Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.
Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»
Нәтижелерді диаграмма 5 түрінде ұсындық
Сурет 5 – Ойлау операцияларының дамуы бойынша зерттеу нәтижелері
Диагностика қорытындылары бойынша, бастауыш мектеп оқушыларының екі сыныбында да іс-әрекет белсенділігінің дәрежесі бірдей екені анық.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
Педагогика – психологиялық және әдістемелік әдебиетттерді талдау барысында біз алғашқыда білімді меңгеру сатысында дидактикалық ойындардың болмысын және осы жұмыс түрін математика сабағында іс-әрекетті белсендіруде негізгі құрал ретінде қолдану шарттарын анықтап алдық.
Біз осы кезеңде оқушылардың іс-әрекетін белсендіруге бағытталған бірқатар математикалық дидактикалық ойындарды құрастырдық. Сонымен қатар әдістемелік әдебиеттердегі материалдарды қолдандық.
Математикалық дидактикалық ойындарды енгізгенде біз келесі шарттарды ескердік:
1) Ойын мақсаты, яғни математика
сабағында ойын барысында
2) Ойын мазмұны қызықты болуы қажет. Қызықтыру туралы сөз қозғаған кезде, балалардың жай ғана қызығуы емес, математикалық тапсырмалардың мазмұны немесе формасы қызықты болуы тиіс.
3) Ойынды қолдану барысында қалыптасатын, ойлау операциялары: талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, абстракция.
Көңілді санамақ.
Дидактикалық мақсат. 20 ға дейінгі санауды бекіту.
Мазмұны.
- Жарыс ойынын өткіземіз.
Бұл ойынды Дымбілмес ұсынды.
Ол санау білмейді, сондықтан
да сендердің қалай
Алдарыңда 1 ден 20 дейінгі сандар жазылған 2 кесте тұр.
14 |
8 |
12 |
4 |
10 |
13 |
1 |
15 |
3 |
17 |
20 |
7 |
19 |
6 |
9 |
11 |
5 |
2 |
16 |
18 |
Бүкіл кестеде сандар ретсіз жазылған. Сынып төрт топқа бөлінеді. Алдымен екі топ бір-бірімен жарысады. Әрқайсысынан бір-бір оқушыдан шығып, оқушыларға бұрылып қарап тұрады. Қолдарына қалам алады. Мұғалімнің командасы бойынша әрқайсысы өз кестелеріне бұрылып, алдымен 1 санын табады да оны атайды. Сөйтіп 20 санына дейін рет-ретімен атап шығу керек. Кім бірінші болып 20-ға дейін барлық сандарды тапса, сол жеңімпаз болады.
Бірінші жұп сандарды тауып, жеңімпаз анықталғаннан кейін, жеңген топтан басқа оқушы шығып, үшінші топтың оқушысымен жарысады. Жеңімпаз-топ 3 ұпай, қате жіберген қатысушылар 2 ұпай алады. Мұғалім Дымбілместің атынан балаларды сұрақтардың жауаптары мен тапсырманың шешімі үшін, белседілік пен тапқырлық үшін алғысын білдіреді.
Кеменің бағытын анықта
Дидактикалық мақсат. Разрядтан аттамай екі таңбалы сандарды қосу және алу тәсілдерін бекіту.
Құрал-жабдықтар. Кеменің суреті.
Мазмұны. Мұғалім тақтаға кеменің суретін іледі. Оның жанына өзінің нөмірі бар есептерді іліп қояды. Есептердің жауабы кеме баратын жердің кілті болып табылады. 1-топтың оқушылары бір-бірден тақтаға жақындап, есептерді шығарып кеменің бағытын сызық арқылы көрсетеді.
Сөйтіп, мұғалім 2-топ үшін басқа есептерді іледі. Ойын ары қарай дәл солай жалғасады. Жарыс қорытындысы шығарылады. Бірде-бір қате жібермеген оқушы - 3 ұпай, 1 қате – 2 ұпай және сол сияқты.
Кім ең көп логикалық есеп құрастырады?
Дидактикалық мақсат. Мәтіндік есептерді құрастырып оларды шығара алу қабілеттерін дамыту, есептеу дағдыларын дамыту.
Құрал-жабдықтар. Оқушылардың әрқайсысына есептің қысқаша жазылуы бар таратпа қағаздар беріледі.
Мазмұны. Мұғалім таратпа қағаздарды таратады. Балалар сол есептер негізінде логикалық есептер құрастыру керек.
Карточкадағы тапсырмалар.
Кейбір есептер ауызша шығарылады. 3 есеп құрған оқушы – 3 ұпай, 2 есеп – 2 ұпай, 1 есеп – 1 ұпай алады.
Кім айға дейін тез жетеді?
Дидактикалық мақсат. Есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны. Мұғалім магнитті тақтада Жердің суретін салады, алысырақ Айды бейнелейді, Жерден Айға дейінгі қашықтықта 9-12 зымыранның суреттерін іліп қояды, олардың екінші жағында амалдар жазылған. Жерден Айға дейін ұшатын жолдың кілті осы амалдарда жасырылған.
Мұғалім оқушыларға, олардың ғарыш кемесімен Жерден Айға дейін саяхатқа атттанатындарын хабарлайды. Кім есептерін шығарып, өз жолын бірінші болып анықтаса, сол Айға дейін тез жетеді.
Мұғалім оқушыларды бір-бірден тақтаға шақырады (әр топтан бір-бірден). Олар зымыранның суретін алып, амалды оқиды, оны шығарады, жауабын айтады. Бақылаушылар жауапты не қабылдайды, не жоққа шығарады.
Амалды дұрыс шығарған оқушы зымыранды Айдың жанына іледі. Егер оқушы амалдың шешуін дұрыс таппаса, онда басқа оқушы шығып, оны шығарады. Мұғалім сағаттың көмегімен есептерді кім ең жылдам шығарғанын анықтап, жарыста кім қандай орын алғанын белгілейді.
Жарыс нәтижесі бойынша қорытынды шығарылады: айға дейін ең бірінші болып жеткен кеме (топ) анықталады, оқушылардың жіберген қателері талданады.
Қателерді талдауға барлық оқушы қатысады.
Жіберілген қателер бойынша бағаланады: бірде-бір қате болмаса – 3 ұпай, 1қате – 2 ұпай, 2 қате – 1 ұпай [77].
Ұсақтау
Дидактикалық мақсат. Аналитикалық қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтар: тиындар.
Мазмұны. Мұғалім: «Мен сатушыға маған 100 теңгені ұсақтауын өтінемін (20 тг, 15 тг, 5 тг, 3тг). Сатушы осы ақшаны қандай тиындармен ұсақтай алады».
Кім партада 100 теңгені майда тиындармен ұсатудың ең көп нұсқасын көрсетсе, сол жеңімпаз болады.
Көршісін ата.
Дидактикалық мақсат. Сандардың логикалық заңдылығын анықтау.
Ойын мұғалім ұсынған сандардың көршілерін атаудан тұрады «100, 80, 999 сандарының көршілерін тап. 59 және 61, 939 және 941 арасында қандай сан тұрады және тағы сол сияқты.
Кішкентай дүкен. (салыстыру)
Дидактикалық мақсат. Есептеу дағдыларын салыстыру қабілетін дамыту.
Құрал-жабдықтар. Мұғалімде түрлі заттар немесе заттардың суреттері – қалам, сызғыш, қарындаштар; оқушыларда 1 ден 20 дейінгі цифрлық кассаға салынған сандар.
Мазмұны. Мұғалім: «Бір қарындаштың бағасы 20 теңге». Алдымен біреу, содан соң бірнеше қарындаш көрсетіп, оның құнын көрсететін сәйкес карточканы таңдауын тапсырады. Оқушылар жауабын көрсетеді. Ары қарай мұғалім қалам мен сызғыштың, сызғыш пен қарындаштың, қарындаш пен қаламның құнын салыстыруды ұсынады.
Сізге хат келді!
Дидактикалық мақсат. Есеп шығаруда 20 ға дейінгі қосу және азайту тәсілдерін бекіту.
Құрал-жабдықтар. Сандар мен амалдар жазылған таратпа қағаздар.
Мазмұны. Мұғалім оқушыларға сандар жазылған карточкаларды таратады. Диктор (оқушы): Назар аударыңыздар! Ахметов Серік үшін математикалық жеделхат келді. Хат-хабарды алу үшін, поштаға (мұғалімнің үстеліне) жақындаңыз» – деп жариялайды.
Математикалық жеделхат алған оқушы, оған жауап береді. (Жеделхатта есеп немесе амал жазылуы мүмкін). Ары қарай диктор басқа оқушының аты-жөнін атап, ойын дәл солай жалғаса береді. Қалған оқушылар, жауаптардың дұрыстығын қадағалап отырады.
Артық, кем, сонша.
Дидактикалық мақсат. Теңсіздіктерді шығару, қосу және азайту тәсілдерін жетілдіру.
Құрал-жабдықтар. =, <, > таңбалары бар карточкалар.
Мазмұны. Тақтада теңсіздіктер жазылған. Мұғалім балаларға жұлдызшаның орнына сәкес таңбаны қою керек екенін түсіндіреді. Парталарда =, <, > таңбалары бар карточкалар таратылған. Балалар бір-бірден тақтаға жақындап, сәйкес таңбаны қояды. Әрқайсысы 3 теңсіздік шешу керек. Әр дұрыс жауап үшін – 1 ұпай алады.
9 * 11 – 2
18 * 8 + 7
4 + 5 * 5
8 + 9 * 18
9 * 4 – 2
Пойыз құрайық.
Дидактикалық мақсат. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
Мазмұны. Мұғалім тақтаға 8 оқушыны шақырады. Олар бір-бірінің белінен ұстап, 8 вагоннан тұратын пойыз құрады. Мұғалім 8 вагонға тағы алтауын жүктеуді ұсынады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен алдымен 8 вагонды 10-ға дейін арттырады; 2 вагон (2 қыз), содан соң 4 вагон (ұлдар) қосылады. Пойыз қозғала бастайды. Оқушылар пойыздың дауысын келтіріп, айналады. Одан кейін пойыз тоқтайды. Қалған оқушылар мұғалімнің көмегімен пойыздың құрылымын талдайды. Мұғалім есепті тақтаға жазып, сұрақтар қояды:
- Барлығы 8 вагонға неше вагон жүктелді? (6)
- Пойыздың құрамын 10 ға дейін жеткізу үшін, алдымен неше вагон жүктеледі? (2)
- Қанша вагон қалды? (9) Мұғалім жазады:
8 + 6 = 14
8 + 2 + 4
- Пойыз құрамында барлығы неше вагон бар? (14)
Осыған ұқсас вагондар арқылы азайту тәсілі суреттеледі: алдымен 4 вагон (ұлдар), содан соң 2 вагон (қыздар) алынады. Мұғалім азайту тәсілін тақтаға жазады.
14 – 6 = 8
14 – 4 – 2
Бірде-бір қате жібермеген оқушы – 3 ұпай, 1 қате – 2 ұпай, 2 қате – 1 ұпай алады.
Қандай кемежайға тоқтайсың?
Дидактикалық мақсат. Біртаңбалы және екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу тәсілдерін жетілдіру.
Құрал-жабдықтар. Кеменің суреттері.
Мазмұны. Мұғалім балаларға, олардың өз кемесі мен кемежайды дұрыс анықтауы тиіс, теңізші болып ойнайтындарын айтады.
Мұғалім магнитті тақтаға реттік нөмірі белгіленген он-он екі кеменің суреттерін іліп қояды. 1-топтың оқушылары мұғалімнің үстеліне жақындап, есептер жазылған карточкаларды алады (әр карточканың нөмірі белгіленген), ал олардың көмегімен жүзетін кеменің нөмірі жасырылып тұрады. Қағаздардың сыртында есеп жазылғандықтан, оқушылар оның нөмірін білмейді. Оқушылар салыстыруға байланысты тапсырманы орындай отырып, өзінің кемесін анықтайды. Мысалы, бірінші қағазда осындай амал берілген: 15 – 6...8. Оқушылар артық, кем немесе тең таңбасын қою керек.
Ары қарай балалар басқа тапсырманы орындайды. Кемелердің астында қаланың аты жазылған кемежайлар дөңгелекпен белгіленген. Мұғалім оқушыларға кемежайға дейін баратын жол жасырылып тұрған тапсырмалар жазылған карточкалар таратады. Балалар тапсырманы кезекпен орындап, өз кемесін қажет кемежайға бағыттайды. (Кеменің суретін сәйкес кемежайға ауыстырады.) Топ арасындағы жарыс осыған ұқсас жүргізіледі.
Мұғалім тақтаға оқушылардың қате жіберген амалдарын жазады. Ойын соңында ол қателерді талдауға барлық оқушыларды жұмылдырады.
Бірде-бір рет қателеспеген оқушы – 3 ұпай алады, 1 қате – ұпай, 2 қате – 1 ұпай [78].
Осы кезеңде біз ұсынылған әдебиеттерден 2 сынып оқушылары үшін математика бойынша негізгі ойлау операцияларына (салыстыру, анализ, синтез, жалпылау, абстракция) логикалық тапсырмалар жүйесін құрастырып, жартылай іріктеп алдық.
Сабақ жоспары №1
Сабақтың тақырыбы: ондықтар құрамына негізделген қосу және азайту. Бекіту.
Сабақтың мақсаттары:
1. Ондықтар құрамына негізделген қосу және азайту тәсілдері жөніндегі білімін бекіту.
2. Есептеу дағдыларын, анализдеу қабілетін, математикалық сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Пәнге деген қызығушылықты, жұптық жұмыстағы серіктестік сезімін тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: тиындар бейнеленген таратпа қағаздар.
Сабақтың барысы:
III. Операциялық кезең.
- Балалар, сендер бүгінгі
сабақта жақсы жұмыс
- Ойын барысында логикалық ойлауды, математикалық қабілеттерді дамыту керек.
- Жұптық жұмыс. Сендер, бір-біріңе
кезекпен өз тиындарыңды
- Ауызша тексерейік. Қай жұп дайын?
- Қандай сандармен жұмыс істедіңдер? (екітаңбалы)
- Сандарды қалай көрсеттіңдер?
(ондықтар мен бірліктер
Сабақ жоспары № 2
Тақырыбы: Екітаңбалы сандарды қосу және азайту. Бекіту.
Мақсаты:
1. Екітаңбалы сандарды салыстыруға байланысты білім, білік, дағдыларды бекіту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2. Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
III. Операциялық кезең.
1. Оқулықпен жұмыс.
- 23 бет, 6 тапсырмаға назар аударыңдар.
- Қандай тапсырма берілген?
- Бір оқушы тақтаға шығып, қалғандары дәптерлеріне орындайды.
- Сендер қандай сандармен жұмыс жасадыңдар? (біртаңбалы, екітаңбалы)
- Жақсы, енді «Артық, кем,
сонша» ойынын ойнайық. Бұл ойында
бүгін меңгерген білімдерің