Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 16:37, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті. Дидактикалық ойын ұғымына түсінік беру. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеудің объектісі: Мектептегі оқыту процесі. Зерттеу пәні: Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа байланысты педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді пайдалану, таныту.
Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау. Бақылау, әңгіме.
Кіріспе
1 -тарау. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды
қолданудың маңызы
1.1Дидактикалық ойын туралы түсінік және оның атқаратын функциясы
1.2Дидактикалық ойындардың түрлері мен топтары
2 -тарау. Дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдары
2.1. Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану әдістері.
2.2. Озат мұғалімдердің іс –тәжірибелерінен мысалдар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мазмұны.
Кіріспе
1 -тарау. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды
қолданудың маңызы
1.1Дидактикалық ойын туралы түсінік және оның атқаратын функциясы
1.2Дидактикалық ойындардың түрлері мен топтары
2 -тарау. Дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдары
2.1. Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану әдістері.
2.2. Озат мұғалімдердің іс –тәжірибелерінен мысалдар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі. «Білім –адам баласының ортақ қазынасы» -деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында былай делінген. «Білім берудегі мақсат –қоғам мүшелерінің жоғарғы деңгейдегі адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және тұлғалық дамуына әрі кәсіптік құзырлығына қол жеткізу болып саналады.
Білім мүшесінің басты міндеті –жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілу үшін қажетті жағдайлар жасау».
Сабақтың тиімділігін
Білімді меңгеру оның қажеттігінің туындауынан, белгілі әрекет үстінде жүзеге асады.
Онтогенезде ойын әрекеті оқу әрекетінен бұрын бастауыш болып есептеледі, ендеше, оқу –оның негізінде жатыр. Ойын процесі кезінде әрекет ете білуге оқыту тікелей әрекет арқылы болады. «Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады, эмоциялы қуатталады» -деген А. Науменко.
Ойынның өмірдегі және баланың дамуындағы зор рольін әр кезеңде қайраткерлер мен педагогтар атап айтқан. А.И. Субетто: «Ойын -әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В.А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние, айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл –ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген. Сонымен қатар ол: «Ойын дегеніміз –орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың ширақ тасқыны келіп құйылады. Ойын дегеніміз –бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын», -деген.
Ойын –балалардың ақыл –ой және өнегелі тәрбиесінің ең негізгі бір әдісі. К.Д.Ушинский: «Ойын –бала үшін ойын емес, шындық», -деген. Ал, А.С. Макаренко: «Ойын –балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады»,-деген.
Ойынның теориясын буржуазиялық және совет ғалымдары зерттеген. Талдаудың пәні ретінде бұл мәселе мына психологтардың еңбектерінде орын алған: Б.Г. Ананьев, М.Л. Басова, Л.С. Выготский, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.А.Люблинский, Т.А.Маркова, Д.В. Меджерицкий, К.Д.Ушинский, В.А.Сухамлиский және т.б. Совет психологтарының еңбектерінде ойынның генезисі және пайда болуы жеке тұлғаның дамуына тікелей тәуелді екендігі көрсетілген. Қоршаған ортадан келіп түскен фактілерді творчествалық өңдеуден және адам қабылдаудан кейін ойынның пайда болуына мүмкіндік туды. А.Н. Леонтьевтің ойынша, ойын интуитивті акт емес, ол дамудың қоғамдық заңдылықтарымен анықталатын және бейнелі әлемді, нақтылы сезімді бейнелейтін мақсатты іс-әрекет.
Ойынға бағытталған мұндай жолы –ойлаудың тұрмысқа материалистік және естің материяға қатысты диалектикасын қайталайды.
Соңғы жылдары Республикамызда оқушылардың оқу таным әрекетін белсендіру, проблемалық оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс –тәсілдерін жетілдіру жайында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған мына ғалымдар еңбектерін жатқызуға болады: Ж.А. Караев, Р.Әлімқұлова, Г.К.Нұрғалиева, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Садықов, Т.С.Сабыров, Г.Е.Алимухаметова, З.Ибрагимова, Ғ.М.Құсайнов, А.Тамаев, А.Е. Дайрабаева, А.Б. Мырзабаева және т.б.
Оқыту процесіндегі ойынның рольі педагогикалық әдебиеттермен түсіндірілуіне қарамастан, мұғалімдер оны қолдануда қиыншылықтар мен түсіндіреді.
Еңбектерді оқып келіп мен өзімнің диплпом жұмысыма мынандай мақсат қойдым.
Зерттеудің мақсаты. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті.
Зерттеудің объектісі: Мектептегі оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану.
Зерттеу әдістері:
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. Оқыту
процесінде дидактикалық
1.1 Дидактикалық ойын
туралы түсінік және оның
Біз дидактикалық ойындарды лабораториялық –практикалық сабақтар барысында өткікіземіз. Олар болашақ мұғалімнің өзін -өзі танып білуіне, өз мүмкіндіктерін анықтауына, психологиялық байқағыштығын дамытуына септігін тигізеді. Ең бастысы өзіне қанағаттану сезімін алады, өз қабілеті мен мүмкіндіктеріне сеніммен қарайтын болады. Дидактикалық ойынға қатысу студенттің бар күш қабілетін жұмылдыруын, «рольге» мықтап берілуін талап етеді.
Ойын барысында белгілі бір білім қоры, ептілік пен дағдылар қалыптасады. Педагогикалық қиял элементі бойынша бірде –бір ойын ойдағыдай өтпейді. Ең ақырында мұндай ойындар студенттің рефлексін дамытады, сөйтіп ол ойын барысында белгілі бір әрекеттің қалай орындалатынын бақылай алады.
Студенттерді дидактикалық ойындарға қатыстыру бес кезеңнен тұрады: 1) студенттерді тәрбие жұмысына үйретудің негізін міндеттерін анықтау және шартты ойынды таңдау; 2) шағын топты ұйымдастыру; 3) репетиция; 4) ойынды өткізу; 5) студенттердің өткізген ойынын психологиялық –педагогикалық талдау.
Ойын өткізуде шарттылық пен байсалдылықтың міндетті элементтерін сақтау өте маңызды. Ойын үстінде мұғалімге, сынып жетекшісіне, директорға, оның орынбасарларына «айналған» студенттер актуалды мәселелерді талқылайды.
Енді оқытушының осы кезеңдердің
әрқайсысында атқаратын жұмысының
мазмұны мен методикасын
Дидактикалық ойындарды
Дидактикалық ойындарды
Ойынды өткізудің маңызды шарты –оны нақты шындыққа барынша жақындату. Ойын өткізу үстінде оқытушы мынандай жайды есте сақтауы тиіс: адамдар арасындағы іскер қатынастар алда тұрған проблемалардың тиімді шешімдерін ынталықпен коллективті түрде іздестіргенде ғана қалыптасуы мүмкін.
Дидактикалық ойындарды өткізуде мынандай логика сақталуы тиіс: а) проблемалық жағдаймен танысу; ә) студенттерге оцынның шартын хабарлау; б) ойынның экспозициясын хабарлау.
Дидактикалық ойындарды
Ойын үстінде ымдау, орынды қимылдау, мәнерлеп сөйлеу, эмоциялық әсер әдістерін қолданудың айрықша маңызы бар.
Адамзат тарихында ойын да, ойыншық та болмаған кездер болған. Д.Б. Элькониннің көрсетуінше балалық шақтың кезеңдері сияқты, ойында тарихи кезең пайда болады. Қоғам дамуының алғашқы баспалдақтарында балалар өндірістік және өз бетімен өндіріп шығарушылар бола бастады. Алғашқы қауымда өмір сүретін балалардың мінездерінің ерекшеліктері ретінде өз бетімен әрекеттенуге нұсқайтындар Г.Новицкий, С.Н. Стебницкий және т.б.
Ол кезде тәрбиенің міндеттері ерекше қоғамдық міндет ретінде бөлек болған жоқ, қоғамның дамығандығынан, еңбек құрамының күрделенгендігінен, малшаруашылығына, аңшылыққа ауысқандықтан алғашқы қауымдық қоғамда құрылыстың пайда болғандығына байланысты еңбектің жаңа бөлінісі болды. Балалар тең құқылы мүшесі болғанымен, еңбектің біршама аумағы оларға жабық болды.
Жауапты еңбек іс -әрекетіне қатысар алдында, балалар еңбек құралымен қолдануды үйренуі керек. Бұл кезде көлемі кішірейтілген еңбек құралын дайындау басталады, ал балаларды онымен қолдануға үйретеді. Бірақ бұл әлі балалардың іс-әрекетін ойынға айналдырады. Қоғам дамуының дәл осы кезеңінде ойындар пайда бола бастады.(Д.Б.Эльконин). Еңбек құралының оданда күрделенуі қоғамдағы балалардың ойнына әсерін тигізді. Ересектермен қатар істейтін еңбек іс-әрекеттері де азайды. Бұл кезеңде рольдік ойындар пайда болды және балалық шақтың жаңа кезеңі басталды. Әртүрлі халықтарда рольдік ойынның тарихы пайда болуы әртүрлі және бір қоғам баспалдағының екіншісіне ауысумен олардың өмірсүруіне байланысты болды.
Бұл кезеңде ересектердің еңбегін бейнелейтін ойындар болмаған, өйткені балалар оған қатысатын,тұрмыс жақтарын бейнелейтінойындар көбірек болатын, ал оларға тиым салынатын ойындар, мысалы: некелесу және т.б. сол сияқтылар.
Қоғам дамуының соңғы жауапты іс-әрекеттерден шығарылады. Қоғам дамуының осы кезеңдерінде «сөздің өз мағынасындағы» ойыншық және ережесі бар ойындар пайда болды.
Қоғамдағы адам өмірінің өзгеруіне байланысты, балалар ойындары да өзгереді. Ол кезде балалар «ұшқыш», «ғарышкер» болып ойнаған жоқ, ойында балалар тек көрген және өздері қатысқан нәрселерді бейнелеген.
Д.Б.Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік баспалдағын көрсетті: 1) әрекетті затпен көрсететін ойын; 2) негізгі бөлігіне ережесі бар ойындар кіретін ойындар, рольдік ойындар.
Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин мектепке дейінгі жастағы балардың іс-әрекетінің негізгі түрін ойын деп есептейді.
Соңғы кездері «ойын» мәселесіне биологизаторлық және әлеуметтік жолды айырады.
К.Гросс биологизаторлық жолды жүйелі ашады. Оның теориясы «өзін -өзі тәрбиелеу немесе жаттығу теориясы» деп аталады. К.Гросстың айтуынша: «Ойынның көмегімен адам баласы және жануар баласы келешекте қажет болатын, туғаннан пайда болатын қабілеттерін күшейтеді»-деген. К.Гросс: «Ойын жоспарланбаған тәрбиенің алғашқы формасы,. Осылайша, тәрбиенің рольі бағаланады» -деп өзінің пікірін білдірген. К.Гросс өз ерттеулерінде Канттың философиясына және Вундтың геологиясына сүйенбей, ойынның басталуына тұқым қуалайтын инстинктерді жатқызды, жануарлардағы сияқты дәл осылай өсіп келе жатқан адамның дамуы қоғамдық қатынастардың дамуынан үзілді.
Ж. Пиаже –«Екі әлемнің теориясы». Ж. Пиаженің ойынша, бала өзінің әлемімен қатар ересектердің әлемінде де өмір сүреді. Бірінші әлем –қиял әлемі, қанағаттандырылмаған армандардың, таусылмайтын мүмкіншіліктер әлемі. Екінші әлем –мәжбүрлі шындықтың, ақиқаттың принциптерінің әлемі.
П.П. Блонскийдің айтуынша, Совет ғылымында ойын физиологиялық, биологиялық, психологиялық көзқарастан қарастырылуы мүмкін емес; ойын –баланың белсенділігінің негізгі түрі; бұл процесте ол күшін жаттықтырады, бағытын кеңейтеді, әлеуметтік тәжірибесін жоғарылатады, қоршаған өмірдің құбылыстарын творчестволық түрде ауыстырады және қайта өңдейді. П.П.Блонскийдің ойынша, ойынның қанағаттанарлық теориясын құруға болмайды, өйткені бұл термин әр түрлі іс-әрекет түрлеріне қосылады. Ол ойын іс-әрекет ретінде мүлдем жоқ деген шешімге келеді. Бала ойын кезінде өзіне ересек адамның рольін қабылдайды әне ересек сияқты әрекеттенеді. Ойн кезіндегі баланың іс-әрекеті –оның көзқарасы бйынша ойыннан гөрі өнер. П.П. Блонский –біздің көзқарасымызша ойынның бірнеше маңызды ерекшеліктерін көрсеткен, бірақ біз ойын теориясын құру мүмкіншілігін теріске шығарумен келісе алмаймыз, ойын мен өнердің ортақгенетикалық негізі бар деп санаймыз.
Н.К.Крупская, ойынның әлеуметтік жағдайын аша отырып, балалардың әлеуметтік тәрбиеге ие болуында ойынның маңызды мән алатынын айтқан, сондықтан балалар ойыныныа өте жоғары мұқияттылықпен қарау керек. «Балалар ойын кезінде жиі ересектердің қатыгездігіне, екі беттігіне еліктейді, бірақ ешкімде бұндай ойындар балаларға оң әсерін тигізеді деп кепілдік бере алмайды».
Информация о работе Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы