Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 16:37, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті. Дидактикалық ойын ұғымына түсінік беру. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеудің объектісі: Мектептегі оқыту процесі. Зерттеу пәні: Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа байланысты педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді пайдалану, таныту.
Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау. Бақылау, әңгіме.
Кіріспе
1 -тарау. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды
қолданудың маңызы
1.1Дидактикалық ойын туралы түсінік және оның атқаратын функциясы
1.2Дидактикалық ойындардың түрлері мен топтары
2 -тарау. Дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдары
2.1. Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану әдістері.
2.2. Озат мұғалімдердің іс –тәжірибелерінен мысалдар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Сурет1. ДО оқыту тапсырмаларын шешу процессіндегі оқушының іс-әрекеті.
Осылайша, оқушылардың
іс-әрекетінің мінезі бойынша
дидактакалық ойынды сарыптай
келе, біз уақытша былай бөлеміз: реп
Жеке ойындардың мазмұны оқушылардың
бар білімінің дағды мен
Жеке дидактикалық ойынның ұқсас ерекшелігі оқу тапсырмаларының одан да қиындатылуы, оқушыларды зерттеулердің элементтерін болжайтын іс-әрекетке қосуы болып табылады. Осындай тапсырмаларды орындау процесінде жеткіншек бірнеше логикалық операцияларды өндіреді, танымдық әрекеттің этаптарының ретпен шешілуін жоспарлайды. Бұндай дидактикалық ойындар ізденістік деп аталады.
Ізденістік дидактикалық ойынның репродуктивті және жартылай –ізденістіктер айырмашылығы, оқушылардың бар білімін басқа танымдық тапсырмаларды шешуге ауыстыруды қинау. Ізденістік дидактикалық ойынның оқу тапсырмалары күрделенді, оқушы өзінің есінің өз бетті құрылымының жағдайында болады. Берілген іс-әрекет жеткіншекті шығармашылыққа дайындайды.
Біздің дәлелдеуімізше, айтылып кеткен дидактикалық ойнның түрлеріне бір мағына беруге болмайды. Ойынның сәні, оның көмегімен іс-әрекеттің барлық түрін интеграциялауға болады. Сондай-ақ, интеграция жорығында төменге және төменнен жоғарыға жүреді.
Оқыту процесіндегі ойнның орнын ескере келе (2-суретті қараңыз),
Сурет2. Оқыту процесінде ДО орны.
біз ситуативті және жоспарланған дидактикалық ойындарды жеке алып көрсетеміз. Ситуативтіден басқа барлық дидактикалық ойындардың сабақ жүйесіне енгізуін мұғалім алдын-ала қарастырады және жоспарлайды, жоспарланған дидактикалық ойынды оқу мәліметінің мазмұнын, дидактикалық мақсатты және өздері орындайтын функцияны есепке алады.
Оқыту мәліметтерін оқуға дайындық кезіндегі дидактикалық ойын жаңа мәліметті қабылдау процесі белсенділігі бөлігінің көбейтілуін алдын-ала қарастырады. Бұл жағдайда репродуктивтіден басқа барлық дидактикалық ойынның түрлері қолданылуы мүмкін.
Жаңа мәліметтерді бекіту мақсатында енгізілетін дидактикалық ойын жаңаны түсінуді нақтылайды және үй жұмысын орындау кезіндк неге көңіл бөлу керектігін көрсетеді.
Қайталау кезінде дидактикалық ойынның барлық түрлері қолданылады. Ойындар оқушыларды жаңа ситуацияларда бар білімін қолдануға мәжбүр етеді. Дидактикалық ойын түрлеріне байланысты оқушылар орындайтын оқу тапсырмалары логикалық операциялардың күрделенуі мен жеңілдетілуіне арналған. Қайталау кезінде қосылатын дидактикалық ойын жиі ситуативті тапсырмалармен бірге беріледі немесе бүкіл сабақты алады. Бұндай сабақтар оқуға қызығушылық тудырады, оқушылар үшін танымдық іс-әрекеті тұлғалық маңызды етеді.
Оқыту процесіндегі басқаша функцияларды есептік дидактикалық ойын орындайды. Білім мен білік, бағаны есепке алудан басқа оқушылардың қабілеті мен мүмкіншілігі: дидактикалық ойын сабақ кезінде қажетті бағыт құрайды, оқушыларды тәртіпке үйретеді.
Студенттердің бойында мамандыққа байланысты икемділікті қалыптастыру міндеттеріне қарай біз дидактикалық ойындарды мынандай топтарға бөлеміз: 1) педагогикалық сөз мәдениетін дамытатын ойындар; 2) мимикалық және пантомимикалық бейнелеу негіздері; 3) директордың, оның орынбасарларының, кластан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың ролін орындауға арналған ойындар;4) студенттерді мектепте тәрбие жұмыстарының әр түрлі формаларын жүргізуге үйрететін ойындар (этикалық әңгімелер, саяси информация, диспут, ауызша журнал және т.б.).
