Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кенестік дәуірде туып – өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.

Содержание

Кіріспе
1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне сипаттама
1.4 Үлгермеушіліктің алдын алу
2 Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау өрісі дәрежесі мен оқу мотивациясын анықтау
2.2 Үлгерімі нашар балаларды жетілдіру жұмысының өткізілуі
2.3 Дамытушылық эксперименттің анализ нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
Қосымша В
Қосымша Г
Қосымша Д
Қосымша Е

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

Мұғалімдер мен  психологтар  оқушының бойында оқуға деген  қызығушылықты, тұрақты мотивацияны, сәттілікке деген жетістікті қалыптастыру керек. Мектептегі үлгермейтін оқушылардың өзін- өзі бағалау деңгейінің жоғарғы болуы- бұл жақсы қасиетті  көрсетеді, себебі оқушының өзіне сенушілік қасиеттерін жояды.

Мектептегі үлгермеушілікті  жою үшін, оқушының оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру керек. Психологтар үлгермейтін оқушылардың танымдық сферасындағы қызығушылықтарды әлсіз, тұрақсыз деп сипаттайды. Үлгермейтін оқушылардың танымдық сферасындағы қызығушылықтар дөрекілік мінезден көрінеді. Оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру үшін алдымен,  қарапайым қызығушылықтан бастау керек. Оқушының қызығушылығын дамыту үшін, алдымен  ерік дағдысынан көңіл бөлу, экскурцияға апару, тәжірбиелік әрекеттерді көрсету және т.б.  Көптеген зерттеулер нәтижесінде жеке адам өзінің  оқу қабілеті мен үлгерімін тығыз байланыстырып көрсетеді.

Бруковер, Томс және Паттерсон (1964) зерттеулерінде оқушының өзінің оқуындағы  қабілеттерінің көрсетуін және басқалардың  бақылауын маңызды екенін оқушы  үлгерімі мен байланыстырып қарастырады. Осы зерттеулерден келесі нәтижелерді шығарады:

1.Оқушының өзің оқуға  деген қабілеттігі мен үлгерімі  жағында, маңызды корекциясын  көрсетеді. Бұл интеллектіге тәуелді  болады.

2.Оқушының оқудағы  қабілеттік түрлі сабақтарда  жалпы бағалауларымен ерекшеленеді.

3.Оқушы өзінің қабілеттерін  коррекциялау барысында басқалардың  ол туралы бағалауын ескереді.

Комбс (1964) оқушының қоршаған ортаға деген өзара байланысында өзін-өзі тәрбиелеуі оқу үлгерімі мен ерекшеленетіні зерттелді. Эксперемент барысында балалардың интеллект деңгейін орта  деңгейден жоғары екенін көрсетті. Үлгермейтін оқушылардың сезімдері адекватты емес, олар айнадағыларды үлкендер мен құрдастарын өзіне жағымсыз қарым-қатынаста деп ойлайды. Комбс  зерттеуінде үлгермейтін оқушыларды тәрбиесі, қабілетті балаларға қарағанда эмоциясы жақыннан ерекшеленетінін көрсетті.

1956 жылы Уолш үлгермейтін  оқушылардың интеллектісі орта  деңгейден жоғарланғанын эксперимент барысында көрсетті. Үлгермейтін оқушылар кінәні өздерінен көп іздейді, мінез-құлқын жасырады.

Гауза, Вуден және Мюллер (1980)  зерттеулерінде үлгермеушілік- бұл оқушының физикалық дамуына  тәуелді емес, мектептегі  құрдастарының  адаптациясына  байланысты болады дейді. Осыдан қорытынды шығаратын болсақ, оқушының тұлғалық параметрлері ақыл- ой іс- әрекетінде оқудағы арта қалушылығы көрініп отырады [5, 128-146 б.].

Оқушының өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейін қалыптастыруда келесідегі психологтар А.И. Липкина 1971; Е.Н. Саванько 1972; В.С. Мерлин, 1973; Л.И. Божович 1976; Б.Г. Ананьев 1980 және т.б. еңбектерінен көреміз. Өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейі тұлғаның қажетті  және ауыр компоненттерін қарастырады. Өзін-өзі бағалау бұл ақыл ой іс- әрекетіндегі тұлғалық параметрлердің  тәжірбиелік компоненттерінің бірі және тұлғаның  динамикалық білімі. Е.И. Саванько зерттеулерінде оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары, оқушылардың бағалауы педагогикалық бағалаумен сәйкес келетінін көрсетті. Өзін-өзі бағалау дегеніміз - адам өзінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын сезінгенде көрінетін өзін-өзі саналау компоненттерінің бірі.

 Үлгермейтін оқушылардың  көпшілігі өзінің мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Б.Г.Ананьев зерттеулерінде оқушылардың өзін-өзі бағалауы педагогикалық бағалаумен сәйкес келетінін көрсетті. Оқушының үлгермеушілігін психологиялық мәселелерін зерттегенде оқушының оқудағы сәтсіздігі, оқуға немқұрайлы қарауы, пассивтілік көрсетуі, оның мотивациялық өзін-өзі бағалауының төмендеуіне әсер ететін көрсетті.

А.К. Маркова, М.В. Матюхин  еңбектерінде өзін- өзі  бағалауды  қажетті тәсіл ретінде үш түрге бөліп көрсетті: прогностикалық, процессуалдылық, ретроспективтілік.

      Прогностикалау өзін-өзі бағалау- бұнда тұлға өз іс- әрекетін құруда өзінің мүмкіндіктерінен ерекшеленеді.

Процессуалдылық өзін-өзі бағалау- тұлғаның іс- әрекеті барысында бағыттап коррекциялау.   

Ретроспективтілік өзін-өзі бағалаудағы  іс- әрекетің аяқталуы, яғни іс- әрекет нәтижелерін  мазмұнды бағалау болып  табылады.

4. Өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің теңсіздігі деген себепті қарастырайық.

Оқушылар қиын тапсырмаларды шешуге талпынуы өзін-өзі бағалауда қалыптасады. Талаптану деңгейін зерттеген көптеген зерттеушілердің ішінен З.И. Калмыкованы айтуға болады. Ол өзінің зерттеулерінде оқушыларды жақсы үлгерететіндер, орташа үлгеретіндер, әлсіз үлгеретіндер деп үш топқа бөліп көрсетеді. Ол оқушыларға тапсырма беру барысында 87%-ін орындаған оқушыларды жақсы үлгеретіндер деп атады.

Орташа үлгеретін оқушылар - бұл  берілген тапсырманың 57%- ін  орындаған  оқушылар болды. Бұл топта оқушылардың  көпшілігі өздігінен адекватты  түрде бағалаған. Орташа үлгеретін оқушылардың 14%- ін қиын тапсырманы таңдап алғандар болды, ал 28-%- і өзін-өзі бағалауын жоғары бағалаған оқушылар.

Әлсіз үлгеретін оқушылар, орташа үлгеретін оқушыларға қарағанда  саны жағынан аз. Әлсіз үлгеретін оқушылар жеңіл тапсырманы орындағанда 29%- ін өзін -өзі бағалауын жоғары болуы, бұл оқушының оқу қабілеттерінің  жетістіктерінен көрсетеді.

5. Оқушының оқу іс-әрекетінің жетістіктеріне  басқалардың әсері. Бала мектеп өмірінде бағдарламаны бірдей меңгереді.

Біріншісі- оқушының белгілі  тапсырмаларды меңгерудегі арнайы өту бағдарламалары.

Екіншісі- мектептегі тұлғааралық  өзара қалыптасу мен сипатталатын әлеуметтенудің жабық бағдарламалары.

Оқушы әлемі- бұл мектептегі оқу  тапсырмаларды меңгеру және оқушылардың бір-бірімен  қарым-қатынасынан көрінеді.

«Басқалардың маңызы» термині  – бұл бала үшін қажетті қабілеттерді сенуі. Балалық шақта  бала үшін маңызды  ата-анасы болса, ал мектепте мұғалім  және топтағы құрбы-құрдастары болып  табылады [6, 198-21 6.].

 

 

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері

 

Зерделесек, оқу жұмысын  дұрыс ұйысдастырғанның өзінде де бірнеше  нашар оқитын һәм үлгермейтін  оқушылар табылып жатады. Бұл құбылыс  мейілінше сан алуан себептерден  тұрады. Бір сыныпта бірдей жағдайда оқып отырған оқушылардың үлгерімі түрліше болуы оқушының жеке бас психологиялық ерекшелігі себеп болады. Сабақты бір оқушылар тез оңды меңгерсе, екіншісі баяу қабылдайды, түсінбей үлгремеушінің қатарына қосылады. Әр оушының үлгермеушілік себебі әртүрлі болады.

Басым балалардың артта  қалуларының, үлгермеулерінің, сабақта  және үйде жұмыс жасамауларының, ақырында екінші жылға қалуларының себебінің  бірі – денсаулықтарының нашарлығы, көбінесе, білінбейтін һәм ата-ана, дәрігер мен мұғалімнің біріккен әрекеттері нәтижесінде ғана емдеуге болатын сырқат.

Балалардың денсаулығына зер салғанда, жыл өткен сайын  баланың рухани өмірінің, оның зияткерлік дамуының, ойлау қабілетінің, назарының, оның тындырымдылығының, дене күшіне тәуелділігінің таңғажайып көріністері айқындала бастайды.

Кейбір балалардың реңдері  жайнап тұрса да, олардың денсаулығына назар аударып, тексергенде астыртын кесел табылады. Астыртын кеселдер мен әлсіреу мұғалім сабақтың әр минутын ой еңбегін көп қажет  ететін жұмыспен толтыруға тырысқан шақта айрықша білінеді. Әдеттен тыс ой еңбегімен қатты шұғылдану кейбір балалардың шектен тыс қимыл жасауына әкеп соғады, көздері бозарып, көз қарасы бұлдырап, қимылдары әлсірейді. Мұндай шапшаң қарқын сау балалардың өздеріне де ауыр әм залалды. Асылында, бала өз табиғатында білуге құмар талпынғыш келеді, ал мектепке алғаш келгенде оның көздерінен білімге деген құштарлық көрініп тұрады. 

Оқу – білімді механикалық  түрде бере салу емес. Бұл – өте  күрделі адамдық өзара қатынастар. Оқушы – алдымен адам, артынша  еңбеккер. Еңбектің нәтижесін көрсе ғана жетістікке қол жеткізеді. Нәтижесіз оқу білімге деген ынтаны жояды.

 Түптің түбінде  оқуға ынтасы жоқ оқушылар  қайтеді? Күн сайын, ай сайын  өз еңбегі туралы жаман деген  бір сөзді естиді. Оның еңбегінің  сипатын біртіндеп өзінің жеке басының сипаты деп қабылдайды, бала біртіндеп өзім де жаманмын деген сенімге келеді. Бала жанында керемет жасырын орын бар, ол – адамдық намыс. Оның жаны биязы, нәзік, осал, сезімтал, оны оп-оңай жаралап я жансыздандырып алуға болады. Бұл, әсіресе, оқудың бірінші сатысында – бастауыш мектепте маңызды, ондабала қиыншылықты жеңуді білмейді, онда сәтсіздік қайғы әкеледі. Егер бір сәтсіздіктен соң екінші сәтсіздік кездессе, бала біраз уақыт жапа шегеді. Баланың жан дүниесі жараланады, жансызданады, оған енді бәрібір болады.

Сабақты үлгермеушіліктің тағы бір себебі – көптеген жағдайда тәрбиеге, өте жас кезінде баланы қоршаған жағдайға байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі  сынып оқушыларының ата-аналары  мен тәрбиешілері табиғаттағы ең нәзік, ең сезімтал нәрсемен – баланың миымен жұмыс істейді. Ал егер бала үлгермеуші бала болып шыққан болса, егер басқа адамдардың қолынан келетін нәрсенің бәрі оның қолынан келмейтін болса, демек, ол бала кезінде төңірегіндегі адамдардан өзінің дамуы үшін алуға тиісті нәрсені алмағаны.

Адамның шексіз әуестігі, құштарлығы, білуге құмарлығы, табиғат  сырларына таңданып, таңырқауы табиғатпен біте тумайды, адамнан ауысады. Олар – адамның қалыпты дамуы үшін өте қажетті, аса маңызды адамгершілік, қоғамдық қатынастардың элементтері. Ересек адамдар баланы тандануға, білмегенін сұрауға дағдыландыруы керек. Баланың әуестігі оның төңірегіндегілер үшін байқаусыз көрінеді. Бала неғұрлым көп сұрақ беріп, білуге ұмтылса, көбірек танданады, қуанады. Баланың санасында һәм оның ойында, сондай-ақ адамдық тандану, сұлулыққа таңырқау, адамның ақылына және оның қолының шеберлігіне таңырқау сақталып қалады.

Анығында, үлгермеушіліктің тағы бір себептері: оқушының қатардан қалып қоюы әуелде ұсақ-түйектен басталуы мүмкін. Өтілген жадығаттың біраз жерін не тұтасымен бәрін түсіне алмай қалады. Осының салдарынан оқушы жадығатты меңгере алмайды. Жаңа сабақ өткен жадығатқа негізделіп жүргізілетіндіктен, оны да шала түсінеді. Сонымен біртіндеп оқушы бағдарламаның бір бөлігін шала түсінген немесе мүлде түсінбеген болып шығады. Мұғалім дер кезінде мұныбайқап көре білуі керек. Оқушының қалыс қалғанын өз бетімен жұмыс жасағанда да анықтауға болады. Кейбір оқушылар сабаққа ынта қоймай басқа жұмыспен айналысып, не алаң көңіл болып отырады. Мұғалім мұндай оқушыларды байқамай қалады да, олар ақырында сабақ үлгермеушілерге айналады.

Сабақты үлгермеудің  тағы бір себебі – мұғалім оқушының білімін жиі-жиі тексеріп, есепке алмағандықтан. Оқушының нақты білімін  саралап анықтамайды. Ережелер құрғақ жатталынады. Уақыт жетпейді деген сылтаумен жаттығу жұмысы  аз орындалады. Содан барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға қиналады. Үйге тапсырма беру мен оны тексеру әдістемесінің дұрыс болмауы оқушылардың сабақты үлгермеуінің бір себебі.

Үлгермеуші баланың ұқыпсыздығы мен зейінсіздігі, көбінесе, немқұрайлылықпен ұштасып, ойлай алмайтындығы, ұқыпсыздығы салақтыққа айналады. Осындай кемшіліктердің бәрін жоюға ұмтыла отырып мұғалім балаға сабақта да, сабақтан кейін де жеке көмектесуі керек. Бала мұғалімнің өзінен талап еткенін қайткенде де орындауға тырысады. Ол өзінің титтей табысын қадір тұтады. Мұғалімнің мақтауы ол үшін ойдағыдай еңбектенуге қажетті жаңа ішкі күш-жігердің қайнар көзіндей. Мұғалім баланың салдық-салақтығын бетіне баспауы һәм оның күш-жігеріне деген сенімін де жоғалтпауы керек. Баланы моралдық жағынан қолдап, төзімділік танытуы керек.

Зады, баланың ойлау  қабілетінде сапалы өзгерістер жасауға  төтенше шаралар арқылы баланың  ерік-жігеріне әсер ететін әлдеқандай құралдар арқылы жетуге болмайды. Ашып айтқанда, ақылды болуға мәжбүр ету мүмкін емес. Сондықтан мұғалімнен талап етілетін ең маңызды нәрсе – баланың өз күшіне деген сенімін нығайту һәм оның ой еңбегінде сәл де болса алға басушылық болатын сәтті төзімділікпен күту.

Сонымен, оқушыларда үлгермеушіліктің туындауына не себеп? Неге бала оқуға үлгермейді. Мұндай сұрақ ата - аналар мен мектепті қатты толғандырады. Баланың оқуға үлгермеушілігінің негізгі себептері бар. Көптеген ғалымдар мен педагогтар оны білім берудің әдістерінің жетклікті дамымағандығынан көреді. Мұнымен келіспеуге болмайды. В.Н.Шаталов, С.Н.Лысенкова сияқты педагогтардың жұмыс тәжірибесі мұны дәлелдейді. Сонымен бірге, кейбір мұғалімдер үлгермеушілікті баланың еріктік және адамгершілік сапаларынан, талаптанудың жоқтығын себеп ретінде көрсетеді. Бұдан үлгермеушілікке тек бір себеп әсер етедідеген қорытындыға келіп, үлгермеушілік мәселесін жеңілдетіп, оған үстірт қарауға болмайды. Себебі, баланың окуға үлгермеуіне бірнеше себептер комплесті түрде әсер етеді.

Оқушылардың оқуға үлгермеушіліктерінің себептерін дүрыс анықталмай көптеген мұғалімдер көбіне аса жетклікті нәтиже бермейтін кейбір пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру (онда күнделікті сабақта қолданылатын дәстүрлі әдістер қолданылады) және оқушыларға әр түрлі формада қысым көрсету сияқты амалдар қолданылады.

Кейбір мамандардың  ойынша, әрқилы жағдайдағы мектетггегі үлгермеушіліктің туындауына әр түрлі психологиялық себептер әсер етеді (Н.П.Локалова үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімге көмек көрсету керектігін атап өткен. Бұл көмек улгермеушіліктің психологиялық себептерін білгенде ғана тиімді болады). Үлгермеушіліктің психологиялық себептері оқушының жеке бас қасиеттеріне, қабілеттеріне, мотивіне, қызығушылықтарына және т.б. қатысты.

Психологиялық факторлар арасынан оқуға әсер ететін бірнеше сфераларды анықтауға болады:

Информация о работе Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу