тысқары тұратын іздестіру, шығармашылық және ұйымдық қызмет;
ә) дәлелдемені бекіту (тіркеу) - емін-еркін түсіндіруге жол бермейтін бірыңғай процессуалдық қызмет;
- келтірілген сілтемелер Р.С. Белкин мен А.И. Винбергтің пікірін негізгі деп қарауға мүмкіндік береді, бірақ мынаны да ескеру керек, бекітуді жинауға қосуға да, оларды бір-бірінен ажыратуға да болмайды, олардың өзара тығыз байланысы мен тәуелсіздігін көрсете отырып, қаралып отырған кезеңді «дәлелдемелерді жинау мен процессуалдық бекіту (тіркецу)» кезеңі деп атау керек.
Бұл кезең бірқатар дәйекті іс-қимылдардан тұрады: 1) табу; 2) процессуалдық бекіту; 3) алу; 4) дәлелдемені сақтау.
Дәлелдемелерді табу - бұл оларды іздеу, табу, дәлелдемелік маңызы бар белгілі бір іс жүзіндегі деректерге назар аудару. Бұл дәлелдемелерді жинаудың бастапқы және қажетті кезеңі. Уәкілетті тұлғаға белгілі болған табылған дәлелдемелерді ғана жинауға болады.
Бұл кезеңде табылған дәлелдемелерді бағалаудың алдын ала сипаты болады.
Дәлелдемелерді іс жүргізуде бекіту (тіркеу). Дәлелдемелік ақпаратты фискациялау және дәлелдемелерді тіркеудің мәнін анықтау мәселесі қалыптасып жатқан криминалистік теориялардың арасында ерекше орынды иеленеді. Бұл дәлелдемелерді жинау заңдылығын қолдану және зерттеумен байланысты дәлелдеудің тәжірибелік бағытымен анықталған.
Фиксация ұғымын процессуалдық және криминалистік аспектіде қарастыру үшін фиксация терминінің пайда болуынан бастау керек.
«Фиксация» латынның fixatio және fixus сөздерінен - мықты, берік дегенді білдіреді. Қазіргі оырс тілінде бұл сөз бірнеше мәнге ие. «Фиксация» сөзі жалпы нысан бойынша белгілі бір фактіні, оқиғаны бекіту, тіркеу дегенді білдіреді. С.И.Ожеговтың фиксация сөзін 4 мағынада қарастырады:
фиксацияның түсінігін қарастыра отырып, адам қызметінің әр түрлі аясында өзінің ерекшеліктерін иеленетіне көз жеткізуге болады. Мысалы, фотохимияда «фиксажбен өндеу және бекіту», биолгияда әр түрлі органдар мен клеткаларды өндеу әдістері мен процесі дегенді білдіреді. «Фиксация» термині басқа ғылым аяларымен байлынысып, арнайы еркшеліктерді иелене отырып, қылмыстық іс жүргізуде, криминалистикада және сот эксперитизасында оны түсіндірудегі жалпы ұғымдарға негізделеді. Бұл ерекшеліктер аталған терминнің іс жүргізушілік-криминалистік мазмұнымен анықталады.
Осыңан орай, дәлелдемелік ақпаратты фискациялаудың криминалистік және іс жүргізушілік түсініктеріне тоқталу қажет.
ҚР ҚІЖК 124-бабына сәйкес «дәлелдеу істі заңды негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады.» Қылмыстық істер бойынша дәлелдеуде қылмыстық іс жүргізудің мақсаттарын шешу мен ақиқатты анықтауға негізделген мазмұнды жағын және дәлелдемелерді жинау, заңмен бекітілген тәртіп бойынша бекіту және қолдану сияқты әлементтерден тұратын дәлелдеу процесінің құрылымын көрсетуге болады. Дәлелдемелерді жинау оларды табуды, алуды және бектуді қамтиды.
«Дәлелдемелерді жинау» түсінігі тек жауап алу арқылы дәледемерді алуды ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен қарастырылған тергеу ірекеттерін жүзеге асыру кезінде тиісті тіркеулерді жүзеге асырудан көрініс табады.
ҚР ҚІЖК-нің 16 тарауы дәлелдеу деп дәлелдемелерді жинау оларды табуды, алуды және бектуді қамтитын ұғым деп қарастырады (ҚР ҚІЖК 125-бап). Фиксация ұғымы іс жүргізушілік заңның 126 баптың 1 тармағында көрініс тапқан. Аталған бапқа сәйкес «іс жүзіндегі деректер олар, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларында көрсетілгеннен кейін ғана дәледеме ретінде пайдалана алады». Бұдан біз фактілік деректердің іс жүргізушілік актілерде көрініс табуы, заңмен бекітілген тәртіп бойынша бекітілуі мен жиналған дәледдемелердің куәландырылуы дегенді анықтай аламыз. Дәлелдемерді бекіту ұғымының түсінігі дәлелдемелерді жинау ұғымымен салыстырғанда тар болып табылады. Дәлелдемелерді соның ішінде заттай дәлелдемелерді бекіту дәлелдемелерді жинау процесінің маңызыды бөлігін құрайды.
Іс жүргізушілік аяда дәлелдемелерді бекіту тәртібі дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық біліммен тығыз байлынысты. Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдардың пайдалануы ҚР ҚІЖК 129-бабында бекітілген. Аталған бапқа сәйкес:
1. Қылмыстық процесті
жүргізуші орган
2. Қылмыстық процесті
жүргізуші органның ғылыми-
3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:
1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы келмесе;
2) ғылыми жағынан маңызды болса;
3) қылмыстық іс бойынша
іс жүргізудің тиімділігін
4) қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.
4. Қылмыстық процесті
жүргізуші органның ғылыми-техн
Жоғарыда аталғаннан біз дәлелдемелерді бекітудің іс жүргізушілік түсінігі оларды заңмен бекітілген нысан бойынша бекітуді білдіретінін көре аламыз. Бұ нысандар дәлелдемелердің соттық дәлелдемелер ретінде қолданылуына қажетті шарт болып табылады.
Дәлелдемелерді бекітудің процессуалдық түсінігінде куәландыру мен тіркеудің процессуалдың нысаны бар. Осыған орай Р.С. Белкиннің дәлелдемелерді бекітудің процессуалдық түсінігін формальды деп санауға болады деген пікірін қолдауға болады. Процессуалистердің арасында дәлелдемелерді бекіту туралы оларды заңмен бекітілген тәртіп бойынша заңи нысанға айналдыру деген пікір қалыптасқан.
Қылмыстық әрекет, оның ішінде дайындалу, жасау және жасыру әрекеттері, өзінің мақсатына жету үшін табиғаты әр түрлі объектілердің жағдайына әсер ете отырып, оны түпкі нұсқаға айналдыруына әсер ету керек. Объектілер жағдайының объективтік заңдар бойынша мұндай өзгерістерінде қылмыстық әрекеттің әр түрлі сипаттары белгіленеді.
Іс жүргізушілік заңның ережелерін басшылыққа ала отырып, бекітудің әдістері мен материалдық объектілерге ерекше көңіл бөлетін бекітудің криминалистік түсінігінің негізгі элементтерін қарастыру қажет.
Іс жүргізушілік аспектімен салыстырғанда дәлелдемелерді бекітудің криминалистік аспектісі мазмұнды болып табылады. Бұл жерде бекіту бойынша әрекеттер мен әдістерге ерекше назар айдарылады.