Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 06:40, курсовая работа

Краткое описание

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ
1.1 Фонетиканы оқыту әдістемесі...................................................................5
1.2 Морфологиялық әдістеме..........................................................................7
1.3 Сөз жасау әдістемесі..................................................................................9
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ
2.1 Дыбыстардың айтылу үлгілері.................................................................11
2.2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету.................................................................14
2.3 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері.........................................................16
2.4 Буын. Дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік........................................... .17
2.5 Дыбыс , әріп, фонема туралы түсінік.......................................................19
2.6 Фонетикалық заңдар..................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................26
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қ азақ тілінің фонетикасы(курсовой).doc

— 150.00 Кб (Скачать документ)

Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар жүргізу орфографияны білуге, орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға негіз болады.

Өйткені орфографиялық принциптердің ішінде негізгісі морфологиялық принцип болса, тубір сөздің жазылуы барлық жерде де бастапқы қалпын сақтайды.

Туынды сөздерді талдаудың түрлері. Сөздердің жасалуын оқыту кезінде туынды сөздердің құрылымы мен оның жасалу жолдарын анықтауға тура келеді. Туынды сөздердің құрылымын анықтағанда, сөзге морфемалық талдау жасалады да (түбір—қосымша), оның жасалу жолдарын анықтағанда, сөз жасаушылық талдау жасалады. Мысалы: ақшылдау—морфемалық талдау; ақшылдау — ақшыл сөз жасаушылық талдау, демек тілде ақшылдау деп те, ақшыл деп те туынды сөз қолданылады. Морфемалық талдауда сөз құрамындағы барлық қосымшалар бөлшектеліп көрсетіледі. Сөз тудырушылық талдауда сөздің жасалу тәсілдері мен сөз жасау процесінде морфемалардың қосылу тәртібі анықталады.

Морфемалық талдау: білімділік. Сөз тудырушылық талдау: білімділік—білімді-білім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ

2.1 Дыбыстардың айтылу үлгісі

Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos - естілу)

 Акустикалық  тұрғыдан алғанда дыбыс қандай  да болсын бір дененің белгілі  бір ортада теңселіп қозғалуының  нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін  орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы  төмендегі белгілерді ажыратады:

1)Дыбыс ырғағы.

2)Дыбыс күші.

3)Дыбыс әуені.

4)Дыбыстың созыңқылығы.

Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.

 Тіл дыбыстарының  түрлері. Тілдің барлығында да  тіл дыбыстарды екі топқа бөледі. Дауыстылар мен дауыссыздар. Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады. Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.

 Дауысты дыбыстар  жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар.

 Оның 1-физиологиялық  классификация;

2-акустикалық  классификация.

Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.

  1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
  2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік).
  3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.
  4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).

Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.

 

Дауысты дыбыстар кестесеі

Еріннің қатысына қарай

Иектің (жақтың) қатысына қарай

Тілдің қатысына қарай

Еріндік дауыстылар

Езулік дауыстылар

Ашық дауыстылар

Қысаң дауыстылар

Жуан дауыстылар

Жіңішке дауыстылар

О, Ө, У, Ұ, Ү

А, Ә, Ы, І, (Э)

А, Ә, О, Ө, Е

Ы, І, (И), У, Ұ, Ү

А, О, (У), Ұ, (И)

Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)


 

Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді.

Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)

Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі:

 а) дауыссыздарды  айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.

 ә) дауыссыздарды  айтқанда үн бәсең, солғын болады.

 б) дауыссыз  фонемалар буын құрай алмайды.

в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.

 

 

2.2  Дауыссыз дыбыстарды үйрету

 

Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар.

Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у), һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.

 

Дауыссыз дыбыстар кестесі

Қатаң дауыссыздар

Ұяң дауыссыздар

Үнді дауыссыздар

П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч

Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ

Р,л,,й,у,м,н,ң

Айтылу ерекшелігіне байланысты

Шұғыл Ызың

п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц;

 в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ


 

Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары жүйесі, олардың топтастырылу жүйесі бірінші сыныптан бастал үйретіледі де, әр сыныпта күрделеніп отырады. Қатаң, ұяң, үнді, дыбыстардың айтылуының қазақ тілінде ерекшелігі бар. Сондықтан олардың әрқайсысына тән дыбысталу ерекшелігін білу керек.

 Орыс тілінде де  дауыссыздар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді, сондықтан дауыссыздың бұл түрлерін оқытуда оқушының ана тілінен алған біліміне сүйену керек. Сонымен бірге дауыссыздардың бұл топтарының ішінде екі тілге ортақ белгілері бар.

 Мысалы: стп,т,м,б,зл,иг,н,р сияқты дауыссыздарды оқыту қиындық келтірмейді. Ал орыс тілінде жоқ қ,ғ,ң,һ, дыбыстарын оқытуға мұғалім ерекше мәе береді. Бұл дыбыстардың орфоэпиясын алғашқы күннен бастап дұрысс қалыптастыру мақсаты көзделеді. Оқушы бұл дыбыстарды ана тіліндегі к,н,г.х-дыбыстарына ұқсатып айтадыі. Мұғалім олардың арасындағы айырмашылықты оқушы санасына жеткізіп, олардың дұрыс айтылуын үнемі қадағалап отырады. Бұл дыбыстарды оқытуда еліктеу, салыстыру әдісін қолданады.

Оқушы мұғалімнің бұл дыбыстарды айтуыға еліктейді, мұғалімге қосыла қайталайды, мұғалімнің буынды, сөзді айтуын мұқият тыңдайды. Орыс тілінде дауыссыз дыбыстар жуан, жіңішке болып бөлінеді, ал қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар жуан кемесе жіңішке болып бөлінбейді.

 Бірақ дауыссыздардың сөзде жуан иемесе жіңішке айтылуы дауысты дыбыстарға байланысты.

Дауыссыз дыбыстардың бұл ерекшелігі салыстыру, тыңдау, жаттықтыру, қайталау, еліктеу әдістері арқылы үйретіледі. Дауыссыз дыбыстарды үйрету мынадай жүйемен берілген:

Қатаң

П,Т, К-Қ.Ш, һ

Уяң                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Б, Д, Г. 3, Ж

Үнді

  М, Н, Ң, Ү. Р, Л, Й, У

Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары жүйесі оқушыға топтастырылу арқылы үйретіледі. Олардың әрқайсысына тән дыбысталу ерекшелігін білу керек. Орыс тілінде де дауыссыздар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді. Сондықтан дауыссыздардың бұл түрлерін оқытуда оқушының ана тілінен алған біліміне сүйенуге болады.

 Сонымен бірге дауыссыздардың. бұл топтарының ішінде екі тілге ортақ белгілері де бар.

Мысалы: с,п,т,м,б,з,д,ш,н.р сияқты дауыссыздар оқытуда қиындық келтірмейді. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды білу, оларды дұрыс айтуға ғана пайдалы емес, дауыссыздардың топтарын, түрлерін білу де байланысты сөйлеуге қызмет етеді. Сондықтан дауыссыз-дардың жүйесін білу қазакша орфоэпияны дұрыс қалыптастыруға да, ойын да дұрыс жеткізуге, дағдылануға көмектеседі. Орыс тілінде жоң қ,ғ,ңңһ дыбыстарын оқытуда мұғалім ерекше мән береді

 Оқушы бұл дыбыстарды* ана тіліндегі к,г,и, х дыбыстарына ұқсатып айтады

2.3 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері

 

Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.

Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонацияны құрайтындар: 1) Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліптөмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады.

Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді.

2) Сөйлеудің темпі  – шапшаң немесе баяу болуы;

3) Сөйлеудің үдемелілігі, айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы) дегенді білдіреді;

4) Сөйлеудің әуені  айтылудың мақсатына қарай «көңілді», «ойнақы», «қайғылы» немесе «қорқынышты»  секілді түрліше болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс  әуені деген де бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано, т.б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек.

Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан өз алдына такт құрай алады. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады. Ал, көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды.

2.4 Буын. Дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік .

1. Буыннның түрлері

2.Фразалық екпін

3. Логикалық екпін

4.Интонация 

Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық

Ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дбыс болса, сонша буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б

Буынға тән негізгі белгілер:

    1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс

. 2. буында мағына  болмайды.

 Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау. 3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. 4. қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары екі дауыссыздан басталмайды. 5. тіліміздің байырғы сөздерінің соңында еліктеуіш сөздерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді. Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді:

Информация о работе Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту