Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кенестік дәуірде туып – өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.

Содержание

Кіріспе
1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне сипаттама
1.4 Үлгермеушіліктің алдын алу
2 Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау өрісі дәрежесі мен оқу мотивациясын анықтау
2.2 Үлгерімі нашар балаларды жетілдіру жұмысының өткізілуі
2.3 Дамытушылық эксперименттің анализ нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
Қосымша В
Қосымша Г
Қосымша Д
Қосымша Е

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

- танымдық;

- мотивациялық;

- эмоциялы - еріктік;

Психологиялық себептің бірінші тобына оқу іс - әрекеті амалдарының қалыптаспауы; - психикалық процестердің дамуындағы жетіспеушіліктер, әсіресе баланың ойлау сферасының; - танымдық әрекетте көрінетін баланың өзінің жеке ерекшеліктерін дұрыс қолданбауы жатады.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаға, ол үшін іс - әрекеттің жаңа түрі болып табылатын - оқу іс - әрекетін меңгеру керек. Сондықтан, оған белгілі бір дағды мен іскерліктер қажет. Мысалы, әріптерді үлгіге қарап көшіру, санау, өлеңдерді жаттау сияқты. Осы әрекеттерді орындауда ол өзіндік әдістерді қолдана бастайды. Ал бұл әдістердің қаншалықты ұтымды екенін оларға анықтау оңай емес. Осы кезде оларға мұғалім мен мектеп психологы көмекке келеді. Бұл көмекті жүзеге асыру барысында мұғалім мен психолог баламен жеке жұмыс атқару қажет екенін ескергені жөн. Бұл жұмыс барысында олар баланы оқу процесінде және эксперименттік тапсырмаларды орындау кезінде бақылайды, баланың белгілі бір оқу тапсырмасын орындауы туралы әңгімелеседі, пікір алысады, осал жеріне көңіл аудартады, қателерін көрсетіп, оның және оның ата - анасының оны түзетудің жолдарымен таныстырады, оқу процесінде білімді толық меңгеру мақсатында біліктілік пен дағдыларды қалыптастырып, оқудың дұрыс амалдарын көрсетеді.

Ал енді психикалық процестердің қалыптасуындағы кемшіліктерге тоқталатын болсақ, бұл оқуға үлгермеушіліктің психологиялық себебі бақылаушылардың көзіне бірден көріне бермейтін себептердің бірі. Осы себеші үлгермеушілікке баланың ойлау амалдарының, есте сақтауының және зейін қасиеттерінің жеткілікті деңгейде қалыптасып, дамымауы жатады. Егер осы психологиялық процестер бала бойында жеткілікті дамымаса, ол баланың оқудағы үлгеріміне кері әсерін тигізеді.

Зейін деп - адам санасының бір затқа бағыттала  тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Оқу процесінде зейін үлкен мәнге ие. Оқу іс - әрекеті мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін оқушы өз зейінін бөле білуі мен шоғырландыра алуы, тұрақтата алуы өте маңызды. Зейіннің бұл қасиеттері оку үлгеріміне тікелей әсер етеді. Айталық, оқушы математика сабағында есеп шығарып отыр, жұмыс барысында ол өз зейінін есеп шығаруға шоғырландырып, тұрақтатады, сонымен бірге тақта алдында осы есепті шығарып тұрған оқушы әрекетіне көңіл аударып, зейінін бөліп отырады. Бұның бәрі есепті дұрыс шығару үшін қажет, ал тапсырманы Дұрыс орындау өз кезегінде оқушының оқу үлгерімін анықтайды.Оқу барысында бір сабакка көңіл аудару зейіннің бөлінушілік қасиетіне байланысты.

Бастауыш  сыныпта ырықтылық қалыптасып, ырықты зейін, ес, ойлау процестері дами түседі. Оқушы ырықтылықтың арқасында өз іс - әрекеті мен тәртібін басқара үйренеді. Бұл түрлі оқу тапсырмаларын нәтижелі орындауға өз септігін тигізеді.

Зейіннің көлемі, аударылуы, алаңдаушылығы да баланың білімді меңгеруіне өз зейіннің тұрақтата алмай , әр нәрсеге алаңдаса, онда ол сабақ тақырыбын түсінуге, не тапсырманы дұрыс тиянақты орындауғы кері әсерін тигізеді.

Ойлау баланың  білімді толық меңгеруіне үлкен септігін тигізеді. Ойлаудың кейбір ерекшеліктерінің дамымауы үлгермеушіліктің себебі болуы мүмкін. Тап осы ойлаудың дамуындағы жетіспеушіліктер оқушылардың оқуға үлгермеуінің психологиялық себептерінің кең тараған түрі. Оқу процесінде ойлаудың даму деңгейінің төмен болуы теориялық білімді практикада қолдана алмаудан көрінеді. Бастауыш сынып ұғымды ойлаудың дамуының сензетивті кезеңі болып табылады. Бұл жас кезеңінде ғылыми ұғымдардың қалыптасуы енді басталады. Білімді толық қанды меңгеруде бала әр сөздің мағынасын біліп, ұғымдарды түсіне алуы шарт. Бала бойында анализ, синтез, салыстыру, жалпылау сияқты ойлау операцияларының қалыптасып, дамуы оку процесінің жемісті болуының негізі. Ойлау дағдылары кез келген оку тапсырмасын орындауда қажетті.

Бастауыш сынып оқушыларының ойлауының нақтылығы сөз бен сөз тіркестерінің ауыспалы мағынасын түсінуде қиындықтар тудыртады, ойлаудын, инерттілігі (барлық мәліметтерді қажетті және жетклікті талдаудың жоқтығы) дұрыс емес ой қорытындысын жасауға әкеледі және белгілі бір мәселені шешуде барлық керекті мәліметтерді бір мезгілде қолдана алмауға әкеледі. Сондықтан мұғалім жаңа тақырыпты өтпес бұрын сабақ барысында қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек.

Төменгі сынып оқушыларында есте сақтау амалдары қарқынды қалыптаса бастайды. Сондықтан, тап осы кезенде балаларда материалды есте сақтаудың тиімді амалдарымен таныстырған жөн. Мысалы, мұғалім окушыға Абай Құнанбаевтың өлең жолдарын жаттау тапсырмасын берді делік. Бір бала оны өз бетінше жаттады, ал келесі балаға оны жаттауға мұғалім көмек көрсетті. Мұғалімнің көрсеткен көмегі: ең алдымен тапсырманы орындау үшін балаланың зейінін аударып, тұрақтандырады, одан кейін өлеңге талдау жасалады, содан соң әрбір сөйлемнің мазмұны ұғындырылып өлеңде кездесетін рифмаға мән беріледі, жаттауда мағыналық есті басшылыққа алды. Нәтижесінде ешкімнің көмегінсіз тапсырманы орындаған бала өлеңді бір сарында, ептеген кідірістермен айтып берді, ал мұғалімнің көмегі көрсетілген оқушы - өлеңді мәнерлеп, ешбір кідіріссіз, әсерлі айта білді. Осындай қарапайым мысал бір ғана оқу тапсырмасын орындауда зейін, ойлау, ес, әсіресе, мағыналық есте сақтау сияқты процестердің оқу процесіндегі маңызын ашып көрсете алады. Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талпындыратын түрткі - мотив деп аталады. Баланың мектепке, сабаққа жалпы оқу процесіне деген өзінің жеке мотиві болады. Осы мотив оқушының оқуға деген қатынасын анықтайды, мотивтің негізінде оқушының оқудағы үлгерімі анықталады. Әрине, егер бала не үшін оқитындығын бар сана - сезіммен ұғынса, бойында оқуға, көп білуге деген қызығушылық болса, онда баланың оқу үлгерімі жоғары не оның қабілетіне сай орташа болады. Ал балада оқуға деген түрткі болмаса, оқуға ата - анасы мәжбүрлесе, онда, әрине, баланың үлгерімі керісінше төмен болады.

Алғашқыда мектепке кез - келген окушы аса қызығушылықпен келеді, олардың оқып, көп білгісі келеді. Оқушылардың мотивінің деңгейі көбіне оқу жылының соңына қарай төмендейді, бұл оқытуды ұйымдастырудың кемістіктерінің салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан мүғалім мен педагогикалық ұжым баланың оқуға деген мотивациясының жағымды болуы керек екенін үнемі ескеріп, үнемі дамытып отырғаны жөн. Жағымды мотивацияның төмендеп немесе жойылып кетпесі үшін мұғалімдер сабақты қызықты ұйымдастырып, оқушылардың сабақ барысындағы көңіл - күйін бақылап отыруы керек.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл - қозғалысты психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен, ерік дегеніміз адамныі өз мінез - құлқын меңгере алу қабілеті.

 

 

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне сипаттама

 

Оқу іс - әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Оқу арқылы бала қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым - білім жүйелерін меңгереді. Бастауыш сынып жас кезеңінде оқу іс - әрекеті басты болып табылады. Бұл шамамен 10 және 11 жыл уақыт аралығын қажет ететін өте күрделі іс - әрекет. Әрине оның белгілі бір құрылымы болады. Д.Б. Эльконин ұсынған оқу іс - әрекеттерінің 5 компоненттерін қарастырайық:

1. Бірінші  компонент - мотивация;

    1. Екінші компонент - оқу тапсырмасы;
    2. Үшінші компонент - оқу операциялары;
    3. Төртінші компонент - бақылау;
    4. Бесінші компонент - баға;

Бірінші компонент - мотивация. Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі : мотив - бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір кажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттерге итермелеуші күш, яғни адамның әрқандай қылық әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.

Мектепке  дейінгі кезеңде басталған жеке тұлғаның қалыптасуы бастауыш сыныптарда одан әрі жалғасады. Мектептегі үлгерім, баланың жақсы және жаман оқушы ретінде бағалануы, әрине, баланың жеке тұлғасының дамуына өз септігін тигізеді.

Мотивациялық сфера, А.Н.Леонтьевтің  ойынша, жеке тұлғаның ядросы болып табылады. Өзінің мектептік өмірінің басында, оқушының ішкі позициясына ие бола отырып, баланың оқығысы келеді, өте жақсы оқығысы келеді. Жоғары баға алу балаланың мақсатына айналады. Ал мақсаттың мотивтері әр түрлі. Бұның бәрі, өзінің жаңа оқушы статусының құптауымен байланысты - оқудың әлеуметтік мотиві. Бала жақсы оқығанда оны мұғалім де , ата - аналары да мақтайды, өзгелерге улгі етеді. Сыныпта мұғалім көзқарасы беделді болса, онда жоғары баға ұжымда ерекше статусты қамтамасыз етеді. Оқудың кең әлеуметтік мотивтеріне жақсы оқушы статусымен бірге, міндет, жауапкершілік, білім алуға деген қажеттілік және т.б. қатысты. Бұларды оқушы есепке алады, олардың оқу жұмысына ерекше мән береді.

Үлгерімі  төмен оқушылардың мотивациясы  спецификалық (өзгеше, ерекше) - ол өзінің үлгерімі жақсы құрдастарының мотивациясынан басқаша. Жоғары баға алуға деген күшті мотив болғанымен, олардың оқудың әлеуметтік мотивінің шеңбері біршама тар, бұл мотивті кедейлендіреді. Оқудың кең әлеуметтік мотиві балалардың ересектерден алатын құнды бағыттарына сәйкес келеді, Ал ол өз кезегінде ең алдымен отбасында меңгеріледі. Мектеп өмірінде мәнді не, құнды не? Бір тоқсан оқыған 1-ші сынып оқушыларының оларға не ұнайды не ұнамайтынын сұрайды. Болашақ озат оқушылар басынан - ақ оқу мазмұнының және мектеп ережелерін бағалайды: «Математика және қазақ тілі пәндері ұнайды, себебі, онда бәрі қызықты», «Сабақ ұнайды, балалардың мұғалім апайдың көңілін түсіретіні ұнамайды», «Барлық балалар жақсы, тіл алғыш болуы керек». Болашақта үшке оқитын оқушылар және үлгермейтін оқушылар басқаша жауап қайырады: «Мектепке демалыс күндерінің болатыны ұнайды», «Қосымша сабақтар ұнайды», онда біз ойнаймыз, олар, «ересек» құндылықтарын меңгермейді, оқудың мәнді жақтарына бағытталмайды. Танымдық қызығушылық аймағында да осы тектес айырмашылықтарды байқауға болады. белгілі бір оқу пәнін зерттеуге деген терең қызығушылық бастауыш сыныптарында сирек кездеседі. Көбіне ол арнайы қабілеттердің ерте дамуымен сәйкес келеді. Бұндай дарынды болып саналатын балалар саусақпен санарлык. Көптеген бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының деңгейі аса жоғары емес. Бірақ үлгерімі жақсы балаларды әр түрлі, оның ішінде (турлі сабақтарда, әр түрлі оқу материалдарын зерттегенде) күрделі де оқу пәндері қызықтырады. Оларда жағдайға байланысты әр түрлі сабақтарда, әр түрлі оқу материалын  зерттегенде қызығушылык нышаны және интеллектуалды белсенділік байқалады.

Танымдық мотивтің маңызды аспектісі - оқу - танымдық мотивтер, өздігінен жетілу мотивтер. Егер бала оқу процесі барысында бір нәрсені білдім, бір нәрсені үйрендім, түсіндім деп қуанатын болса, онда балада оқу - іс әрекетінің құрылымында адекватты мотивация дамуда. Өкінішке орай, үлгерімі жақсы окушылар арасында, оқу - танымдық мотивке ие болатын балалар аз.

Көптеген  оқуда артта қалған оқушылар интеллектуалды пассивті. Олар көбіне оңай деген, негізделмеген  пәндерге, кейде - тек біреуіне, айталық денешынықтыру немесе ән сабақтарына қызығушылық танытады. Төмен бағамен байланысты қиын, аз түсінілетін оқу пәндері - математика, қазақ тілі -танымдық қызығушылықты сирек туғызады. Бірақ бұл қызыгушылықтар үлгерімі жақсы балаларға қарағанда, аса мазмұнды емес. Үлгермеуші оқушылар бөлек, жеке әрекеттерді орындау процесіне бағытталады және бастауыш сыныпта оқу жылдарына оңай оқу жұмысына, мұғалім іс - әрекетін механикалық түрде қайталауға бейім. Қазақ тілі және тіпті математика сабақтарында оларды жаттығу мазмұны, ережелер мен математикалық амалдар емес, сөздерді жазып алу, кітаптардан көшіру процесі қызықтырады. Пән мазмұнына деген қызығушылық көбіне материал жаңалығына, нақты жұмыс түрлерінің ауысуына, оқытудың көрнекілік жағына және сабақтағы ойын элементтеріне байланысты.

Үлгерімі  жоғары балаларда жетістікке жету мотивациясы  айқын көрініс тапқан. Ол көбінесе жоғары баға алу мотивіне сәйкес келсе  де, баланы сапалы және нәтижелі оқу іс - әрекетіне бағыттайды. Жетістікке жету мотиві -танымдық қызығушылықтармен бірге аса құнды мотив қадір, мәртебе мотивациясынан айыра білу керек.

Мәртебе (престижная) мотивациясы жетістік мотивациясына  қарағанда, аса кең таралмаған, ол өзіндік бағалауы жоғары және лидерлікке бейімділік. Бұл мотивация оқушыны сыныптастарына қарағанда жақсы оқуға итермелейді, бірінші   болуды   қалайды.   Егер   мәртебе   мотивациясы   жеткілікті   дамыған қабілеттерге сәйкес болса, озат окушы дамуының мықты қозғаушы куші болады, оның оқуда жоғары нәтижелерге жетуіне септігін тигізеді.

Үлгерімі  төмен окушыларда мәртебе мотивациясы дамымайды. Жетістікке жету мотивациясы, сонымен бірге жоғары баға алу мақсаты оларға оқу жылының басында тән. Бұл уақытта жетістік мотивациясында екінші тенденция айқын көрінеді – сәтсіздікке ұшырап қалу мотивациясы. Балалар екі бағасын алып қалмаудан, оның салдарынан (мұғалімнін разы болмауы, ата -аналардың ұрысуы) қашуға тырысады. Бұл тенденция жемісті білім алмаған жағдайда қарқынды дамып, бала бастауыш сыныпта білім алуды аяқтаған уақытта жетістікке жету мотивациясымен жоғары баға алуға деген талпынысынан аиырылады, ал сәтсіздікке ұшырап қалмау мотивациясы бірітіндеп күшейе түседі. Ол балада қобалжушылықты тудыртып, оқу іс -әрекетіне жағымсыз эмоцияның туындауына себеп болады.

Бұл уақытта  үлгермеуші балаларда ерекше орын толтыру (компенсаторлық) мотивациясы туындайды. Бұл оқу іс - әрекетіне деген қатынасқа кері әсер ететін мотивтер. Олар басқа әрекет аймағында өз орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, спортта, музыкада, сурет салуда, егер бала іс - әрекеттің басқа бір аймагында өзін таныта алса, төмен үлгерім бала уайымының бастауы бола алмайды, яғни оған аса көп мән берілмейді.

Сонымен барлық балаларда мектепке жақсы оқуға  деген тілек болады. оқу барысында оларда әр түрлі оқу мотивтері қалыптасады. 10-11 жас шамасындағы балалардың бір бөлігінде оқуға деген қатынасы өзгереді. Жағымсыз қатынас үнемі үлгермеуші балаларда қалыптасады (ол шамамен 20%, ал 40% окуға амбивалентті қатынас).

Екінші компонент - оку тапсырмасы, яғни, тапсырмалар  жүйесі, оларды орындау барысында балалар жалпы әрекет амалдарын меңгереді. Оку тапсырмаларын басқа тапсырмалардан айыра білу керек. Көбіне балалар нақты тапсырманы шеше отырып, өздері оларды шешуде жалпы амалдарды табады, бұл амалдарды әрбір оқушы өз бетінше түсінеді де, осыдан бір - біріне ұқсас тапсырмаларды     шешуде  қателер  жібереді.  Дамыта  оқыту – тапсырманы шешуде жалпы амалдарын бала мен мұғалімнің бірігіп, сынып болып тауып, оларды қалыптастыруды қарастырады. Мысалы, мұғалім окушыларға тақпақты жаттау тапсырмасын берді делік. Үйде балалар әрқайсысы өз амалдарын қолданып тапсырманы орындайды. Нэтижесінде балалар жаңа тақпакгы біледі, оны жатқа айта алады, мүмкін, тақпақты бейнелеген кейбір құбылыстар туралы мәлімет алған шығар. Бірақ, ол үшін тақпақ әдеби туындылардың ерекше формасы болып табылмайды, ал оны жаттаудың амалдары оның мазмұны мен ақындық тілімен байланысты емес. Балалар тақпақты көбейту кестесін жаттағандай жаттап алады. Мұғалім тапсырмасын орындау барысында балалар жаттаудың жалпы амалдарын меңгереді ме? Әрине жоқ.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу