Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.

Содержание

Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру.doc

— 710.50 Кб (Скачать документ)

Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі – қарым-қатынас жасау белсенділігі. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Бастауыш сынып оқушылары ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, еліктейді, сол арқылы үйренеді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әрекеттерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жасатағы балалардың үлкендердің іс-әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлдік ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз қылықтарды тежеуге, кедергіні жеңуді үйренеді. Осындай бірлескен іс-әрекеттердің арқасында жолдастық, достық сияқты қатынастар туады.

Сонымен, белсенділік – оқушының белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бағыттылығы. Оқушының білуге талпынысы оның таңдамалы белсенділігімен, оның өз еңбегіне тұлғалық белсенділігімен сипатталады. Еңбек, оқу кез-келген шығармашылық іс-әрекеттің маңызды шарты ретінде қарастырылып, іс-әрекетке сәйкес қабілеттердің дамуына тәуелді болып келеді. Сонымен қатар, белсенділік қандай іс-әрекетпен айналысуына, оның қарқыны мен шеңберіне қарай анықталады. Мұғалімнің, тәрбиешінің міндеті оқушының белсенділігін анықтап және олардың дамуына жағдай жасау болып табылады.

Белсенділік – бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Белсенді әрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білу қажет. Кез келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген белсенділікті дағды деп атайды.

Сонымен, теориялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, біз мынадай анықтама береміз: Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру – оқушыларға білімді құндылық бағдары ретінде меңгерту арқылы, іскерлік пен тәжірибені игеруде белсенді және өз білімін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдана алатын жеке тұлғаны дамытуға бағытталған педагогикалық процесс.

Балалардың сабақтағы қызығушылығы мен іс-әрекет белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан-алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлеріне үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән болмасын, сол пәнге баланың қызығушылығын, іс-әрекет белсенділігін қалыптастыруды тудыру жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.

     1. Берілетін  білім мазмұны мен баланың жас ерекшелік ақыл ой даму           деңгейінің сәйкестігі.

    2. Берілетін білім  мазмұнының қызықты болуы.

    3. Оқу әрекеті  мотивінің, міндет, мақсатының айқындылығы.

    4. Мұғалімнің кәсіби  және мәдени құзырлығының жоғары  деңгейлігі.

    5. Оқуға қолайлы жағдайлардың болуы.

    6. Балалардың мінез-құлық қабілет ерекшелігінің ескерілуі.

    7. Балалардың өз  бетінше және шығармашылық жұмысының тиімді ұйымдастырылуы.             

    8. Оқытудың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе  жүргізілуі.

    9. Дидактикалық  материалдар қолдану тиімділігі.

    10. Баланың оқу  мүмкіндігін, денсаулығын есепке  алу оқытуы.

    11. Проблемалық  ситуация тудыра оқыту тиімділігі.

    12. Ерік-жігері, жауапкершілік, борыштық сезімін тәрбиелеу.

        Бүгінгі таңда балалардың пәнге қызығушылығы мен оқу іс-әрекет белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор.                                                         

Қазіргі күні Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрыңғыдай оқушыны пәндік білім, білік  және  дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, баланың оқу  танымдық іс-әректін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын  қалыптастыру мақсаты қойылып отыр. Бұл өз кезегінде бастауыш мектептегі   математиканы оқытуды ұйымдастыру ісіне елеулі түрде ықпал етіп, оны  қайта  құруды талап етеді.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі  сфераларының құрылуы мен тұлғаның таным белсенділігінің жоғарлауы   арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың іс-әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту,  әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан  қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік  міндет болып табылады.

        Бастауыш  мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

        Білім  беру мекемелерінің қазіргі жаңа  құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте баланың пәнге деген қызығушылығы мен іс-әрекет белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екендігін айғақтайды.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез-келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды.

Екіншіден – кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы: ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

 Екі әрекетте балалар  – екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсатты шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындаса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана болады. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығырмашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

 Балаларды шығармашылық  жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсуі үшін, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынандай:

     1. Тақырыптың  мағынасын ашу.

     2. Арнаулы бір  тақырыпқа жарыстар өткізу.

3. Логикалық ойлауын дамытатын  ойындармен берілген тапсырмаларды  шешу.                      

4. Берілген тапсырманы  түрлендіру бағытындағы жұмыс 

5. Әртүрлі деңгейдегі  тапсырмаларды орындатқызу.

   Жаңа буын оқулықтары  ұстаздардан шығармашылық пен  ізденушілік, жаңашылдықты талап  етеді. Балаларға білім жүйесін  терең әрі тиянақты беру үшін  оқыту әдісін жетілдіру әр  ұстаздың негізгі міндеті.

Дамудың ерте сатысында бала сезу тәжірибесін жинап, нақты, бейнелі міндеттерді практикалық жолмен шешуге үйренеді. Тілді игере отырып, ол міндеттерді алып қалыптастыруға, сұрақтар қоюға, дәлелдеулер құруға, пайымдау мен қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Бала ұғымдар мен ақыл-ой әрекеттерін меңгереді. Мұғалім балаларға мектептегі ең бірінші күнінен бастап түрлі сөздік ойлау операциялары мен формаларын оқытқанда, бұл мүмкіндіктерді пайдалану керек.

Кіші мектеп оқушылармен жұмыс жасау, олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге мәжбүр етеді.

Зейін мен есте сақтау қабілеті (6-7 жаста) төмен болады, әсіресе оқу оларды қызықтырмаса. Кіші мектеп жасындағы балаларда ырықсыз зейін едәуір жақсы дамыған. Жаңа, күтпеген, қызықты нәрселердің бәрі оқушылардың тарапынан ешқандай күш жұмсамай олардың назарын аударады. Оқу материалы көрнекілікпен, айқындығымен ерекшеленіп, оқушының эмоциялық қатынасын тудырса, сол кезде, ырықсыз зейін әсіресе шоғырланған және тиянақты болады. Сондықтан оқытудың көрнекілігі, әр түрлі көрнекі құралдардың (суреттер, пішімдер, муляждар) кеңінен қолданылуы зейінді ұйымдастырудың маңызды шарты болып табылады. Бірақ, кіші мектеп оқушыларды өте әсершіл келетінін естен шығармау керек. Кейде өте ашық түсті көрнекіліктен алынған әсерлер ми қыртысында қатты қозу ошағын тудырып, соның нәтижесінде түсіндіруді ұғыну, материалға анализ жасау мен жалпылау мүмкіндіктері тежеледі [].

Ырықсыз зейін қызығущылықпен бірге жүргендіктен, әр мұғалім өз сабағын қызықты өткізуге тырысады. Ол үшін, сабаққа ойындар мен дидактикалық ойындарды енгізу керек. Ойын – бұл тұлғаның белсенділігінің көріну формасының бірі, іс-әрекет түрі []. Бұл терминнің көп мағынасы бар, бірақ олардың бәрінде де ортақ нәрсе шын мәнінде, ақиқат ретінде қабылдау міндет емес ойын-сауықты білдіретінін ұйғарады. Ойындар балалардың психикалық серігуіне, ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесіне себеп болады.

Дидактикалық ойын – бұл оқыту мақсаттары үшін арнайы құрылған немесе сәйкестендірілген ойындар. Мектепке дейінгі тәрбие үшін бірінші болып ойындарды зерттеуге кіріскен Ф.Фребель және М.Монтессори, бастауыш мектеп үшін – О.Декроли (XIXғ. – XXғ. басы). Өткен ғасырдың ортасында дидактикалық ойындар, алдымен – бастауыш сыныптарда, кейінірек – жоғарғы сыныптарда қолданыла бастады. Дидактикалық ойындардың ерекше бір белгісі оқушылар іс-әрекетінің шартты ойын жоспары мен оқуға бағдарлануының үйлесуі. Ойындардың уақыты шектеулі және барлығы белгіленген ережелерге бағынады. Дидактикалық ойындардың оқыту және дамыту қасиеті бар, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, танымдық қызығушылықтарын ынталандырады, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастырады және балалардың психофизиологиялық дамуына себеп болады. Есте сақтайтын жайт, тікелей қызығушылықты оятпайтын заттарға да оқушылардың зейінді болуға баулу керек [].

Есте сақтау керек заттарға баланың назарын аударту үшін, қызықты, ашық түсті көрнекі құралдар дайындап, сабақ барысында тек 1-2 минутқа ғана шығарып көрсетуге болады.

Егер көрнекі құрал ұзақ уақыт балалардың көз алдында тұрса, олар соған әдеттеніп, ешқандай көңіл аудармайды, олай болса, есте сақтау процесі жүрмейді [].

Есте сақтау қабілетін жаттықтыру мен зейінді дамыту жұмысы жүйеде жүргізіледі. Ойын тапсырмалары күрделенеді. Мысалы, «Минут» қуыршағын қатыстырып «1 минут ішінде есіңе сақта» ойынын өткізуге болады. Бұл ойын көз арқылы есте сақтау қабілетін дамытады. «Неше сан есіңе сақтадың? (тақтада 10 сан берілген) сұрағынан басталады. «Сиқырлы сандықтан ең көп сөзді кім есіне сақтайды?» (сәлеметсізбе, қайырлы күн, кешіріңіз, мархаббат, рахмет, өтінемін, айып етпеңіз). «Кім басқаларға қарағанда көбірек мысықты бейнелейтін сөздерді есіне сақтайды?» (жүні сұр, жұмсақ, тегіс, үлпілдек, жылы; ақырын, естіртпей жүреді, тырнайды, секіреді)

Сөйлеу мәдениеті мен есте сақтау қабілетін дамытуда «Келесісін қос» ойыны тиімді. Оқушы бір затты атап, эстафеталық таяқшаны көршісіне береді. Көршісі сол заттар тобына жататын екінші сөзді ойлап тауып екі сөзді рет-ретімен айтады. Келесі ойыншы екі сөзді атайды және өзі бір сөз қосады да, ойын ары қарай жалғасады [].

Балалар кішкентай болсын ұтылуды көтере алмай, өте сезімтал және әсершіл келеді, сол себептен түрлі жарыстарды бетімен қолдана беру және «екіліктерді» қоя беру дұрыс емес. Баға мұғалім мен оқушының арасында тек іскерлік қатынастың көрсеткіші ғана болу керек.

Балалардың ерік-жігері мен саналылығы әлсіз дамыған. Бірақ оларды сол үшін кінәлауға бола ма? Егер айналадағылардың барлығы мұғалім де, ата-анасы да, өзі де – «сен міндеттісің», - деп қайталай берсе, жақын арада тежелу (көзді жұмбай қалғып отыру) немесе қозу (селтеңдеп, көршісінің мазасын алып, табиғи импульсивтілігі көрінеді) басталуы мүмкін. Мұндай жұмыс түрін өзгертіп, ойын өткізуге болады.

 

 

1.2 Дидактикалық  ойындарды қолданудың педагогикалық  шарттары

 

 Әйгілі голландия зерттеушісі  Йохан Хейзингтің пікірінше, «кез  келген ойын, ең алдымен, еркін іс-әрекет болып табылады. Бұйрық бойынша ойнау, ойын емес». Ойын бұл «тұрмыстық шектеуден шығып, өзіндік бағыты бар, уақытша іс-әрекет  саласына ену» [24].

Ересектер мен балалар ойын ойнайды. Бала ойын барысында тұлға ретінде дамиды, оның өз-өзімен және оны қоршаған адамдармен қатынасының табысты болуына байланысты психикалық қасиеттері қалыптасады. Ойын болмысы ерекше құбылыс: ортақ іс-әрекет қызметтестігі, ұжымдық табыс әкелетін ортақ қуаныш және ортақ жеңіліс реніші кезіндегі бірлесуі.

Ойында мұғалім мен оқушылар арасында ерекше қатынас түрі құрылады, және ол өз алдына шығармашылық іс-әрекет ретінде ойын табиғатының өзімен айқындалады [25].

Ойын әрқашан ең тиімді және әмбебап оқыту тәсілдерінің бірі болып табылатыны белгілі. Ол оқыту үрдісін белсендіріп, оның продуктивтілігін жоғарлатуға, сонымен қатар оқу түрткісін қалыптастыру және одан әрі дамыту үшін жаралған. Жақсы ойластырылған және әдістеме бойынша сауатты ұйымдастырылған ойын, тәжірибелік, сонымен қатар тәрбиелік, дамытушылық және білім берушілік міндеттерді кешенді түрде шешуге мүмкіндік беретін оқыту тәсілі болып табылады. Оқыту ойыны – бұл мәселенің болуын және оның ықтимал шешу жолдарының болуын ұйғаратын ерекше түрде ұйымдастырылған оқыту іс-әрекеті (әсіресе сауықтыру формасына ие). Оқыту ойынын нақты өзге тілдік материалды терең және бөлшектеп оқуға мүмкіндік беретін, ерекше түрде ұйымдастырылған жаттығу ретінде қарастыруға болады. Көбінесе оқыту ойыны білім алушылардың шығармашылық іс-әрекетін тереңдетуге ұйғарылған, яғни оқу ойыны оқушылардың интеллектуалды қабілеттерінің қалыптасуы мен дамуына себеп болатын белгі арқылы оқыту үрдісіне енгізіледі [26].

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру