Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.

Содержание

Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру.doc

— 710.50 Кб (Скачать документ)

Шығармашылық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушыларға дәстүрден тыс шешімді қажет ететін ізденіс тапсырмаларын беру ұсынылады. Олар құбылыстың мәнін, олардың өзара байланысын түсінуге талпынады, әрі түрлі проблемалардың шешімінің жаңа жолдарын табуға тырысады.

Шығармашылық қабілетті әртүрлі деңгейдегі оқушылар көрсете алатынын педагогтер ұмытпауы тиіс. Мұны ескере отырып, оқытушы кез келген (оқу, коммуникативті, шығармашылық, т.б.) міндеттерді қабылдауында және интерпритациясындағы дәстүрден тыс қабілеттерін көрсету үшін жағдай жасауы қажет.

Зерттеуде белгіленген ғылыми-әдістемелік міндеттерді шешу үшін, ең алдымен біз 2-сынып оқущыларының математика сабағында іс-әрекет белсенділігінің деңгейін анықтадық. Диагностикалық әдістеменің мақсаты - оқушылардың сол кезеңдегі іс-әрекет белсенділігінің даму деңгейін анықтау. Жұмыстың тиімділігі төмендегідей өлшемдер бойынша анықталды:

1. Білімді меңгеру деңгейі.

2. Іскерлік пен дағдының  қалыптасу деңгейі.

3. Оқу үлгерімі.

4. Ақыл-ой дамуының деңгейі.

5. Танымдық қызығушылықтың қалыптасу деңгейі

6. Оқу мотивациясының  деңгейі.

Қолданылған әдістемелерді қарастырайық.

 Білімді меңгеру деңгейін біз төменгі көрсеткіштер бойынша анықтадық:

1. Білім толықтығы – оқушыларға объектінің белгілі белгілерін жағырту нәтижелерін сипаттайды, оның ішінен ол келесіде объектінің мәнін түсіндіретін қажет және жеткілікті белгілерді іріктеп алады. Оқыту үрдісінде бұл белгілер қатар берілмей, бір-бірімен байланысы мен қатынасы бойынша беріледі. Бірақ сол кезде де бұл байланыстар мен қатынастарды түсіну үшін оқушыларға осы белгілерді дұрыс анықтап және жаңғырта білу, яғни меңгере білу керек. Келесі диагностика үшін маңыздысы білімді тексеру нәтижелері болып табылады.

Білім толықтығының деңгейлері:

 Жоғары деңгей – оқушы объектінің белгілерін жылдам әрі нақты анықтайды.

 Орташа деңгей – объектінің белгілі белгілерін мұғалімнің көмегімен анықтайды және оны жаңғыртады.

 Төмен деңгей – обектінің белгілерін анықтап, жаңғырта алмайды.

2. Саналылық – оқушының  теориялық білім мен оқу материалдарын саналы жаңғырту қабілеті. Саналылық ережелерді нақты жаңғырту, оны мысал арқылы түсіндіре алу, және осы ережеге мысал келтіру қабілеттерінен тұрады.

Саналылықтың деңгейлері.

Жоғары деңгейі:

1) Берік, қатесіз білімді  жаңғырту.

2) Ережені мысал арқылы түсіндіру.

3) Берілген ережеге мысалдар  келтіре білу.

Орташа деңгей:

1) Білімді 1-2 қатемен жаңғырту.

2) Ережелерді мысал арқылы  қарапайым қателермен жаңғырту.

3) 1-2 қатемен ережеге мысалдар  келтіру.

Төменгі деңгей:

1) Үш және одан да  көп қатемен ережені орындау.

2) Ережені түсіндіруде  деректі қателер жіберу.

3) Мысалды мұғалім көмегімен  келтіру.

3. Беріктік – ұзақ уақытқа  дейін оқу материалын есте  сақтау қабілеті.

Беріктіктің  деңгейлері:

Жоғары деңгей – оқу материалын алғаш тапсырғаннан кейін бірінші күні жаңғырту.

Орташа деңгей – оқу материалын алғаш тапсырғаннан кейін 2-3 қатемен жаңғырту.

Төменгі деңгей – оқу материалын мұғалімнің көмегімен жаңғырту.

4. Шоғырланушылық – оқушының  меңгерген білімін келешекте  әр түрлі оқу жағдайында қолдану  нәтижесі.

Шоғырланушылықтың деңгейлері:

Жоғары деңгей – оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайларда еркін қолдану қабілеті.

Орташа деңгей – оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайларда мұғалімнің шамалы көмегімен қолдану қабілеті.

Төменгі деңгей – оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайларда қолдана алмауы, мұндай оқушыларға мұғалімнің көмегі керек. 

2. Іскерлік пен дағдылардың  қалыптасу деңгейі төменгі көрсеткіштермен сипатталады:

1) Нақтылық.

2) Жылдамдық.

3) Ізденімпаздық.

Нақтылық – тапсырманы дұрыс және үлгіге сәйкес орындау дәрежесі, білімді жаңа оқу жағдайында қолдану нәтижелілігін анықтайды.

Нақтылықтың деңгейлері:

Жоғары  деңгей – тапсырманы қатесіз орындау.

Орташа деңгей – тапсырманы қарапайым қателермен орындау.

Төменгі деңгей – тапсырманы 50 % қатемен орындау.

Жылдамдық – тапсырманы белгілі бір уақыт аралығында жылдам орындау.

Жылдамдықтың деңгейлері:

Жоғары деңгей – тапсырманы көрсетілген уақытта орындау.

Орташа деңгей – тапсырманы берліген уақыттан 1-2 минут кеш орындау.

Төменгі деңгей – тапсырманы берілген уақыттан үш және одан да көп минут кеш орындау.

Ізденімпаздық – өз бетімен орындаушылықтың әр түрлі сатысында тапсырманы орындау.

Ізденімпаздықтың деңгейлері:

Жоғары деңгей – тапсырманы ешкімнің көмегінсіз өз бетімен орындау.

Орташа деңгей – тапсырманың күрделі жерлерінде мұғалімнің көмегіне жүгіну.

Төменгі деңгей – тапсырманы 50 % мұғалімнің көмегімен орындау.

Оқушылардың оқу үлгерімі орташа балды, материалды меңгеру сапасының процентін (есептеу негізінде анықталды) және үлгерім процентін есептеу негізінде анықталды. Ортша балды шығаруда Ж.Б. Қоянбаевтың ұсынған білім мен іскерлікті бағалау өлшемдері пайдаланылды:

«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады.

«4» бағасы – материалды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады.

«3» бағасы  - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады.

«2» бағасы – оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар.

«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.

 

Бірінші бақылау жұмысы:

1-нұсқа

1. Есепте:

67 + 7              70 – 60                   (35 + 6) - 41

22 – 3              87 – 14                   84 – (65 – 5)

45 + 13            40 – 2                     75 – (8+7)

48 + 12            60 – 8                     86 – (30 + 56)

2. Есепті шығар:

Аялдамада 27 әйел адам және 8 ер дама тұрды. 10 адам кетіп қалды. Аялдамада неше адам қалды?

3. Салыстыр:

26 + 5 * 25 + 6                               50 + 9 * 60 - 2

54 + 9 * 9 + 54                               70 – 3 * 70 – 5

4. Амалдар таңбасын қой:

17 ... 7 = 34                                    78 ... 31 = 47

85 ... □ = 80                                    □ ... 14 = 14

5. Теңдеуді шеш:

x + 5 = 85 – 5

2-нұсқа

1. Есепте:

48 + 7                90 – 60                 (27 + 7) – 34

36 – 7                76 – 12                 73 – (8 + 5)

36 + 12              50 – 4                   63 – (8 + 5)

54 + 16              90 – 4                   59 – (20 + 39)

2. Есепті шығар:

Дүкенде 17 көк диван және 9 жасыл диван болды. 6 диван сатылып кетті. Дүкенде неше диван қалды?

3. Салыстыр:

38 + 6 * 6 + 38                               80 + 8 * 90 – 1

36 + 8 * 8 + 36                               50 – 8 * 50 – 2

4. Амалдар таңбасын қой:

28 ... 6 = 34                                    35 ... 24 = 11

93 ... □ = 90                                    □ ... 12 = 12

5. Теңдеуді шеш:

х + 7 =48 – 8

 

Екінші бақылау жұмысы:

1-нұсқа

1. Мысалдарды шығар:

12 – 7               23 + 5                       70 – 32

6 + 8                 35 + 40                     43 – 8

16 – 9               68 – 6                       76 + 8

2. Есепті шығар:

Табында 30 сиыр, одан 7-еуі кем бұзау бағылады. Табында барлығы неше сиыр мен бұзау бағылады?

3. Өрнектерді салыстыр:

60 + 30 * 72 + 8

45 – 3 * 50 – 9

4. Теңдік тура болатындай бос орындарды толтыр:

38 = □ онд. □ бірл.

□ = 6 онд. 7 бірл.

50 = □ онд. □ бірл.

3 = □ онд. □ бірл.

5. Қабырғаларының ұзындықтары 5 және 2 см-ге тең тіктөртбұрыш  сыз. Оның периметрін есепте.

2-нұсқа

1. Мысалдарды шығар:

11 – 5                  90 – 23              34 + 3

7 + 9                    28 + 60              69 – 2

17 - 8                   49 – 7                57 + 6

2. Есепті шығар:

Әлімде ертегілер жазылған 50 таспа, одан 6-ауы кем өлеңдер жазылған таспа бар. Әлімде барлығы неше таспа?

3. Өрнектерді салыстыр:

80 + 10 * 74 + 6

28 – 5 * 30 – 4

4. Теңдік тура болатындай  бос орындарды толтыр:

54 = □ онд. □ бірл.

□ = 8 онд. 2 бірл.

30 = □ онд. □ бірл.

8 = □ онд. □ бірл.

5. Қабырғаларының ұзындықтары 7 және 2 см-ге тең тіктөртбұрыш  сыз. Оның периметрін есепте.

Танымдық қызығушылықтың қалыптасу деңгейін анықтайтын әдістеме.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасу деңгейін анықтау.

Өлшемі: танымдық қызығушылық.

Көрсеткіштер:

1. Оқу материалына эмоционалды  реакция.

2. Таңырқаушылық.

3. Білуге құмарлық.

4. Оқу іс-әрекетінің белсенділігі

Деңгейлер: 6 деңгей.

Жүргізу тәртібі. Танымдық қызығушылықты анықтау үшін әр оқушыға сауалнама толтырылады.

Сауалнама

1. Нақты жаңа тақырыпқа  оқушының көзқарасы.

а) немқұрайлы                                     ә) эмоционалды

2. Оқушы жақсы білетін тәсілді пайдалануға арналған жаңа  тәжірибелік тапсырмалар мен есептерді шешуді орындауға қалай кіріседі?

а) ынтасыз                                          ә) ынтамен

3. Жаңа тәжірибелік тапсрмаларды орындағанда оқушының зейіні ауып кете ме?

а) өте жеңіл                                        ә) зейіні тұрақталған

4. Оқушы жаңа тақырып  бойынша сұрақтар қоя ма?

а) жоқ                                                 ә) иә

5. Өзі қойған сұрақтар  бойынша мұғалімнің жауаптарын қалай қабылдайды?

а) әрбір жауапқа қанағаттанады.

ә) мазмұнды жауапты талап етеді.

6. Оқушы тәжірибелік міндеттерді  өз бетімен орындауға ұмтыла  ма?

а) жоқ, сыртқы жақтан көмек қажет.                   ә) иә

7. Оқушының жаңа теориялық материалға көзқарасы.

а) немқұрайлы                                    ә) эмоционалды

8. Оқушы жаңа теориялық  материал бойынша сұрақтар қоя  ма?

а) жоқ                                                 ә) иә

9. Оқушы тапсырманы өз  бетіме орындауға көзқарасы

а) немқұрайлы                                    ә) эмоционалды

10. Жаңа тақырып бойынша  сұрақтарға жауап беруге талпына  ма?

а) жоқ                                                 ә) иә

11. Оқушылардың сұрақтарында  жаңа тақырыптан ауытқып кеткен  жағдайлар бола ма?

а) жоқ                                                 ә) иә

12. Оқушы жаңа тақырып  бойынша өз бетімен ой қорытындылар  жасауға ұмтыла ма?

а) жоқ                                                 ә) иә

13. Оқушы жаңа ақпаратты  жүйелі түрде мектептен және оқулықтардан тыс (үйірмелер, қосымша әрекеттер) қабылдауға ұмтыла ма?

а) жоқ                                                 ә) жоқ.

Сауалнама кілті.

I – 1а, 2а, 4а                                      IV – 3б, 5б, 6б, 8б, 9б

II – 1б, 4б, 5а                                    V – 3а, 10б, 11б, 12а, 13а

III – 6а, 7б, 8а                                   VI – 12б, 13б

Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтың қалыптасу деңгейлері

Көрсеткіштер:

1. Оқу материалына қатынас  сипаты (теріс, немқұрайлы, жағымды, шығармашылық)

2. Оқу міндеттерін шешу тәсілдеріне қатынасы (бірмәнді тапсырмаларды, жүйелі тапсырмаларды шешуге)

3. Білуге құмарлық.

Деңгейлер: 6 деңгей

 

6 Кесте – Танымдық  қызығушылықтың қалыптасу деңгейі

 

Деңгей атауы

Негізгі дидактикалық белгілер

Қосымша дидактикалық белгілер

1

Келеңсіз (қызығушылықтың болмауы)

Қызығушылық айқындалмайды (ашық түсті қызықты материалға жағымды реакциядан басқа)

Барлық оқу міндеттерін шешуге немқұрайлы және жағымсыз қатынас; жаңаны меңгеруге қарағанда әдеттегі әрекеттерді ынтамен орындайды

2

Төменгі (жаңашылдыққа жауап)

Жағымды реакция тек нақты деректерді қамтитын жаңа материалға ғана  (теория емес) пайда болады

Жаңа материалға байланысты сұрақтар қояды, тапсырманы орындауға кіріседі, бірақ ұзақ тұрақты белсенділік танытпайды.

3

Орташа (таңырқаушылық)

Жаңа теориялық  материалға (бірақ міндеттерді шешу тәсілдеріне емес) жағымды реакция пайда болады

Сұрақтарды айтарлықтай жиі қояды; тапсырмаларды орындауға жиі кіріседі; бірақ қызығушылықты тез жоғалтады.

4

Жеткілікті (жағдаяттық қызығушылық)

Жаңа бір мәнді, жеке міндеттерді шешуге тәсілдеріне пайда болады (бірақ міндеттер жүйесіне емес)

Тапсырманы орындау процесіне кіріседі, оның шешу жолдары табуға және оны аяқтауға талпынады; тапсырманы орындағаннан кейін қызығушылық жоғалады.

5

Қолайлы (тұрақты танымдық қызығушылық)

Тұтас міндеттер жүйесін шешудің жалпы тәсіліне (бірақ, меңгеретін тақырыптан тыс шықпайды) пайда болады.

Орындау процесіне ынтамен кіріседі, ұзақ жіне тұрақты жұмыс жасайды, табылған тәсілге жаңа қолданыс іздеуге берілген ұсынысты қабылдайды.

6

Жоғары (жалпыланған танымдық қызығушылық)

Сыртқы талаптарға байланыссыз пайда болып, меңгерген тақырыптан тыс шығып кетеді. Міндеттер жүйесін шешудің жалпы тәсілдеріне бағытталған.

Оқушының тұрақты мінездемесі болып табылады, оқушы міндеттерді шешудің жалпы тәсілдеріне айқындалған шығармашылық қатынас көрсетеді, қосымша тапсырмалар алуға тырысады; қызығушылықты себепті таңдалуы пайда болады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру