Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 22:36, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математикадан білім беруді деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағыттап ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сыныптарда математиканы деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау;
- деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің (мақсат, мазмұн, әдіс, құрал, форма) оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге тигізетін әсерін анықтау;
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1 Бастауыш мектеп деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларын математикаға деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. . . . . . . . . . . .7
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2 Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері
2.1 Деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағытталған сабақтың орны мен рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.2 Деңгейлік дамыта оқытуды оқушының өзіндік жұмыс істеуіне бағыттау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
2.3 Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың мазмұны . . . . . . . . . . . . . . . 29
2.4 Математиканы бастауыш сыныптарда деңгейлік дамыта оқытудың өзіндік іс-әрекеттерін жетілдірудің жүйелілігі мен тереңдігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34.
2.5 Математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістерін анықтау.40
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57 .
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1 Бастауыш мектеп деңгейлік
дамыта оқытудың психологиялық-
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларын математикаға деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. . . . . . . . . . . .7
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2 Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері
2.1 Деңгейлік
дамыта оқыту үрдісіне бағыттал
2.2 Деңгейлік дамыта оқытуды
оқушының өзіндік жұмыс
2.3 Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың мазмұны . . . . . . . . . . . . . . . 29
2.4 Математиканы бастауыш сыныптарда деңгейлік дамыта оқытудың өзіндік іс-әрекеттерін жетілдірудің жүйелілігі мен тереңдігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34.
2.5 Математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістерін анықтау.40
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57 .
Кіріспе
Қазіргі кезде жалпы білім беретін бастауыш мектеп дүние жүзілік деңгейдегі мәдениет пен білім қорын жинақтаған, өз бетінше шешім қабылдай алуға, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеуі тиіс. Дарынды, білімді жастар ғана егемен еліміздің экономикасын жетілдіріп, еліміздің ертеңін ойлай алады. Сондықтан да уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен бірге олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруді, ақыл-ой белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр.
Дегенмен де бастауыш сыныптарда математика курсын оқытуды талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтардың бар екендігі анықталды:
- қоғам дамуының өзгерістеріне байланысты математиканы оқытуда оқушының жеке тұлға ретінде дамуына әлі де жеткілікті көңіл бөлінбеуі;
- деңгейлік оқыту үрдісінде білім беруге бағытталған оқу-әдістемелік құралдарының жазылмағандығы;
- деңгейлік оқыту үрдісінде оқытудың әдістемесі жасалмағандығы.
Математикадан білім беру стандартының талаптары оқушылар меңгеруі керек білімнің міндетті деңгейін анықтап, оқуға қызығушылығы, қабілеті жоғары оқушыларды деңгейлік дамыта оқытуға мүмкіндік береді.
Олай болса, бұл бастауыш сынып оқушыларының терең білім алуға ынтасы, дайындығы және ойлау мәнері қалынтасқандықтан, деңгейлік дамыта тереңдетіп оқытуды бастауыш сыныптан бастау қажеттігіне алып келеді. Оны жүзеге асырудың бір жолы оқушыларға сабақта қиындығы жоғары деңгейлік дамыта оқытуға арналған есептерді шығарту арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру.
Бастауыш сыныптарда математикадан білім беру стандарты талаптарынан асатын деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру осы уақытқа дейін шешімін таппаған тың мәселе.
Математикадан білім беру стандарты талаптарынан асатын деңгейлік дамыта оқытуда оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдірудің әдістемелік негізін жасау қажеттілігі, зерттеу жұмысының көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі және бұл мәселенің ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жеткіліксіз зерттелуі " Бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың мазмұны " атты тақырыпты таңдауға мүмкіндік берді.
Математикадан білім беру стандарты талаптарынан асатын деңгейлік дамыта оқыту төмендегі мәселелерді кешенді түрде шешуді қажет етеді:
а) математиканы бастауыш сыныптан тереңдетіп оқытып, үйрету;
ә) математикалық деңгейлік дамыта оқыту есептерін өз бетінше шешіп, талдай білуге үйрену.
Оқушылардың математика пәніне деген оқу ынтасын, танымдық белсенділігін арттырумен меңгерілетін білімнің жүйелілігін, бірізділігін, қабілетін жетілдіре дамыта оқытудың әдістемесін қамтитын әдістерді таңдау, осы үрдісті тиімді басқарудың формалары мен жолдарын табу, математикадан білім беру стандарты талаптарымен ғана шектеп қоймай оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруте бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың әдістемесін жасаудың негізі зерттеудің өзекті мәселелері болып табылады.
Диплом жұмысының объектісі - жалпы білім беретін бастауыш сыныптарда математика пәнін оқыту үрдісі.
Диплом жұмысының нысанасы —бастауыш сыныптарда математика пәнін білім беру стандартынан асатын деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру жолдары.
Диплом жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математикадан білім беруді деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағыттап ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сыныптарда математиканы деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау;
- деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің (мақсат, мазмұн, әдіс, құрал, форма) оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге тигізетін әсерін анықтау;
Диплом жұмысының зерттеу әдістері - психологиялық-педагогикалық материалдармен танысу, мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау,
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Жұмысты бастауыш сыныптары үшін оқу кешендерін дайындау кезінде, мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында қолдануға болады.
1 Бастауыш мектеп деңгейлік
дамыта оқытудың психологиялық-
1.1 Бастауыш мектеп
оқушыларын математикаға
Мектепте математикалық білім беру стандарты талаптарына сай оқытудың мазмұны мен әдістерінің ғылыми негіздерін жасау үздіксіз білім беру үрдісін жетілдірудің басты міндеттерінің бірі болып келді. Бұл міндеттер математикадан білім беру стандарты қоятын талаптардан асатын деңгейлік оқытудың дидактикалық алғы шарттарын анықтауға, оны жүзеге асырудың талаптары мен жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Математикадан білім беру стандарты талаптарынан асатын деңгейлік дамыта оқытудың негіздемесін жасау және оны жүзеге асыру мәселесін зерттеу психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қарастырылатын әдістемелік принциптерге негізделетіндіктен, алдымен оның психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын зерттеуге, содан кейін математикадан білім беру стандарты қоятын талаптарының аталған оқытуға қатысын айқындауға алып келеді.
Жалпы білім беретін мектепте оқушыларды математикадан білім беру стандарты қоятын талаптардан асатын деңгейлік оқытуға дайындау, әлемдік және ТМД елдері тәжірибелері мен педагогика ғылымы саласындағы жетістіктерді негізге ала отырып, оқудың мазмұны мен әдістерін анықтауды талап етеді.
Оқушыларға математикадан сапалы білім беруге бағытталған әдістемелік жүйені (мазмұны, мақсаты, әдіс, құрал, форма) құрудың бір жолы оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптарды саралау екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.
Алдымен "деңгей" терминіне тоқталсақ, ол күнделікті оқыту үрдісінде қолданылып, оның педагогикада мағыналы түсіндірмесін ғалымдар өлшем деп беріп жүр. Біз де зерттеуімізде оның осы мағынасына жүгіндік. Өйткені, оқушыларға қойылатын талаптар жоғарылаған сайын "деңгейлік" есептер шығарудың тиімді екендігі біздің жүргізген тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде айқын көрініс тапты.
Мұндай жағдайға келтіру үшін оқушылардың математикадан білімі мен біліктеріне мұғалімнің қоятын талаптары әрбір оқушыға алдын-ала белгілі болып отыруы қажет. Мұғалімнің мұндағы негізгі мақсаты, біріншіден, барлық оқушы үшін әрбір тақырыпты өткеннен кейін қандай білімді меңгеруі және қандай есептерді шығара білу қажеттігін көрсетіп беру; екіншіден, әрбір оқушының қабілеті мен қызығушылығына қарай стандарт талаптары арнасынан асатын деңғейі жоғары білім дәрежесін анықтау болып табылады.
Педагогикада оқушылардың біліміне қойылатын талап проблемасы ғылыми түрде жан-жақты зерттеліп, шарттары анықталып, шешімі табылған. Дидактикалық тұрғыдан сипаттай келіп "оқыту нәтижесіне байланысты қойылатын талаптар" ұғымын, Р.Ф.Кривошалова, Э.А.Красновский, В.З.Резникова: "білімді игерудің сапалық және мөлшерлік сипаттамаларын білдіретін күтіліп отырған оқыту нәтижелерінің (білім, білік, дағды) бейнеленуі" -деп түсіндіреді [1]. . Сонымен, қатар осы аталған еңбектер оқушының біліміне, білігіне және дағдысына қойылатын талаптардың мазмұны мен құрылымы да жалпы дидактикалық негізде сипатталады. Ғалымдардың пікірі бойынша, дидактикалық талаптар төмендегідей құрамды бөліктерден тұрады:
- оқу пәні үшін маңызды білімдер жиынтығы (іргелі ғылыми ұғымдар, заңдар, ережелер, және т. б.). Дидакттардың пікірінше бұл білім элементтері білім негізін құрайды.
- әрбір танымдық обьектіні (білік, дағдыларды қоса алғанда) игеруте тән іс-әрекет түрлері;
- оқу мәліметтерін меңгеру сапасы:
Орта мектепте оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын талаптар математиканы оқыту мақсатына байланысты анықталады. Ал оқытудың нақтылы мақсаты оқыту мазмұнына және оған қойылатын талаптар мен олардың орындалуына тікелей байланысты. Алайда оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар окыту мақсатымен салыстырғанда нақтырақ. Ол оқушының білімін бағалаудың негізі болып табылады. Оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын талаптардың негізгі міндеті оқушының білімі мен қоса білігін де анықтауға негіз болып табылады. Сондықтан да оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар, математикалық білім беру стандартының негізгі буыны ретінде айқын көрініс тапқан .
Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар математика курсындағы іргелі ғылыми ұғымдар, заңдар, ережелер және тағы басқа білім мен біліктерді қалыптастыруды көздейді. Ал бұлар болса математикадан білім беру стандартына сай оқытуда аса маңызды орын алады. Сөйтіп математиканы оқытуда мұғалім беретін білімнің тереңдік дәрежесі мен оқушының оны меңгеру деңгейін анықтау- математиканы оқытуға қойылатын талаптардың 1-ші құрамды бөлігі болып қарастырылған.
Математикадан білім беру стандарты мектеп математика курсының оқушы меңгеруге тиісті әрбір тақырыбымен қоса алғанда осы тақырыпқа сәйкес оқу материалын игеру кезінде орындалатын іс-әрекет түрлерін де көрсетіп беруі қажет. Психологияда әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс деп ұғынылады. "Әрекетіміз дұрыс болу үшін,- дейді Әл-Фараби,-біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз"/Олай болса, оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын талаптардың деңгейлік оқыту үрдісіне қатысын анықтау маңызды.
Сонымен ондағы екінші талап, оқушының оқу материалдарын меңгерудегі іс - әрекет түрлерін анықтау және оқушының оқу материалын білуге бағытталғандығын, оқудағы өзіндік жұмыс істеу деңгейі, еңбек өнімділігін т.б. ерекшеліктерін есепке алу. Теориялық және практикалық материалдарды тавдауда және оны сабақта беруде оқушының өзіндік жұмыс істеу қабілеті мен мұғалімнің басқаруымен өтетін оқыту үрдісінде оқушының жас ерекшелігі ескерілуі тиіс. Мұндағы ескеретін жағдай, біз зерттеуімізде іс-әрекет ұғымына тоқталамыз, олай болатыны психологияда әрекет ұғымының ауқымы аса кең, ал іс-әрекеттің сипаты шағын,ол жеке мақсатты орындауға бағытталады. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен нәтгоке шығару оның басты белгілері болып табылады. Сондықтан әрекеттің негізгі түрлерінің ішіндегі оқушыны,оқуға бағытталған іс-әрекетін аламыз және оқушы психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын ескереміз. Ал "өзіндік жұмыс" педагогикалық сөздікте оқушылардың оқу үрдісіндегі мұғалімнің басшылығы бойынша, бірақ оның тікелей көмегінсіз орындалатын іс-әрекеті делінеді. Оқушылардың өзіндік жұмысын талап ететін тапсырмалар олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып беріледі. Ондай тапсырмалар жүйесі сатылыққа, ізденімпаздық деңгейінің және мазмұнының күрделене түсуіне сүйенеді
Б.П.Есиповтың [2] "Оқыту үрдісіндегі оқушылардың өзіндік жұмысы-олардың белгілі бір уақытта, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, бірақ оның көмегінсіз орындайтын жұмысы және олар өздерінің бар күш-жігерін жұмсай келе, ой мен дене әрекеттерінің нәти,жесін көрсете отырып, алдарына қойған мақсатқа саналы түрде жетуге тырысады" деген анықтамасын Н.Г.Дайри толықтырып, өзіндік жұмыстың белгілері:
1) оқушы оны өзі, ешкімнің көмегінсіз орындайды;
2) жеке білімі,
дағдысы, тәжірибесі, көзқарасына
сүйенеді, инициативасын, шығармашылығын,
жеке қатысын пікір айта
Информация о работе Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері