Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 16:37, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті. Дидактикалық ойын ұғымына түсінік беру. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеудің объектісі: Мектептегі оқыту процесі. Зерттеу пәні: Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа байланысты педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді пайдалану, таныту.
Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау. Бақылау, әңгіме.

Содержание

Кіріспе

1 -тарау. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды
қолданудың маңызы

1.1Дидактикалық ойын туралы түсінік және оның атқаратын функциясы

1.2Дидактикалық ойындардың түрлері мен топтары

2 -тарау. Дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдары

2.1. Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану әдістері.

2.2. Озат мұғалімдердің іс –тәжірибелерінен мысалдар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дидактикалык жумыс.doc

— 229.50 Кб (Скачать документ)

XIX –XX ғасырлар аралығында оқытудың практикалық әдістерін пайдаланатын, «іс-әрекет арқылы оқу» тұжырымдамасы қызығушылық туғызды. Сөздік әдістің білімге ұмтылудың дербестігіне негізделген кезекті нұсқаларына үлкен үміт артылды. Әйтсе де бұл әдіс нәтижеге жету үшін көп еңбекті, уақытты талап етеді.

Осы айтылғандардан төмендегіше  қорытынды шығаруға болады:

1. Білім берудің әр  түрлі даму кезеңдерінде оқыту  әдістерінің қандай рольге ие  болғандарына қарамастан, дербес  пайдаланылған ретте олардың  бірде бірі қажетті нәтиже  бермейді.

2. Әістердің  бірде бірі әмбебап емес, сондықтан дидактикалық жұмста тиімді нәтижелерге тек көптеген әдістерді пайдалану арқылы жетуге болады.

Бірақ оқытушы педагогикалық  әдебиеттерде жазылған және практикада біршама сыналған көп қырлы оқыту  әдістерін пайдалану үшін оларды реттеп, бір жүйеге келтіру қажет.

Қазіргі дидактиканың келесі мәселелерінің бірі –оқыту әдістерін жіктеу болып табылады. Қазіргі уақытта бұл мәселе жөнінде ортақ көзқарас жоқ. Осыған байланысты әр автор әдістерді топтарға, топшаларға бөлуге әртүрлі белгілерді негізге алады, жіктеудің бірнеше түрі бар.

Оқыту әдістерін оқытушының жұмыс әдістеріне (әңгіме, түсіндіру, сұхбат) және студенттердің жұмыс  әдістеріне (жаттығулар, есептер, өзіндік  жұмыс) бөлу бұрынырақ жіктелу болып  саналады.

Оқыту әдістерін білім  алу көздері бойынша кең тараған. Әдістерге осылай қарау оларды төмендегіше бөледі :

      1. Сөздік әдісі (білім көзі ауызша немесе баспа сөздері болып табылады);
      2. Көрнекі әдістер( білім көзі бақыланатын заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар болып табылады);
      3. Практкалық әдістер( практикалық қызмет атқара отырып, студенттер білім алады және білігін қалыптастырады).

Сөздік әдістер келесі түрлерге бөлінеді: әңгіме, түсіндіру, сұхбат, пікірталас, кітаппен жұмыс.

Практикалық әдістер. Оқытудың практикалық әдістері студенттердің практикалық қызметтеріне негізделген. Бұл әдістер арқылы практикалық білік пен дағды қалыптасады. Практикалық әдістерге жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар жатады.

XX ғасырдың 60 жылдарының ортасынан бастап, білім беруде дидактикалық ойындар әдістері қолданыла бастады. Кейбір ғалымдар оны оқытудың практикалық әдістеріне жатқызса, басқалары оларды айырықша топ ретінде қарастырды. Дидактикалық ойындарды айырықша топқа бөле отырып, былай дейді: біріншіден, олар өзіне олардың элементтерін жинақтай отырып, көрнекілік, сөздік және практикалық әдістердің шеңберінен шығып кетеді, екіншіден, олардың өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.

Дидактикалық ойындар-бұл  оқылатын жүйелерді, құбылыстарды, процестерді имитациялық модельдеуді жүзеге асыратын белснді оқу қызметі. Ойынның басқа қызметтерден ерекшелігі ,оның пәні-адамның қызметінің өзі екендігінде. Дидактикалық ойында қызметтің негізгі түрі ретінде, ойынмен сабақтасатын және біріккен оқу-ойын түріне айналатын оқу қызметі болып табылады. Дидактикалық ойын-бұл әрбір қатысушы мен топ басты міндетті шешу үшін толығымен бірігетін және өздерінің әрекеттерін табысқа бағыттайтын, ұжымдық, мақсатты оқу қызметі. Оқу мақсатында ұйымдастырылған ойынды оқу-ойыны деп атауға болады. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері:

  • Оқу қызметінің модельденетін объектісі;
  • Ойынға қатысушылардың бірлескен іс-әрекеті;
  • Ойынның ережесі;
  • Жағдайдың өзгеруіне орай шешім қабылдау;
  • Қабылданған шешімнің тиімділігі.

Дидактикалық ойындар  технологиясы –бұл проблемалық оқытудың нақты технологиясы. Бұлжағдайда ойынның оқу қызметі үлкен сапаға ие: онда ақпарат сырттан түспейді, ішкі дүниенің, қызметтің өз нәтижесі, сондықтан танымдық қызмет өз бетінеше қозғалысты білдіреді. Осындай жолмен алынған ақпарат оқытудың соңғы тәжірибесіне жнткенше, өзінің соңынан келесі буында ілестіретін жаңасын туғызады: бұл процес шартты түрде келесі кезеңдерге жіктеледі:

  • өз бетінше оқуға дайындау;
  • басты міндеттерді белгілеу;
  • объектінің имитациялық моделін таңдау;
  • соның негізінде талаптарда шешу;
  • тексеру, түзету;
  • қабылданған шешімді жүзеге асыру;
  • оның бағаларын белгілеу;
  • алынған қорытындыны талдау және бар тәжірибе арқылы жинақтау.

Дидактикалық ойындар  оқыту әдісі ретінде өзін оқыту процесін белсенділігін арттыратын, үлкен әлеуметтік мүмкіндіктерді жинақтаған. Сонымен қатар, мектеп практикасыжәне өткізілген эксперименттердің нәтижесі көрсеткендей дидактикалық ойындар оқытуда оларды дәстүрлі әдістермен ауыстырушысы ретінде емес, мол қор жинақтайтын фактор ретінде пайдаланған жағдайда ғана оң нәтижеге ие болуы мүмкін.

Оқыту әдістердің классификациялаудың кең таралған түріне М.Н.Скаткин және И.Я.Лернер ұсынған классификациялар жатады. Олар оқыту әдістерін, оқыған материалдарды, игерудегі оқушылардың танымдық қызметінің сипатына байланысты түсіндірілмелі иллюстрациялық, репродуктивтік, проблемалық мазмұндау  жартылай ізденістік, зерттеулік бөлуді ұсынады.

Түсіндірілмелі иллюстрациялық оқыту әдісінің мәні –оқытушы дайын  ақпаратты әр түрлі құралдар арқылы жеткізеді, ал студенттер оларды қабылдайды, ұғынады және естерінде сақтайды. Түсіндңрмелі – иллюстрациялы әдіс –ақпарат берудің ең бір тиімді тәсілі. Дегенмен, оқытудың бұл әдісін пайдаланғанда алған білімді пайдаланатындай білік пен дағды қалыптаспайды.

Стулденттерге осындай  білік пен дағдыларды беру үшін оқытудың репродуктивтік әдісі қолданылады. Оның мәні – оқытушының тапсырмасы бойынша іс-әрекет тәсілдерін қайталау (бірнешерет).

Оқытушының қызметі  үлгіні дайындау және хабарлдау, ал студенттің қызметі –үлгіге байланысты іс-әрекет жасау.

Мазмұндаған проблемалық  әдісінің мәні –оқытушы студенттердің  алдына мәселе қояды және туындаған  қарамақайшылықтарды аша отырып, өзі оның шешу жлдарын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Озат мұғалімдердің іс тәжірибесінен мысалдар.

 

Әдісті тиімді қолданудың мысалы ретінде, мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты, атаулы мектептің жетекшісі  Қанипа Бітібаева өткізген педагогикалық  іскерлік ойынды келтірейік: қазақтың ұлы педагогы Ыбрай Алтынсариннің  туғанына 150 жыл толуына байланысты «Ұстаз - өмірінің асыл мұраты» атты педагогикалық іскерлік ойыны төмендегідей бөлімдерден тұрады.

    1. Ы. Алтынсариннің  педагогикалық мұрасы жөнінде рефераттар қорғау. Бірінші реферат тақырыбы «Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының өзіндік ерекшелігі». Екінші реферат тақырыбы «Алтынсариннің әңгімелеріндегі тәрбие мәселелері».
    2. Дискуссиялық пікірталас: а) тақырыбы: «Болашақ қазақ мектебі қандай болу керек?» (оның жобасын жасау); ә) болашақ әдебиет оқулығы қандай болу керек? б) қазіргі әдебиет оқулықтарына сын. Оқулық оқушы көзімен...
    3. Келіңдер, ойналық, ойланайық ... (педагогикалық ситуациялар). Көрініс: «Мінездеме».
    4. Арманшылдар ... а) егер әдебиетші мұғалім болсам ... Көрініс: «Рок, рок және әдебиет сабағы»; ә) сабақ – панорамалар.
    5. Педагогикалық ситуациялар; а) егер сен мұғалім болсаң, осындай 32542534- жағдайда балаға тоқсандық бағаны қалай шығарар едің? ә) егер мектеп басшысы болсам ... Көрініс: «Шағым».
    6. Ұстаз туралы өздері тұжырымдаған аффористік сөздер, бағаларға конкурс.

«Диалог» дидактикалық ойыны. Жағдай. Мектеп директоры жас мұғалімнің алғашқы сабағын талқылауда. Ол әңгімені достар жөніндегі міндеттерден бастады. «Сіздің айтқандарыңыздың бәрі дұрыс, - деді директор. – Адам достасуы керек, бір-біріне көмектесуі керек. Әлсізді жәбірлемеу керек. Сіз бұл жайында жақсы, түсінікті етіп айттыңыз. Сіз бірқатар мысалдар келтірдіңіз. Әрине, сіздің кеңестеріңіздің біразы балалардың жадында сақталатын болады. Алайда, мынаны есте ұстау қажет: біріншіден, керек деген сөз бала үшін аса нанымды болып естілмейді, сондықтан оған көп жүгіну пайда бермейді; екіншіден, егер балалар сіздің әңгімеңізден әлденені үйренсе, сіз одан еш нәрсе алған жоқсыз, өйткені оқушылар ауыз ашқан жоқ қой!»

Қоңырау соғылды. Директор мұғалімге:

- Күләш Исаевна, рұқсат  етсеңіз мен әңгімені сіздің класыңызда жалғастырайын, сіз балаларды қадағалап отырыңыз, - деді.

Директор: Балалар, Күләш  Исаевна өткен сабақта сендермен  достық туралы әңгімелесті. Айтыңдаршы, бірінші класқа келгенге дейін сендердің  достарың болды ма?

Оқушылар: Болды! Болды!

Директор: Достарыңды ұмытқандарың қол көтеріңдерші. О! Кластың тең  жартысы дерлік. Айталық, сен неге досыңды ұмыттың?

Оқушы: Ол менің шарымды  тартып алып, бермей қойды. Мен қуалап барып, оны итеріп жібердім. Ол жылап  қалды. Папам «есеңді жіберме!» деп айтқан.

Директор: Ал сен неге ұмыттың?

Оқушы қыз: Ол маған «жылауық»  деген ат қойды. Ал мамам «онымен  дос болма!» деді.

Директор: Ал, сен бала, неліктен дос болмай кеттің?

Оқушы: Себебі Қуаныш –  сараң бала. Мен оған бәрін берсем де, ол ештеңе бермейді. Ол менің заттарымды тіпті сұрамай-ақ алып кетеді.

Басқа балалардың жауаптары  да осы секілді болып кете барды.

Директор: Демек, балалар, достықтың бұзылуына өздерің  емес, сендердің достарың кінәлі екен ғой. Мүмкін сендердің өздеріңде де кінә бар шығар? Ойланып көріңдерші!

Сәл үзілістен кейін  үш бала қолын көтерді.

Директор шарын бермегені  үшін итеріп жіберген балаға қайырылып, оның ойын сұрады. 

Оқушы: «Папам біреу өзіңді соқса есеңді жіберме деген. Ал ол мені соққан жоқ, тек шарымды алып қойды. Ал мен соғып жібердім. Дұрыс істемедім.»

Оқушы қыз:Мен затымды дос қызым ұрлап алды деп жүрсем, ол табылды. Оның енді мені мен дос балғысы келмейді. Мамам «өзің кінәлісің» деді.

Оқушы: Серік –науқас  бала ал мені оны әлжуаз дедім.

Директор: Ендеше, достан айырылмас үшін не істеу керек?

Оқушылардың бәрі: «Бәрін дұрыс істеу керек! Өсек айтпау керек! Сараң болмау қажет! Еш нәрсені тартып алмау керек! Жәбірлемеу керек! Сотқар болмау керек!»

Бастапқы педагогикалық информация.

  1. Мектеп директоры тәжірибелі адам, балалармен әңгімелесе біледі, бастауыш класс оқушыларының педагогикалық ерекшеліктерін жақсы түсінеді, балалардың жеке тәжірибесін шебер пайдаланады, балалрдың өздеріне қорытынды жасатады, педагогикалық әдепті сақтатады.
  2. Мұғалім жас, балармен әңгіме жүргізуде, оларды белгілі қорытындыға келтіруде қиындықтарға  кездеседі.

Ойын экспозициясы. Кейбір оқушылар осындай әңгімеден кейін  досарының сыртынан сөз еткені үшін өздерін ыңғайсыз сезінеді. Қайсы біреулері мұғалімнен достары мен табысудың жолдарын сұрайды. Көпшілігі достасу керек, өйткені әлі ұзақ уақыт бірге оқимыз деген қорытындыға келеді.

Ойынды талқылау барысында  студенттер мектеп директоры қажетті  жағдайларда оқушыларға ықпал етудің тиімді әдістерін тауып, дұрыс қолдана  алады, деп көрсетті. Бұл педагогикалық шеберлік, яғни педагогтың мамандық тапқырлығы. Мектеп директоры жағдайды дұрыс бағдарлап, бағалай алады, балалрдың ішкі жан дүниесін дұрыс түсінеді.

«Педсовет» дидактикалық ойыны. Жағдай: мектеп директоры 7 «а»  класс жетекшісінің өз оқушыларымен қарым-қатынасы ойдағыдай емес екенін біліп, бұл туралы педсоветте өзінің көптеген тәрбие шараларын жүргізгінін, осыған қарамастан, класта «қиын» балалардың бал екенін айтты. Мысалы, Т.Есімболатов. ол менің жүйкемді жұқартты. Шынын айтсам, оның секпіл басқан, құс жұмыртқасындай сопақ бетіне қарағым келмейді.  Оның кіп-кішкентай, жылтылдап тұрған топас көзі де топас құсты елестетеді.

Директор: мұғалім оқушылардың  сырт келбетін байқамағаны жөн. Құлағының  немесе көйлегінің тазалығы назар аударуы мүмкін. Мұғалім үшін кейіпсіз және әсем балалар болмауы тиіс.

Класс жетекшісі: мен  бұл қағиданы білемін. Мен Тілектің жылтылдақ көзін байқамаған да болар  едім. Бірақ ол менің сабағымда  тыныштық бермейді. өзін арсыз ұстайды. Нағыз кішкентай арсыздың өзі. Ол керек десеңіз сабақ үстінде парта астынан ысталған балықты шығарып, қабығын аршиды да, менің көз алдымда мүжи бастайды. Оны ғылым қызықтырады деп ойлайсыз ба? Оның күнделігі толған нашар баға. Бұл оның қаперіне де кірмейді. Оны еш нәрсе тоғандырмайды. Бұл бір кішкентай құбыжық! Мен онымен әлде нешерет бетпе –бет сөйлесейін дедім: сен мектепке не үшін келесің? өзің де оқымайсың, басқаға да кедергі келтіресің. Одан  да келмей-ақ қойсаң етті. Айтшы сен мектепке не үшін келесің?...

-Шешем бұйырған соң...

мұғалімдер бөлмесінде Тілек туралы әлденешерет әңгіме бастасам, басқалар мені алдандырып қояды:

-Оған көңіл бөлмей- ақ қойыңыз. Ол сіздің сабағыңызда  ғана өзін солай ұстайды деп бекер ойлайсыз. Оқу жылының аяғына жетейік, ар жағы бірдеме болар...

Мектеп директорының класс жетекшісімен шын ықыласты әңгімесінен кейін бұл мәселені педагогикалық советте қарау туралы шешім туды.

Бастапқы педагогикалық  информация. Бұл ойынға қатысушылар: мектеп директоры.  класс жетекшісі мектепте өзін жақсы ұстай білетін балалармен ғана жұмыс істей алады, балалр тентектігінің, шалдуарлығының себептерін түсінбейді. Есімболатовтың ар намысына тиеді, ол туралы жаман ойдан құтыла алмайды, жаман балалар жоқ, жаман тәрбиеші бар деп есептемейді. Класс жетекшісі Тілекке педагогикалық ықпал жасаудың керекті тәсілдерін іздеп табуы тиіс. Педагогтың шеберлігі міне осында.

Информация о работе Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы