Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 06:40, курсовая работа

Краткое описание

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ
1.1 Фонетиканы оқыту әдістемесі...................................................................5
1.2 Морфологиялық әдістеме..........................................................................7
1.3 Сөз жасау әдістемесі..................................................................................9
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ
2.1 Дыбыстардың айтылу үлгілері.................................................................11
2.2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету.................................................................14
2.3 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері.........................................................16
2.4 Буын. Дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік........................................... .17
2.5 Дыбыс , әріп, фонема туралы түсінік.......................................................19
2.6 Фонетикалық заңдар..................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................26
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қ азақ тілінің фонетикасы(курсовой).doc

— 150.00 Кб (Скачать документ)

Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт, пункт, спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема.

Буынның түрлері

Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға бітетін буын ашық буын деп аталады. М-ы: а-ға, ба-ла...

Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп аталады. М-ы: ат, ақ, ін...

Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. М-ы: жоқ, зор, бұлт..

 Сөз құрамындағы  буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі  басқаларына қарағанда айқынырақ  ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай  қасиетке екпін түскен буын  ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын деп аталады.

1. Буынның біруі  басқа буындардан айрықша күшті  айтылуы лебізді немесе динамикалық  екпін деп аталады.Динамикалық  екпін фонациялық ауаның қарқыны  буынның күшімен байланысты болады. (славян, герман, түркі т.б. тілдерге тән)

2. Басқа буындардың  ішінен бір буын айтылу тонының  ырғағы арқылы ерекшеленіп дауыс  шымылдығының дірілінің жиіленуіне  негізделеді.Екпінің бұл түрі  тоникалық немесе музыкальды  екпін деп аталады (қытай,корей,жапон,литва).

3. Квантитативті  екпін (количество).Басқа буынның ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады.

2.5  Дыбыс. Әріп. Фонема.

Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды.Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды.

Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан – сән, сол – сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ.

 Ал орыс  тіліндегі дауыссыздардың қасиеті  түркі тілдердегі дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.

Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни жазылған тілді – сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту – жазудан көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді.

Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ. 2. дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс – сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар:

1. әріп дыбысты  тек шартты түрде таңбалаумен  бірге, қағаз бетіне, не жазуға  келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді.

2. әріп құбылмалы  емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін  есте ұстау керек.

Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл – фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы – фонемалар бар. Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулік болып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады.

Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.

 

2.6 Фонетикалық заңдар

1. Фонетикалық заңдар.

Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да қатысы бар.

Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас тілдердің барлығына бірдей қатысты болады да, қайсыбіреулері біреуіне немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана қатысты болады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке болып үндесуі немесе қатар келген дауыссыздардың не біркелкі қатаң, не біркелкі ұяң болып үндесуі – түркі тілдерінің барлығына бірдей қатысты, ортақ заңдылық.

Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады. Тілдің тарихи даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы мүмкін. Оның бірі – конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы. Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуі конвергенция деп аталады. Көрнекті ғалым В.А.Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның нәтижесінде о бастағы ш мен с дыбыстарының ұласып, бірдейлесіп кетуін қазақ тіліне тән құбылыстардың бірі деп есептейді. Бұл өзгерістерді конвергенция құбылысының нәтижесі деп қарайды.

Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады.

Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.

Сөздік

Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы

Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы

Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім

Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин

Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин

Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім

Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы

Лингвистика – тіл туралы ғылым

Лингвист – тіл маманы

Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім

Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі

Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім

Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин

Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин

Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала

Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім

Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы

Семиотика – таңбалар жүйесі

Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді

Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі

Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы

Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала

Синхрония – гректің бір кездегі

Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі

Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі

Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы

Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс

Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім

Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

  Қазақ тілінен саналы әрі тиянақты алған білімдерін іс жүзіне асыруда жүйелі жұмыс тәртібі үлкен рөл атқарады. Сондыќтан өнімді әдістерді методика ќаѓидаларына сәйкес жүргізіп отыру маќсаты көзделеді. Жоғарыда айтылѓан әдістерді іске асыру арнайы таңдалѓан  материалдар негізінде жүргізілетін жұмыстың психологиясына байланысты. әдістің ќолданылу жүйесі білім алу көздеріне негізделе отырып, мына сияқты жұмыстың басты процестерін ескереді:

  1. әдістің іске асырылу жүйесі объектіні меңгертудің психологиялыќ басќыштарына ќатысты. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы бойынша бұрын өтілген материалдар мен жаңадан өтілетін объектілер жөнінде оќушыларда белгілі дәрежеде ұғым, түсінік пайда болады. Бұл кезде өтілген материалдар оқушылар ойында сәлеленеді. Белгілі бір логикалыќ ойлаудың тәсілдері мен екінші сигнал жүйелері нәтижесінде ой ќорытындысы жасалады. Ой ќорытындысын жасауѓа себеп болатын бастапќы басќыш осы сәлеленуден туады. Берілген білім мен дағдыларды оќушылар белгілі дєрежеде жартылай игереді. Әдістің теориялыќ маќсаты білім берудің маќсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыс жүйесі арқылы жүзеге асады. Осы процесте мынадай ойлау дағдылары қалыптасады: тілдік материалдарды талдау; талданған объектілерді түсіндіру; объектілерді дәлелдеу; объектінің өзіндік белгілерін санап көрсету; тақырыпты оқыту; оқыту үстінде қатесін түзету; тақырыптың аныќтамасы мен ережесін айту; бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне таптырып  талдату.

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :

  1. Абілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі А.Әбілќаев.- Алматы. Санат. –1984. –235 бет.
  2. Абішева А. Ой белсенділігін арттыру А. Әбішева // Бастауыш мектеп. –1996. -№4. –28-31 бет.
  3. Бакірова А. Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау А. Бәкірова. –Алматы. –Рауан. 1994. –51 бет
  4. Кулиманова М. Білім негізгі бастауышта қаланады / М. Кулимбаева // Семей таңы. –1998. -№42. –3 бет.
  5. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы / С. Рахметова/ -Алматы: Мектеп. –1985. –183 бет.
  6. Таубаева Ш. Мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруін ұйымдастыру. / Ш. Таубаева // Бастауыш мектеп. –1997. -№9-10. –27-30 бет.
  7. Ералиева М. Жаңа буын оқулықтарының алғашқы қадамы / М. Ералиева Бастауыш мектеп. -№10. –1999. 12-15 бет.
  8. Адамбаева Ж. Қазақ тілі сабақтары тиімді жоспарлы тәсілмен // Ж. Адамбаева.// Бастауыш мектеп. –1996. -№4 –24-26 бет.
  9. Оралбаева Н. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы, 1996
  10. Қазақ тілі мен әдебиеті.-2001- №3,6,5,7

 

 

 

 


Информация о работе Бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту