Дәлелдеу процессі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 18:38, дипломная работа

Краткое описание

Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау болып танылады. Философияның көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз – танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны сол күйінде көшіру[1]. Қылмыстық сот ісін жүргізуде ақиқатқа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырына үлкен қателікке ұрындырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде ақиқатты анықтаудың процесуалдық құқықтық табиғаты болады. Ол біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерімен (ҚР ҚІЖК 8-бап), екіншіден, процестің қағидаларында атап айтқандай, ҚР ҚІЖК 24-бабында бекітілген ережелермен расталады. Сонымен, ақиқат ұғымын қылмыстық процестің қағидаларымен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айырықша маңыз береді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ........................................................................................................5
2 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІ (КЕЗЕҢДЕРІ НЕМЕСЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ)…..9
2.1 Дәлелдемелерді жинау....................................................................................9
2.1.1 Ақпараттық дәлелдемелерді бекіту нысандары мен әдіс-тәсілдерін топтастыру.................................................................15
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу..................................................................................35
2.3 Дәлелдемелерді бағалау.................................................................................37
2.3.1 Дәлелдемелерді ішкі сеніммен бағалаудың мәні .....................................46
3 ДӘЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ...........................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ..............................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәлелдеу процессі.doc

— 371.00 Кб (Скачать документ)

Тергеуші справочнигінде(анықтама,сөздік)оқиға орнын қарау нәтижелерін бекітудің ең кең тараған тәсілдерінің бірі болып схемалар мен жоспарлар жасау танылады.

Көптеген авторлар графикалық құжаттарға негізінен жоспарлар мен схемаларды жатқызады.Алайда «графикалық құжаттар» түсінігі тек қана жоспарлар мен схемаларды қамтымайды,ол одан әлдеқайда кеңірек.

Графикалық құжаттардың толығырақ тізілімін Р.С.Белкин береді.Бірақ бұл тізілім де жеткілікті дәрежеде толық және нақты емес.

Жоспар – бұл масштабта жасалған сызба болатындықтан,ондағы заттар мен оқиға орнының шекаралары масштабта бекітілетіні анық.

Құқық қорғау қызметі субъектісі жасайтын графикалық құжаттардың келесідей түрлерін бөліп шығару қажет:

а)тергеу әрекетін жүргізу орнының жағдайын бекітетін графикалық құжаттар(қараудың,тергеу экспериментінің,тінтудің және т.б.);

б)егер бұл дәлелдемелік мәнге ие немесе бекітілген дәледемелік ақпаратты бағалау үшін қажет болса,тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде дәлелдемелік ақпаратты бекітудің техникалық құралдарының орналасуын бекітетін графикалық құжаттар;

в)тергеу әрекеттері қатысушыларының орналасуы мен орын ауыстыруларын бекітетін графикалық құжаттар;

г)әртүрлі жедел-іздестіру шараларын жоспарлау мен жүргізу кезінде қылмыстарды анықтау және ашу субъектісінің қызметін бекітетін графикалық құжаттар.

Графикалық құжаттарды кейбір тергеу әрекеттерінің хаттамаларын иллюстрациялау мен бекіту құралы ретінде сипаттай отырып,көптеген авторлар графикалық құжаттардың осы екі белгілерімен ғана шектеледі.Алайда,олардың қылмыстық сот өндірісіндегі тағайындалуы мұнымен бітпейді.

Графикалық құжаттарды жедел-іздестіру қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жоспарлау мен жүргізу ,тергеуші қарау,тінту,жауап алу,эксперимент және өзге де тергеу әрекеттерін жоспарлау мен жүргізу кезінде қолданады.

Оқиға орны – дәлелдемелік ақпаратты алудың маңызды қайнар көзі.Оны қараудың маңызды міндеттерінің бірі болып хаттамада немесе оған жасалған қосымшаларда(фотосуреттерде,жоспарларда,схемаларда және т.б.)тергеушінің барлық әрекеттерін және қарау сәтінде табылған заттай дәлелдемелерді бекіту табылады.(ҚР ҚІЖК-нің 203-бабы).

Графикалық құжаттар айғақтарды оқиға болған жерде тексеру кезінде де жиі қолданылады.Аталған тергеу әрекетін жүргізу кезінде жоспарлар мен схемалар жасаған жөн.Бұл құжаттар айғақтарды тексеру орнына жету маршруты туралы;тексерілетін айғақтармен байланысты жерлер туралы(төбелес не шабуыл болған жер және т.б.);іс үшін маңызы бар заттардың табылған жерлері туралы(тасталған кісі өлтіру  қаруының,жәбірленуші заттарының  және т.б.);фотосуретке немесе киноға түсіру,бейнежазбаның қай жерден жүргізілгенін көрсететін нүктелер туралы көрініс беруі тиіс.

Графикалық құжаттың қаншалықты анық және дұрыс жасалғанынан жол-көлік оқиғасының жағдайын объективті бағалау,оқиғаның шынайы себептері мен ондағы кінәлілерді анықтау байланысты болатынын белгілеп,Л.Д.Родионов жол-көлік оқиғаларын тергеуде графикалық құжаттардың маңызын көрсетеді.

Ақпаратты көрсету мен талдаудың графикалық тәсілдері криминалистиканың қалыптасу кезеңінің өзінде қылмыстарды анықтау мен ашу қызметінде қажетті және өте маңызды деп танылатын тәсілдердің қатарына жатқызылған.Г.Гростың өзі «Сот тергеушілері үшін басшылық» еңбегінде жазған:«Бір ғана сызба сияқты істі сондай дәрежеде түсіндіруді хаттама жүзеге асыра алмайды».Басқа тұлғалармен жүргізілген алдын ала тергеуді зерттеуге тура келген тұлғаның хаттама негізінде өзіне ақырында жалған болып шығатын қылмыс картинасын жасайтынына бірнеше рет көзі жетеді.Тек қана сурет,ең болмағанда жүгірткі (беглое) сурет шындыққа сәйкес келетін дұрыс түсінік бере алады.

Өзінің идеясы бойынша бұл ескерту өте дұрыс және маңызын жоғалтпаған,бірақ қазіргі уақытта графикалық құжаттарды алу мен көрсетудің әдістері және тәсілдері едәуір өзгертілген.

Сондықтан да, әрекет етуші қылмыстық-процессуалдық заңнама,соның ішінде ҚР ҚІЖК-нің 203-бабының 4-бөлігі тергеу әрекеттерінің хаттамаларына,оларды жүргізу кезінде жасалған жоспарлар мен схемалар қоса тіркелетіндігін қарастырған.

Ақпаратты бейнелеудің графикалық тәсілін қолданудың кең диапазоны негізгі екі себеппен түсіндіріледі.Біріншіден, тәжірибеде ол математикалық аппаратты(мәселен,проективтік геометрияны) қолдану арқылы оны талдау нысандарының бірі немесе оны талдауға дайындау әдістерінің бірі,соның ішінде ЭЕМ –ді қолдану арқылы.Бұған ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығында дайындалған және жол-көлік оқиғаларының жағдайларын зерттеуде қолданысқа ие ақпараттандырылған «НАСТ» (наезд-столкновение) бағдарламасы мысал бола алады.Екіншіден,ЭЕМ-на дисплейлік құрылғылардың пайда болуымен ақпаратты көрсету және бекітудің графикалық нысаны оперативтілік үшін қолайлырағы және мұнымен қоса ақпаратты зерттеу нәтижелерін образды түрде көрсететін және тану процессінің өзін басқару. 

Дәлелдеме ақпараттарын заттай нысанда бекіту. Заттай нысанда дәлелдеме ақпараттарын бекіту кезінде мынандай әдістер қолданылады, заттың өзін алып қою, гипстен жасалған іздерді алу және із таптарын көшіру, яғни материалды модельдерді жасау, сонымен қатар, жаңарту (реконструкция), пішімдеу (макетирование), консервациялау сияқты біріктірілген тәсілдер қолданылады. Бұл нысандағы бекітуді қарастырып, өзіндік бағыттарын ерекшелеуге болады, ол криминалистикадағы модельдеудің әдістерін қолдану және жетілдіру болып табылады.

           Объектіні  модельдің көмегімен зерттеу  процессі модельді зерттеу кезінде  алынған ақпаратты кейінен модельденетін  объектіге ауысуды білдіреді. Модельдің  дұрыс құрылымынан объектіні модельдеу немесе оның жеке сипаты туралы біздің білімдеріміздің шындығына байланысты.

            Қазіргі ғылымда (логика, математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика  және т.б.) модельдеудің дамуына  байланысты «модель» сөзі өте кең тараған, яғни осы немесе басқа да заттарды зерттеу, олардың сипаты және құбылысы тікелей емес, ал жекелеген ережелер бойынша арнайы құрылған осы объектілер сияқтыларды зерттеу.

            «Модель» сөзінің мазмұнына терең  тоқталмай, тек қана модельдің маңызы және не үшін қолданылуын анықтау үшін қажет. Модельдер кең кибернетика-философиялық, және тар, яғни криминалистикалық болып ерекшеленеді. Бірінші жағдайда, модельді ойда елестетілген немесе материалды іске асырылған жүйе ретінде түсінеді, объектіні зерттеудегі бейнелеу немесе жаңғырту оны ауыстыруға қабілеті бар, яғни оны зерттеу кезінде бұл объект туралы бізге жаңа ақпарат береді. Ал модель сөзінің арнайы  тар мағынасында іздің көшірмесі немесе басқа да заттай дәлелдемелерді айтуға болады. Бір құрылымды модельді басқа деп есептеуге беретін құқыққа негізгі талап, оларға өзіндік қатынастар тән болып табылады, олар туралы әдебиеттерде ұқсастық, изоморфизм, сәйкес, аналогиялық деген түсініктер тұжырымдалады.

Модель және түпнұсқа арасындағы ұқсастықтан басқа да ерекшеліктері бар. И.Д. Андреев белгілегендей, олар ұқсас емес, әртүрлі емес болу қажет. Түпнұсқамен салыстыра отырып, модельдің түпнұсқамен тым ұқсастығы, мәнісі бойынша ештеңе бермейді, ал модельдің түпнұсқаға ұқсас емес болатын болса, онда жаңылуға алып келеді. Бірақ, модельдеу кезінде негізгі және шешуші ретінде объектілердің біреуінен аналогты міндетті имитациялау болып табылады, ол жаңа алынған білімдер арқылы басқа объект туралы қажетті қорытындылар алу үшін қажетті. Сонымен, ғылыми таным әдісі ретінде модельдеудің негізгі ерекше белгісі, зерттеу сипаты бойынша адам алдына қойған кейбір мақсаттары тікелей қызықтыратын объектіні зерттеу үшін басқа объектіні қолданады, бұл жағдай да бірінші болып байқайды.

Басқа да модельдерді мақсатты мынандай жағдайларда, егер модель объект ретінде – зертелетін объектінің орнын басса және объектінің орнын басатын объект зерттеу үшін қарапайым және тиімді болса ғана қоданылады.

Модель түпнұқсқаны абсолютті нақты түрде көшірмейді. Модельдің түпнұсқадан ерекшеліктері оның танымдық маңызын айырмайды. Мысалы, аяқ киім ізінің көшірмесін алу (слепка), яғни бұл модельді пайдалану оқиға болған жердегі тұлғаның қандай аяқ киімде болған екенін, аяқ киімнің белгілерін зерттеу үшін мүмкіндік береді, іздің көшірмесін алу (слепок) трасологиялық-танымдық мақсатта қолданылады. Модельді зерттей отырып, бұл жағдайда – жасанды алынған іздің бейнесі, өз кезегінде оны қалдырған, объектінің бейнесі болып табылады, біз одан түпнұсқаның белгілері және сипаттары туралы ақпарат аламыз (ізді қалыптастыратын объектіден), ал оның бейнесінде – іздер аламыз. Модель бейненің растығы туралы қызметін белгілі бір шекте заттың немесе құбылыстың түпнұсқасымен өзінің ұқсастығы, түйісуі, сәйкестігі арқылы жүзеге асырады.

Материалды объектілердің өзара әрекеттесуі нысанның және әдістердің әртүрлілігі бейненің әртүрлі нысанын туғызады*. Бұл әрбір нақты жағдайда  бейненің мазмұнын бекітудің әдістерін таңдауды анықтайды, яғни сәйкес келетін бекітудің әдістерін таңдайды. Бекітудің әртүрлі әдістерін қолданып, өзінің табиғаты және ақпараттың тиімділігі бойынша әртүрлі түпнұсқаның модельдерін алады. Қылмысты анықтау және ашу қызметі бойынша субъектінің алынатын, түпнұсқаға сәйкес келетін барлық модельдерді (бұл жағдайда – заттай дәлелдемелер) екі топқа бөлуге болады:

  1. заттай модельдер, оларда түпнұсқа туралы ақпаратты тасымалдаушы ретінде модельдердің құрылымы, құрылысы, нысаны қатысады;
  2. таңбалы модельдер, олардан сигналдық қызметі арқылы сәйкес келетін ақпарат алынады.

Заттай модельдерге химико-техникалық және оптика-химиядан шыққан – із таптарын көшіру, іздерді алу, фотосуреттер, кино- және видеожазбалар және т.б. модельдер жатқызылуы мүмкін. Таңбалы модельдердің тобына вербальді-семантикалық және таңбалы-графикалық тізілімдер және математикалық-символика – іс жүргізушілік құжатқа сәйкес келетін заттай дәлелдемелерді сипаттау, оның суреттерін, сызбаларын және т.б. дайындау. Бұл модельдер материалды емес, затты емес, бірақ олардың нысаны мен құралдарының сипаты (қағаз, сиялы және карандашты штрихтар, типографиялық бояулар), әлбетте, материалды болады. Бұл модельдердің тікелей маңызды қызметі болып олардың сигналдық функциясы табылады, өйткені оларда сөзді-әріптермен немесе басқа кодтармен шифирленген ақпараттардың болуы.

Ғылыми білімнің дамудың қазіргі дәрежесі, әлеуметтік саладағы қоғам бұл тізімді динамикалық модельді объектімен толықтыруға негіз береді, пайда болатын құбылыстарды және оқиғаларды кино- және бейне жазбалар және дыбыс жазатын құралдың көмегімен жазылған динамикалық модельді адамның сөздері және басқа да дыбыстарды нәтижесінде бекіту. Бұл екі модельдің түрлері арнайы аппаратуралардың (кинопроектор, кинотаспа, магнитофон, бейнетаспа, бейнемагнитофон және т.б.) қызмет етуімен елестетіледі және қабылданады.

Қазіргі уақытта әртүрлі қылмысты анықтау және ашу істері бойынша объективті шындықты орнату үшін маңызы бар құбылыстарды және процесстерді әртүрлі заттарды модельдеуді қолданумен жүзеге асырылады. Бұған себеп – бекітудің ғылыми-техникалық құралдың дамуы және модельдерді алудың жеңілдетілген процессі ғана емес, олардың артықшылығында және қолайлылығында пайда болады.

Бұл артықшылықтар келесідей көрініс табады:

  1. Модель маңызсыз элементтерден алаң болуға мүмкіндік береді және барлық назарыңды модельденетін объектінің тұстарына және сипатына бағыттайды, оны зерттеу қылмысты ашуға және тергеу үшін маңызы бар.
  2. Объектінің өзгешелігі (белгіленген параметрлар, қоршаған ортадан бөлінбеген және т.б.) үшін оны іске қатыстыруға рұқсат бермегенде. Бұл жағдайда модельді іске қатыстырылады, егер ол іс жүргізудің
  3. барлық қатысушыларына сәйкес келетін ақпаратты қабылдауға және объектіні көрнекті ұсынуға мүмкіндік берсе.
  4. Модельдеу алмастырылмайды, егер қызықтыратын объектіні алып қоюға мүмкіндік болса, бірақ оның физикалық табиғаты үшін сол объектінің өзгеріп кетуін немесе жойылып кетуін жоққа шығаруға болмайды.
  5. Бір объектіден бірнеше модельдер жасауға болады, зертеу процессінде өз қасиеттерін сақтай отырып модельденетін объектіні өзгертпей және жоймай пайдалануға мүмкіндік береді.
  6. Модель бірнеше рет қабылдануы мүмкін, ол бекітілген ақпаратты толық қабылдау үшін өте құнды.
  7. Модельді объектіні салыстыра отырып, бұл объект модельденген ба сол туралы анықтауға болады. Егер ия, онда одан дайындалған көшірмелерден бастап өзгерістерге ұшырады ма.
  8. Шағын өлшемі бойынша модель бір қараумен барлық объектіні қамтуға мүмкіндік беоеді, әртүрлі бөлшектердің арақатынастарын біртұтас қабылдау өте маңызды болып табылады.
  9. Қазіргі ғылыми-техникалық құралдар статикалық ғана емес, сонымен қатар динамикалық модельдер жасап шығаруға мүмкіндік береді. Оларды пайдалана отырып, объектінің басқа объектілермен арақатынасындағы қозғалысын зерттеуге болады.
  10. Моельдеудің көмегімен көрнекті заттың бейнесін жаңадан жасайды, ол қазіргі таңда өмір сүрмейді не қатты өзгерген немесе белгісіз қай жерде орналасқан (мысалы, іздеуге салынған тұлғаның көрген адамдардың сипаттағаны бойынша құрастырылған портрет, өртеніп кеткен ғимараттың техникалық сызбалары және куәгерлердің жауаптары және т.б. негізінде дайындалған макет).

Модельдеудің осы барлық тұстары қылмысты тергеу кезінде және бірінші кезекте бекіту үшін кең қолданылады. Модельдеуге негізделген бекітудің әдістері, криминалистикада көп тараған: а) жоспарларды, схемаларды, сызбаларды құрастыру; ә) іздерді, із таптарын, макет, түпнұсқа және басқа үшөлшемдік модельдерді дайындау, көшіру; б) адамның сыртқы келбетін заттай модельдеу; в) жаңарту; г) фотоға түсіру; д) киноға түсіру;

е) дыбысжазба; ж) бейнежазба; з) сурет салу.

Бұл негізде туынды заттай дәлелдемелердің және салыстырмалы зерттеу үшін үлгілердің түсініктері қалыптасты, тергеу және сараптама тәжірибесінде модельдеудің нысаны және маңызы шегі жеткен саласында ұстанымдары анықталды.     

        Дәлелдеме ақпараттарын көрнекті-бейнелі нысанда бекіту. Дәлелдеме ақпараттарын көрнекті-бейнелі нысанда бекіту, объектінің бейнесін немесе оның белгілерін және сипаттарын, сонымен қатар әдеттегі қабылдау үшін асқақ (недоступные) сезіммен қабылдап сақтап қалуға мүмкіндік береді. Ең кең тараған фотографиялық әдіспен бекіту болып табылады, ғылым дамуының және ғылыми негіздер криминалистикалық техниканың арнайы бөлімін қалыптастырды – криминалистикалық фотосурет.

Кеңес мемлекетінің пайда болу кезеңінде құқық қорғау жүйесі қалыптасу кезінде қылмысты анықтау және ашу қызметі бойынша бекітудің техникалық құралдарды ендіруге ерекше көңіл бөлінді. 1918 ж. шілде айында қабылданған қылмыстық-іздестіру милициясы бойынша қылмыстылықпен тиімді күрес жүргізу үшін сот фотографиясының ережелерімен жедел-басқаратын құраммен қажетті таныстыру туралы бұйрықта айтылған. Оқиға болған жердің нәтижелерін бекіту тергеушілерге және анықтаушыларға ғана емес, сонымен қатар оларға көмек ретінде бөлінген, қыдмыстық – іздестіру милиция қызметінде тұратын фотографтарға жүктелген.

Фотосуретке түсіру арқылы қарау нәтижелерін бекіту әдісі ретінде 1919 ж. 30 қыркүйекте №1595 Республиканың Ревәскерикеңесі бұйрығымен бекітілген әскери тергеуші туралы ережемен қарастырылған. Қараудың нәтижелерін фотоға түсіру арқылы бекітудің әдісі ретінде И.Н. Якимов үлкен көңіл бөлді, «Қылмыстық техника және тактика бойынша басқаруда» ол оқиға болған жерде табылған аяқтың, қолдың және т.б. іздерді масштабты түсіру ережесі бойынша фотоға түсіруді ұсынды. Сот фотографиясы мақсатының бірі ретінде, дәлелдемелік ақпаратты бекіту көрсетілген, криминалистикалық техника саласында барлық анықтамалар қарастырылған. Криминалистикалық әдебиетте сот фотографиясының бірінші анықтамасында С.М. Потапов сот фотографиясы көрнекті дәлелдемелік материалды сотқа ұсыну үшін қолданылады деп ұсынады. Н.А Селиванов фотоға түсірудің мақсатын толық ашты, ол жедел-тергеу мақсатында заттай дәлелдемелерді зерттеу үшін және дәлелдемелік маңызы бар материалды деректерді сақтау үшін алдын ала тергеуде қолданылатын, жедел-соттың фотографияларын фотосуретке түсіру түрлерінің жүйесі деп атады.

Информация о работе Дәлелдеу процессі