Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.
Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»
Бастауыш мектептің көптеген мұғалімдері іс-әрекет белсенділігінің нақты белгілерін анықтауға қиналғандықтан, интуитивті түрде әрекет жасайды. Олар көбінесе оқушылардың жақсы үлгерімін іс-әрекет белсенділігінің жоғары деңгейі деп біледі, бірақ бұл әрқашан дұрыс болмайды. Үлгерім іс-әрекет белсенділігінің көп белгілерінің біреуі ғана. Бастауыш сынып оқушысы жақсы оқуы мүмкін, ал іс-әрекет белсенділігінің деңгейі төмен болатын жағдайлар кездеседі. Оның барлығы оқушының қандай ішкі түрткілері оны танымға итермелейтіндігіне байланысты (жаңаны білуге ұмтылу, бірдеңеге қызығу). Сонымен қатар кейбір мұғалімдер бастауыш сынып оқушысының сабақтағы сыртқы белсенділігін (жолдастарының жауаптарына кимелеп кірісу, үнемі жауап беруге ұмтылу) оның ойының бағыттылығы деп түсінеді. Сондықтан мұғалім бұл жастағы балалардың қозғалғыш, жылдам, қозу процесінің тежелу процесінен басым болатынын естен шығармауы керек.
Соңғы жылдары Республикамызда оқушылардың оқу-таным әрекеттерін белсендіру, проблемалық оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерін жетілдіру жайында И.Н.Нұғыманов, Ж.А.Қараев, Р.Әлімқұлова, Г.К.Нұрғалиева, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Қ.Қадашева, Қ.Жақсылықова, Ж.Сүлейменова, Г.Е.Алимухамбетова, З.Ибрагимова, Р.М.Құсайынов, А.Тамаев, А.Е.Дайырбаева және басқалар зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді [].
Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Сондықтан, оқушылардың оқу үрдісінде білім алу кезіндегі белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп практикасында үнемі басты проблемалардың бірі болып қала береді. Себебі, оқытушының әрекеті оқушыларына сүйенбей іске асуы мүмкін емес. Заман ағымымен тығыз байланыста болатын білім беру үрдісі қай кезде де әрбір адамның жалпы дамуының кең ауқымдылығын қамтамасыз етуі шарт. Бұның негізі – терең білім мен тәрбие. Негізінен, тек мұғалім түсіндіріп, оқушылар тыңдап, сұрағына жауап беріп, жоспар бойынша орындалатын оқу формасына қалыптасып алған жағдайымыз тағы бар. Бұндай формада жүргізілген сабақ, әрине, баланың ойлануына, ой жүйесінің дамуына көп мүмкіндік бермейді.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік–экономикалық және саяси өзгерістер білім беру сапасын жетілдіруді және ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды, оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіруді, соның негізінде білім алушыларды қоғамның дамуына өз үлестерін қоса алатындай жеке тұлға ретінде қалыптастыруды қажет етіп отыр.
Адамның тұлға ретінде қалыптасуы іс-әрекет негізінде жүзеге асырылады. Іс-әрекет адам санасынан бөлек қарастырылмайтын, белсенді мақсатты үрдіс, өйткені, іс-әрекеттің өзіндік қоғамдық сипаты, мақсаты, жоспары, жүйесі бар. Іс-әрекет әрқашанда белгілі бір бағытқа құрылып, алға қойған мақсатқа жетуді көздейді. Іске кіріспес бұрын адам ойша іс-әрекет жоспарын белгілейді, оның түпкі нәтижелерін болжайды, оған жетудің әр түрлі құралдарын пайдалану жолдарын ойластырады. Іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған еңбегінің барысын бақылап, өзіне-өзі іштей есеп беріп отырады.
Адамның дамуы әр кезең талабына сәйкес атқарылатын іс-әрекеттердің алмасуымен, күрделеніп өсуімен қатар жүретіндігі белгілі. Адамның сәбилік кезеңдегі жетекші іс-әрекеті - ойын болса, мектеп жасында іс-әрекет етудің жетекші түрі оқу, үйрену. Оқу іс-әрекеті адамның одан кейінгі саналы өмір сатысындағы басты әрекет – еңбекке даярлаудың алғашқы кезеңі ретінде қарастырылады. Сондықтан да оқу іс-әрекетінің қоғамдық талаптарға сай ұйымдастырылуы, өз мәнінде жүзеге асырылуы маңызды. Оқу іс-әрекеті жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты шарттарының бірі.
«Оқу іс-әрекеті» ұғымының қолданысқа енуі білім сапасына сипаттама беруге байланысты тұтас оқу әрекетін қарастыру қажеттігінен туындаған. Оқу іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оқу іс-әрекетінде оқу міндеттері шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық үрдіс ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен сипатталады. Оқу іс-әрекетінің пәні – оқушының әлеуметтік тәжірибені меңгеру жолындағы өзіндік тәжірибесі. Оқу іс-әрекетінің өнімі – оқушының өзі, яғни, оның қабілеті, оның дамуының көрсеткіштері.
Оқу іс-әрекетін зерттеген белгілі психолог ғалымдардың еңбектерінде (Л.С. Выготский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Л.С.Рубинштейн, Д.Б. Эльконин және т.б.) бұл ұғымға жан-жақты сипаттама берілген. Жалпы айтқанда, оқу іс-әрекеті - субъектінің өзінің мазмұны жалпыланған ғылыми ұғымдарды игеру саласындағы істері мен іс-әрекет тәсілдері, яғни ол оқыту үрдісінде ойлаудың қарқынды дамуына ықпал ететін, теориялық білімді меңгеруге бағытталған оқушылардың әрекетінің бір түрі. Оқу іс-әрекеті кең және тар мағынада қарастырылады. Кең мағынада ол үйрену, оқу сөздеріне синоним ретінде қарастырылса, тар мағынада (В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, А.К. Маркова және басқа ғалымдардың пікірінше) – оқу іс-әрекетінің өзіндік мазмұны, мәні бар әрекет ретінде қарастырылады. Оқу іс-әрекетінің өзге іс-әрекет түрлерінен ең басты өзгешелігі оқушының «жаңа дүниеге енуімен», әрбір жаңа әрекеттік компоненттерді игерумен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен сипатталады.
Оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері: оқу іс-әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылуында; оқу іс-әрекеті бұрын танылған білімді, білікті игеруге бағытталуында; оқу іс-әрекетінің негізгі мақсаты − білім беру, үйрету болып табылатындығында; оқу іс-әрекетінде нақты нәтижемен қатар, нәтижеге жету барысы ескерілетіндігінде; оқу іс-әрекетінде жаңалық ғылым үшін емес оқушылар үшін жаңа болуында; оқу іс-әрекетінде дербестілік негізінің қалануында; оқу іс-әрекетінде тексерудің тұтас үрдісінің қамтылуында; оқу іс-әрекетінің - мөлшерлі әрекет болуында.
Оқу іс-әрекетінің мазмұнын құрайтындар:
1. Заңдылықтар
мен ережелерді түсіну
2. Практикалық
міндеттерді шешуге
Оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымы (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, В.В. Репкин) келесідей компоненттерден тұрады: мотивациялық (себепкерлік), мазмұндық, амал-әрекеттік (операциялық). Оқушылардың іс-әрекет белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Оқыту белсенділігі – оқушылардың неғұрлым көбірек білім алуға деген құштарлығы мен ұмтылысы; мақсатқа ұмтылулары; жоғары жұмыс қабілеттілігінің болуы.
Зерттеуші С.Қоянбекова белсенді оқытудың негізгі әдісі ойын деп санайды. Рөлдерді ойнап көрсету, белгілі жағдайды талдау, бағдарламаны белсенді оқыту, ойындарды жобалау, мәселені дәрістер, талқылаулар, тәжірибе алмасу – белсенділік туғызатын негізгі амалдар.
Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ, оны әрекеттің сипаттамасы ретінде қарастырған дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және белсенді құруының бір түрі. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.
Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі түсіндірумен байланысты:
- белсенділік баланың
таным әрекетіне (мақсатқа жетудің
тиімді жолдарын таңдау, талпыныс,
дайындық жүзеге асыру) деген
қатынасын сипаттайтын
- белсенділік субъектінің іс-әрекетке қатынасын (қажеттілік, мотив, ерік күші, эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретінде түсіндіріледі.
Белсенділік - (қарқындылық,беріктік,
Бұл ой еңбегінің тоқтап қалуын және құлдырауын, енжар және көшірме әрекеттен құтылу үшін, жігерлі, мақсатты оқуға бағытталған тұрақты күнделікті ағымдағы процесс.
Белсенділіктің негізгі мақсаты - балалардың таным белсенділігін қалыптастыру, оқу тәрбиенің сапасын көтеру. Егер белсенділік пен іс- әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым ретінде қарастыратын болсақ, онда бұндай жағдайда мәселе өзінен-өзі шешіледі, яғни, балалардың кез-келген іс-әрекеті белсенді іс-әрекет болып табылады, бірақ бұл олай емес. т.б. Белсенділікпен қатар балалардың оқуға деген қызығушылығының тағы бір маңызды қыры ашылады, яғни олардың мұғалімдер мен үлкендердің көмегінсіз объектіні, құралды анықтауға байланысты іс әрекетті жүзеге асырудағы дербестігі. Балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқытудың әдістері мен құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға кетеді.
Балалардың іс-әрекет белсенділігін арттырудың жаңа формаларын шеберлікпен пайдалана отырып, ұстаздардың белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда балалар: өз пікірінде тұра алуы; пікір таластар мен талқылауларға қатысуы; жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя білу; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған балаларды оқытуы; үлгерімі нашар балаларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті шешудің бірнеше түрін табуы; өзін-өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірбиелік әрекеттерін талдау үшін ойластыруы; танымдық міндеттердің шешімін өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы жүзеге асырылады.
Жеке адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекет белсенділігінің бағыт бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Ұйымдастырылған іс әрекет барысында әрдайым балалардың белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды жеке шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет.
Белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Іс-әрекетті белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде белсенділікке анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп, мазмұны мен көлемі анықталады. Іс-әрекет белсенділігінің мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап өту керек. Бұл мәселені зерттеуге үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бұл қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар:
- Адам – зейіні таным
белсенділігінің таңдаулы
- Таным субъектісінің ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубинштейн).
- Әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д.Фрейер).
- Адамның іс- әрекеті мен санасының деңгейін жоғарлататын эмоционалды-еріктің және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы (А.Г.Ковалев).
- Білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс (Н.А.Половинков).
- Субъектінің қоршаған
заттар мен құбылыстарға
- Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысымен сипатталған еріктік жағдай (Р.А.Низамов).
- Баланың өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Щукина).
- Таным мақсатына жетудегі
құлықтық-еріктік әрекеттерді
Іс-әрекет белсенділігі көп тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерін өзінің даму деңгейінен белсендіруге іс-әрекет белсенділігі тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. Балалардың жеке тұлғасында белсенділігінің дамуы 6-8 жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауабын ширақ табуы, білуге оқу іс-әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Жалпы іс-әрекет белсенділгінің мазмұнын ашуға ерте кезден бастап-ақ көптеген ғалым – зерттеушілер ат салысты. Мысалы, Б.П.Есипов: «Белсенділік шәкірт ақыл-ойының ізденімпаздығының белгілі бір дәрежесін көрсетеді», - дейді []. Біз іс-әрекет белсенділігін оқушының ақыл-ой және дене қуатын жәй ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оның жеке тұлға әрекетінің сапасы ретінде қарастырамыз. Бұл сапа оқушы іс-әрекетінің мазмұны мен процеске көзқарасында, оның білім мен іс-әрекет тәсілдерін қысқа мерзімде тиімді меңгеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жұмылдыруынан көрініс табады.