Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кенестік дәуірде туып – өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.

Содержание

Кіріспе
1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне сипаттама
1.4 Үлгермеушіліктің алдын алу
2 Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау өрісі дәрежесі мен оқу мотивациясын анықтау
2.2 Үлгерімі нашар балаларды жетілдіру жұмысының өткізілуі
2.3 Дамытушылық эксперименттің анализ нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
Қосымша В
Қосымша Г
Қосымша Д
Қосымша Е

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

Мазмұны 

 

Кіріспе

5

1 Бастауыш сынып оқушыларының  үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің  ғылыми - теориялық негіздері

8

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының  үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу  жайы

8

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының  оқу үлгермеушілік себептері

17

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне сипаттама

22

1.4 Үлгермеушіліктің алдын алу

27

2 Бастауыш сынып оқушылары  үлгермеушілігінің  алдын алу  бойынша тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс нәтижесі

30

2.1 Бастауыш сынып оқушыларының  ойлау өрісі дәрежесі мен оқу мотивациясын анықтау

30

2.2 Үлгерімі нашар балаларды  жетілдіру жұмысының өткізілуі

62

2.3 Дамытушылық эксперименттің  анализ нәтижелері

68

Қорытынды

72

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

74

Қосымша А

77

Қосымша Ә

79

Қосымша Б

81

Қосымша  В

82

Қосымша Г

83

Қосымша Д

84

Қосымша Е

85


 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен  сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы  болып жатқан өзгерістерге сай білім  беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кенестік дәуірде туып – өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Дегенмен, бүгінгі дәстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелілігіне қарамастан, қоғамның өте жылдам, тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны да рас. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтар оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жеке көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі дәл қазіргі уақыт, ең алдымен адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді. Білім таяз адамдар бұдан былай өмір ағымына ілесе алмайтын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Ендеше бұдан шығатын қорытынды: мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында айқын көрсеткен: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдайлар жасау».

Көптеген мектептерде  мемлекеттік білім стандарттарын  енгізумен қатар жаңа пәндердің көптеп қосылғандығы, авторлық білім беретңн және тәрбиелік бағдарламалардың жиі қолданатындығы, халықаралық білім беру бағдарламаларының игеріліп өз нәтижесін беріп жатқандығы кеңінен мәлім. Мұның барлығы шәкірттермен жұмыс істейтін әр типтегі барлық білім беру мекемелеріндегі балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие саласын жетілдіруге бағытталған.

Қазіргі заманғы қоғам  дамуының әрекеті, әлемдік және отандық  педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктері туралы проблемалар, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған мектептің озық тәжірибесі негізгі мектептің бастауыш сатысында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушылардың жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде оқушының тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңы мен Қазақстан Республикасындағы Жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасына орай мектеп құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер оқушыларға сапалы білім беруді талап етеді.

Мектептегі оқу жұмысының  сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу  әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу. Ол алдын-ала жасалған жоспар мен бағдарлама бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылып отырылды. Сондықтан, оқу басқа іс-әрекеттерге қарағанда, оқушылардың таным қабілетін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Оқу – баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті.

П.П.Блонский өзінің «Қиын  оқушылар» атты еңбегінде  үлгермейтін оқушылардың типтерін физикалық және психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты бөліп қарастырған.

Үлгермейтін оқушылардың  типологиясы бойынша құнды  материал Л.С.Славинаның «Үлгермейтін және тәртіпсіз оқушыларға жеке ықпал ету» кітабында бар. Бұл еңбекте  үлгермейтін оқушылардың топтары, үлгермеушіліктің негізгі себебі анықталған.

Б.Г.Ананьев ғылымында  педагогикалық процестегі бағаның  ролі көп жақты зерттелді.

В.С.Мерли (1959) «Жеке тұлға  психологиясының очеркі» еңбегінде  кейбір оқушыға, мына жұмысты жақсы  орындадың деген жеткілікті. Ал басқаның жұмысын осы түрде  бағалағанда, ол жеткіліксіз, оған үлкен баға қажет екені анықтады.

Ғалым-педагог Л.В.Занков: «Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет», – дейді.

Көрнекті психолог Л.С.Выготский: «Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» – деп тұжырымдайды.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен  ойлауы, оны істей білуі мен  танымдық белсенділігін арттыру  – қазіргі кезде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Бұл сабақта оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді.

Философия тұрғысынан танымға  мынадай анықтама берілген. «Таным – ойдың білмеуден білуге қарай  дәл емес, білуден неғұрлым толық  дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі». Адам танымы байқаудан нақты аңғарудан заңдарды теория жүзінде ашуға, сонан кейін ол заңдарды теория практикада қолдануға қарай жүріп отырады.

Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән  ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуды ілгері қарай бастауына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол – педагогикалық міндет талаптармен оқушылардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.

Зерттеу тақырыбы: Математика пәні бойынша кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін алдын-алу жолдары.

Зерттудің мақсаты: Бастауыш мектептердің оқыту үрдісінде үлгермеушілікті болдырмаудың әдіс – тәсілдерін пайдалану теориялық тұрғыдан негіздеу және педагогикалық эксперименттік жұмыста үлгермеушілікті болдырмау жолдары тиімділігін жолдарын көрсету.

Зерттеудің  міндеттері:

1. Жалпы орта білім  беретін мектептердің оқыту үрдісінде  үлгермеушілікті болдырмаудың жолдарын  іздестірудің теориялық негізін  анықтау;

2. Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдаланудың мәнін және негізгі бағыттарын айқындау, педагогикалық шарттарды негіздеу;

3. Педагогикалық эксперимент  арқылы үлгермеушілікті болдырмау  жолдарының тиімділігін анықтау.

Зерттеу объектісі: оқушылардың үлгермеушілігі

Зерттеу пәні: Оқыту процесінде үлгермеушілікті болдырмау жолдары мазмұны.

Зерттеудің  болжамы: Егер, оқушылардың үлгермеушілігін дер кезінде алдын алсақ және оқытудың тиімді жолдарын іздестіріп, жаңа формаларды, технологияларды қолдансақ онда олардың оқу процесі жақсарады.

Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау, байқау және т.б.

Зерттеу базасы: Екібастұз қаласының № 18 жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бастауыш  сынып оқушыларының үлгермеушілік  мәселелерін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері

 

1.1 Бастауыш  сынып оқушыларының үлгермеушілік  мәселелерінің зерттелу жайы

 

Үлгермеушіліктің себебін және алдын-алуын зерттеу негізінде екі терминді қолданамыз: «үлгермеушілік» және «артта қалушылық». Әдебиеттер мен тәжірибелердегі мәліметтерге сүйене отырып, бүл түсініктерге қандай да бір анықтама беруге болады. Үлгермеушілік негізінде оқушылардың дайындығының оқу процесінде бір тақырыптың оқылуына арналған сабақ немесе оқу тоқсаны, жарты жыл, жыл талаптарына сәйкес келмеушілігі түсіндіріледі.

Артта қалушылық дегеніміз - бүл белгілі бір уақыт аралығында талаптар мен тапсырмалардың орындалмауы. Үлгермеушілік пен артта қалушылық өзара тығыз байланысты. Үлгермеушілікте өнімдегі сияқты жеке артта қалушылықтар синтезделген - бүл артта қалу процесінің қорытындысы. Соңғы есеп бойынша көп бейнелі артта қалушылық үлгермеушіліктің бір-біріне шатасып, олардың төзе алмайтыны көрсетілген. Үлгермеушілікті алдын-алу міндеті - жеке артта қалушылықтардың одан әрі дамуына жол бермеу ескертілген.

Біздің зерттеулерімізде біз психологиялық негізгі себебіміз мектептегі үлгермейтін балалардың денсаулығы мен психикасын қарастырамыз. Бүл жерде оқушыны қандай да бір себепке байланысты (ауру, үй жағдайы) оқу тәртібінде және қандай да бір бөлімді игермеуіне байланысты оқушылардың қанағаттанарлықсыз баға алудағы жеке жағдайларға емес, түрақты үлгермеушілік туралы сөз болады. Біз үлгермеушіліктерге үштіктерді сонымен қатар, мектептегі бағдарламаны меңгеру мәселесіне сапасыз үстіртін қарайтындарды жатқызамыз. Сонымен, үлгермеушілік білім мазмүнының оқушылардың мүқият оқу бағдарламасын меңгеру деңгейімен салыстырғанда өте төмен болып саналады. Үлгермеушілікті қанағаттанарлықсыз бағамен теңестіруге болмайды. Үлгермеушілік түлғаның тәрбиеленуімен жалпы мәдениеттің маңызды жеткіліксіздіктерінен байланысатын аса кең көрініс пен сипатталады. Үлгермеушіліктің жойылуы екі жол арқылы жүзеге асады: алдын-алу жолы жәэне үлгермеушілікті жою жолы.

«Үлгермеушілік» түсінігі мен «артта қалушылық» түсінігі тығыз байланысты. Артта қалушылықтың белгілерін анықтау үшін сүрақ-жауаптың әртүрлі амалдары пайдаланылады, жүмыс кезіндегі бақылау және сабақтарда оқушылардың эмоционалдық реакцияларынан байқауға болады. Артта қалушылықты жеңіп шығуға мүғалімдердің кеңес берулері, топтағы қосымша сабақтар, артта қалғандарды белсенді оқитын сыныптастарының сабаққа тартуы көмектеседі. Білімдегі дифференциациялаудың кемшіліктерімен негізделген оқушылардың физикалық жағдайы нашар болатын сияқты т.б. Үлгермеушілікті жеңіп шығу үшін екі немесе үш оқу пәндерінен жылдық баға бойынша қанағаттанарлықсыз бағаға ие болған оқушыларды шартты түрде көшіру қолданылады. Бұл әдіс оқушылардың өздерінің және олардың ата-анасының оқу нәтижелеріне жауапкершілігінің артуын көрсетеді.

Үлгермеушіліктің негізгі симптомдары  ретінде педагогтар мен психологтар келесі сипаттамаларды бөліп көрсетеді:

- өз қатарластарымен салыстырғанда оқуға, санауға немесе басқа мектеп       тапсырмаларын орындауға қабілетсізділігі;

- тапсырманың уақытында орындалуына көңіл бөлмеу;

- мектептегі көптеген пәндерден нашар баға алуы;

- үй тапсырмасын орындауға деген ұмытшақтық;

- бала үй тапсырмасын орындамаса да, оның орындалғаны туралы айтады     немесе үй тапсырмасы берілген болса да, мұғалімнің ешнәрсе бермегендігін айтады;

- бала сабаққа жеңіл қарайды;

- бала жаман бағалары бар күнделікті көрсетуді «ұмытып қалады»;

- бала істі бастаса, оны толығымен аяқтамайды;

- оқушы мектепке барудан бас тартады;

- мектепке барып тұрып, сабаққа қатыспайды;

- мектепте «ауырдым» деп өтірік айтады;

- тапсырмаларды түсінуді қиналады және оқымайды;

- тұйық, оның достары өте аз;

- өзінің жастық деңгейіне сай келетін тапсырмаларды жүйелеуге қабілетсіз;

- мұғалімдердің көмегінсіз және қолдау тарапынсыз тапсырманы өзінің жасына тән орындай алмайды.

Жоғарыдағы көрсетілген  симптомдардың көпшілігі оқушыда  мүмкіндігінше онда мектеп үлгермеушілігінің қалыптастырғанын көрсетеді. Әлеуметтік қоршаудағы баланың үлгермеушілігінің психологиялық сипаттамасы келесіден көрінеді: жалпы мектептің педагогтары мен психологтарына мектеп бағдарламасын толық меңгере алмайтын балалардың мінез-құлқының бұзылуымен және тәртіпсіздігімен ерекшеленетіні белгілі. Үлгерімі төмен оқушылардың психикалық дамуының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу диогностикалық психологиялық эксперимент толық биографиялық зерттеу, сабақтарда және сабақтан тыс іс-әрекетте мінез-құлқын бақылау ата-аналарымен және мұғалімдермен сұхбаттасу - ғалымдар оқушылардың тұлғалық дамуының қалыптасуының бұрмалануына әсер ететін бірқатар жағдайларды көрсетеді [1, 75-135 б.].

Теріс мінез-құлқының қалыптасуының бірінші және ең маңызды фактор ретінде оқуға деген немқұрайлық, қандай да бір оқу жұмысына деген үлгерімі төмен баланың жек көрушілігі болып табылады. Материалды меңгерудегі қиындықтар сәтсіздіктерді үнемі сезінушілік мынаған алып келеді: мұндай балалар сабақтарды орындау процесінен қашады, дәптерлерін жыртады, кітаптарын тығып қояды, мектептің талаптарына жауап беруге қиналады. Олар сабақтарға қатысуды қояды, үйдегілеріне өтірік айтады, «сабақтан ешнәрсе берілген жоқ» деп алдайды, ал мектепте «кітаптарымды үйде ұмытып қалдырдым» деп сылтаулар көп айтады. Осы іс-әрекеттерден оқудың бір жылдық көлемінің өзінде-ақ мінез-құлқынының теріс жағы айқындала түседі. Екінші сынып оқушылары көлемінде келесі фактор оқушылардың мұғалімдермен конфликттік қарым-қатынастары қосылады. Бір қарағанда бұл қарым-қатынастар жағымсыз іс-әрекетті көрсететін секілді, педагогтардың үлгерімі төмен балаларға үстіртін қарайды дейтін пікір қалыптасады. Мұғалімдер оларға қатал қарайды, оларға айқайлайды, намысына тиетін ескертулер айтады, ата-аналарына шағымданады және т.б.  Мұндай іс-әрекеттерге мұғалімдер көмегінсіз оқудағы минималды жетістіктері бар балалар жұмыс істеуге қабілетсіз болып саналады. Онда барлық сөйлемдер қолданылады: педагогтар дауысын көтеру арқылы ескертулер мен үлгерімі төмен оқушылардың назарын аудартуға, оларды оқу жұмысына қосуға тырысады, сабақты орындауға талпындырады. Тұрақты конфликттік жағдайлардың әсерінен үлгерімі төмен балалар аз уақыттың ішінде ашық түрде сабақтан шығып кетуге, оқушының мұғалімге сөз қайтара бастауы оқу процесінің бұзылуына алып келеді.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу