Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 23:49, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.
2. Кіші мектеп оқушыларының математика сабағында дидактикалық ойындардың оқыту үрдісіндегі ролін айқындау.
3. Математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.
4. Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттарын зерттеу.
Кіріспе
1 Дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері - 3
1.1 Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары
1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі
2 Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігін арттырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау.
2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру
2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А «Жаттығулар»
3. Балалар амалдар мен есептерді олармен логикалық байланысы бар басқа есептерге ауыстыратын ойындар. Бұл – «Тізбек», «дөңгелек амалдар» және тағы басқа.
4. Ізденіс пен шығармашылық
элементтері енгізілген
Сөздік ойындар негізінде балалардың бақылаулары, жинақталған тәжірибесі жатыр. Бұл ойындардың мақсаты жүйелендіру мен жалпылаудан тұрады. Олар оқу материалын бекіту және пысықтау кезеңінде қолданылады. Бұл – әр түрлі жұмбақтар, ойындар.
Дидактикалық ойындар қатысушылар санына байланысты ұжымдық, топтық және жеке дара болып бөлінеді.
Бала ойыннан басқа, ешқандай іс-әрекетке осыншама қызығушылық танытпайды. Оған қызықты, сол себептен білім алу мен даму бар ықыласпен, оңай және еш қиындықсыз жүреді [67].
Математика сабағында ақыл-ой жүктемелерінің ұлғаюы, сабақ бойы оқылып жатқан материалға қызығушылықты, белсенділікті қалай сақтауға болады, деген ойлар туындайды. Осыған орай, оқушылардың іс-әрекетін белсендіретін, өз бетімен білім алуға ынталандыратын оқытудың жаңа тиімді әдіс-тәсілдері іздестіріледі.
Оқушылардың математика сабағына қызығушылығының пайда болуы, көп жағдайда біліммен қаруландыру қаншалықты шебер ұйымдастырылуына және оқыту әдіс-тәсілдеріне байланысты болады. Әр оқушы сабақ үстінде белсенді және қызығып жұмыс жасауын ойластыру, мұны білімпаздықты, терең танымдылықты қалыптастыру мен дамытудың қайнар көзі ретінде қолдану керек.
Дидактикалық ойындардың математика сабағында маңызы зор – қазіргі заманға сай танылған біртұтас әрекет ететін білім берушілік, дамытуышылық, тәрбиелік қызмет атқаратын оқыту және тәрбиелеу әдісі.
Педагогикалық тәжірибе мен пдагогикалық әдебиеттерді талдау нәтижелері бойынша, ойынды қазіргі уақытқа дейін математикалық үйірмеде, сынып сағаттарында пәндік жиындарда өткізетін және оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктері белгілі мөлшерде бағаланған жоқ.
Осы сұрақ бойынша әдістемелік жұмыстардың жоқтығы, жоғары әдістемелік және кәсіби шеберлікті талап ететін, дидактикалық ойындарды құру мен ұйымдастыруға мұғалімнің уақытының жетіспеушілігі әсер етеді [68].
Қазіргі заманғы дидактика, сабақтағы ойын формаларына келгенде, педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуін, оларға жарыс, турашылдық, шынайы қызығушылық тән қарым – қатынастың өнімді формаларын тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Ойын – шығармашылық, ойын – еңбек. Ойын барысында балалардың зейінінің шоғырлануы, өздігінен ойлауы қалыптасып, зейіні мен білімге құштарлығы дамиды. Қызығып кетіп, балалар оқып жатқандарын аңғармай қалады: білім алып, жаңа білімді естерінде сақтайды, кез келген жағайда шешім табуға дағдыланады, көзқарас, ұғымдарын молайтып, қиялын дамытады. Ең енжар балалардың өзі ойынға үлкен ықыласпен қатысып, командасындағы жолдастарының көңілін қалдырмау үшін, бар күшін салады.
Әдетте, балалар ойын кезінде өте зейінді әрі тәртіпті болады.
Дидактикалық ойындар оқытумен өте жақсы сыйысады.
Дидактикалық ойын – өз бетімен мақсат емес, оқыту мен тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойынды сауықтырумен шатастыруға, сауықтыру үшін нәр беретін іс-әрекет ретінде қарастыруға болмайды. Дидактикалық ойынды оқу ісінің басқа түрлерімен тығыз байланыста болатын өзгертілген шығармашылық іс-әрекеттің түрі деп қарастырған дұрыс.
«Дидактикалық ойын» терминінде оның педагогикалық бағыттылығы, қолданыстың алуын түрлілігі бейнеленеді. Сондықтан 1-4 сыныптардың математиканы оқыту жүйесінде дидактиккалық ойындарды қолдану оқушылардың оқу іс-әрекетін интесификациялаудың маңызды құралы болып, 1-4 сыныптарда оқыту арасындағы байланысты орнатады. Біздің ойымызша, келесі сұрақтардың маңыздылығы өте жоғары:
а) дидактикалық ойындардың және ойын жағдаяттарының сабақта басқа іс-әрекет түрлері жүйесіндегі орнын анықтау;
ә) оларды сан алуан математикалық материалды оқытудың әр түрлі кезеңдерде орынды қолдану;
б) сабақтың дидактикалық мақсатын және оқушылардың дайындық деңгейін есепке ала отырып, дидактикалық ойындарды өткізу әдістемесін құру;
в) дамыта оқытудың ойын іс-әрекеттің мазмұнына қоятын талаптар.
Диактикалық ойындарды математика сабағында ұйымдастыру тәжірибесі негізінде, дидактикалық ойын және ойын жағдаяттарын математикада қолдану жолдары мен формаларын белгілеуге, оларды белгілі бір жағдайларда қолдану орынды екенін көрсету үшін қадамдар жасалады.
Сабақта қолданылатын, оқу пәніне деген қызығушылықты дамытудың тиімді құралдарының бірі – дидактикалық ойын. Кезінде Ушинский білім алу процесі аса өнімді болу үшін, оқушылардың оқу іс-әрекетіне ойын элементтерін енгізу керек деген кеңестер берді [69].
Ойын оқушылардың мектепте білім алуының бастапқы жалдарында маңызды орын алады, басында балаларды тек ойын формасы ғана, одан кейін ойынға қажет материал да қызықтырады.
Ойын барысында оқушылар өздері салыстырып, арифметикалық амалдар орындап, ауызша есептеуге дағдыланып, есептерді шығаруға тура келетін әр түрлі жаттығуларды қалай орындағанын байқамай қалады. Ойын оқушыларды ізденіс жағдайына қойып, жеңіске ұмтылысын оятады, сол себептен балалар шапшаң, тапқыр болуға, тапсырмаларды мүдірмей орындап, ойын ережелерін сақтауға тырысады.
Ойында, әсіресе ұжымдық ойындарда, балалардың адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Ойын барысында балалар сыныптастарына көмектесуге, олардың пікірлерімен және қызығушылықтарымен санасуға, өз мүдделерін тоқтатуға үйренеді. Оқушылардың ұжымшылдық, жауапкершілік сезімдері дамып, тәртіптері, ерік-жігері, мінезі, тәрбиеленеді [70].
Ойындарды және ойын элементтерін математика сабағына енгізу, оқыту үрдісін қызықты етіп, балалардың көңіл-күйін көтереді, оқу мазмұнын меңгерудегі қиыншылықтарды жеңуге көмектеседі. Түрлі ойын әрекеттері арқылы қандай да бір ақыл-ой міндеті шешіліп, оқушылардың оқу пәніне қызығушылығын, қоршаған әлемді танып білуге құштарлығын арттырады.
Есту, көру, қозғалыс көрнекіліктері, қызықты сұрақтар, әзіл-жұмбақтар, күтпеген, тосын сәттер іс-әрекет белсенділігін тудырады. Көптеген дидактикалық ойындардың сұрақтары, тапсырмалары, әрекетке жұмылдыру, оның атауында анықталады, мысалы: «Кім жылдам?», «Есінеме», «Бірден жауап бер», «Кімдікі дұрыс?» және тағы басқа.
Ойынның маңызды бөлігі жалпылауға, жаңа меңгерген ережені ұғынуға, бекітуге, алынған білімді жаңа жағдайда пысықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ондықтан аттап, кестелік қосуды бекіту үшін, көбінесе «Балық аула» ойыны қолданылады. Тақтада аквариум мен балықтар бейнеленген кесте ілініп тұрады. Әр балықта келесі амалдар жазылған:
7+8 9+3 9+6 14-6 9+7 15-7 16-8 18-9 13-6 8+5
Екі оқушы тақтаға шығып, команда бойынша амалдарды шығара бастайды, қалған оқушылар дәптерлеріне орындайды. Амалдарды шығару үшін берілген уақыт біткенде, оқушылар өз жауаптарын тақтадағымен тексереді. Тақтада амалдардың басым бөлігін шығарған оқушы, көбірек балық аулады, және ол осы ойынның жеңімпазы атанады.
Сонымен қатар, 10-ға дейінгі қосу және азайту білімін бекіту үшін, «Ең шапшаң пошташы» ойынын қолдануға болады.
Мұғалім бес оқушыға бірдей мөлшерде, екінші жағында қосу мен азайтуға байланысты өрнектер берілген карточкалар таратады. Партада отырған балалар, нөмірі бар үйлерді бейнелейді (олар қолдарында 0-ден 10-ға дейін жазылған сандарды ұстап тұрады).
Пошташы үйдің нөмірін жылдам анықтап (өрнектің мәнін табу), хаттарды сәйкес үйлерге тарату (конвертте шығарылған жауаптарды білдіретін сандары балаларға беру) керек. Хаттарды кім тез әрі дұрыс таратса, сол ең шапшаң пошташы болып саналады.
Бұл ойындар өте қарапаайым, алайда олар ойын формасында косу және азайту кестесін пысықтауға, оқушылардың іс-әрекетін одан әрі белсендіріп, оларды өте жинақы, шапшаң және тапқыр болуға міндеттейтін сабаққа жарыс элементін енгізуге мүмкіндік береді.
Көптеген жаттығуларды түрлі қиындықтағы материал негізінде құрастыруға болады, бұл білім деңгейі әр түрлі оқушылардың бір ойынға қатысуға мүмкіндік береді.
Мысалы, «Финишқа дейін кім бірінші жетеді?» атты ойын түріндегі өздік жұмысын ұсынуға болады. Бұл ойын болғандықтан, оқушылар өздерін еркін сезініп, жұмысқа сеніммен, қызығушылықпен кіріседі. Әрқайсысына тапсырмасы бар карточка беріледі. Барлық оқушының есебі бірдей, бірақ оны шығаруға көмектесетін тәсілдер деңгейі әр оқушы үшін әр қилы. Мысалы, жақсы оқитын оқушыға есепті сөздік модель бойынша өрнек құрастырып, оны шығару; үлгерімі төмен оқушылар есепті сөздік-логикалық модель бойынша құрастырып, оның шешімін аяқтау ұсынылады. Есепті дұрыс, әрі жылдам шығарған оқушы өзін спортсменмін деп санай алады. Мұндай сабақтарда математикалық қабілеттері әр түрлі оқушылардың математикаға құштарлықты баулу мақсаты қойылады. Барлығы тапсырманы орындап, спортсмен болғысы келеді. Ойын аяқталғанмен, тапсырманы орындаған оқушылардың аты-жөні тақтаға жазылады. Ал тапсырманы орындай алмаған оқушыға келесі жолы жұмысқа қорықпай кірісу үшін, индивидуалды көмек ұсынылады.
Олай болса, ойынды немесе ойын элементтерін оқыту үрдісіне енгізу, оқушылардың ойынмен қызығып, өздері соны аңғармай, белгілі математикалық білім, білік, дағдыларды меңгереді.
Дегенмен, ойын өз алдына мақсат болмай, пәнге деген қызығушылықты дамыту құралы болу үшін, оны ұйымдастыруда келесі талаптарды ескеру қажет:
- Ойын шарттары қарапайым, нақты құрылу керек. Ойын мазмұны әр оқушыға түсінікті болуы шарт;
- Ойын нәтижелерін әділ, я нақты қорыту керек.
- Осылайша, оқу үрдісінде ойын мен ойын тапсырмаларын қолданғанда, балалар ешбір қиындықсыз, өздері байқамай, білім, білік, дағдыларды игереді.
Кейбір ойындардың сан алуандығын есепке ала отырып, сыныптың және кейбір оқушылардың жұмыс жасау мүмкіндіктеріне қарап, мұғалім сабаққа қажет жаттығуларды таңдай алады [71,72].
2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
2.1 Кіші мектеп оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің деңгейін бақылау
Зерттеудің осы кезеңінің басты мақсаты оқушылардың іс-әрекет белсенділігін анықтау. Осыған сәйкес, біз оның даму дәрежесін анықтауға бағытталған диагностикалық әдістемелерді іріктеп алдық.
Зерттеу Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебінің 2 «Б» (экперименталды) сынып пен 2 «А» (бақылау) сыныбы арасында бірнеше кезеңде (ақпан 2011 – наурыз 2011) жүргізілді:
- 2 сынып оқушыларының
іс-әрекет белсенділігінің
- бірқатар бақылау және тестілеу жұмыстарын жүргіздік;
- сабақ барысында бастауыш сынып оқушылары іс-әрекетін бақыладық;
- математика бойынша
- математика сабақтары топтамасын құрып, өткіздік, оның ішінде құрастырған дидактикалық ойындарды қолдандық.
- бастапқы және эксперимент
соңындағы оқушылардың
- математика сабағында
кіші мектеп оқушыларының іс-
Зерттеу эксперименталды және бақылау сыныптары арасында алынған өздік жұмысы нәтижесін салыстыру; сонымен қатар эксперименталды сыныптың бастапқы және соңғы кезеңдерінде нәтижесін салыстыру арқылы жүзеге асырылды.
Бақылау көрсеткіштерін талдап, кесте және суреттер арқылы бекіттік.
Іс-әрекет белсенділіктің көрсеткіштеріне тұрақтылық, оқу саналылығы, шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу жағдайларындағы тәртібі, оқу міндеттерін шешудегі өз беттілігі, тағы басқа жатады.
Оқушылардың оқу үрдісіне кірісу деңгейі мен іс-әрекет белсенділігінің байқалуы – нөлдік көрсеткіштен ең жоғарыға дейін өзгеретін динамалық көрсеткіш. Оқытушының тактикалық әрекеті оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін күнделікті шешуге бағытталса, стратегиясы оқу үрдісін оңтайландыруға бағытталады.
Оқушылардың белсенділік деңгейлері:
Нөлдік деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар белсенділігі өте төмен, оқу жұмысына әрең кіріседі, жоғары бағалары жоқ, әуел баста оқуға ынтасы жоқ оқушылар.
Олар тез арада жұмысқа кірісе алмайды, алайда өз белсенділігін бірте-бірте көтеруге қабілетті.
Оқытушы бір қызметтен екінші түріне тез ауысуды қажет ететін тапсырмаларды ұсынбауы керек, олардан тез арада жауап беруді талап қоймау керек, жауап беріп жатқан кезде ойын бөлуге, тосыннан сұрақ қоюға болмайды.
Оқытушы олармен жақсы қарым-қатынаста болуы қажет. Бұл – тактикалық кезең, ал стратегиялық жағынан қарасақ, оқытушы әртүрлі педагогикалық әрекеттер жасау арқылы оқушыларды нөлдік белсенділіктен жағдаяттық деңгейге көшіруі қажет.
Жағдаяттық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар көңіл күй ықпалына тәуелді. Оларды сабақтың жаңашылдығы, сабақ беру әдіс-тәсілдерінің өзгешелігі қызықтырады. Сабақ кезінде мұндай оқушылар жұмыстың жаңа түріне жеңіл кіріседі, алайда қиыншылық көрсе, сабаққа деген қызығуы күрт төмендеп кетеді.
Оқушыларға қатысты педагогтың тактикасы олардың көңіл күй белсенділігін құптау керек. Бұл топ басқаларға қарағанда жауап жоспарын, алгоритмді, тірек сигналын пайдалана білуді қажет етеді.
Орындаушылық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар үнемі үй тапсырмасын орындап келеді, кез келген жұмысқа дайын тұрады. Оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіруде осы оқушыларға сүйенеді. Олар тұрақтылықпен ерекшеленеді, олардың білімдері берік.
Дегенмен оқушыларды тірек, сүйеніш ретінде пайдалану педагогикалық қателік деп санау керек. Егер материал өте жеңіл болса, оқытушы үлгірімі төмен оқушыларға ғана көңіл бөлсе, бұл оқушылар сабақта іші пысып отырады. Сондықтан осы деңгейдегі оқушылардың танымдық қызметін белсендіру проблемасы өзекті болып саналады.
Оларға проблемалық, ізденіс және эвристикалық жағдаяттар ұсынуға болады, түрлі пікірталастарға «дөңгелек үстел», дебаттар, сот отырыстарына, т.б. енгізуге болады.