Оқушы мұғалімнен дайын білім, былайша айтқанда тек «жұта» салатын «әбден шайналған» білім алғысы келе ме? Қазіргі кезде, әрине, жоқ. Осындай тұрғы да өткен сабақтар оқушы үшін көңілсіз, ол осы кезде не тыныш отырмай жанындағы басқа балалрға бөгет жасай бастайды немесе басқа ойға беріліп кетеді. Бұл жағдай көпшілік сабақтарда кездесіп жатады. Оны болдырмаудың бір жолы –ұстаз бен оқушының бірлесіп еңбек етуі –оқу еңбегі. Баланың оқудағы өз үлесінің болуы, ол өзінің «салмағын» сезінуі. Сол кезде ғана оқушының өзінің адамгершілігінің сезінуі, өзін –өзі бағалауы, сөйтіп оның өзін дамытуға деген құштарлығы, сезімі оянады.
Осыдан шығатын бір нәтиже шығармашылық еркіндік алу, тапқырлық, зергектік, дербестік еркіндік алуы. Осы жағдайдың барлығы оқушыға мұғаліммен пікір таластыра алуына, оқулықтағы мәтінмен ой жарыстыруға, сөйтіп өзінің дәлелдерін ұсыну, болжам айту пікірлерімен келіспейтіндігін мәлімдей алатынын сезінуге жеткізеді. Оқу процессіндегі осындай жағдайлар екі жақты бірдей, ұстаз-оқушы, қарым-қатынасын жетілдіре түседі, қызықтырады, қуаныш әкеліп шаттандырады.
Оқытудың ойын формасы – соңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың ішіндегі бір қолайлысы. Себебі оқушы ғана емес жалпы адам үшін ойын-белсенділікпен, өзін көрсетуге сөйте отырып үйренуге әсер етеді. Ойын - өз алдына оқыту процессі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ғалымдар тірі табиғатты жұмбақтың бірі – ойын екенін оның құбылыстары мен процесстері әлі адамзатпен толық зерттеліп ашылмаған сөйтіп дәл анықтамасы берілмеген қортындыға келген.
Ойын өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бір сарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қол жеткізіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып, басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды. Бұл – ойлаудың өжеттігі, дәстүрлі еместігі. Басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де негізделген болып, оқушылар оның қажеттігін сезіну керек. Ол ойын әрекеті өтетін жағдайдың, көңілдің, түсініктің, жағымды атмосфераның, талап пен ойын орнының безендірілу дайындығына байланысты. Ол үшін мұғалім балалар ерекшеліктерін – мінез, темперамент, ұйымшылдық, тәртіп, ерік, т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет. Ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болып, әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды, белгілі бір қорытынды алуымен бітуі керек. Ойын әрекеті сабақтарда игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаларға сыншыл қарап, орынды да тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Басты бір әлеуметтік–психологиялық талап-шынайы қатынас практикасы мен ойынның логикалық үлесімінің болуы. Практика көрсеткендей барлық оқушыға, топқа, сыныпқа бірдей жарамды жан-жақты ойын түрі болмайды. Сондықтан ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық, ізденгіштік талап етеді. Оқу ойындарының түрлерінің сан алуандылығы оларды сабақтың әр кезеңдерінде, әртүрлі тақырыптарда жүргізуге болатындығын көрсетеді.
Жалпы алғанда ойын әрекеті мен интеллект арасында байланыс бар. Ол байланысты мынадан көруге болады. Егер ойын – тірі процесс болса, онда ол белсенді түрде өздігінен дамиды. Ойынның өзі әрекет екенін еске түсірсек, онда жануарлар мен адамның бағдарлау аппаратының уақыт пен кеңістікте дамуы жүретіні белгілі. Адам факторын есепке ала отырып оның әлеуметтік дамуы тұрғысынан қарасақ ойын әрекеті қоғамдағы бағыт бағдарына да әсер етеді.
Саяхат сабақтарының ерекшеліктері биологиялық саяхатқа қатынасатын оқушылар санының көптігінде. Кейбір жағдайларда оқушылардың әртүрлі жануар, өсімдіктер аттарынан сөйлеп, солардың кейпінде болуы. Осындай сабақтар кезінде баланың ықыластылығы мен бақылағыштылығы, өз аймақтарының флорасы мен фаунасы жайлы білімдер жетіліп дамиды. Сабақтың осылай аталуының өзі жаңа білім игеруде оқушының жаңа бір өлшемге, кеңістікке жетелейді. Саяхат барысында бұрын игерген білім, білік, дағдыларға еркін сүйеніп дәстүрлі емес тапсырмаларды шешуде өз ойларын айқындай түседі.
2 –тарау. Дидактикалық ойындардың тиімді жолдары.
2.1. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың әдістері.
Оқыту әдістерінің даму және қалыптасу тарихы тым ерекше. Ғалым –педагогтар жоғары оқу орнындағы оқыту процесін бақылай отырып, қызмет түрлерінің әр қилылығына назар адарды және оларды оқыту әдістері деп атай бастады. Мысалы, оқытушы жаңа материалды түсіндіреді, яғни ол түсіндіру әдісін пайдаланады; студенттер материалдарды өз бетінше оқиды; студент практикалық тапсырмаларды –практикалық жұмыстар әдісін және т.б. орындайды. Оқыту әдістерін осылай жорамалдау көптеген авторлардың сан түрлі оқыту әдістерін көрсетуіне, оларға түрлі атаулар берілуіне себеп болды. Кейбір дидакттар мен әдіскерлер бұл түсінікке түрлі анықтамалар беруде, соған қарамастан көптеген авторлардың оқыту әдісін оқу қызметін ұйымдастыру тәсілдері деп есептеуі ортақ пікір болып табылады. Мұны негізгі ұғым ретінде алып, оны тереңірек қарастырып, тереңірек түсінік береміз.
«Әдіс» термині гректің «methodos» деген сөзінен шыққан және ақиқатқа бару жолы, тәсіл деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық практикада әдіс –оқу тәрбие мақсаттарына қло жеткізу қызметінің тәртіпке келтірілген тәсілдері. Бұл жағдайда оқытушының оқыту қызметініңң тәсілдері (оқыту) және студенттердің оқу қызметінің тәсілдері (оқу) өзара тығыз байланысты және өзара әрекеттес.
Оқыту әдістері ұғымы сондай –ақ оқу қызметінің дидактикалық мақсаттары мен міндеттерін де көрсетеді, бұларды оқыту процестерінде шешу кезінде оқытушының оқыту қызметінде және студенттердің таным қызметіне қатысты әдістер қолданылады. Сөйтіп, оқыту әдісі ұғымы мыналарды көрсетеді:
Осыған орай, оқыту әдістері –бұл оқыту міндеттерін, яғни дидакткалық міндеттерді шешуге бағытталған, оқытушы мен студенттердің бірлескен іс-қимыл түрлері.
Сондай –ақ «оқыту тәсілдері» ұғымы дидактикада кең тараған.
Тәсіл –бұл әдістің сабақтас бөлігі немесе оның жеке жағы, яғни «әдіс» деген жалпы ұғымға қарағанда жеке ұғым. Жекелеген тәсілдер әртүрлі әдістердің құрамына кіруі мүмкін. Мысалы, студенттердің негізгі ұғымдарды жазу тәсілін оқытушы жаңа материалды түсіндіргенде, түп нұсқалармен өз бетінше жұмыс істеген кезде, практикалық жұмыстарды орындағанда және басқа жағдайларда пайдаланылады.
Оқыту процестерінде әдіс пен тәсіл әртүрлі сабақтастықта пайдаланылады. Студенттердің іс әрекеттерінің сол бір ғана түрі бір жағдайларды дербес әдіс ретінде, басқа жағдайда оқыту тәсілі ретінде көрінеді. Мысалы, түсіндіру, әңгімелеу оқытудың дербес әдісі болып саналады. Егер оларды оқытушы практикалық жұмыстар кезінде студенттердің назарын аударуға, қателіктерді түзеуге (эпизоттық) әлсін-әлсін пайдаланса, онда түсіндіру мен әңгімелеу жаттығу әдістеріне кіретін оқыту тәсілдері ретінде көрінеді.
әдіс пен тәсіл орындарын
ауыстыруы мүмкін. Мысалы, егер оқытушы
жаңа білімді түсіндіруді кейде
көрнекі құралдар арқылы көрсетілетін
түсіндіру әдісімен жүргізсе онда бұл
көрсету тәсіл ретінде
Оқыту әдісі –тарихи категория. өндіргіш күштердің даму деңгңйі мен өндірістік қатынастардың сипаты оқытудың жалпы мақсаттарына ықпал етеді. Мақсаттың өзгеруіне байланысты оқыту әдістері де өзгереді. Ерте кездерде еліктеуге негізделген оқыту әдістері үстем болды. Сабақ берудің негізгі тәсілі –оқытушылардың дайын ақпаратты жазбаша, ауызша кейде баспасөз арқылы жеткізуі және студенттердің оны меңгеруі болды. Сөзбен айтып оқыту әдістері орта ғасырларда басым болды. Сөз –ақпаратты басты жеткізуші, ал кітап бойнша оқыту –білім берудің басты мақсаттарына айналды.
Ұлы ашылыстар дәуірінде сөздік әдістер студнттерге білім берудің бірдн-бір тәсілі ретіндегі маңызын бірте –бірте жоя бастады. Алған білімін практикада пайдалануға көмек жасайтын, оқытудың көрнек әдісі дами бастайды.
Информация о работе Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы