Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік – мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңару үстінде. Бұрынғы кенестік дәуірде туып – өскен адамдардың түсіне кірмеген ақылы оқу жүйесі пайда болып, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ордалары қатар дамып, өсіп өркендеу үстінде. Олардың барлығы да қоғамның сұранысына сай ақыл-ойы кемелденген іскер де білімді шәкірттер даярлап шығаруға ат салысады. Осы орайда білім ордасаның табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүние танымын қалыптастыру, жеке тұлға ретінде қасиеттерін шыңдап тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.

Содержание

Кіріспе
1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерін зерттеудің ғылыми - теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік мәселелерінің зерттелу жайы
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілік себептері
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне сипаттама
1.4 Үлгермеушіліктің алдын алу
2 Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау өрісі дәрежесі мен оқу мотивациясын анықтау
2.2 Үлгерімі нашар балаларды жетілдіру жұмысының өткізілуі
2.3 Дамытушылық эксперименттің анализ нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
Қосымша В
Қосымша Г
Қосымша Д
Қосымша Е

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломная работа.doc

— 1.22 Мб (Скачать документ)

Дегенмен, жаттау процесін басқаша құруға болады. Ең алдымен балага тақпақты әдеби жанрлардың ерекше түрі екенін түсіндіру керек, тақпақтың рифмасы мен ұқсас ұйқастығына көңілін аударту керек. Одан кейін тақпақтың әрбір сөзінің мазмұны түсіндірілуі тиіс, балаларды тақпақ желісін логикалық байланыстыруға үйреткен жөн. Осының бәрі тақпақты әдебиеттің ерекше формасы ретінде талдаудың жалпыланған амалдары (Әрине, мұндай әрекеттерді оқушылар алғашқы мұғалім көмегімен меңгеруі керек, одан кейін бірітіндеп өз бетінше орындайды). Бұндай жағдайда жалпы амалдар үлгі ретінде меңгерілсе де, осы сыныптың басқа тапсымаларды шешуді оңайлатады, оқу жұмысы жемісті бола бастайды, ал қателер бұрынғыдай көп кездеспейді. Орыс тілі сабағында марфосемантикалық оқу тапсырмаларына мысал бола алады. Бала үшін сөздің формасы мен мәнінінң арасындағы байланысты орнатуы керек. Ол үшін ол сөзбен орындалатын жалпы амалдар әрекетін меңгеруі керек: сөзді өзгерту керек, оны жаңа кұрылған сөздің формасы мен мәні жағынан салыстыру керек, форма мен мән арасындағы өзгерістің айырмашылығын анықтау керек.

Келесі компонент - оқу операциялары. Ол амалдар әрекетінің құ-ралына кіреді. Операциялар мен оқу тапсырмасы оқу құрылымының негізгі звеносы болып саналады.

Жоғарыда  келтірілген мысалда нақты әрекеттер, яғни, берілген сөздің түбірін, приставкасын, суффиксын, жалғауын табу сияқты жеке тапсырмаларды орындау операторлық мазмұны болады. Бұл тапсырмаларды шешудің жалпы амалдарын біле отырып, оқушы не істейді Ең алдымен сөздің әр түрлі варианттарын табу үшін оны өзгертеді (айталық: лесной,-лесная,-лесные,-лесному), олардың мәнін салыстырады, басқа да марфемаларын анықтайды (түбір, жалғау, приставка, суффикс).

Әрбір оқу  операциялары жаттықтырылуы керек. Оқытуды дамытушы бағдарламалар көбіне, П.Я.Гальперин жүйесі бойынша, (тапта) кезеңці жаттықтыруды қолдайды. Оқушы операция құрамы бойынша бағдар алып, оны мұғалім бақылауымен орындайды.

Төртінші  компонент - бақылау. Бақылау - оқушылардың  танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және күшке жұмылдыру. Балалардың алғашқы оқу жұмыстарын мұғалім бақылайды. Кейін бірте - бірте оны өздері бақылай бастайды. өзіндік бақылаусыз оқу іс - әрекетінің толық ашылуы мүмкін емес, сондықтан, бақылауға үйрету маңызды және күрделі педагогикалық міндет. Соңғы нәтижелер бойынша (тапсырма дұрыс немесе дұрыс орындалмады) ғана жұмысты бақылау жеткіліксіз. Баланың тапсырманы орындауда әрбір қадамын қабылдау қажет. Оқушыны өзінің жұмыс процесін өзі бақылауға үйрету - зейін сияқты психикалық функцияны қалыптастыруға септігін тигізу деген сөз.

Бақылаудың  соңғы кезеңі - баға. Бағалау деп - оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын айтады. Оны оқу құрылымының 5-ші компоненті деп есептеуге болады. Бала өз жұмысын бақылай отырып, оны адекватты бағалауға үйрену керек. Сонымен қатар бұл жерде тапсырманы сапалы, қаншалықты дұрыс орындағанын бағалау жеткіліксіз, өз әрекетін бағалау қажет -тапсырманы орындау амалдарын меңгерді де,   әлде меңгермеді мен, қандай операциялар жаттықтырылады, қандайды жаттықтырмады. Соңғысы бастауыш сынып оқушыларына ерекше қиын.

Мұғалім оку жұмысын бағалай отырып, тек баға қоюмен шектелмейді. Қойылған баға мазмұнды болуы қажет, яғни, жақсы, жаман жақтары көрсетіліп неге бұндай баға қойылғаны түсіндірілуі. Оқу іс-әрекетін, оның нәтижелері мен процесін мазмұнды бағалай отырып, мұғалім балаға белгілі бір бағыт береді.

А.М.Липучкина  атап көрсеткендей, өздері көп уақыт, күш, ынта жұмсаған жұмысын бастауыш сынып оқушылары алынған қорытындыға қарамастан жоғары бағалайды. Өз жұмысына қарағанда басқа балалардың жұмысын сындық тұрғыда ұжымда болып талқылау және т.б. амалдар қолданылады. Бұл амалдар әсіресе бастауыш сыныптарда жақсы нәтиже береді.

Оқу іс - әрекетінің мазмұны ерекше ерекшелікке ие: оның негізгі бөлігін ғылыми түсініктер, ғылымның заңдылықтары және оған сүйенетін практикалық тапсырмаларды шешу амалдары құрайды. Оқу іс - әрекетінің негзігі мақсаты және басты нәтижесі - ғылыми білімдерді және оларға сәйкес біліктілікті меңгеру.

Оқу жұмысын  ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ. Сабақта балаларға мұғалім тапсырмаларын  тиянақты орындап отыру қажет, басқа іспен айналысып оған көңіл аударуға болмайды. Бұл талаптар жеке тұлғаның әр түрлі қырларының дамуына қатысты. Мысалы, психикалық сапалары, білім мен біліктілігі.

Оқу іс - әрекеті  өмір бойы жалғасады, бірақ негізгі  алғашқы оқу жылдарында қаланады. Ол өзінің құрылымы бойынша күрделі білім беру. Оған біріншіден, оқу - танымдық мотивтер; екіншіден, оқу тапсырмалары және оның операторлық мазмұннын құрайтын оқу операциялары; үшіншіден, бақылау; төртіншіден, бағалау. Бұл күрделі құрылымының орталығы - 2-ші звено - оқу тапсырмалары мен оның операторлық мазмұны, ал қалғаны осы негізгісіне қызмет ететін звенолар болып табылады.

Оқу іс - әрекетінің қалыптасуы - көп уақытты қажет ететін күрделі процесс. Ол мүғалім мен баланың біріккен жұмысында қалыптасады. Мектепке алғаш келген бала оқу іс - әрекетін меңгермеген, барлық әрекетті мұғалім ұйымдастарады: оқу тапсырмаларын қояды, оның барлық операторлары -пәндік құрылымын анықтайды, операцияларды орындау үлгісі мен тәртібін көрсетеді, әрбір әрекет пен операциялардың орындалуын бақылайды, соңында оқу тапсырмасының әрбір оқушының орындауын бағалайды.


Оқу іс - әрекетінің қалыптасуы дегеніміз - оқу іс - әрекетінің кейбір элементтерін оқушының меңгеруі мен басқалардың көмегінсіз, өз бетінше орындауы. Оку іс - әрекетін қалай және қандай бірізділікте калыптастыру мәселесі әлі күнге дейін шешімін таба қоймайды. Дегенмен, оны өзіндік бақылауды қалыптастырудан бастау керек деуге негіз бар. Әрине, балалар бақылауға үйрену үшін оқу іс - әрекеті өзінің операторлары – пәндік құрылымымен кең көлемде ұсынылуы қажет, ал соңғысы мұғалім мен оқушы бірігіп өңдеген жөн. Мұндай жағдайда әрекет үлгілері оқуға қажетті және жалпы міндетті болып көрінеді.

Кейбір тәжірибелі мұғалімдер оқу процесін ұйымдастыруда  оқушыла бақылау элементтерін қалыптастырады. Айталық, тақта алдындағы оқушының жұмысын бүкіл сынып болып бақылау - бақылампаздықты тәрбиелеудің бірден - бір жолы.

Екінші әрекет - бағалау, яғни белгілі бір оқу  әрекетін меңгергенін анықтау. Бағалау қалыптастырудың амалдары әлі де болса жеткілікті өңделмеген. Бұл өзара жұмысты тексеру, негізгі әрекеттің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін бақылау жұмысының мазмұнының ұжым болып құру және сыныптағы жұмыстарды ұжым болып талдау.

Бастапқы  оқу кезеңінде, айтылған оку іс - әрекетінің екі элементін қалыптастыру негзігі міндет. Егер бұл кезеңде балалар бақылау мен бағалауды толық меңгерсе, онда одан әрі оқу іс - әрекетінің қалыптасуы аса қиындықсыз өтеді.

 

 

1.4 Үлгермеушіліктің алдын алу

 

Мектепте оқылатын пәндер бойынша үлгермеушіліктің алдын алу – жаппай білім беруді жүзеге асыру жолдарының бірі. Жап-пай білім беру жағдайында оқушылар пән бағдарламасында қарастырылған білім, іскерлік және машықтарды мектеп қабырғасында игеруге міндетті. Дегенмен, математикалық білімді меңгеруде, теориялық білімді іс жүзінде қолданғанда, өздігінен қосымша әдебиеттермен жұмыс істегенде, сондай-ақ олардың математикалық іс-әрекеттерінде олқылықтар мен кемшіліктер бой көрсетеді. Оқушылардың математикадан алған білімі, іскерлігі мен машықтарындағы кемшіліктерін, соның нәтижесінде үлгермеушілікке ұрындыратын себептерді атап өтейік:

  1. Оқушылардың білімінде олқылықтар болуы, ұғымдарды, ұғымдардың ерекше белгілері мен қасиеттерін және т.б. тұжырымдауға мүмкіндік бермейді;
  2. Есеп шығарғанда білімді қолдану іскерлігінде олқылықтардың болуы;
  3. Есептеу сипатындағы іскерлік пен машықтарда сызбаларды құрғанда, графиктік жұмыстарды орындағанда, құралдар ды пайдалағанда олкылықтардың болуы;

4. Оқушының жұмысқа кірісуге немесе бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік бермейтін дербестігінің, зейінінің, табандылығының жеткіліксіздігі.

Үлгермеушіліктің алдын алу бүкіл сыныптың немесе әрбір оқушының сабақтағы және үйдегі қызметін пәрменді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Үлгермеушіліктен сақтандыру үшін мүғалім жалпы математикалық білімді меңгергенде кездесетін қателерді болдырмау шараларын іздестіреді және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының тиімді тәсілдерін жолға қояды. Сонымен, үлгермеушіліктің алдын алу шарты бағдарламалық материалды әрбір оқушының жүйелі оқуы болып табылады. Бір жағынан, бұл оқу материалының бір-бірімен тығыз байланысы немесе сабақтастырылуы арқылы қарастырылады.

Үлгермеушілікпен күресудің маңызды бір кезеңі - әрбір оқушыны өздігінен жұмыс істеу тәсілдерімен каруландыру. Мәселен, оқушы қате жіберсе, өздігінен ол материалды қайта қарап, қатесін түзетуге қиналуы мүмкін. Бұл жағдайда мұғалім оқулықтағы қажетті материалды зер сала қарауға баулып, кеңестер беруге тиіс. Кейбір кезеңдерде мұғалім ол материалды түсіндіріп, екі-үш жаттығуды таңтада көрсетуі керек. Оқушы өздігінен жұмыс істей алатынына көз жеткізгеннен кейін ғана жаттығулар орындатуға кіріскен жөн.

Озат мүғалімдердің тәжірибесінде жаттығуларды орындауда басшылықңа нұсқау – топшамалар жиі қолданылады.

Оқушыларды үлгермеушіліктен сақтандыру үшін мұғалім олардың білімін есепке алып, арнайы дәптерге жазып отыруы тиіс,

Ол жазбаларда мыналар атап көрсетілуі міндетті:

  1. Жеке тақырыптар бойынша кездесетін олқылықтар;
  2. олқылықтарды жою шаралары:

а) жеке тапсырмалар және оларды орындау мерзімі;

б) консультация - кеңеске қатысу;

3. оқушы қызметінің нәтижесі:

а) оқу материалын игеру сапасы;

б) орындалмаған тапсырмалар.

Мұнда ескеретін бір жай, оқушылардың біліміне қойылатын бағаны дәптерге жазбай, тек олардың оқу қызметіндегі оңды өзгерістерді белгілеп отырған дұрыс.

Үлгермеушіліктің алдын алу ісін алға бастыру әрекетінде оқушылардың жасқаншақтауына жол бермеу, дұрыс жауап бергенде мадақтау, үлгерімі төмен оқушыға уақытында жалықпай көмек көрсету, оларға сыпайы болу сияқты психологиялық факторларды ескеруді ұмытпаған жөн.

Оқушылардың үлгермеушілігін  болдырмау шаралары:

Үлгермеушілікті болдырмау  үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.

Үлгермеудің негізгі  себептерінің бірі - жұмыс істеу  қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.

Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын  түсінбегенін мұғалім уақытында  байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.

Үшінші себеп - материалдан  мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі  мен негізгі емес мәселелерді  ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.

Төртінші себеп - пәнге  деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде  оқушының зейіні, білімге деген ықыласы  төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға  себепші болады. Оқушыларға талап  қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.

Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын  атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.

Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті  әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.

 

 

 

 

 

2 Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің  алдын алу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі

 

2.1 Бастауыш сынып оқушыларының ойлау өрісі дәрежесі мен оқу мотивациясын анықтау

 

Мәселені теориялық  зерттеу  барысында  алған шешімдерді тәжірибе жүзінде  дәлелдеу мақсатында тәжірибе жүргізілді. Тәжірибеге  Екібастұз қаласының №18 ЖОМ 3 «А» сыныбының 25 оқушысы алынды. Бақылау жүргізу үшін  аталмыш мектептің 3 «Ә» сыныбының 25 оқушысы алынды. Тәжірибелік жұмыс соңғы үш жыл бойы жүргізіліп, 3 кезеңді қамтыды.

Оқу мотивациясын  және үлгерім дәрежесін анықтауға бағытталған    І кезеңде  жоғары айтылған тәжірибе жүргізілді.

Екінші кезеңнің мақсаты- 3 сынып оқушыларының  Математика пәнінен үлгермеушілігінің  алдын  алу бойынша жалпы оқу білімдері, білік дағдыларын  қалыптастыру бойынша қосымша жұмыс жүргізу.

3 кезеңнің мақсаты- 3 сыныптың оқушыларына  қосымша жұмыс жүргізгеннен кейін үлгерім дәрежесін анықтау.

Жоғарыда айтылған  кезеңнің мақсаты - оқудың мотивация дәрежесі мен үлгерім дәрежесін анықтау болды.

Бақылау кезеңінде біз  үлгерім  дәрежесін анықтау бойынша бақылау жұмысын өткіздік. Мониторингтік жұмыс негізінде біз  білім мен біліктегі кемшіліктерді анықтадық және  үлгермеушілікті жою үшін тапсырмалардың  жүйесін  жасадық.

Бақылау жұмысы  оқушыларда бар білім, білік, дағды, құжаттарға және пән мұғалімінің кеңесі үрдісіне негізделіп өңделді.

Бақылау жұмысында (Б  қосымшасы)  ҚР  білім  министрлігімен  білім туралы бағдарламасына  негізделіп қарастырылған білім деңгейін анықтайтын тапсырмалар іріктелген: көбейту  заңы, көбейту кестесі, жеке жағдайлардағы  көбейту мен бөлу, кестеге негізделген көбейту мен бөлу; білік: есеп моделін  ресімдеу, есеп шешімін түрлі әдістермен шешу. Әр тапсырмада біз оқушылардың білім жүйесін ескеріп, орындау кезінде оларға сүйенетіндей етіп қарастырдық: есептеп шығару: қысқаша қосу арқылы көбейтудің  алмасу ерекшелігін  білу негізіндегі көбейту, 0 мен 1 –ге негізделген  көбейту мен бөлу, қосындыны санға көбейту мен бөлу әрекетіне негізделген; мәндерді  жеке іріктеп алу әдісімен табу.  Бізбен сынақ-тәжірибелік жұмыс бағдарламасы құрылды, диагностикалық  әдіс таңдалды. Бұл бағдарлама 1 кестеде көрсетілген.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу