Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кенестік дәуірде туып – өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.

Содержание

Кіріспе
1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне сипаттама
1.4 Үлгермеушіліктің алдын алу
2 Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау өрісі дәрежесі мен оқу мотивациясын анықтау
2.2 Үлгерімі нашар балаларды жетілдіру жұмысының өткізілуі
2.3 Дамытушылық эксперименттің анализ нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
Қосымша В
Қосымша Г
Қосымша Д
Қосымша Е

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

Тұрақты  үлгерімі төмен  оқушылардың  ата-анасына деген  аналогиялық мәселелері туындайды. Ата-аналарының мінез-құлқы қиын және қарама-қайшылықта болады. Үлгерімі төмен  оқушылардың ата-аналары көбінесе мектепке жала жабады, оқу бағдарламасын дұрыс оқытпайды деп мұғалімдерді кінәләйды, бірақ та формалды емес жағдайды бақылағанда осы ата-аналар балаларын оқу мәселесімен сөгіп ұрысады. Шаршаулы балаларды мектеп сабағынан кейін дереу үй жұмысын орындауын талап етеді, физикалық жазалауларды қолданады. Осының нәтижесінде ата-аналары балаларының өздеріне деген сенімдерінен айрылады, күнделікті конфликттермен үйдегі жағдайдың қиындау себебімен олардың үлгермейтін оқушыларды көшеге кетуге мәжбүр етеді.

Мұғалімдер мен ата-аналардың  үлгерімі төмен оқушылардың арасындағы конфликттерден кейін олар агрессивті  үлгерімі төмен жөнге келмейтін, зұлым және құрдастарына деген осындай  қарым-қатынас көрсетеді. Кіші мектепте аса дамыған, ақылды, алдыңғы қатардағылары (мұғалімдер мен ата-анасының үлгермейтіндерге қатынасын көріп) өздерінің жек көрушілігін көрсетуге тырысады. Ол оқушылардың оған жауабы 6-12 айда көріне бастайды, оларға қатал шаралар қолданады. Үлгерімі төмен оқушылар төбелеседі, боқ ауыз сөз айтуға құмар болады, заттар ұрлайды, сабақтан қашады. Үлгермеушіліктің мәселесі қазіргі қоғамның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені қарастыруда тек педагогтар мен психологтар ғана емес, сонымен қатар деффектологтар, психо-неврологтар, әлеуметтік педагогтар, ата-аналары баланың дұрыс гормониялық тұлға болып тәрбиеленуіне барлығы үлес қосуы қажет [1, 177-213 б.].

Ал, енді оқу үлгермеушілігінің психологиялық себептерін қарастыратын болсақ, жалпы, бала психологиясы, педогогикалық психология, педагогика, деффектология бойынша әдебиеттердің теориялық талдауы мектептегі үлгермеушіліктің салдарын анықтаудағы түрлі тұрғыларды көрсетті. Біз әртүрлі әдебиеттерде көрсетілген мектептегі үлгермеушілікке жетелейтін себептер тізімін мынадай топтарға бөліп қарастырамыз.

 

Бірінші топ  себептер:

• ата-аналарының педагогикалық мәдени деңгейінің төмендігі;

• жанұядағы жайсыз жағдайлар (дау-жанжалдық  адамгершіліктерге жат ата-анасының мінез-құлқының әлеуметтенбеуі);

• баланың жанұядағы  іс-әрекетінің және өмірінің нақты  ұйымдастырылуының жоқтығы, тұрмыста баланың қараусыз қалуы;

• балаға қойылған талаптардың  бірыңғай жүйелілігінің бұзылуы;

• балаға деген бұрыс  қарым-қатынас (тұлғаны басып тастау физикалық жаза еркелетіп жіберу, шектен тыс қадағалау);

• баланы мектепке оқуға дайындаудағы талаптарды білмеу немесе орындамау, оқудағы көмек көрсету.

Екінші топ  себептер:

• жанұядағы баланың  тәрбиелену жағдайын педогогтардың  аз білуі.

• ата-аналарды психологиялық-педагогикалық  дайындауы мен аз жұмыс істеуі.

• оқушыларды мектепке дайындығы жеткіліксіз дифференсациясы (білім алуының ұйымдастырылуы)

•  оқушының өнегелік дамуында және мінез-құлқындағы ауытқуын жеңудегі жекедара жұмыстың әлсіздігі.

• олардың мінез-құлқымен іс-әрекетін жағымсыз ынталандыратын әдістеменің көптігі.

• баланың ауырлықты жеңілдетін эмоциялық күйінің ескерілмеуі.

• топтағы (сыныптағы) тұлғааралық  қатынастардың басшылығының кемшілігі.

• жанұяның, бала-бақшаның, мектептің бала үлгермеушілігін  жоюдағы байланысының жүйесіздігі.

Үшінші топ  себептер:

• баланың (оқушының) жалпы дамудағы артта қалуы (кемтарлық) қоршаған ортаға бейімделуінің әлсіздігі;

• науқастық;

• өнегенің тәрбиеленбеуі;

• мінез-құлықтағы және қарым-қатынастағы білімнің, ептіліктің, дағдының кемшілігі, жетекші іс-әрекет түрінде дайындықтың болмауы.

Бөлініп алынған әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық себептер топтарына  медициналық сипаттағы себептерді де қосуға болады. Олардың арасында:

• ойынның кемтарлығы;

• анализаторлардың парциалды деффектілері (есту, сөйлеу, моторика, дисграфия);

• ой жұмысы қабілетінің бұзылуы (церебрастениялық күйлердің нәтижесінде). Бұл бұзулардың барлығы бас миының жеңіл органикалық кемтарлығының минималды ми диффузиясынан, орталық жүйке жүйесінің биологиялық кемістігінің көрінуінің әр түрлі деңгейінің салдарынан туындайды. Олар балалар миындағы қан айналымның жеткіліксіздігінен, ішкі бас сүйек қысымының көтерілуінен, бас сүйек миының жарақаты  нәтижесінде, психосоматикалық аурулардың ауыр және ұзақ болуынан миға әсер ететін инфекциялық ауруларда (мененгит, инцефалит, ревматизм) пайда болады. Мұндай бұзылулардың көрсеткіштері: бастың ауруы, қозғалыстың бұзылуы, шаршау, зейіннің тұрақтылығының жетіспеуі, сенсорлы тітіркендіргіштікті жақтырмауы (қатты дауыс, жарық), ұзақ ой шиеленісіне қабілетсіздік, оқу материалын игеру темпінің төмендеуі, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысудың баяулығы, есте сақтаудағы қиындықтар. Кез-келген нақты жағдайдағы мектеп үлгермеушілігі бірден қосарлануы мүмкін. Кейбір жағдайларда оқушының бастапқы үлгермеушілік себебіне жаңадан, екінші себептер қосылады. Бұл себептер әр түрлі болуы мүмкін. Өйткені, оқушылар өздерінің үлгермеушілігіне түрліше қарайды [2, 13-36, 44-62 б.].

Алғашқы кезеңде, яғни кіші мектеп жасындағы үлгермеушіліктің жағымды жағы болып оқушының қоғамға деген қызығушылығының тууы болып табылса, ал жағымсыз жағы - оқушынның барлық іс-әрекетті толығымен орындауға уақытының және шамасының жетіспеуінен, оның өз үлгрмеушілігін сезіп, мұғалім тарапынан төмен баға алуға қорқып, уайымдауының пайда болуы. Оқудағы артта қалушылық олар үшін жаман баға алу болып есептеледі.

Үлгермеушіліктің негізінде  жатқан психологиялық себептердің  көпшілігін 5 топқа біріктіреміз. Сонымен  мектептегі үлгермеушіліктің негізгі  себептері мыналар:

1 топ – жүйке жүйесіндегі  жекедара психикалық ерекшеліктер;

2 топ  - таным әрекетіндегі жетіспеушілік;

3 топ – мотивациялық  сфераның дамуындағы кемшіліктер;

4 топ - өзін-өзі бағалау  мен талаптану деңгейінің теңсіздігі;

5 топ – оқуға басқалардың  жағымсыз әсерінің болуы.

1. Оқудағы қиындықтар факторы ретінде жүйке жүйесінің жекедара психологиялық ерекшеліктері.

Баланың табиғи ерекшеліктері  тікелей оқудағы артта қалуының себебі емес, бірақ оқушының тұрақты  жекедаралық ерекшеліктерін теңбе-тең  пайдаланбау нәтижесінде осыған әкеп соғады. Бұл ерекшеліктер отандық  психологияда  жүйке жүйесінің қасиетінің типологиясы ілімімен байланысты зерттелген. Ал қазіргі көзқарас бойынша жүйке жүйесі қасиетінің табиғаты  генетикалық, яғни адамның өзгермейтін тұрақты мінездемесі болып көрінеді. Бұл факт педагогикалық процесс жекедара-типологиялық ерекшеліктерді ескермей қалуға болмайтынын білдіреді. Жүйке жүйесі қасиеттерінің ішінде ғалымдармен кеңірек зерттелінген және адамның оқу процесіне елеулі әсер ететіндер ретінде жүйке жүйесінің күші, динамикасы деген қасиеттер бөліп қарастырылған.

Жүйке жүйесінің күші оның тітіргендіргіштіктерге төзімділік, кедергіге төзгіштік, жұмысқа қабілеттілік арқылы суреттеледі. Күшке қарама-қарсы полюс - жүйке жүйесінің әлсіздігі. Жүйке жүйесінің әлсіздігі адамның еңбекке қабілеттілігінің төмендігінен тітіргендіргіштіктерге деген  тұрақсыздығымен ерекшелінеді.

Оқушының табиғатынан  әлсіз инертті болуы оқу үлгеріміне кері әсерін тигізеді (З.И. Калмыкова). Жеке оқу тапсырмасын орындағанда  бір жеке пәннен қинауы немесе оңай оқуы мүмкін, бұл жүйке жүйесінің  қабылдау ерекшеліктеріне байланысты. З.И. Калмыкова зерттеулерінде оқушылардың оқу тапсырмасын орындағандағы жүйке жүйесінің әлсіздігі келесілерден көрінеді:

1) материалдарды әлсіз  меңгеру, қателерді жиірек жіберу, тез шаршау   жұмыстағы ұзақ  қысымнан көрінеді;

2) бақылау және өзіндік  жұмыстарын жазғандағы жауапкершілік,  жүйке жүйесінің эмоциялық қысымын  талап етеді;

3) кейбір жағдайда  мұғалім оқушыларға жоғары темппен  сұрақ қойғанда, олардан жылдам  жауап та талап етіледі;

4) жұмыс шартында кейде  мұғалімдер оқушыларға көптеген жағдайда сұрақ қойып, олардан нақты жауап талап етеді;

5) сәтсіз жауаптың  соңынан жағымсыз баға алынады;

6) мұғалімнің жұмыс  жағдайында жоғары талапты қоюы;

7) жұмыс кезінде зейіннің  бөлінуін талап етеді, мысалы, мұғалім оқушыларға сабақ түсіндіргенде тақырыптан өтіп кеткен материалдардан сұрақ қояды, не жаздырады;

8) жұмыс кезінде шудың  болуы.

9) жұмыс кезінде оқушы  мен мұғалімнің ұрысуы;

10) оқу процесінде педагогтың  сабақты дұрыс басқармауы.

 

2. Оқу іс-әрекетінің  жетіспеушілігіне танымдық кемшіліктердің тәуелділігі.

Екінші топтың себептерін талдай отырып, біз оқушының нашар  түсінгендігі, мектеп пәндерін сапалы меңгермегендегі, оқу әрекеттерін  қажетті деңгейде орындай алмағандағы  жағдайларға тоқталамыз.

Екінші топтың арасынан екі психологиялық себептерді бөліп қарастырамыз:

1)  оқу іс-әрекетінде оқу тәсілдердің қалыптаспауы.

2) баланың психикалық процестерінің дамуында ойлау сферасындағы кемшіліктердің болуы.

Оқу іс-әректеінің ережелерінің дұрыс қалыптаспауы, оқушының үлгермеушілігінің  ерекшеліктерінің айырмашылықтарын қарастырамыз. Мұндай оқушылар шындап келгенде оқи алмайды. Мектепке барғанда бала көбінесе жаңа материалдарды оқығанда, өз бетінше жұмыс істей алмайды. Егер оны жақсы әдет-дағдыларға үйретпесе, кейіннен ол өз бетінше бұрыс, тиімді емес дағды-тәсілдерді үйретіп алады [3, 13-32, б.].

Үлгермеушілік оқу жұмысының  адекватты әдістерімен байланысты таңдамалы сипатқа ие және мектеп бағдарламасындағы белгілі бір  пәндер игеріледі, сондай-ақ ол жалпы  барлық оқу дициплиналарын меңгергенді  көбірек көрінуі мүмкін. Оқушыларда инерттіліктің пайда болуындағы қиындықтар келесі жағдайлардан көрінеді.

- Мұғалім сыныпқа тапсырманы әр түрлі мағынада немесе түрлі амалдар арқылы шешу үшін беріледі.

- Мұғалім сыныпқа жоғары темппен нақты түсіндірсе, онда ол оқушыларға жеткілікті болады.

- Жұмыс мерзімінің шектелгендігі, тапсырманың дер кезінде орындалмағаны оқушының жаман бағаға ие болуын көрсетеді.

- Оқушы мен мұғалімнің бір-бірімен келіспеуі.

- Сабақ кезінде зейіннің басқаға аударылуы.

Бұл үлгерімінің психологиялық себептері бақылаушыда ашық және жабық түрде көрінеді. Бұл себептер оқушының  оқу тапсырмасын орындағанда көп қатерлердің болуы, зейін мен естің ерекшеліктеріне және ойлау тәсілдерінің  көрінеді. Көптеген мұғалімдер барлық оқушыларға бірдей түсіндіре алмайды. Сабақ түсіндіру барысында барлық оқушыларға бір әдіс бойынша түсіндіреді, ал қалғандары біреуі тез, біреуі баяу, тіпті түсінбейтін оқушыларда  көп кездеседі. Психолог З. И. Калмыкова «білімділік» түсінігін кім қалай түсінсе, білімді солай түсінеді деген. Білімділік адамның интеллектуалды ерекшеліктеріне байланысты, оқу үлгеріміне әсер етеді. Оқушының білім алуына әсер ететін психикалық процестердің  негізгісі  ойлау болып табылады. Мектептегі үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің ішінен кең таралған бұл ойлаудың дамуындағы кемшіліктер. Психолог Н. И. Мурачковскийдің зерттеулерінде үлгермейтін оқушылардың зейіні мен есін зеттеуге кеңірек көңіл бөлді. Ол әлсіз үлгеретіндердің есте сақтауы көбінесе олардың өмірлік дағдыларына сәйкес  келетінін бақылады. Әлсіз үлгеретіндердің есте сақтауы көбінесе олардың өміріне дағдыларына сәйкес келетінін бақылады. Әлсіз үлгеретін оқушылардың рационалды есте сақтауы жоқ, себебі олардың ойлауының дамуындағы ерекшеліктері бір-бірімен үзіліссіз байланысты [2, 75-88 б.].

3. Мотивациялық  сфераның дамуындағы кемшіліктер – бұл көбінесе баланың алғашқы мектепке келгеннен бастап көрінеді. Бұл оқушының оқуға деген ережесі қандай болса , мұғалімнен талап ету бағасы солай болады. Оқушының оқудағы қиындықтарымен қақтығысуы бұл-оқу ісі әрекетіндегі жағымсыз (нашар) бағаны алғаннан кейінгі оқуға деген тілегінің біртіндеп сөнуі. Оқушының мотивациялық сферасындағы дамуындағы өзгерістердің болуы, бұл оқушының жаман баға алуы, білімді меңгерудегі қабілеттің төмендеуіне алып келеді. Оқушының оқу іс-әрекетінде мектептегі пәндерге көңіл бөлуі, мұғаліммен тұлғааралық байланысты көрсетеді.

60-шы жылдары зерттелген  Кэттелл мен Сили және Сдени  (1966) зерттеулерінде тұлғаның үлгерімі  мотивациямен тығыз байланыстылығын  көрсетеді, олардың зеріттеулерінде оқушылардың интеллектісі -21- 25%, тұлғалық қасиеттері - 27- 36 % ал, мотивациясы - 23 -27%-ды көрсетті

Мотивация жаңа материалды  меңгереді адамның мінез-құлқының  белсенділігі мен бағыттылығынан көрінеді. А. Н. Леонтьев зерттеулерінде мотив - бұл «сабаққа деген қажеттілік ». Оның көрсетулерінде қажеттілік бұл қабілетті қанағаттандыру керек, мысалы, оқу жұмысында жаңа ақпаратты білгені бұл жоғары бағамен  бағалауы оқудағы мотивтер эмоциясымен тығыз байланысты. Оқушының оқуға деген мотиві оқу жұмысына қатынасын анықтайды. Оқушының оқу іс- әрекетіндегі танымдық , қызығушылығы мектепке деген жағымды қатынасты көрсетеді. Оқушының материалды төменгі сапада игеруі, психикасының даму темпінің баяулауы, бұл мектепке деген жағымсыз  қатынасты қалыптастырады. Оқушының оқу іс -әрекетіндегі басты себебінің  бірі оның оқуға деген әлсіз үлгерімі болса, онда оқушыда тұрақты жағымды мотивацияны қалыптастырады [4, 28-31 б.].

Информация о работе Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу