Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 18:05, статья
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін. Мектеп сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы
Нұрқан А.Ө
Ж.Мусин
атындағы педагогикалық колледжінің
«Информатика» бөлімінің
Ғылыми жетекшісі: Айкен А. -информатика пәнінің оқытушысы, экономика магистрі
Информатика пәнін деңгейлеп саралап оқыту
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін. Мектеп сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы.[1]
Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді. «Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин.[2]
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет. Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты – оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Жаңа технологияны қолдануда:
«Мұғалім нені білу керек?»
Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә.Жүнісбек, Ж.А.Қараев және Жанпейісованың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданады. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциялды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналган жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.[3]
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:
- Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.
- Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды).
- Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.
- Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.
- Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.
- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.
- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Оқыту технолгиясының ерекшеліктері:
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төмен деңгей (минималдық базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болуы үшін; «А» «В» «С» бағдарламаларының арасында қатаң сабақтастық бар. Оларды баяндау логикасында үздіксіздікті жартылай болса да негізгі ұғымның бүтін суретін көрсететін әр тақырыптың міндетті минимумы беріледі.
«С» бағдарламасындағы
тапсырмалар базалақ стандарт
түрінде белгіленеді. оларды ор
Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуға, оқыту құралы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға бағыттау- білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуга мүмкіндік береді.[4]
Деңгейлеп – саралап
оқыту құрылымында білімді
Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқушыны деңгейлеп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Бірінші деңгей тапсырмаларды
білімнің минималдық шегі, мемлекеттік
стандарт талабына сәйкес
Екінші деңгей тапсырмаларын
түрлендіріп, күрделене түседі, сынып
бағдарламасына сай жұмыс
Үшінші деңгей оқушылардың
Төртінші деңгей дарынды,
Деңгейлеп оқыту-оқылатын
ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға
қойылатын талаптардың
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты-әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының басты мақсаты - сынып
оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмайды.
Бұл әдістің тиімділігі оқушы жаңа тақырыптан алған білімін бекітіп, практи- када қолдана білуге жаттығады, жеке баға үшін оқып жүруден құтқарады, түсініп оқуға ұмтылады, бір сабақтың үстінде берілген материалдарды толық
қамтуға мүмкіндік туады, өз бетімен шешім қабылдауға дағдыланады.
Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс жасау арқылы оқушылардың өзіндік жеке жолы, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді. Деңгейлеп оқыту әдісі- қазіргі заман талабына сай қолданылатын тиімді әдіс деп бағалаймын. Оқушыларды тиянақты біліммен қаруландыру, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру, жас ұрпақтарды өмірге, еңбекке даярлау - міне бұл әрбір мұғалімнің негізгі міндеті, абыройлы борышы болып табылады.[5]
Д.Пойа айтқандай «Егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе,
онда бүкіл сыныпта бұл пәнге ынтасымен берілетін болады. Егерде, пән сізді
қызықтырмаса және оны терең білмесеңіз онда сабақ беруден бас тарту керек. Себебі, сіз ешқашанда сабақты жақсы бере алмайтын боласыз».
Расында да, пәнді сүю және оны терең білу-мұғалімге қажетті шарт, алайда бұл жеткілікті емес. Мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Автор туралы мәлімет: Нұрқан А.Ө; Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің «Информатика» бөлімінің студенті; ұялы телефон:87476059093; үй телефоны:31-98-15; serdco_diavola@mail.ru
Информация о работе Информатика пәнін деңгейлеп саралап оқыту