Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 16:37, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті. Дидактикалық ойын ұғымына түсінік беру. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеудің объектісі: Мектептегі оқыту процесі. Зерттеу пәні: Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа байланысты педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді пайдалану, таныту.
Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау. Бақылау, әңгіме.
Кіріспе
1 -тарау. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды
қолданудың маңызы
1.1Дидактикалық ойын туралы түсінік және оның атқаратын функциясы
1.2Дидактикалық ойындардың түрлері мен топтары
2 -тарау. Дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдары
2.1. Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану әдістері.
2.2. Озат мұғалімдердің іс –тәжірибелерінен мысалдар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Буржуазиялық тәрбиенің
Р.И.Жуковская ойын іс-әрекетінің әлеуметтік мінезін бейнелей келе, балалар ойынының төрт формасын көрсетті және соған байланысты оны басқарудың әр түрлі тәсілдерін де көрсетті.
Осылайша, ойынға қатысты әлеуметтік жол өзіне балалардың тәрбиесінің педагогикалық мәселелерін енгізді, бұл әрекетте ойындағы осы аспектінің кеңесіне жүгінейік.
Көптеген өткен уақыттағы және қазіргі ойшылдар ойын арқылы баланы қалай тәрбиелеу керектігін көрсетуге тырысқан.
XIX ғасырдың екінші жартысында орыс педагогикасында балаларды еркін тәрбиелеуге байланысты қозғалыстар күшейеді, балаларға өздігінен оқыту, өзін -өзі тәрбиелеу, өзін -өзі дамытуға мүмкіндік беру керек болды.
Осы теорияны ұсынушы К.В.Вентцельдің пікірінше, баланың ішкі әлемінің көрінуіне мүмкіндік беру керек, сонда бала өз басынан өкергенді ойында бйнелейді. Буржуаздық ғалымдардың көзқарасындағы бала қабілетінің идеализациясының түп тамыры ойынға классикалық табиғатты көрсетеді: «творчестволық» жалғыздарды көтермелеу және балалар класының дамуын елемеу. Буржуаздық идеологтар осы кезге дейін ұйымдастырушылардың дарыны тек мырзалар класының рарсынан ғана шығады деп айтқан . совет педагогикалық ғалымы бірқатар зерттеушілермен (А.Т.Ковалев, В.Н.Мясищев, Л.И.Уманская және т.б.) бұл сияқты кері ғылымдық теорияларды жоққа шығарады. Р.И.Жуковская творчестволық ойындардағы ұйымдастырушылық қасиеттердің қалыптасуы интенсивті болған сайын, соғұрлым үйрету ойындарында балалардың даму процесі тез жүреді, соншалықты ойынды өз бетімен өткізуге балаларға сенім көрсетіледі.
Ойын теориясын жасауға Н.К.
Ол мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің көңілін ойынға аударуға табанды тұрды және оқушылардың ойындарының мәліметін спорт ойындарына қарсы қойды.
А.С.Макаренконың ұсынуы бойынша, балалардың өмірін ойынмен өткізу керек деген, оның айтуынша, баланың ойын кезінде жасайтын дене және ес жаттығулары бүкіл адам дамуына жағымда әсерін тигізеді. А.С.Макаренконың ойынша, ойын еңбекке деген алғашқы дайындық, және ол ақырындап еңбекпен алмастырылуы қажет.
А.В.Черков, А.С.Макаренконың коллектив туралы іліміне сүйеніп ұжымдық ойындардағы балалар ұйымының тәжірибесін жүргізді және ойын әрекетінің мазмұнды жақтарының өзгеруінің негізіндегі ұзақ, тұрақты ұжымдық қызығушылықтың қалыптасуының қажеттілігі туралы сұрақ қойды.
Бірқатар педагоктардың зерттеулерінде (Т.А.Маркова, П.С.Саморукова және т.б,) балалық шақтағы ойынның және мінез –құлық тәрбиесіне ықпалы жайлы сұрақ қарастырылды. Осылай П.С.Саморукова ойын процесіндегі баланың байқампаздығының дамуын, сондай –ақ балалардың қоршаған ортаның ақиқаттылығымен таныстырудың маңыздылығын көрсетті. А.Н.Аржанова, В.П.Залогина, Р.И.Ибрагимова, Е.И.Удальцова, т.б. зерттеулеріндегі достық пен жлодастықтың сезімдерінің дұрыс қарым –қатынасты тәрбиелеудің мәселелері жеткілікті қарастырылған. Р.И.Ибрагимова ойын процесіндегі балалардың борыштық сезімдерін тәрбиелеу мәселесін зерттеген. Ұжымдық ойын әрекетінде балалар өзара жол беруге және талап етуге үйренетіні анықталды, олардың бұл жағдайдағы өз бетіндік әрекеттері ойынның ережелерін орындаумен сәйкес келеді.
Ойын ситуацияларында оқыту
жұмысының формасы ретінде
Дидактикалық ойындар «роль ашық бола бастағанда, ал ереже ашық болғанда», рольдік ойындарды эвалюцияландырғанның нәтижесінде пайда болды (Д.Б.Эльконин). оол дидактикалық ойындарды «ойын –жаттығулар» деп атайды.
К.Д.Ушинский бүкіл оқыту процесінің ойынға айналуына қарсы болды, бірақ сол уақытта да педагоктарды оқыту ойындарының маңыздылығына көңілдерін аударды.
Оқуға деген балалардың қызығушылығы
кезінде естің дамуы
Оқыту ойындарына әлеумет –демократтар ерекше қызығушылық көрсеткен. Олар өсіп келе жатқан тұлғаның қалыптасуы мен тұруында ойынның мәні зор екендігін айтқан. Осылайша, Д.И.Писарев мұғалімнің айтқанын ғана қайталап, оқулықтың шет елдердікі болуын талап ететін, оқушы ойының ашық айтылуына жол беретін мектептерді сынаған. Сондай –ақ, Д.И.Писарев екінші мәселеге де қарсы шыққан, ол оқушылардың еңбек көмектесе алатын, білім берудегі интелектуалды қиындықтарды жеңу қажеттігін жақтаған. Дидактикалық ойындарға арналған бірінші жұмыстар 50 жылдарда мектеп алдында өмірмен жақындасу мәселесі тұрған кезде пайда болды. Оқыту процесінде ойынды қолдану формализммен күресу ретінде қарастырылды. Жас совет педагогикасы белсенді оқыту әдістерін жасай келе, оқыту ойынының тәрбиелік мүмкіндігін көреді, оның балалар дамуының әсерін көреді. 60-70 жылдары дидактикалық ойынға қызығушылық көтеріледі. Оқыту процесіндегі ойынның мүмкіндігінің анықтамасына кең ыңғай табу, тұлғаға қатысты әсерді ойлануға сондай –ақ сурет өнеріне үйрену кезіндегі белсенді әдісті роль көрсететін жұмыстары көмектесті (А.А.Баранов), сурет және көркем әдебиеттерді әсерімен ойын бейнелерін құру (Л.Б.Бочкарова):
В.А.Верхогляд, М.В.Стронин, Н.Я.Яшкова және т.б. оқушыларды шет тіліне оқыту кезіндегі дидактикалық ойынның мүмкіншіліктерін зерттейді. Олардың айтуынша, тілді меңгеру процесін белсендіруде ойынның мүмкіншіліктері жоғары деген.
Шын мәнінде, әр дидактикалық ойында біз бірнеше рет қайталанып тұратын, бір –екі сөйлеу үлгілері мен жұмыс істейміз. Сондықтан дидактикалық ойынның мәліметінің құрылуы жағынан –бұл сөздік жаттығу. Екінші жағынан, дидактикалық ойын эмоционалды кернеу атмосферасын құрайтын, әрдайым жаңа нұсқада және бірнеше рет айналатын жағдай.
М.В.Строниннің ойынша, сөйлеу қатынасы өзіне тек жеке сөйлеуді ғана емес, сондай –ақ міндетті және табиғи мінездеме ұстанған, анық көрсетілген, мақсатты бағытталған ым, ишараны да қосады. Осылайша, бірнеше авторлар дидактикалық ойын ситуативті жаттығуларды қарастыру кезінде оқушылар сөйлеу қатынасын тәжірибесін керекті дағды және шеберлікті иемденеді.
Ойынның темпі оқушылардың сөйлеу темпінің дамуына көмектеседі, олардың тіл есінің дайын болуына жаттықтырады, жылдам ойлауға үйретеді. Сабақ кезінде ойнағанда оқушылар бейнелі түрде ойларын білдіруге жаттығады, осының көмегімен олардың сөйлеуі автоматтандырылады (К.А.Роткин). Бұдан шығатын қорытынды, ойын сөйлеу шеберлігін дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі және ол тіл мәліметтерін табысты меңгеруіне көмектеседі. Ұмыстары ерекше қызығушылық туғызатын, методист-математиктер Е. Еңгебаева, М.И. Макитинский дидактикалық ойындарды жасайды, оларды суреттейді және сабақта қолданатын әдістемелік көрсеткішті анықтайды. Көркем ойындарға да қызығушылық көтеріліп жатыр (В.Я. Варонова, М.Г. Яковская).
70 жылдың аяғы мен 80 жылдардың
басында дидактикалық ойындар
және олардың ролі одан да
кең айқындамадан тұлғаға әсер
ету айқындамада мағыналана
Бұл жоспарда көбірек қызығушылық тудыратын Г.И.Камаеваның жұмысы, ол идеалды тұлғаның қалыптасуына рольдік ойындарды қолданады.
Егер де алғашында ойын процессінде ең басты мәселе бүкіл танымның ойлау әрекетінің белсенділігіне көңіл бөлінсе, онда қазір ойын кезінде тұлғаның мінезі талданады. Арнайы қарастырудың пәні қатынас категориясы болып есептелінеді.
М.В. Стронниннің ескертуінше: «Ойында бәрі тең. Ол нашар оқушылардың да қолынан келеді; Тіл дайындығы жағынан нашар оқушы ойын кезінде бірінші болуы мүмкін; тапқырлық пен тез ойлау бұнда пәнді жақсы білгенінен де артық болады.
Тең болу сезімі, қуаныш пен қызығушылық атмосферасы, тапсырманың орындай алатындығы – бұның барлығы балаларға ұялшақтықты жеңуге мүмкіндік береді ... және оқытудың нәтижесіне оң әсерін тигізеді.»
Осылайша, дидактикалық ойын бойынша барлық ақырғы зерттеулердің мәліметін жариялай және оқыту процессінде қолдануды айта келе: а) дидактикалық ойын психологиялық процесстерді белсендіреді: ойлауды, есті, сөйлеуді. (Г.А. Ляпина, М.В. Стронин); ә) сабақтағы ойын ситуацияларында оқушы іс-әрекеттің процессуалды, ал оқуды жеке мағынасының жоғарлауына көмектеседі. (Е. Енгебаева, А.А. Баранов, Г.А. Ляпина); б) әрекеттің табыстылығы, сондай-ақ дидактикалық ойын оқушыларды ойын процессетрді ашу қызығушылық пен байланысты, өзінің білімін ойнаушылар творчестволық қолдану. (А.Т. Азаров, О.С. Кель, В.Н. Терский және т.б.); в) дидактикалық ойын этикалық тәрбиеге мүмкіндік жасайды. (А.А. Баранов, В.И. Иванова және т.б.).
Көпшіліктің практикасына табанды әсер ете алатын дидактикалық ойын теориясын құруға, ойынның мағынасын терең түсінуге жол тапқанымен, әлі жеткілікті емес. Жоғарыдағы көрсетілген зерттеулер таным әрекетін жүйелік аспектісіндегі құрылымы мен процессін ашпайды.
Зерттеушілердің көңілі көбінесе ойының пәндік жағынан жеткіліксіз қарама –қарсылықпен іс -әрекеттің процессуалды жағынан бөлінген дидактикалық ойынның тұлғаға әсерінің басты көзі толығымен түсінікті емес, оның барлығы мүмкіншілікті көрсетілген емес. Сондықтан да дидактикалық ойынмен байланысты мәселенің айналасына көп көз –қарастарымен қарама –қайшы мағыналар жиналған.
Сонда да біздің әдебиеттерді зерттеуіміз дидактикада дидактикалық ойын теориясы, іс -әрекеттің спецификалық түрі ретінде толық жасалмағанын көрсетті, сондықтан жалпы дидактикалық жоспардағы дидактикалық ойынның ішкі мүмкіншілігі жайлы сұрақ шешілмеген ойын ситуацияларында оқушылардың іс -әрекетінің мінезі анық берілмеген; Дидактикалық ойынның ғылыми классификациясы нақты берілмеген; Оқыту процесінде дидактикалық ойынның қолдану кезіндегі жалпы қиындықтар толығымен шешілмеген; Дидактикалық ойынның жүйесі жоқ.
1.2. Дидактикалық
ойындардың түрлері мен
Дидактикалық ойындардың
түрлері көптеген өткен уақыттың
зерттеушілері мен қазіргі
Ойындарды класстарға бөлу
бұрыннан жасалып келсе де, дидактикада
әлі де дидактикалық ойындарға ортақ
ғылыми негізделген сарыптау жоқ, оның
себебін барлық зерттеушілер өздерінің
жүйесін ұсынған, әр түрлі негізде
жүргізілген бірнеше
Ф.И.Фрадкина ойынды үш топқа бөледі. Бірінші топқа фобульді элемент кіретін –крассворттвр, ребустар, викториналар жатады. Екінші топта бірінші жоспаға өзін бағалау мотиві, интелектуалды күй салуға қызығушылық жатады. Үшінші топта, іс-әрекеттің мотиві іс-әрекет процесінде емес, бірінші болуда жатқан ойындар құрайды.
Л.И. Смагина мен А.В. Трусковец ойындарды; ойын –минут, ойын –эпизод, ойын –сабақ деп бөлген. А.В. Трусковец ойын кезінде құралып жатқан дағды тұрғысынан негізгі төрт топты бөлген: лексикалық, граматикалық, фанетикалық және сөздік ойындар. Олар өз кезегінде тағы да топтарға бөлінеді. Бұндай сарыптау оқушылардың граматиканы оқуына кіретін ойын элементтерінің рольін негіздейді, бірақ ойын процесінде оқушылардың іс-әрекет негізін ескермейді.
А.А.Баранов, Г.А. Ляпина, М.В. Стронин және т.б. сараптаудың негізі ретінде оқыту процесінде дидактикалық ойынмен орындалатын функцияларды қабылдайды. Осылай Г.А. Ляпина оқу процесінде қолданылатын ойындарды дидактикалық және сюжеттік деп бөледі. М.В. Стронин дидактикалық ойынды екі топқа бөледі. Бірінші бөлімді, дайындық ойындары құрайды, екіншісі –творчестволық. Творчестволық ойындар білімділік пен сөйлеу дағдыларының дамуына көмектеседі.
Оқыту тапсырмалары күрделіленгенде
ережелеріде күрделенеді. Бұл өз
кезегінде оқушылармен
Информация о работе Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы