Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 22:11, курсовая работа
АП жəне тіркелген кəсіби «Аудиторлар алқасы» аудиторлық ұйымынан басқа, Қазақстанда бухгалтерлер мен аудиторларға арналған басқа кəсіптік бірлестіктер бар, олар: Кəсіпқой бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы (ППБА), Қазақстан бухгалтерлер мен аудиторлар одағы. АП Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (МФБ) толық мүшесі болып табылғанымен, ол əзірше МФБ мүшелерінің міндеттері туралы қағидаларды (ПОЧ) түгел орындай бермейді. АП да, ППБА да Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесінің мүшелері болып табылады.
1. Аудит стандарттары
2. Аудит стандарттарын жəне олардың сақталуындағы оқылықтарды талдау
Жоспар:
1. Аудит стандарттары
2. Аудит стандарттарын жəне олардың сақталуындағы оқылықтарды талдау
АП жəне тіркелген кəсіби «Аудиторлар алқасы» аудиторлық ұйымынан басқа, Қазақстанда бухгалтерлер мен аудиторларға арналған басқа кəсіптік бірлестіктер бар, олар: Кəсіпқой бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы (ППБА), Қазақстан бухгалтерлер мен аудиторлар одағы. АП Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (МФБ) толық мүшесі болып табылғанымен, ол əзірше МФБ мүшелерінің міндеттері туралы қағидаларды (ПОЧ) түгел орындай бермейді. АП да, ППБА да Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен аудиторлар кеңесінің мүшелері болып табылады.
Аудит стандарттарын қабылдаумен қатар, АП өз мүшелерінің кəсіби білімі үшін жауап береді. АП 1998 жылғы МФБ Этика кодексінің негізінде өзінің Этика кодексін əзірледі. Алайда АП Кодексінде анағұрлым, əсіре тəуелсіз аудиторға қатысты тұрғыдан қатаңға айналған МФБ қолданыстағы талаптарының барлығы ескерілмеген. Сонымен қатар, РОСК дайындаған топ қолда бар Кодекс сақталмаған бірнеше жағдайды атады.
АП мүшесіне айналу үшін, дербес аудитор САР/СIРА (Сертификатталған практикашы бухгалтер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер) куəландыру бағдарламасының негізінде емтихандар өткізетін АП Біліктілік комиссиясымен (КК) куəландырылуға тиіс. Алайда емтихандарды табысты тапсырғандардың үлесі кандидаттардың нашар дайындығына, оқу бойынша тиімсіз бағдарламаларға жəне жоғары емтихандық стандарттарға байланысты көп болмай отыр.
ППБА қатысушылары – негізінен сертификатталған практикашы бухгалтерлер (САР немесе сертификатталған бухгалтерлер) жəне небəрі бірнеше Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер (СIРА немесе сертификатталған аудиторлар). ППБА өз мүшелері үшін кəсіптік ережелер шығарды, бірақ РОСК дайындаған топ анықтағандай, Палатаның жеке мүшелері ондай ережелердің бар екені туралы əдетте біле бермейді.
Қазақстанда ППБА куəландырған бухгалтерлер ППБА да, АП да куəландыру рəсімін бір СAP/СIPA куəландыру бағдарламасының негізінде құрғанына қарамастан, аудитор болу үшін өздерінің (Сертификатталған практикашы бухгалтерлер / Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтерлер) ретінде тəжірибелерін пайдалана алмайтынына байланысты, бухгалтерлер мен аудиторларды куəландыруда елеулі проблема орын алып отыр. Бұл ППБА куəландырған бухгалтер кез келген басқа бухгалтердің біліктілігі немесе бухгалтерлік жұмыс тəжірибесі жоқ адам секілді барлық КК емтихандарын тапсыруға тиіс болады деген сөз.
Қазіргі уақытта банктердің немесе сақтандыру компанияларының аудиторлық ұйымдарды ауыстырып отыруына талап белгіленбеген, бірақ «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға аудиторларды əр үш жыл сайын міндетті ауыстырып отыруды көздейтін түзету енгізу туралы ұсыныс бар.
1. АУДИТ СТАНДАРТТАРЫ
. Жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң 2006 жылдың мамырынан бастап ХАС пайдалануды талап етсе, ол күнге дейін Қазақстандық аудит стандарттары (КСА) күшінде қалады. Сонымен қатар, көптеген аудиторлар ХАС емес, КСА құрамымен көбірек дəрежеде таныс болады. Сондықтан осы бөлімде КСА жəне ХАС арасындағы алшақтықтарға талдау жүргізіледі. КСА ХАС негізінде əзірленсе де, олар бір біріне онша сəйкес келе бермейді. 52-ші тармақта аталғандай (жоғарыдан қараңыз), Қаржы министрлігімен тек төменде берілген 11 11 КСА бекітілген:
КСА | Аналог в ХАС |
КСА 1: Қаржылық есеп-қисап аудитының мақсаты жəне жалпы принциптері | ХАС 200: Қаржылық есеп-қисап аудитының мақсаты жəне жалпы принциптері |
КСА 2: Аудит жүргізу шарттары | ХАС 210: Аудит жүргізу шарттары |
КСА 3: Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау | ХАС 220: Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау |
КСА 4: Құжаттама | ХАС 220: Құжаттама |
КСА 5: Қаржылық есеп-қисап бойынша аудиторлық қорытынды | ХАС 700: Қаржылық есеп-қисап бойынша аудиторлық қорытынды |
КСА 7: Жоспарлау | ХАС 300: Жоспарлау |
КСА 8: Клиенттің бизнесін білу | ХАС 310: Клиенттің бизнесін білу |
КСА 9: Тəуекелдікті бағалау жəне іштен бақылау | ХАС 400: Тəуекелдікті бағалау жəне іштен бақылау |
КСА 10: Аудиторлық дəлелдер | ХАС 500: Аудиторлық дəлелдер |
КСА 11: Алғашқы аудиторлық тексеру, кезеңнің басына шоттардың сальдосы | ХАС 510: Алғашқы аудиторлық тексеру, кезеңнің басына шоттардың сальдосы |
КСА 12: Басшылықтың мəлімдемесі | ХАС 580: Басшылықтың мəлімдемесі |
Нəтижесінде негізінен келесі екі себеп бойынша елеулі бөлеу оқылымдар орын алған:
• ХАС ұқсас қағидалары КСА қабылданғаннан кейін қайта қаралауы мүмкін (мысалы, ХАС 700 қайта қаралған жəне ХАС 200 жəне ХАС 210 тиісті түзетулер енгізілген);
• ХАС құрамына КСА құрамынан өз көрінісін таппаған 20 стандарттан астам жəне ұсынылған практика туралы 15 қаиғада кіреді ( төменнен 73-ші тармақты қараңыз).
КСА мен ХАС арасындағы айырмашылықтар КСА сəйкес жүргізілген аудиторлық тексерістің ХАС сақтай отырып, жасалған аудитқа қарағанда анағұрлым аз сенімділікті қамтамасыз ете алатындай алыс. Ең елеулі бөлек оқылымдар КСА құрамында ХАС 20 стандарттан астамның болмауына байланысты туындайды, соның ішінде:
• Аудиттың елеулілігі: ХАС сəйкес аудиторлық тексерістің мақсаты аудиторға қаржылық есеп-қисаптың барлық елеулі аспектілері бойынша қаржылық есеп-қисапқа белгіленген талаптарға сəйкес жасалғаны туралы пікірін білдіруге мүмкіндік беру болып табылады. Ақпарат егер оның болмауы немесе бұрмалануы аталған қаржылық есеп-қисаптың негізінде қабылданған пайдаланушылардың шаруашылық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, «елеулі» деп саналады. ХАС 320 «Аудиттың елеулілігі» аудитордан (a) аудиторлық рəсімдердің сипатын, уақытын жəне форматын айқындау; жəне (b) бұрмалаудың салдарын бағалау кезінде, сондай-ақ қаржылық есеп-қисаптың барлық елеулі аспектілері бойынша қаржылық есеп-қисапқа белгіленген талаптарға сəйкес жасалғанын бағалау кезінде елеулілік аспектілерін есепке алуды талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ жəне бұл (i) аудитордың елеулі параметрлер бойынша шүбəлі болып табылатын деректердің енгізілгенін немесе елеулі деректерді өткізіп алуды айқындай алмауына, содан қаржылық есеп-қисаптың шүбəсіздігін бұзуға əкеліп соғуы, немесе (ii) қаржылық есеп-қисапты пайдаланушыларда аудитор қаржылық операциялардың бірін қалдырмай тексеріп жатқан секілді əсер қалдыруы мүмкін.
• Аудитор қаржылық есеп-қисапты аудиторлық тексеру кезінде алаяқтық əрекеттердің ықтималдығын ескеруге міндетті: ХАС 240 «Аудиторлық тексерістер жүргізу кезінде аудитордың ықтимал алаяқтық əрекеттерді ескеруге міндеті» алаяқтықты қателіктен ажыратуды жорамалдайды жəне аудиторға есте ұстау қажет алаяқтық əрекеттердің екі типінің айқындамасын береді. Ол екі алаяқтық типі төмендегідей: (a) активтерді заңсыз иемденудің нəтижесінде пайда болатын бұрмаланымдар; жəне (b) қаржылық есеп-қисап жасау кезінде алаяқтықтың нəтижесінде туындайтын бұрамаланымдар. Аудиторлық тексерудің барысында елеулі алаяқтықтың анықталмауына байланысты тəуекелдікті минималдандыруға арналған арнайы рəсімдер қажет. КСА құрамында ондай талап жоқ.
• Талдампаздық рəсімдер немесе аудиторлық іріктелім жəне басқа сынамалар: ХАС 520 «Талдампаздық рəсімдер» аудитордан кəсіпорын мен оның бизнес ортасы туралы пайымдама жасау үшін, сондай-ақ аудиторлық тексерістің соңында жалпы қорытынды жасау кезінде тəуекелдіктерді бағалауға арналған талдампаздық рəсімдерді қолдануды талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ.
• Байланысқан тараптар: ХАС 550 «Байланысқан тараптар» аудитордан басшылық байланысқан тараптарды, сондай-ақ қаржылық есеп-қисап жасау үшін елеулі маңызға ие мүдделілік бар мəмілелердің салдарын айқындау жəне ашу кезінде жеткілікті аудиторлық дəлелдер алуға арналған аудиторлық рəсімдерді орындауды талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ.
• Əділ құнның аудиты: Көптеген жағдайларда ХҚЕС активтер мен пассивтердің құнын айқындау кезінде бағалау кезінде əділ құн көрсеткіштерін қолдануды белгілейді немесе жол береді. ХАС 545 «Əділ құнның жəне ашылған ақпараттың көрсеткіштерінің аудиты» аудитордан ол кəсіпорын мен оның бизнес ортасы, соның ішінде оның іштен бақылау жүйесі туралы пайымдама қалыптастыру шеңберінде кəсіпорында əділ құн мен ашылған ақпараттың көрсеткіштерін, сондай-ақ бекіту сатысында елеулі бұрмаланыстар тəуекелдіктерін айқындау жəне бағалау үшін жəне стандартта сипатталған қосымша аудиторлық рəсімдер əзірлеу жəне пайдалану үшін жеткілікті тиісті бақылау шараларын пайдалану кезінде қолданылатын рəсімдермен таныс болуын талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ.
Міндетті аудиттың сапасы біркелкі емес. Аудиторлық тексерістердің қорытындыларымен танысудың (жоғарыдағы 66-шы тармақты қараңыз) жəне РОСК дайындаған топпен, жеке аудиторлармен, шағын жəне ірі аудиторлық фирмалармен жəне Аудиторлар палатасымен
Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті аудиторлық фирмалар өздері КАС сəйкес дайындалған қаржылық есеп-қисапты, сондай-ақ ХАС сəйкес дайындалған қаржылық есеп-қисапты аудиторлық тексеруге аудит стандарттары, қызметкерлер құрамы жəне сапаны тексеру тұрғысынан бірдей тəсілдеме пайдаланатындарын айтады.
талқылаудың нəтижесінде Қазақстанда орта есеппен аудиторлық практиканың сапа көрсеткіштеріне негативті ықпал ететін нақты проблемалар анықталды:
• Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті фирмалар тəрізі, КСБУ сəйкес дайындалған қаржылық есептемелермен салыстырғанда, ХҚЕС сақтай отырып жасалған қаржылық есеп-қисапты анағұрлым терең аудиторлық тексеру рəсімдерін пайдаланатын жəне тексеруді анағұрлым тəжірибелі аудиторларға тапсыратын секілді17.
Бұл тек қана Қазақстандық ерекшелік болып табылмаса да, байқаушылар ондай практика КСБУ негізіндегі қаржылық есеп-қисап аудитының сапасынан теріс көрінуі мүмкін деп қауіптенеді.
• Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті фирмалар тəрізі, қарызға ақша қаражаттарын немесе төте шетелдік инвестициялар тартатын компаниялардың ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисаптарын анағұрлым терең аудиторлық тексеру рəсімдерін пайдаланатын жəне тексеруді анағұрлым тəжірибелі аудиторларға тапсыратын секілді. Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті фирмалар ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапты ондай құжаттаманы анағұрлым терең сапалы талдау рəсімдерінің көмегімен, соның ішінде келесіде Мəскеуде, ал кейде Лондонда немесе Франкфуртта техникалық сарапшыларды тарту арқылы тексеру нəтижелерін сараптау арқылы жүргізсе де, аталған рəсімдер тəрізі, шетелдік реттеу жəне/немесе толық көлемде аудитордың кəсіби жауапкершілігін көтеруге дайындық жоқ болған кезде жүйелі қолданылмайтын секілді.
• Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың айтарлықтай санының нашар дайындалғаны соншалық, тексерілген қаржылық есеп-қисапты пайдаланушылар тіпті аудиторлық фирма тындырған жұмыс туралы пайымдама жасауға қабілетсіз болуда. РОСК дайындаған топ талдап шыққан 14 аудиторлық қорытындының сегізінде адресат болмаған, тексеруге ұшыраған қаржылық есептемелер көрсетілмеген, қаржылық есеп-қисабы тексеруге қос тіркелген компаниядан басқа компанияның атауы, сондай-ақ аудит стандарттарына сілтемелердің орнына бухгалтерлік есеп-қисап стандарттарына сілтемелер жəне т.б. болған.
• Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары үстірт болып шыққан, бұл олардың Этика кодексін, соның ішінде олардың тəуелсіз мəртебесіне қатысты бөлігінде сақтауына күмəн туғызбай тұра алмайды. РОСК дайындаған топ тексеріп шыққан 14 аудиторлық қорытындының төртеуінде Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттаынан (КСБУ) елеулі жəне анық шегіністер бар.
• Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары аудиторлық рəсімдерге толық емес сəйкестікте орындалған жəне КСА мен аудиторлық тексерістің сапасына талаптардың сақталуына елеулі күмəн туғызады. РОСК дайындаған топ тексеріп шыққан 14 аудиторлық қорытындының үшеуінде аудиторлық фирма қолданған аудиторлық рəсімдер баяндалған қосымша болды. Топ сарапшылары осы үш құжаттың барлығында төмендегілерге қарамастан аудиторлық фирманың сөзсіз оң қорытынды бергенін атады:
o аудиторлық фирмаға тауарлық-материалдық қорлар туралы сандық деректер тапсырылмаған жəне оның еншісіне 23% жиынтық активтер түсетін мүліктің, машиналар мен жабдықтың іс жүзінде бар екеніне (компанияның жұмыс істегеніне бірінші жыл) көз жеткізбей, тек шоттармен жəне бухгалтерлік тіркелімдермен танысуды қанағат тұтқан. Басқа екі аудит бойынш топ сарапшыларында сол іспеттес ескертпелер туындады.