Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 06:40, курсовая работа

Краткое описание

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ
1.1 Фонетиканы оқыту әдістемесі...................................................................5
1.2 Морфологиялық әдістеме..........................................................................7
1.3 Сөз жасау әдістемесі..................................................................................9
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ
2.1 Дыбыстардың айтылу үлгілері.................................................................11
2.2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету.................................................................14
2.3 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері.........................................................16
2.4 Буын. Дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік........................................... .17
2.5 Дыбыс , әріп, фонема туралы түсінік.......................................................19
2.6 Фонетикалық заңдар..................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................26
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қ азақ тілінің фонетикасы(курсовой).doc

— 150.00 Кб (Скачать документ)

 


 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту

 

 

 

 

 

                                                   Орындаған: БОПӘ мамндығының

                                                   күндізгі бөлімінің 3 курс студенті

                                Нұғыманова Айгерим

                                                  Тексерген: ББТжӘ кафедрасының     

                                                   оқытушысы Дюсембинова Г. Қ

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ

1.1 Фонетиканы оқыту әдістемесі...................................................................5

1.2 Морфологиялық әдістеме..........................................................................7

1.3 Сөз жасау әдістемесі..................................................................................9

2 БАСТАУЫШ  СЫНЫПТА ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ

2.1 Дыбыстардың айтылу үлгілері.................................................................11

2.2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету.................................................................14

2.3 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері.........................................................16

2.4 Буын. Дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік........................................... .17

2.5 Дыбыс , әріп, фонема туралы  түсінік.......................................................19

 2.6 Фонетикалық заңдар..................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................26

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:

1) дыбыс шығаратын  дене;

2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;

3) ауа толқырлық  кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының  пайда болуына да осындай үш  түрлі шарт керек:

1) дыбыс шығаратын  дене- сөйлеу мүшелері,

2) қозғалысқа  келтіретін күш - өкпеден шығатын  ауа,

3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.

Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі.

 Адамның сөйлеу  органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау  аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс  шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.

            Зерттеу өзектілігі Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып, келешегі даңғыл қазақ еліндегі Білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп, ұлы көшке еруде. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, «парасатты экономиканың» қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру талап етілуде. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, қазақ тілі  сабағында  фонетиканың оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек.

     Зерттеудің пәні : Бастауыш   сыныптарда қазақ тілі сабағында  фонетиканы оқыту.

     Зерттеудің мақсаты:  Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау.

Зерттеу міндеті: Фонетиканы оқыту әдістемесі туралы толық мағұлмат беру. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды үйрету, олардың айтылу үлгісін көрсету.

      Зерттеудің болжамы:    Фонетиканы   әдістері сан алуан. Осы әдістерді методикада жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді мектепте білім беруде қазақ тілін оқытуда түрлі әдістерді қолданса, онда білім сапасы артады. 

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ  ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ

1.1 Фонетиканы оқыту әдістемесі

 

Тілдің дыбыстық жағының сырын оқушыларға түсіндіріп, онын лексикалық грамматикалық құбылыстармен байланысы бар екендігін көрсету, мектепте фонетнканы оқытудың аса маңызды теориялық міндеттері болып табылады.

Сондықтан да фонетика грамматиканың лексикамен саз тудыру сияқты салаларынан бұрын оқытылады. Өйткені тілдіқ фонетикалық жүйесімен таныстырмайынша, оның (тілдің) басқа жақтарын теориялық немесе практикалық тұрғыда оқыту мүмкін емес.

 Мектепте фонетиканы оқыту, практикалық мақсаттарды да көздейді. Мысалы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін оқушылардың білуі: дұрыс жазу, әдеби тілмен сөйлеу нормаларын меңгеру, тыңдау мәдениетін дамыту т. б.

Фонетика курсының мазмұны. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды:

a) физиологиялық (жасалу);

 ә) акустикалық (естілу);

 б) қызметі (сез  жасау).

Мектеп оқулығында дыбыстың бұл үш ерекшелігі тұтас бірлікте сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп отығуға тиіс. Мысалы физиологиялық тұрғыдан дыбыс сөйлеу мүшелері жұмысының жемісі,яғни тілдің, еріннін қалпы, жақтың ашылу қалпы т. б.

Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты я дауыссыз дыбыстың қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығын біледі.

Бірақ дыбыстардыд жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді, тек қана ана тілін практикалық меңгеруге қажеттілері үйретіледі.

Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық құбылыс  ретінде қаралады. Физикалық тұрғыда дыбыс бір-бірімен  ажыратылатындай белгілермен анықталады. Фонетикада дауыссыз дыбыстарды үн мен салдардың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі оқытылады. Мектепте дыбыстын мағына ажыратарлық қызметі арнаулы сөз етілмейді,- бірақ жаттығулар арқылы мағлұмат беріледі.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі. Өздеріңізге мәлім, қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып қалыптасқан.

Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді:

1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі — оның құрамында 12 дыбыс бар;

2) дауыссыз дыбыстар  тобы — оның құрамында 25 дауыссыз дыбыс бар.

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан қарағанда:

1) қазақ тілінде айтылатын сөздердің бәрінде кездеседі,   соларға   жамылғы  болып тұрады;

2) сөйлеу мүшелерінде әр дыбыстың жасалу орны, әрқайсысынын айтылу және   құлаққа   естілу әуені бар;

3) әрбір дыбыс белгілі бір сапалық ерекшелігімен екінші дыбыстан ажыратылып,   оған   қарама-қарсылықта айтылады, демек, а дыбысын ә не ы дыбысынан ажырататынымыз сияқты, б дыбысын п, т, к, дыбыстарынан ажырата аламыз, жеке айтылса да, сөз ішінде келсе де, біздің құлағымыз, яғни есту қабілетіміз оларды бір-біріне шатастырмайды;

4) сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы қалыптасқан. Мысалы: а) к, г, дыбыстары байырғы сөздерде жуан дауысты дыбыстармен тіркесіп айтылмайтыны сняқты қ, ғ дыбыстары, керісінше, жіңішке дауыстылармен тіркеспейді; ә) байырғы сөздер екі дауыссыз тіркесінен басталмайды; б) көп буынды сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылады, бұларға жалғанған қосымшалар да не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке түрде қосылады.

1.2  МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ

  Тілді оқып  үйрену үшін, оның негізгі компоненттерін (дыбыстық жүйесін,лексикасын, грамматикалық құрылысын), қалыптасуы мен қызметін білу керек. Қоғамдық құбылыс ол өсіп дамып отырады. Осы тұрғыдан оған сөздердің жасалуы мен сөздердің түрленуі сияқты қасиеттері ерекше сипат береді. 

Оқушылар  сөздердің жасалуы жайында түсінік алғаннан кейін, енді сөздердің түрленуі жайында, олардың жасалу тәсілдері жайында оқып біледі. Ал сөздердің түрленуі грамматиканың морфология бөлімінде өтіледі, мұнда ғылымда «сөз таптары» деп аталатын сөздердің лексика-грамматикалық түрлерге бөлінуінде қарастырылады.

Сөздердің түрленуі  түсінікті болмайынша оқушылар синтаксис  материалын, сөздердің сөйлем ішінде тіркесу заңдылығын біле алмайды өйткені сөздердің бір-бірімен байланысуы көбінесе сөздердің түрленуіне (септелуі, тәуелденуі, жіктелуі) негізделеді. Сөз таптары — сөздердің лексика-грамматикалық топтары, яғни олар тек таза грамматикалық белгілері, тұлғалары арқылы ғана емес, сонымен қатар сөздердің лексикалық мағыналары арқылы да бөлінеді. Сондықтан сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың сөздікпен жұмыс жургізулерімен байланыстырылады.

 Сөз таптарын оқыту оқушыларды синтаксистік жүйелі курсын етуге даярлайды, дұрыс жазу ережелерін оқып үйренуге жағдай туғызады, грамматика сабақтары оқушылардын тіл ұстартуы, сөздіктерін байытуы, сөздерді қолдану ережелерін меңгеру мақсатында пайдаланылады.

Сонымен бірге, сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді, бұған әр түрлі сөз таптарына жататын сөздерді грамматикалық белгілеріне қарап жіктеу, тектік және түрлік ұғымдарды ажырату, құбылыстарды қандай да бір белгілеріне қарап жіктеу сияқты логикалық операциялар жүргізуге жетелейді.

Сөз таптарын оқытқанда  кездесетін қиыншылықтар;

1) оқушылар «сөз таптары» мен «сөйлем мүшелері» ұғымдарын шатастырады;

2) бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқандығын білмей қалады (соң, кейін, әрі, бері сөздерінің әрі үстеу, әрі шылау болатындығы);

3) аттас формаларды ажырата алмау (жатыс септігі -да, -де -мен жалғаулық да, де шылауы; көмектес септік –мен , -бен және жалғаулық бен, пен: табыс септік -ды ты және сын есімнің -ды, -ты жұрнақтары; етістіктің ме ме жұрнағы мен сол тұлғадағы зат есім жұрнақтары сұрақтары

 

1.3  Сөз жасау әдістемесі.

 

 1992 жылы қазақ тілі бағдарламасына «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің IV класс бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, V класс бағдарламасында: «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қос сөздердің емлесі. Қысқарған сөздер және олардың емлесін сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз құрамы», «Сөз тұлғалары» деген жалпы тақырыптар морфология бөлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес қарастырылуда, яғни оның лингвистикалық негізі — сездердің жасалу процесі — тек грамматикалық (морфологиялық) құбылыс қана емес, сонымен катар тіліміздін сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде, лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы — лексика-грамматикалық категория.

Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөздердің жасалуы — сөздің құрылымын, морфемальқ құрамына, сөз жасаудың тәсілдерін және сөздердін жасалуының әр түрлі жолдарын зерттейді.

Сөз—мағыналық, бөлшектерден тұратын құрылым. Қазақ тіліндегі атауыштық сөздер өздерінің құрылым бойынша негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Туынды сөздердің құрамында түбір және қосымша (жұрнақ) болады. Сөздің барлық бөліктерін морфемалар деп атайды, түбірге косылып жаңа сөз тудыратын немесе жаңа тұлға тудыратын бөлшектерді қосымшалар дейді.  

Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың танымдық әрі практикалық зор маңызы бар.

Сөздердің жасалуымен танысуы біріншіденсөз құрылымының дамуы мен сөздердің жасалуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсету болса; екіншіден, тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің арасындағы өзара байланыстылықты көрсету, бір жағынан сөз жасау денгейі, екінші жағынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлер; үшіншіден, тілдің грамматикалық құрылысын тереңірек білуге жағдай жасайды. Өйткені қазақ тілінде грамматикалық мағыналарды білдірудің аса маңызды тәсілдері жалғаулар мен сөз түрлендіретін жұрнақтар болады.

Информация о работе Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту