Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 22:36, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математикадан білім беруді деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағыттап ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сыныптарда математиканы деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау;
- деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің (мақсат, мазмұн, әдіс, құрал, форма) оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге тигізетін әсерін анықтау;
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1 Бастауыш мектеп деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларын математикаға деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. . . . . . . . . . . .7
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2 Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері
2.1 Деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағытталған сабақтың орны мен рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.2 Деңгейлік дамыта оқытуды оқушының өзіндік жұмыс істеуіне бағыттау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
2.3 Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың мазмұны . . . . . . . . . . . . . . . 29
2.4 Математиканы бастауыш сыныптарда деңгейлік дамыта оқытудың өзіндік іс-әрекеттерін жетілдірудің жүйелілігі мен тереңдігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34.
2.5 Математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістерін анықтау.40
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57 .
Талаптарды анықтаудың бір түрі оқу тапсырмасы болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде сыныпқа байланысты танымдық есептерді білімнің толықтығына, жалпылығына, жүйелілігіне, орнықтылығына және т. б. сәйкес бөліп, оқу тапсырмаларын беруге байланысты қойылатын талаптарды анықтай отырып. меңгерілетін білімнің сапасы анықталады. Оқу тапсырмаларын құруға қойылатын талап қалыптастырылатын білімнің сапасына сай іс-әрекеттерді анықтап, айқындауға байланысты ұсынылады. Сондықтан жинақтылық, жүйелілік. орныктынык сияқты қасиеттеріне қарай есептерді сыныпқа лайықтап бөлу тапсырмалар жүйесін құрастырудың алғашқы қадамы болып табылады. Осыдан кейін танымдық есептерді әрбір сыныпқа типтеріне қарай бөліктеу қажет. Жоғарыда айтқандай білімнің толықтығы, жалпыламалығы және жүйелілігі танымдық үрдістердің қолайлылығын сипаттайды. Білімнің біртұтастығы үшін - бұл меңгерілетін білімнің өзара байланыстылығы; білімнің жүйелілігі үшін - бұл әрбір білім мазмұнын өзара байланыстырып меңгерту болып табылады[13].
Оқушының математикадан дайындығына қойылатын талаптарда математика курсындағы тараулар немесе тақырыптарға байланысты олардың ұғымдарды қаншалықты меңгергені тізімделеді. Бұл тізім оқушының меңгерген білім сапасының біртұтастығын сипаттайды. Бірақ әрбір ұғым өздеріне тән белгілерімен анықталады. Бір немесе бірнеше ұғымның елеулі белгілерінің өзара байланыстылығын білу ұғымдарды жан-жақты толық меңгертуге әкеледі.
Деңгейлік оқытуда меңгерілетін білім сапасы оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруге бағытталған тапсырмаларды орындауды талап етеді. Бұндай тапсырмаларды оқушы орындай алу үшін оқушының жаңа ахуалдарға қолдана алатындай қарапайым тапсырмаларды орындағандағы әдістер мен тәсілдерді пайдалану біліктілігімен қарулануы қажет. Аталған тапсырмаларды орындау себеп-еалдарлық байланыстарды орнықтырумен, анализ және синтез, салыстыру, біріктіру, жалпылау сияқты ойлау үрдістерінің түрлерімен байланысты талданатын құбылыстар мен заттар арасындағы тәуелділікті, заттар мен құбылыстарды топтау дағдысымен, жаңа тәсілдерді орындау іс-әрекетін қалыптастыру және т.б. үрдістермен байланысты математиканы оқытуда ойлау қабілетін есептерді шығару дағдысы арқылы жетілдіру болып табылады. Сондықтан, математиканы оқытудың мазмұнын анықтауда деңгейлік есептер жүйесіне қойылатын талаптарды да анықтау керектігі туындайды.
Сонымен, жүргізілген жұмыстарын қорытындылағанда оқушының біліміне, білігіне және икемділігіне қойылатын талабын баяндау олардың икемділігі мен дағдысының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетідіруге қатысты деңгейін жеткілікті анықтап бермейтіндігіне көз жеткіздік. Бұл мақсатты әрбір оқушының қабілетіне қарай икемділігі мен дағдысын жетілдіретін арнайы тапсырмалар жүйесін құру арқылы шешуге болады.
Жалпыға ортақ орта білім берудің бастауыш мектептерге қойылатын қоғамдық талап пен оның психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері арасында қарама-қайшылықтарды тудырды және ол қарама-қайшылықтар математиканы оқытуға әсер етіп келді.
2 Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері
2.1 Деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағытталған сабақтың орны мен рөлі.
Оқытудың жаңа технологиясының орта білім беретін мектептердің оқу үрдісіне енгізіліп жатқан кезеңінде математика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамытатын, өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағыттайтын түрлерін негізге ала отырып тәрбиелеу үлкен мәнге ие болуда. Бұл міндетті шешудің басты шарттарының бірі-деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіретін сабақтарды ұйымдастыру.
Психологиялық және педагогикалық; әдебиеттерде жеке тұлғаның өзіндік іс-әрекетке ұмтылысы оның белсенділігімен, шыдамдылығымен, өзін-өзі сынау, бақылау жасау және өзіне сенімділік қасиеттерімен сипатталады. Өзіндік іс-әрекет оқушының танымдық, шығармашылық ізденісіне байланысты [14].
Оқушылардың өз бетіндік танымдық іс-әрекеті қабылдау, түрлендіру және шығармашылық сияқты қабілеттіліктерінің жиынтығынан тұрады. Осылардың ішінде шығармашылық қабілет басты орынға ие және ол оқушының іс-әрекетке деген қызығушылығымен, қабілеттілігімен ұштастырылады. Сондықтан да біз деңгейлік дамыта оқыту үрдісіндегі шығармашылық іс-әрекет деп оқушының жаңа тәсілдерді үйреніп, оны практикада тапқырлықден оперативті жүзеге асыратын іс-әрекет түрін түсінеміз. Демек, егер оқушы деңгейлік дамыта оқыту тапсырмаларын орындап, одан қорытынды алса, онда оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілеті жетілдіріледі, білімді терең меңгеріп субъект дәрежесіне дейін көтеріледі деп тұжырымдауға негіз бар.
Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің алғашқы сатысы ақпаратты қабылдау, өңдеу, есте сақтау, ол біртіндеп даму нәтижесінде шығармашылық іс-әрекетке айналып отырады. Сондықтан да шығармашылық іс-әрекеттің маңызды құрамдас бөлігі қабылдау әрекеті болып табылады.
Оқушының дүние тануға деген қызығуы оны өзіндік іс-әрекетке итермелейді, ол еңбек ету үрдісінде дамып жетіледі.Оқушының қызығуы деп оның бір нәрсені, не көріністі білейін, игілігін көрейін деп айрықша ынталануын айтамыз. Жақсы ұйымдастырылған, оған дұрыс басшылық етілген, белгілі бір мақсатқа сай істелген жұмыс адамды қызықтырады.
Қызыға істеген іс-әрекет сәтті болады. Оған тапқырлық пен жаналық қосылса, жұмыс белсенділікпен орындалады, адам жігерлене түсіп, жұмыс берекелі де нәтижелі болады.
Қызығу оқу-тәрбие жұмысына итермеші себеп болады. Оқушы оқуға, сабақты үлгіруге, жалпы білімге, адамгершілік сипатқа қызығып тұрса, оқудағы іс-әрекеті сәтті болады, білім де саналы, терең меңгеріледі. Оқушыны оқуға қызықтыру үшін, сабақ жоғары дәрежеде өткізілуі керек. Сонда оқушының қызығуы оқу мүлдесіне шеберлікпен аударылып, педагогикалық тәрбие беріледі.
Оқушылармен аталған іс-әрекет түрлерін қамтитындай математика сабағы бойынша ұйымдастыру қажеттігі жоғарыда көрсетілген талаптардан және осы пән бойынша берілетін материалдың міндетті және деңгейлік дамыта оқытуға даярлық деңгейімен шектелуіне байланысты туындайды. Енді деңгейлік дамыта оқыту үрдісіндегі сабақтың мазмұны, түрлері мен әдістері қандай және деңгейлік дамыта оқытуға арналған есептерді қолдану негізінде қалай жүзеге аспақ?, - деген сұраққа тоқталып өтелік [15].
Ол төмендегідей мәселелерді шешуге байланысты:
-негізгі мектептің
төменгі сыныптарында
-бастауыш сыныптарында теориялық материалдардың меңгерілуінде бос уақыт резервін алу мақсатында жеделдетіп меңгерту, (ол тірек белгілері арқылы іске асырылды, бос уақыт резервінде оқушылар деңгейлік дамыта оқыту есептер шығартылып, оны шығару жолдары талданды).
-оқушылар қызығушылығын арттыру мақсатында дәстүрлі емес сабақтар ұйымдастыру.
Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз не? Оны өткізу мен ұйымдастыру кезеңдері, мақсаты, мазмұны қандай? - деген сұрақтар тобына тоқталып өтелік.
Дәстүрлі емес сабақ деп орнатылмаған құрылымы бар сабақты айтамыз, онда дәстүрлі сабақтың міндеті мен мақсаты, сабақтың логикалық жағынан аяқталуы, дәстүрлі сабақтың типтері
І.жаңа материалды оқып үйрену;
2.білімді баяндандыру және оны қолдана білу іскерлігі мен машықтарын шыңдау;
3.өткен материалды қайталау және жүйелеу;
4.білімді бақылау және тексеру;
5. құрама сабақ қатаң сақталынады.
Осыған қосымша дәстүрлі емес сабақтар халық педагогикасы элементтері, тарихи мәліметтер, баспасөз беттеріндегі статистикалық мәліметтер т.б. фактілерді пайдалана отырылып түрлендіріліп өткізіледі.
4-сыныптағы "Көп таңбалы сандарды жазбаша қосуға есептер Шығару" тақырыбын қайталауға арналған осындай сабақ жоспарын төменде ұсындық. Сабақтың мақсаты:
1.Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу тақырыбын еске түсіру; қайталау.
Адамгершілікке ұйымшылдыққа, намысшыл және жылдам ойлауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, тірек белгілері, сызба плакат, Ә. Қастеевтің суреттер жинағы, 28 панфиловшылар суреті,
I Жансүгіров портреті, З.Тамшыбаеваның "Жер туралы жыр "кітабы, Шымкент қаласының суреттері.
Сабақтың түрі: құрама.
Қолданылатын әдістер:
-топтық оқыту;
-тест қолдану.
Сабақтың барысы төмендегідей ұйымдастырылып жүргізілді.
Ұйымдастырылу:
Оқушылармен сәлемдесу, топпен жұмыс істейтіндігімізді айтып, оқу құралдарын, тірек белгілерін, сабаққа қолданып жүрген бағдаршамдарын түгендету.
Сабақ мақсатымен, тақырыбымен хабардар ету, жарыс шартымен таныстырып, жарысты бастау.
Жарыс үй жұмысын тексеруден басталады. Үйге № 243(1), №244 (3 ), №245 (3,4) берілген болатын. №244 ( 3 ) 100000 + 700 + 30 = 100730 №245 ( 3 ) 190013 + 12987 = 203000 №245 ( 4 ) 828072 + 270828 = 1098900
Топ басшылары әдеттегідей үй тапсырмасының орындалуын тексеріп шығып, оқушылардың үй тапсырмасының орындалуы жөнінде мұғалімге мәлімдейді, одан кейін есептің жауабын тақтада ілінген жауаптардың ішінен іздестіргізіп, есептердің дұрыс шығарылғандығын тексереміз.
Мұнда оқушылар есептердің дұрыс жауабына бағдаршамдарының жасыл түрін, дұрыс еместеріне қызыл түстерін көрсетеді. Тақтада ілінген есептердің мүмкін болуы керек бірнеше жауаптары 8-кестеде көрсетілген.
8-кесте Есептердің мүмкін жауаптары
№ |
1 |
2 |
3 |
244(3)_2__ |
170030 |
100730 |
17300 |
245 (3) |
203000 |
200000 |
230000 |
245 (4)_ |
198900 |
1098900 |
1988000 |
Жарыс сыныпта есеп шығару арқылы жалғастырылады.
Есепті шығарған оқушы плакаттағы жауаптар ішінен өз есептерінің жауабы бар мәліметтерді табуы тиіс. Сонда олар Талдықорған облысының жер көлемін, орналасқан орнын, облыстағы өзен, қала атауларын, сол жерден шыққан әйгілі адамдардың есімдерін анықтайды. Ол мәлімет рет нөмірі бойынша ізделініп, үстел үстінен жайылып жатқан қағаздардың ішінен оқылады. Сабақта қолданған плакат - сілтеме төмендегідей:
Деңгейлік дамыта оқыту үрдісіндегі сабақты өткізуде
оқушының өзіндік іс - әрекетін жетілдіруді 3 деңгейге бөліп қарастырдық:
I деңгей - репродуктивтік. Бұнда оқушының өзіндік іс-әрекетікарапайым есептер орындау арқылы жүзеге асады.
II деңгей - алгоритмдік. Бұнда оқушының өзіндік іс-әрекеттері жоспарлауға байланысты іске асады.
III деңгей - шығармашылық. Бұл оқушының өзіндік іс-әрекеттерін талдау мен синтездеу, есептердегі фактілерді салыстырып, ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау,деңгейлік дамыта оқытуға арналған есептерді шығарып, шешімін тұжырымдай білу арқылы іске асады.
Сонымен, біз деңгейлік дамыта оқыту үрдісіндегі сабақты өткізу барысында математиканы оқытуда деңгейлік дамыта оқытуға арналған есептер жүйесін оқыту үрдісінде пайдалануды оқушының өзіндік және шығармашылық белсенділіктерін дамыту бағытында ұйымдастырған тиімді екендігін жүргізілген тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде анықтадық.
Деңгейлік дамыта оқыту үрдісіндегі сабақты өткізетін мектептің негізгі міндеттері етіп төмендегі мәселелер алынды [16]:
деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде білім алуға лайықты дарынды оқушыларды анықтау;
- оқушының өзіндік іс-әрекетін жетілдіру мақсатында деңгейлік дамыта оқытуға арналған есептер жүйесінің оқытудың объектісі ретінде пайдалану мүмкіншілігін арттыру.
Информация о работе Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері