Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.
Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»
Мұғалім ойынға өзі белгілі бір деңгейде кірісу керек, әйтпесе жетекшілігі мен ықпалы аса шынайы болмайды. Ойынға кірісе алу икемі – педагогикалық шеберліктің тағы бір көрсеткіші. Оқушыларды қанағаттандыратын қызықты ойын, келесі ойындарды өткізуге жағымды әсер етеді. Дидактикалық ойындарды өткізгенде қызықтыру мен оқыту бір-біріне кедергі жасамай, керісінше, көмектесетіндей етіп үйлестіру керек. Балалардың ойынға деген эмоционалды қатынасын жоғарлататын құралдар мен тәсілдерді, өз алдына қойылған мақсат емес, дидактикалық міндеттерді атқаруға әкелетін жол ретінде қарастыру керек.
Ойын мазмұнының математикалық жағы әрқашан бірінші орында тұру керек. Осы жағдайда ғана ойын балалардың математикалық дамуы мен олардың математикаға қызығушылығының тәрбиеленуінде өзінің рөлін атқарады [37].
1-4 сыныптарда дидактикалық ойындар көбінесе белгілі бір сюжеттермен байланысты болады. Сюжеттер қарапайым, баланың қиялына сәйкес құрылған. Кейде сюжеттер ойын атауында көрсетіледі: «Сан үшін күрес», «Кестені білем» және тағы басқа. Бірқатар ойындарда сюжет саяхатқа барумен байланысты болады: «Космосқа ұшу» және сол сияқты. Кейіпкерлік ізденіс, қияли саяхат сюжеттері кіші мектеп оқушыларының елесіне нәр береді.
Көптеген ойындар топпен жарысу принципі бойынша жүргізіледі. Жарыс ойынның эмоционалды жағын күшейтеді. Ең дұрысы, жарыс жеке басының біріншілігі үшін емес, бір қатарда отырған оқушылар командасының біріншілігі үшін жүргізілгенін есепке алу керек, балалар тек өздері ғана тапсырманы жақсы орындауға тырысып қоймай, жолдастарына да көмектеседі. Жарыс түрткісі көбінесе ойын атауында көрінеді «Кім жылдам», «Хоккей», «Телефон» және басқалары [38].
Математикалық мазмұны бар дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда келесі әдістеме сұрақтарын қарастыру қажет:
1. Ойын мақсаты. Оқушылар математика саласында қандай дағды мен икемділіктерді ойын процесінде меңгереді? Ойынның қандай сәтіне айрықша назар аудару керек? Ойын өткізгенде қандай басқа тәрбиелік мақсаттар көзделеді?
2. Қатысушылар саны. Әр
ойын белгілі минималды
3. Ойын үшін қандай дидактикалық материалдар мен құралдар қажет?
4. Балаларды аз уақыт ішінде ойын шартымен қалай таныстыруға болады?
5. Ойын қандай уақыт аралығында өткізілу керек? Ол қызықты болып, балалардың көңілінен шыға ма? Оқушылар оған қайта оралғылары келе ме?
6. Барлық оқушылардың
ойынға қатысуын қалай
7. Оқушылардың барлығы
жұмысқа кіріскенін анықтау
8. Балалардың қызығушылығы мен белсенділігін жоғарлату үшін, ойынға қандай өзгерістер енгізуге болады?
9. Ойын аяқталғанда қандай қорытындылар жасауға болады (ең табысты сәттер, математикалық білімді меңгеру нәтижесі, белсенді қатысушыларды бағалау, тәртіп бұзу бойынша ескерту жасау және тағы басқа) [39].
Математиканы оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды әр түрлі мақсатпен қоланады: жаңа сабақты меңгерту, білім, білік, дағдыларды бекіту, олардың меңгерілуін тексеру. Дидактикалық ойындарды қолданудың мақсатбағыттылығы сабақтың барлық кезеңдерінде әр түрлі болады. Мысалы, жаңа білімді меңгеруде дидактикалық ойындардың мүмкіндіктері дәстүрлі оқыту формаларына қарағанда әлсіздеу. Сондықтан сабақтың ойын формаларын оқыту нәтижесін тексергенде, дағды мен икемділіктерді қалыптстыруда жиі қолданылады. Оқушылардың ойын үрдісінде, жоғарыда айтылғандай, мақсаттылық, ұйымдастырушылық қабілеті, оқуға деген жағымды қатынасы орнайды.
Сабақ құрылымындағы дидактикалық ойындардың орнын анықтау және ойын мен оқу элементтерінің ұштасуы көбінесе мұғалімнің дидактикалық ойындардың қызметі мен олардың топтастырылуын дұрыс түсінуімен байланысты болады. Ең алдымен, сыныптағы ұжымдық ойындарды сабақтың дидактикалық міндеттері бойынша бөледі. Бұл ойындар: оқытушылық, бақылау және жалпылау.
Егер оқушылар ойынға қатыса оытырып, жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерсе немесе оларды ойынға дайындалу барысында игеруге мәжбүр болса, онда бұл – оқытушылық ойындар. Және танымдық іс-әрекет түрткісі ойында ғана емес, математикалық материал мазмұнында да неғұрлым айқын көрінсе, білімді меңгеру нәтижесі соғұрлым жоғары болады.
Бақылау ойындарының дидактикалық мақсаты бұрын алынған білімді, пысықтау, бекіту және тексеруден тұрады. Әр оқушыға оған қатысу үшін белгілі математикалық дайындық қажет.
Жалпылау ойындары білім интеграциясын талап етеді. Олар пәнаралық байланыстың орнауына әсер етіп, түрлі оқу жағдаяттарында әрекет ету қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда келесі жайттарды ескеру керек:
1. Ойын шарттары қарапайым, нақты құрылып, берілген материалдың математикалық мазмұны оқушыларға түсінікті болу керек. Қарсы жағдайда ойын қызығушылықты оятпай, шартты түрде ғана өткізіледі.
2. Ойын ойлау іс-әрекетіне
жекілікті түрде нәр беру
3. Ойын барысында қолданатын дидактикалық материалдар, қолдануда ыңғайлы болу керек, әйтпесе, ойын ойдағыдай, нәтиже бермейді.
4. Командалардың жарысуына байланысты ойын өткізгенде, оның нәтижелерін бақылауды, бүкіл ұжым немесе тағайындалған бірнеше оқушы тарапынан қаматамасыз ету керек. Жарыс нәтижелерінің есебі ашық, айқын және әділ болу керек. Есептегі қателіктер, есепті ұйымдастыру олқылықтары жеңімпаздар туралы теріс көзқарастың орнауына әкеліп, ойынға наразылық пайда болады.
5. Әр оқушы ойынға белсенді
түрде қатысу керек. Ойынға қатысу
үшін өз кезегін көп уақыт
тосу, сол ойынға деген
6. Егер сабақта бірнеше ойын өткізілсе, онда математикалық мазмұны бойынша жеңіл ойындар аса қиындарымен алмасу керек.
7. Егер бірнеше сабақта
ұқсас ойлау әрекеттеріне
8. Математика сабағын
өткізгенде ойын сипатының
9. Ойын барысында оқушылар өз пайымдауларын математикалық сауатты жеткізу керек, сөздері дұрыс, анық және қысқаша болуы абзал.
10. Ойынды берілген сабақта аяқтап, нәтижесін шығару керек. Тек осы жағдайда ғана ол жағымды рөл атқарады.
Көптеген дидактикалық ойындар оқушылардың білімін жаңа біліммен толықтырмайтын сияқты, бірақ олардың үлкен пайдасы – оқушылар білімдерін жаңа жағдайда қолдануға үйренеді немесе оқушыларға ойлау міндеті қойылады, ал оның шешуі ақыл-ой іс-әрекетінің түрлі формаларының көрінуін талап етеді. Дидактикалық ойындар ақыл-ой дамуының құралы болып табылады, себебі ойын барысында түрлі ойлау процестері жүзеге асырылады. Ойынды түсініп, ойын әрекеттері мен шартын игеру үшін, мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдап, ұғыну керек. Ойын арқылы қойылған міндеттерді шешу, шоғырланған зейінді, белсенді ақыл-ой іс-әрекетін, салыстыру мен жалпылауды орындауды талап етеді [41].
Дидактикалық ойындар, өз кезегінде, материал мазмұнына, ұйымдастыру тәсіліне, оқушылардың дайындық деңгейіне, сабақтың мақсатына байланысты түрлі сипатқа ие бола алады. Мысалы, продуктивті, репродуктивті, шығармашылық, құрастырушылық, тәжірибелік, тәрбиелік болуы мүмкін.
Соңғы нәтижеде, ойын формаларында бірлескен қызметтестік пен жарыс, өзін-өзі басқару, ұжым арқылы тәрбиелеу, балаларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, оқу мен сынып тәртібі үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, ең бастысы – математиканы оқыту идеялары жүзеге асырылады.
Математиканы оқыту үрдісінде ойынның маңыздылығы мен мәніне қарағанда, ол өз алдына мақсат емес, бұл математика сабағында қызығушылықты дамыту құралы [42,43].
Математикалық логикалық ойындарды ұйымдастырғанда келесі жайттарды ескеру керек:
1. Ойын мазмұны оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес
2. Ойын қойылған педагогикалық
мақсаттарға жауап беру керек.
Егер ойын балалардың
3. Ойын барысында қолданылатын көрнекілік құралдар қолдануда және әзірлеуде қарапайым болу керек.
4. Ең жеңіл және сергек
ойынды сабақтың соңында
5. Қимыл-қозғалыс ойындары баяу ойындармен алма кезек жүргізілу керек.
6. Математика сабағында
ойындар танымдық сипатқа ие
болады, сондықтан ойында ойлау
міндеті бірінші орынға
7. Ойын үрдісінде белгілі аяқталған әрекет пен нақты тапсырма орындалу керек. Ойынды аяқтамай тоқтатуға болмайды. Тек осы шарттарды орындағанда ғана ол балалардың санасында із қалдырады.
Сабаққа тек қарапайым математикалық ойындарды ғана енгізіп қоймай, логикалық ойындарды да қосу пайдалы. Кордемскийдің пікірінше, әр ойынның нәтижесі алдын – ала теориялық анализбен анықталатын болса, математикалық ойын болып табылады». Логикалық ойындарда, «тізбектелген» жеңіл ой-қорытындылар арқылы қажет нәтижені, жауапты болжауға болады. Олардың тылсым күші осында [44].
1.3 Дидактикалық
ойындарды математика
Ойын басым болатын мектепке дейінгі шақтан, ең бастысы – оқу болып табылатын мектеп өміріне көшу, педагогикалық сауатты ойластырылу керек. Балаларды дамыту зерттеулері көрсеткендей, ойында басқа іс-әрекет түрлеріне қарағанда, барлық психикалық процестер жақсы дамиды. Баланың психикасында ойынмен шартталған өзгерістер соншалықты салмақты болғандықтан, мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын деп қалыптасқан көзқарас орнықты. Басты іс-әрекет болып, оның дамуымен байланысты, баланы жаңа жоғарғы сатысына дайындайтын оның психикасындағы негізгі өзгерістердің жүруі [52].
Л.С.Выготский баллардың психикалық дамуындағы ойынның ролін қарастыра отырып, мектепке көшумен байланысты оның жоғалмайтынын, керісінше, ойын оқушылардың бүкіл іс-әрекетін өзіне сіңіріп алады. Ойын - балалардың жақсы меңгерген іс-әрекеті. Мұнда олар білім алу барысында, еңбек еткенде, көркем шығармашылықта пайда болған жаңа өмірлік міндеттерді шешу үшін өздеріне көмек болатын тәжірибе жинақтайды. Сондықтан ойынға тірелу – бұл балаларды оқу ісіне қосатын маңызды жол, тәрбиелік ықпал мен тіршілік әрекетінің нормативті шарттарына эмоцоналды жауапты қамтамасыз ететін тәсіл.
Ойын танымдық және шығармашылық белсенділікті синтездейтін сияқты. Кез-келген жаңа білім немесе білік, оқушыны онымен әрекет етуге итермелейді. Бұл әрекеттің сипаты, балаларға бұрын жинақтаған тәжірибеден ең жақын және түсінікті болатын ойын ретінде.
Балалармен жұмыс жасағанда қолданылатын сан алуан ойындарды: сөжетті-рөлдік, ойын-еңбек, дидактикалық және қимыл-қозғалыс, ойын-жұмбақтар деп ажыратады [53].
Танымдық жүктеме, ақыл-ойды дамыту қызметін көп жағдайда дидактикалық ойындар атқарады. Бұл ойындарды педагогика арнайы оқу-тәрбиелік мақсатқа сәйкес құрады.
Қолданылатын материал сипаты бойынша дидактикалық ойындар заттық (негізінде дидактикалық материалдар мен ойыншықтыр); үстел үстіндегі және «Қиын саяхат», «Лабиринт» түріндегі логикалық ойындар; сөздік ойындар – жұмбақтар, есептер және тағы басқа болып болінеді.
Ойынның маңызды қызметі – ұйымдастырушылық. Сабақты ұйымдастырудың ойын формасы (жұмбақтарды шешу, қиялдаған саяхат және тағы басқа) балаларға танымдық іс-әрекетке еш қиындықсыз енуге көмектеседі.
Сабақтан тыс уақытты ойын формасында ұйымдастыру, тұлғаның бірнеше рет ашылуына, қабілеттерінің дамуына, ортақ қызығушылықтары негізінде балалардың ұйымдасуына мүмкіндік береді.
Ойынның сауықтыру қызметі мен тапсырмалардың маңыздылығының саналы үйлесуі, кіші мектеп оқушыларына оқушының рөлін игеріп, қызығушылықпен оқуға, сабақта белсенді және зейінді болуға көмектеседі. Мұғалімнің дидактикалық ойындарды қолдануы, жаңа оқу міндетін орындау үшін және сабақта өтілген материалды бекіту үшін балалардың бірігуіне әсер етеді.
Ойын күрделі мәдени-әлеуметтік феномен, оған көптеген мәдени-философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулер арналған. Ойынды оқу мақсатында қолдану мәселесіне ерекше орын беріледі. Оның күрделілігі ойын іс-әрекетінің өзіне тән табиғатында байқалады: оның көптеген анықтамаларында өзара құндылығы, тәжірибелік бағыттылығы ешбір өзгеріссіз белгіленеді. Сонымен қатар, оқыту болмысы – мұғалімнің міндеттерінен тыс алдын-ала қойылған дидактикалық мақсатқа бағындырып, өз мамандығына сәйкес ұйымдастыруға тиісті, мақсат-бағдарлы іс-әрекет. Сондықтан дидактикалық ойындар іштей қарама-қайшы болып келеді [55].