Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.
Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»
Бастауыш сыныптарда үнемі дамыту сабақтарын өткізу, балаларды ізденіске жұмылдыру бастауыш білім беруді айтарлықтай ізгілендіреді. Мұндай тәсіл балалардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға жағдай жасайды, баланы ойлануға және ізденіске ынталандырады, оның өз күшіне ақыл-ойының мүмкіндіктеріне сену сезімін оятады. Осындай сабақтар кезінде оқушыларда саналылық пен өзін-өзі бақылау формалары қалыптасып, дамиды, жаңылып қалу қорқынышы жоғалады, қобалжу мен орынсыз мазасыздану сезімі төмендейді, соның салдарынан оқыту үрдісінің келесі кезеңдерінде табысты болуы үшін қажет тұлғалық және интеллектуалдық жағдайлар жасалады [27].
Математика, оқу мазмұнына сәйкестендірілмеген шығармашылық – ізденіс міндеттер материалдағы жүйелі сабақтар курсы кіші мектеп оқушыларының ойлау іс-әрекетін өз бетімен басқару мүмкіндігіне ие болатын, бастамашылдық таныту, мақсат қойып оған жету тәсілдерін табуымен сипатталатын, ойлау мәдениетін тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың интеллектуалдық дамуын мақсат қойып ұйымдастыра алатын ойындар.
Құрама ойындар: танграм, таяқша қолданылатын ойындар, логикалық есептер, шахмат, дойбы, басқатырғылар және тағы басқа – белгілі заттар, элементтер мен бөлшектерден жаңа комбинациялар құрастыруға арналған.
Жоспарлау ойындары: лабиринттер, басқатырғылар, сиқырлы шаршылар, таяқша қолданылатын ойындар – кез келген мақсатқа жету үшін әрекеттер алгоритімін жоспарлау икемділіктерін қалыптастыруға бағытталған. Жоспарлау қабілеті оқушылардың қай әрекеттер ең алдымен, қайсысы кейін орындалатынын анықтай алатынында көрінеді.
Анализ жасау икемділіктерін қалыптастыру ойындары: сыңарын тап, «артығын» тап, жұмбақтар, қатарды жалғастыр, қызықты кестелер – бөлек заттардың ортақ белгілерін айыру, затты «неден жасалған, қандай қызмет атқарады» принципі бойынша сипаттау қабілеттерін дамытуға арналған.
Әр түрлі дамыту ойындарын оқыту үрдісіне белсенді түрде енгізу бастауыш мектеп мұғалімдерінің бірі болып табылады [28].
Балаларды ойнауға, ойнай отырып санау, есептеу, құрастыруға үйрету, баланың оқуы үшін қажет қасиеттердің тәрбиеленуін қамтамасыз етеді. Ойынға қызығу, ырықты зейін, іс-әрекеттің мақсат бағыттылығы қойылған мақсатқа жету талпынысы біртіндеп оқу іс-әрекетіне ауысады. Бастапқы кезде осы сабақтарды балаға таныс ойындар элементтері құрайды; есейе келе бұл элементтер азая бастайды. Мұғалім танымдық қызығушылықтарын ояту, сақтау және кеңейтудің жаңа тәсілдерін қатыстырады, ал осыны ақыл-есі кем баланы оқытудың бастауыш сатысында алдымен дидактикалық ойындарды пайдалануға үйретусіз болмайтын жағдай екенін естен шығармау керек.
Оқушы алдымен ойынға қызығады, одан кейін онсыз ойынға қатысуға болмайтын материалға қызығады. Оқушының оқу пәніне деген қызығушылығы пайда болады.
Оқыту үрдісінде дидактикалық ойындардың құндылығы, оқыту мақсаттарына сәйкес жасалып, білім беру, тәрбиелеу және дамыту үшін қызмет атқаратынында. Бастауыш сыныптың математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдана отырып берік және саналы білім, дағды мен икемділіктерге жетуге болады. Ойын барысында оқушылар көптеген математикалық әрекеттер, жаттығулар орындағанын, санауға жаттыққанын, есептер шығарағанын және сол сияқтыларды байқамай қалады. Баланың зейіні ойынға қадалады, сонымен қатар ол математикалық сипаты бар білімдерін жаңа жағдайға бейімдейді. Дидактикалық ойын балаға жақын болғандықтан оның қиялын оятып, көңіл күйін жоғарлатады.
Ойын барысында пайда болатын жағымды эмоциялар, оның іс-әрекетін белсендіріп, ырықты зейіні, есте сақтау қабілеті, ассоциативті іс-әрекетінің дамуымен және салыстыру, қорытынды жасау мен жалпылау қабілеттерінің қалыптасуына байланысты міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді.
Дидактикалық ойындар сабақта жұмысты индивидуалдандыруға, әр оқушының ақыл-ой және психофизиологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырмалар беріп, қабілеттерін барынша дамытуға арналған.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттері әсіресе ұжымдық ойындарда қалыптасады. Олар өз жолдастарының қызығушылықтарын ескеруге, өз мүдделерін тоқтатуға үйренеді. Оқушының жауапкершілік сезімі дамып, ерік-жігері мен мінезі тәрбиеленеді [29].
Дидактикалық ойындарды білім беру, тәрбиелеу және дамыту тәсілі ретінде кеңінен қолдануға болады. Негізгі оқыту әсері баланың белсенділігін белгілі арнаға бағыттап, оқыту процесін автоматты түрде жетелейтін дидактикалық материал мен ойын әрекеттеріне қатысты.
Дидактикалық ойындарды жалпы ойыннан және сабақтағы ойын формасынан ажырата білу керек, бірақ бұл тек шартты түрде ғана.
Сабақтағы ойын формасы оқушылардың математикалық іс-әрекетке ынталандырушы құрал ретінде көрінетін ойын мен жағдаяттары арқылы жасалады.
Сабақ формасындағы ойын тәсілдері мен жағдаяттары келесі негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады: дидактикалық мақсат оқушылар алдына ойын шарты формасында қойылады; оқушылардың оқу іс-әрекеті ойын ережелеріне бағынады; оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады; оқу іс-әрекетіне дидактикалық міндетті ойын міндетіне ауыстыратын жарыс элементтері енгізіледі; дидактикалық тапсырманы орындау табыстылығы ойын нәтижесіне байланысты болады.
Зерттеулердің көрсеткіші бойынша, бағдарлама материалын қолданатын ойын тәсілдері мен бастауыш сынып оқушыларының ойын ерекшеліктері олардың ақыл-ой іс-әрекетінің белсенділігін арттырып, оқуға деген ішкі түрткілерінің пайда болуына әсер етеді.
Ойын формаларын сабақтың әр түрлі кезеңдерінде қолдануға болады. Мұғалім «Диалог» ойынын ұсынады. Ол оқушылардың жаңа білім игеру үрдісіндегі белсенділікті жоғарлатуға бағдарланған. Ойын идеясы мұғалім оқу мәселесін немесе проблемалық жағдаят туғызып, оқушылар бұл мәселені шешуге тырысуынан тұрады. Олар мәселені шешу үшін бар білімдерінің жеткіліксіз екенін түсінеді. Ойынның ережелері бойынша әр команда мұғалімге минималды түрде сұрақ қоя отырып, оның жауаптарынан қойылған мәселені шешу үшін барынша ақпарат жинау керек. Ойында мұғалім ақпаратты бергісі келмейтін кейіп келтіреді, ал оқушылар епті құрылған сұрақтарымен ақпаратты суырып алуға тырысады. Егер осындай диалогта оқушылар аз мөлшерде қойылған сұрақтар арқылы шешуін тауып алса, мұғалім шығармашылық ойлауды дамыту міндетін атқарды деп айтуға болады [30]. Ғылыми әдебиеттерде педагогикалық шарттар деп қажет болатын сыртқы талаптардың жиынтығын айтады, ал оларды қанағаттандыру қалаған нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Біздің зерттеуімізде көздеген педагогикалық нәтиже, осылар:
1) Ойын мақсаты, математика
сабағында балалардың ойын
2) Ойын мазмұны қызықты болу керек. Қызығушылық туралы айтқанда, балаларға жай ғана қызықты болу емес, математикалық тапсырмалардың мазмұны немесе олар енетін форманың қызықты болуы.
3) Ойлау операциялары – анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, абстаркция ойынды қолдану барысында қалыптасып дамиды.
Дидактикалық ойында тәртіп маңызды рөл атқарады. Көптеген мұғалімдердің пікірінше, егер оқушылар жинақталған, зейінді, белсенді, тек индивидуалды өздік жұмыспен айналысатын болса, математика тәртіп бойынша идеалды болып есептеледі. Оларға өз ойын қол көтеру арқылы және мұғалімнің рұқсатымен ғана өз пікірін айтып, ұсыныстар жасауға болады.
Әдеттегідей, мұғалім байқалған қателіктерін тез түзете қоюға тырысқан балаларға бір-бірімен сөйлесу, бір-біріне асыра көмектесуге жол бермейді. Бұл түсінікті нәрсе: орынсыз қарым-қатынас, сыбырласу, көршісінен көшіру үлкен зиян келтіреді.
Егер оқушылардың қарым-қатынасын мақсатты қылып, танымдық іс-әрекет үрдісінде олар осындай қарым-қатынастың пайдалылығын сезінетін болса, онда оқытуда да, тұлғаны қалыптастыруда да оң нәтижелер алуға болады, себебі осы жағдайда ұжымдық тәрбие принципі шынымен жүзеге асады [31].
Өзара көмек пен бақылау мұғалімнің жұмысын бір мезгілде жеңілдетіп, қиындатады. Жеңілденуі, мұғалім бірқатар жағдайларда өзінің кейбір қызметін оқушыларға жүктеуге мүмкіндік алады. Мысалы, ол оқушыға қалып қойған сыныптастарына кеңес беріп, көмектесуге тапсырады. Кейде үлгермеуші оқушы мұғалімнің көмегімен салыстырғанда жолдасымен өзін еркін сезініп, тапсырманы табыстырақ орындайды.
Мұғалім қызметінің күрделенуіне келетін болсақ, бұл дидактикалық ойын кезінде танымдық іс-әрекеттің епті басқарылуын қажет етумен, топтар (командалар) мен топ жетекшілерін дұрыс таңдаумен, сабақта жағымды қарым-қатынас орнатумен байланысты болады [32].
Дидактикалық ойынның өзінің басқа іс-әрекеттен айрықша қалыптасқан құрылымы.
Дидактикалық ойынның негізгі құрылымдық компоненттері: ойын мақсаты, шарты, ойын әрекеттері, танымдық мазмұны немесе дидактикалық міндет, құрал-жабдықтар, ойын нәтижесі.
Жалпы ойынмен салыстырғанда дидактикалық ойын нақты қойылған оқыту мақсаты мен соған сәйкес дәйекті, ашық түрде белгіленген және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын педагогикалық нәтижесімен ерекшеленеді.
Ойынның ең бірінші құрылымдық компененті – ойын мақсаты – әдетте, ойын атауында беріледі. Ол оқу үрдісінде шешілетін дидактикалық міндет ретінде берілген. Ойын мақсаты көбінесе ойын барысында жобаланған сұрақ немесе жұмбақ ретінде бейнеленеді. Ол ойынға қандай жағдай болмасын танымдық сипат беріп, ойын қатысушыларына білімге байланысты белгілі бір талаптар қояды [33].
Әр дидактикалық ойында оқушылардың ойын процесіндегі жүріс-тұрысы мен әрекет ретін анықтайтын ережелері болады, және олар сабақта іскери ахуал құруға әсер етеді. Сондықтан дидактикалық ойын ережелерін құрастырғанда, сабақ жоспары мен оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін есепке алу керек. Мұнымен әр оқушының өз бетімен жұмыс жасай алу қабілеті, табандылық, ақыл-ой белсенділігі, қанағаттану сезімінің пайда болуы үшін жағдайлар жасалады.
Одан басқа, ойын шарттары өз мінез-құлқын басқару икемділігін, ұжым талаптарына бағынуға тәрбиелейді.
Ойын шарттарымен шектелетін ойын әрекеттері дидактикалық ойынның мағыналы жағы болып табылады. Олар оқушыларлдың танымдық белсенділіктерін арттыруға себеп болып, өз қабілеттерін көрсетуге, ойын мақсатына қол жеткізу үшін бар білім, білік, дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді. Ойын әрекеттері ауызша есеп шығаруда өте жиі көрінеді.
Мұғалім ойын басшысы ретінде, оны керек дидактикалық арнаға бағыттайды, қажет болған жағдайда оның жүрісін әр түрлі тәсілдермен белсендіріп, ойынға деген қызығушылықты арттырады, үлгірмей жатқан балаларды рухтандырып, ойынға жұмылдырады [34].
Дидактикалық ойынның негізі танымдық мазмұны болып табылады. Танымдық мазмұн ойын арқылы берілген оқу мәселесін шешуде қолданылатын білім мен біліктерді игеру.
Дидактикалық ойынның құрал-жабдықтары едәуір мөлшерде сабақтың құрал-жабдықтарын өзіне қосады. Бұл оқытудың техникалық құралдарының болуы. Сонымен қатар мұнда түрлі көрнекілік құралдары кіреді: кестелер, модельдер, дидактикалық таратпа материалдары, жеңімпаз командалар марапатталатын жалаушалар.
Дидактикалық ойынның шарықтау шегі болып табылатын, ойынды толықтыратын, белгілі нәтижесі болады. Бәрінен бұрын, ол қойылған оқу міндетінің шешуі ретінде көрініп, оқушыларға ақыл-ой және моральдық қанағат береді. Мұғалім үшін әрқашан ойын нәтижесі оқушылардың білім игерудегі немесе оны қолданудағы жетістік деңгейінің көрсеткіші болып табылады [35].
Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен өзара байланысты және олардың негізгілерінің болмауы ойынды бұзады. Мақсатсыз, ойын әрекеттерінсіз, ойынды ұйымдастыратын ережелерсіз, дидактикалық ойынның болуы мүмкін емес, не ол өзіне ғана тән қалпын жоғалтып, бұйрық пен жаттығуларды орындауға айналады. Сондықтан да дидактикалық ойыны бар сабаққа дайындалған кезде, ойын жүрісінің қысқаша сипаттамасын құру, ойынның уақыт өлшемін белгілеу, оқушылардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін есекеру және пәнаралық байланыс орнату керек.
Барлық ойын элементтерінің үйлесуі мен олардың өзара әрекеттесуі, ойын ұйымдастырылуын, тиімділігін жоғарлатып, жоспарланған нәтижеге әкеледі.
Дидактикалық ойындардың құндылығы ойын үрдісінде балалардың едәуір мөлшерде жаңа білімді өз бетімен игеріп, бір-біріне белсенді түрде көмектеседі.
Дидактикалық ойындарды қолданғанда оқушылардың ойынға деген қызығушылықтарының сақталуын қадағалау өте маңызды. Қызығушылықтың болмауы немесе жоғалуында балаларды ойынға күштеп қатыстыруға болмайды, өйткені міндет бойынша ойналған ойын өзінің дидактикалық, дамытуышылқ мағынасын жоғалтады; бұл жағдайда ойын әрекетінен ең құнды нәрсе – оның эмоционалды бастамасы жойылады. Ойынға деген қызығушылық жоғалған кезде, мұғалімге мезгілімен жағдайды өзгертуге әкелетін әрекеттер жасау керек. Бұған эмоционалды сөйлеу, ақ жарқын қатынас, үлгермеушілерге болысу қызмет ете алады. Қызығушылық бар болғанда балалар үлкен ынтамен оқиды, ал бұл олардың білімді меңгеруіне орасан зор ықпал етеді [36].
Ойынды мәнерлеп жүргізу өте маңызды. Егер мұғалім балалармен салқын, бір сарынды сөйлессе, онда балалар да сабаққа назар аудамай, немқұрайлы қарайды. Мұндай жағдайда олардың қызығушылықтарының төмендеуіне жол бермеу, тыңдау, көру, ойынға қатысу ықыластарын сақтау қиынға соғады. Бұл жиі кезде мұғалімдердің қолынан мүлдем келмеуі де мүмкін, сонда балалар ойыннан ешқандай пайда таппайды, және ойын оларда тек жалығу сезімін тудырады. Оқуға деген жағымсыз қатынас пайда болады.
«Егер бала бір нәрсені дұрыс түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек»,-деген Ы..Алтынсарин.