Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.

Содержание

Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру.doc

— 710.50 Кб (Скачать документ)

Психологтар мен педагогтардың зерттеулері бойынша, ойын барысында балалардың қиялы, көрнекі ойлау қабілеті дамиды. Бұған себеп болатыны, ойын барысында бала айналадағы шындықтың өз тәжірибесінен іс-әрекетінен тыс кең ортасын жасауға талпынады, ал мұны тек шартты әрекеттер арқылы ғана жүзеге асыра алады. Ең алдымен бұл шынайы заттарды ауыстыратын ойыншықтар. Ойынды кеңейту (ересектердің өмірі мен қатынастарының күрделі әрекеттері мен жағдайларын жаңадан жасау) және мұны ойыншықтар мен заттық әрекеттер арқылы ғана жүзеге асыруға мүмкіндігінің жоқтығы, бейнелеу, сөйлеу, елестету әрекеттерін қолдануға көшуіне әкеледі (санасында бейнеленуі, «ойша») [56].

Ойында балалардың шындықтағы бейнелермен әрекет ету қабілеті, өз кезегінде, шығармашылық іс-әрекеттің келесі күрделі формаларына ары қарай өтуге негіз болады. Сонымен қатар дамуының өзі өте маңызды, онсыз адамның ең қарапайым деген іс-әрекеті мүмкін емес.

Ойын балалардың басқа адамдармен өзара әрекет жасай алу қабілетін дамытуға үлкен ықпал етеді. Бала ойын барысында ересектердің әрекеттері мен қарым-қатынастарын қайталағанда, ол өз құрбыларымен бірлескен ойында сол әрекеттестіктің ережелері мен тәсілдерін үйренумен қатар, өзара түсіністік, тәжірибесін жинақтап, өзінің әрекеттері мен ниеттерін дәлелдеуге, оны басқа балалармен келістіруге үйренеді [57].

Балаға болашақта, ең біріншіден мектепте: құрбы-құрдастарының үлкен ұжымына енгенде, мұғалім түсіндірулеріне зейін аударғанда, үй тапсырмасын орындағанда өз әрекеттерін бақылауға жоғарыда аталған барлық қасиеттер керек екенін түсініру қажет емес. Басқа сөзбен айтқанда ойын жай ғана әрекет емес, ол балаға қуаныш сыйлаумен қатар, оны дамытуының жеке тұлғаны қалыптастырудың күшті құралы болып табылатынын ересектер естен шығармау керек [58].

Шығармашылық немесе сюжетті-рөлдік ойындарды балалардың өздері құрады. Олар мазмұны бойынша (ересектердің тұрмысы, еңбегі, қоғамдық өмірі); ұйымдастырылуы, қатысушылар саны бойынша (жеке дара, топтық, ұжымдық); сыртқы көрінісі бойынша (сюжетті балалардың өздері құратын ойындар, драматизация-ойындары – ертегі мен әңгімелерді сахналау.)

Ертегелері бар ойындардың дайын мазмұны мен алдын ала қалыптасқан әрекеттер тізбегі болады; мұндағы ең бастысы  - қойылған міндетті шешу, ережелерді сақтау. Ойын міндеті бойынша, олар екі үлкен топқа бөлінеді: қимыл-қозғалыс және дидактикалық. Бірақ бұл тек шартты түрде ғана осылайша жіктеледі, себебі көптеген қимыл-қозғалыс ойындардың оқытушылық мәні бар (кеңістікте бағдарлауды дамыту, өлең шумақтар, әндер, санау және тағы басқаны білуін талап етеді), ал кейбір дидактикалық ойындар түрлі қозғалыстармен байланысты болады.

Ережелері бар ойындар мен шығармашылық ойындар арасында ұқсастықтар бар: шартты ойын мақсатының болуы, мен белсенді өздік іс-әрекет, қиялды іске қосу қажеттілігі. Көптеген ережелері бар ойындардың сюжеті болады, мұнда рөлдер ойналады. Шығармашылық ойындардың да ережелері болады – онсыз ойын сәтсіз өтеді, бірақ осы ережелерді балалар сюжетке сәйкес өздері орнатады [59].

Ережелері бар ойындар мен шығармашылық ойындардың айырмашылығы: шығармашылық ойныда балалардың белсенділігі ойынның ой түйінін ашуға, сюжеттің дамуына бағытталған; ережелері бар ойындардың ең бастысы – міндетті шешу, шартын орындау.

Дидактикалық ойындардың мәні, балалардың оларға қызықты ойын формасында ұсынылған міндеттерді шешу, белгілі бір қиыншылықтарды жеңе отырып, өздері шешімін табуымен анықталады. Бала оған ұсынылғын тапсырманы тәжірибелік, ойын ретінде қабылдайды. Бұл оның ақыл-ой белсенділігін жоғарлатады [60].

Ойын балалардың бейнеленетін нәрсеге қатынасын анықтап, осы қатынастың бекітілуі мен дамуына ықпал етеді. Бала құбылыспен, объектімен, жағдаймен және тағы басқалармен танысқан кездегі қуаныш, таңдану, таңырқау сезімдерін қайта басынан кешіргісі келеді. Олардың ойынға тұрақты қызығушылығы осымен түсіндіріледі. Балалар мектепте, сабақ үстінде көргісі келетінін, ойын арқылы тәжірибе түрінде жүзеге асырады [63].

Дидактикалық ойындар оқыту мазмұны, танымдық іс-әрекет, ойын әрекеттері мен шарты, балалардың ұйымдасуы мен қарым-қатынасы және мұғалімнің осы әрекеттегі рөлі бойынша бөлінеді. Аталған белгілер барлық ойындарға тән, бірақ, бір ойындарда бір белгілер көрініс тапса, өзгелерінде басқа белгілер айқын көрінеді.

Ойындарды тура типі бойынша топтау, классификациясы жоқ. Ойындарды көбінесе оқыту мазмұны бойынша бөледі: сенсорлық қабылдау ойындары, сөздік ойындар, табиғатпен танысу ойындары және тағы басқа [64].

Кейде ойындарды дидактикалық материал бойынша топтастырады.

 

1 кесте – Қолданылатын  материалдар бойынша ойындардың  топтасуы

 

Ойындар

Ойындардың сипаты

1

Заттармен ойналатын ойындар (ойыншықтар, табиғи материалдар және тағы басқа)

Бұл ойындар балаларға әсіресе қол жеткізерлік болады, себебі осы ойындар тікелей қабылдауға негізделген, балалардың заттармен әрекет жасау талпынысына және сол арқылы оларды танып білуге сәйкес құрылған.

2

Үстел үстіндегі - баспа ойындары

Заттармен ойналатын ойындар секілді, көрнекілік принципіне негізделген, алайда мұндай заттың өзі қоланылмай, оның бейнесі ғана беріледі.

3

Сөздік ойындар

Осы ойындар ең күрделі болып табылады. Олардың тікелей қабылдауымен байланысы жоқ. Мұнда балалар елесті іске қосу керек. Бұл ойындардың оқушының ойлау қабілетін дамытуда пайдасы мол, себебі балалар басқалардың пікіріне сүйенбей, өз бетінше пайымдау мен ой қорытындылар жасауға, логикалық қателіктерді байқауға үйренеді


 

1. Заттармен ойналатын ойындар (ойыншықтар, табиғи материалдар және тағы басқа) балаларға әсіресе қол жеткізерлік болады, себебі осы ойындар тікелей қабылдауға негізделген, балалардың заттармен әрекет жасау талпынысына және сол арқылы оларды танып білуге сәйкес құрылған.

2. Үстел үстіндегі - баспа  ойындары, заттармен ойналатын ойындар  секілді, көрнекілік принципіне  негізделген, алайда мұндай заттың  өзі қоланылмай, оның бейнесі  ғана беріледі. Үстел бетіндегі  – баспа ойындары дидактикалық  ойындар сияқты өз бетінше  ақыл-ой жұмысын талап еткенде ғана дұрыс, әрі табысты болады.

3. Сөздік ойындар ең  күрделі болып табылады. Олардың  тікелей қабылдауымен байланысы  жоқ. Мұнда балалар елесті іске  қосу керек. Бұл ойындардың оқушының  ойлау қабілетін дамытуда пайдасы  мол, себебі балалар басқалардың пікіріне сүйенбей, өз бетінше пайымдау мен ой қорытындылар жасауға, логикалық қателіктерді байқауға үйренеді [65].

Сонымен қатар, дидактикалық ойындарды оқыту мақсаты мен міндеттері бойынша топтастыруға болады.

1) Саяхат ойындар қияли  келеді. Ойынның мақсаты – танымдық мазмұнға сәл ғажайып сипат беріп, әсерін күшейту, балалардың жан-жағындағы байқалмай қалған нәрселерге көңіл аударту. Осындай ойындар зейін мен байқағыштықты дамытады.

2) Нұсқау – ойындар. Оның  негізінде заттармен, ойыншықтармен әрекет жасау, сөздік нұсқаулар (бір түсті заттарды біріктіру, заттарды көлемі, формасы және басқа да белгілері бойынша бөлу.)

3) Ұйғарым  ойындары. «Не  болар еді?» немесе «Мен не  істер едім?» және тағы басқа. Ойынның дидактикалық мазмұны  балалардың алдына міндет, жағдаят немесе мәселе тудыруын ал бұл олардың келесі әрекеттерін ойластыруды талап етеді. Бұл ойындар бар білімін себеп-салдар байланыстары арнасының кез келген жағдайында қолдана алу икемділіктерін талап етеді.

4) Ойын-жұмбақтар білімді, тапқырлықты тексеру үшін қолданылады. Жұмбақтардың басты ерекшелігі логикалық есеп болып табылады. Логикалық есептердің құрылу тәсілдері әр түрлі, бірақ олардың барлығы оқушылардың іс-әрекетін белсендіреді. Оқушыларға ойын-жұмбақтар ұнайды.

Салыстыру, еске түсіру, ойлау, шешімін табу қажеттілігі ақыл-ой еңбегінің қуанышын толтырады. Жұмбақ шешу талдау, жалпылау, қабілеттерін дамытып, пайымдау, қорытынды шығару, ой түйіндер жасау икемділіктерін қалыптастырады.

5) Ойын-әңгіме (диалог). Мұның  негізінде мұғалімнің оқушылармен, оқушылардың мұғаліммен және оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жатыр. Ойын әңгіме мұғалімнің сұрақтарын, құрбыларының сұрақтары мен жауаптарын тыңдау, әңгіменің мазмұнына зейін қоя білу қабілеттерін тәрбиелейді. Мұның бәрі міндетті шешудің белсенді ізденісін сипаттайды.

 

2 кесте – Оқыту мақсаты  мен міндеттері бойынша ойындарды  топтастыру

 

Ойын

Ойынның мақсаты мен міндеті

1

Ойын - саяхат

Ойынның мақсаты – танымдық мазмұнға сәл ғажайып сипат беріп, әсерін күшейту, балалардың жан-жағындағы байқалмай қалған нәрселерге көңіл аударту. Ойынның міндеті – зейін мен байқағыштықты дамытады.

2

Ойын - нұсқау

Оның негізінде заттармен, ойыншықтармен әрекет жасау, сөздік нұсқаулар (бір түсті заттарды біріктіру, заттарды көлемі, формасы және басқа да белгілері бойынша бөлу.)

3

Ойын – ұйғарым

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына міндет, жағдаят немесе мәселе тудыруын ал бұл олардың келесі әрекеттерін ойластыруды талап етеді.

4

Ойын – жұмбақ

Ойынның мақсаты – білімді, тапқырлықты тексеру. Жұмбақтардың басты ерекшелігі логикалық есеп болып табылады. Логикалық есептердің құрылу тәсілдері әр түрлі, бірақ олардың барлығы оқушылардың іс-әрекетін белсендіреді. Салыстыру, еске түсіру, ойлау, шешімін табу қажеттілігі ақыл-ой еңбегінің қуанышын толтырады. Жұмбақ шешу талдау, жалпылау, қабілеттерін дамытып, пайымдау, қорытынды шығару, ой түйіндер жасау икемділіктерін қалыптастырады.

5

Ойын – әңгіме (диалог)

Ойын әңгіме мұғалімнің сұрақтарын, құрбыларының сұрақтары мен жауаптарын тыңдау, әңгіменің мазмұнына зейін қоя білу қабілеттерін тәрбиелейді.


 

Дидактикалық ойындардың мәнін түсінуден шығатын келесі талаптар қойылады:

- әр дидактикалық ойындарды  балалардың ақыл-ой дамуы мен  тәрбиесі үшін арналған жаттығулар  құру керек;

- дидактикалық ойында  міндетті түрде қызықтыратын тапсырманың болуы шарт, себебі оның шешуі ақыл-ой белсенділігі мен қиыншылықтарды жеңуді талап етеді;

- ойындағы дидактизм сауықтырумен, әзіл-қалжыңмен ұштасу керек. Ойынмен  әуестену қойылған міндеттерді  орындауды жеңілдетеді.

А.В.Сухомлинский жазған: «Ойынсыз сапалы, ақыл-ой дамуы жоқ және болуы мүмкін емес». Ойын – бұл үлкен жарқын терезе, осы терезе арқылы баланың рухани әлеміне көріністер мен ұғымдар ағыны құйылады. Ойын – бұл танып білуге құштарлық жалынын жандыратын ұшқын».

Біз екінші сыныптағы жеті жасар оқушылармен жұмыс жасау барысында бірқатар мәселелерге тірелдік. Сынып жетекшісіне кездесетін негізгі қиыншылық – кейбір балалардың ортақ оқу ісіне ене алмауы. Олар көбінесе берілген тапсырманы елемейді, оны орындауға еш талпыныс жасамайды, көбі оқуға қатысы жоқ сұрақтар қояды. Осындай мінез-құлық екінші сынып оқушысына тән. Сонымен қатар, егер оқу оларды қызықтырмаса, мұндай балалардың зейіні мен есте сақтау қабілеті әлсірейді. Балалардың ерік-жігері мен санлылығы нашар дамыған, олар тез жалығып кетеді, өте сезімтал және әсершіл келеді. Сондықтан да сабаққа ойын мен ойын жағдаяттарын енгізу керек.

Ойын балабақша мен мектеп арасындағы байланысты сақтау үшін (одан кейін, бастауыш сатыда сыныптан сыныпқа көшкенде), шамадан тыс психикалық және физикалық жүктемелерді төмендету үшін қажет. Психологтардың дәлелдеуінше, өзіндік жағымды қатынасымен, эмоциялармен, боялмаған, ешбір қызығушылықсыз игерілген білімнің пайдасы жоқ.

Тәжірибе көрсеткендей, ойынды бірінші және үшінші кезеңде өткізген дұрыс. Ойынды жете бағаламау немесе асыра бағалау оқу-тәрбие үрдісіне теріс әсер етеді. Ойынды жөнді қолданбаған кезде сабақта оқушылардың белсенділігі төмендеп, оқуға қызығушылығы әлсірейді, ал ойынды асыра бағалауда балалардың ойыннан ойыны жоқ, дәстүрлі оқытуға ауысуы қиынға соғады [66].

Ойындарды іріктеп алғанда, кіші мектеп оқушыларының көрнекі-әрекеттік ойлау қасиетін ескеру керек. Ойындар баланың психикасының, жан-жақты, сапалы дамуына, танымдық қабілеттеріне, құрбы-құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасау тәжірибесіне әсер етіп, іс-әрекетіне қызығушылықты баулуын, баланың талдау, салыстыру, жалпылау икемділіктерін меңгеруге көмектесетінін естен шығармау керек. Ойындарды ұйымдастырғанда баланың ақыл-ой іс-әрекеті, оны қоршаған заттармен байланысты әрекеттерге сәйкес болу керек.

Ойындарды жүргізу мақсаты бойынша топтастыруға болады. Олар:

- ойлауды дамытатын ойындар;

- қарым-қатынас жасау  қабілетін дамыту ойындары (ана  тілі сабағындағы сюжетті-рөлдік  ойындар);

- шығармашылықты дамыту  ойындары.

Математика сабағындағы танымдық іс-әрекет бойынша ойын және сауықтыру тапсырмаларын келесі топтарға жіктеуге болады:

1. Балалардан орындаушы  іс-әрекетін талап ететін ойындар. Осы ойындар арқылы балалар  үлгі бойынша әрекет жасайды («Оюды  құрастыр» ойыны).

2. Әрекеттердің қайта жасалуын талап ететін ойындар. Олар 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл – «Математикалық балық аулау», «Парашютистер» және тағы басқа.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру