Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2014 в 22:36, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына математикадан білім беруді деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағыттап ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш сыныптарда математиканы деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау;
- деңгейлік дамыта оқыту үрдісінде математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің (мақсат, мазмұн, әдіс, құрал, форма) оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге тигізетін әсерін анықтау;
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1 Бастауыш мектеп деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларын математикаға деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. . . . . . . . . . . .7
1.2 Бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2 Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері
2.1 Деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне бағытталған сабақтың орны мен рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
2.2 Деңгейлік дамыта оқытуды оқушының өзіндік жұмыс істеуіне бағыттау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
2.3 Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруге бағытталған деңгейлік дамыта оқытудың мазмұны . . . . . . . . . . . . . . . 29
2.4 Математиканы бастауыш сыныптарда деңгейлік дамыта оқытудың өзіндік іс-әрекеттерін жетілдірудің жүйелілігі мен тереңдігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34.
2.5 Математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістерін анықтау.40
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .57 .
Біз оқытуды деңгейлік саралау үшін оқушыға берілетін тапсырманы деңгейге сәйкес топтаймыз:
- міндетті тапсырма, яғни мұғалімнің
көмегімен орындалатын
жалпыға ортақ меңгерілетін
тапсырма;
- деңгейлік оқытуға дайындық деңгейіндегі тапсырма, бағдарламадағы міндетті білімді толық меңгеретін, жоғары деңгейге жетуге жағдай туғызатын тапсырма;
- деңгейлік дамыта оқыту тапсырмасы,
оқушының қызығушылық
пен танымдық қажеттілігіне,
қабілетіне байланысты білімін тереңдететін, оперативті
өзіндік ойлау іс-әрекетін орындауды талап ететін тапсырма.
2.5 Математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістерін анықтау
Математика пәнін деңгейлік дамыта оқыту әдістерін анықтау педагогика-әдістемелік әдебиеттерде түпкілікті шешілмеген мәселенің бірі болып отыр.
Біз бұл мәселелерді шешу үшін осы уақытқа дейінгі жинақталған тәжірибелерді жан-жақты талдап, соның негізінде математика пәнін төменгі сыныптардан бастап деңгейлік дамыта оқытуда тиімді әдістің бір жолы болатын тестілеуді қарастырады .
Оқушылардың білім, білік, дағдысын тексеруді дұрыс ұйымдастырғанда ғана олардың ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасып, қызығушылығы мен қабілеттерінің таным белсенділігінің артуына қол жеткіземіз. Тексеру мен бақылау жұмыстары жүргізілгенде ғана оқушы өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Сонымен бірге, білім, білік дағдыны тексеру оқушыны машықтандыруға қызмет етеді, педагогикалық қызметтің тиімділігін анықтайтын құрал бола алады. Мектептегі барлық пәндерді, соның ішінде математиканы қорытынды бақылаудың негізгі түрі болып жазба жұмыстары жүргізіліп келді. Бірақ бұрыннан бері алынып келген жазба жұмыстарында педагогика ғылымының саласы дамығаннан кейін төмендегідей жетіспеушіліктер анықталды:
-білік пен дағдыны тексеру үшін берілетін мәліметтер өтілген тақырыптардың 50-70 пайызын ғана қамти алады;
-қолданылып жүрген жазба
-жазба жұмыстарын тексеру мұғалімнің ұзақ уақытын алады, көп еңбек еткізеді;
-жазба жұмыстарын алғанда
жан-жақты талдау жасау қиынға
Сондықтан да осындай жетіспеушіліктерден арылудың жолын ғалымдар мен практик педагогтар оқыту үрдісіне компьютер арқылы тестік бақылауды енгізу деп есептейді. Тест арқылы тексеру психологияда, педагогикада т.б. салаларда сауалнама, алуда зерттеу мен бақылауда жетістікпен қолдануда. Дидактикалық ситуацияларға бақылау тапсырмалары болып берілетін тестерді және тестке жауап берген оқушының ақыл-ой әрекеттеріне психологиялық талдау төмендегіше пайымдау жасатады:
а) тест тапсырмаларын орындағанда ойлау әрекетінің бірі салыстыру жасалады, мұнда кездейсоқ дұрыс жауапты тандағанда қойылатын жоғары баға саны анағұрлым азая түседі;
ә) дұрыс жауаппен бірге қате жауап көрсетілуі оқыту үрдісінде іздеу әрекеті үшін әдеттегі жағдай, сонымен бірге тестік бақылау әдісіндегі кемшілік болып табылмайды;
б) оқытудың нәтижесін
бақылауға арналған
тестер қате
жауаптарды оқушының
есіне сақтап қалдыратындай
қауіп
туғызбайды;
в) тесті қолдану:
-пән бойынша баға қойылуының жиілеуін;
-бақылаута кететін уақыттың үнемделуін;
-субъективті бағаның азаюын;
-осы бағытта техникалық
құралдар мен бақылау
-мұғалім мен оқушы жұмысының қарқындауын;
-математика пәні бойынша
бақылау мен білім сапасын тиім
Тестік бақылауда оқушының жауапты қалай ойланып, есепті қалай шығарып келгендігінен мұғалім хабарсыз болғандықтан бұл тесті қолданудағы кемшілік болып саналады. Осы себептен де тесті екі бағытта:
а) мұғалімнің білімді бақылаудағы қолданып жүрген әдісіне қосымша етіп қолдануы;
ә) басшы ұйымдардың білім саласындағы оқушылардың білімдерін тексергенде қолданылып жүр. Мұнда бақылау білімдерін есте сақтау үшін іріктеп, таңдап алу мен жауапарды іздеп табу пайдаланылады.
Ю.Х.Бабанский жоғарыдағы аталған әдістерді ескере отырып, оларды төмендегідей топтарға бөлуді ұсынады [35].
а) оқу-тәрбие жұмысын оқушының өзіндік
жұмысын ұйымдастыра
алатындай дәрежедегі әдіс;
ә) оқытуда оқушыларды ынталандыру мен мадақтау әдісі;
б) оқудың тиімділігін
анықтауда оқушылардың
іс-әрекетін
бақылау мен өзіндік бақылау әдісі
Әдіске берілген философиялық анықтамада әдіс мақсатқа жету тәсілі, белгілі бір тәртіппен реттелген әрекет делінеді
Жалпы оқыту әдісі - шәкірттердің білім, іскерлік машықтарды игеруіне, азаматтық тұлға ретінде қалыптасуға бағытталған танымдық және практикалық белсенді қызметін қамтамасыз ететін, мұғалім мен оқушының нысаналы, бірлескен әдістерінің жиынтығы деп түсініледі /64/.
Осы айтылғандарды ескере отырып, математика пәнін деңгейлік дамыта оқыту әдістемесінің базалық оқыту әдістемесімен салыетырғанда өзіндік сипаттамалық ерекшеліктерін төмендегідей анықтадық:
І.Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытут мақсатында математика пәнінен өтілетін теориялық материалдарға қарай деңгейлік дамыта оқытуға арналған есептерді таңдап алуға байланысты.
2.Деңгейлік дамыта оқытуға
арналған есептер жүйесін
3.Оқушылардың математика пәніне қызығушылығына және қабілетіне байланысты.
Оқыту үрдісіне бастауыш сыныптардан бастап деңгейлік дамыта оқытуға арналған есептер жүйесін қолданғанда деңгейлік дамыта оқыту үрдісі біздің ұйғаруымызша төмендегідей өрнектеледі:
Ддо=Оқ ® Өішә ®Қ
Мұндағы
Ддо - деңгейлік дамыта оқыту,
Оқ -оқуға қызығушылық,
Өшіә - өзіндік шығармашылық іс-әрекет,
Қ - қабілет немесе оны 4-суреттегідей кескіндеп көрсетуге болады.
Оқытудың деңгейлік дамыта оқыту үрдісіне айналу
Өйткені оқыту деңгейлік
дамыта оқытуға айналуы үшін алдымен
оқушының оқуға қызығушылығын
тұрақтандырылып, одан кейін
олардың ұдайы өзіндік
шығармашылық іс-әрекет етуін қалыптастырылғанда ғана
өзіндік жұмыс жасау қабілеті жетілдіріледі.
Оқушылардың оқуға қабілеттілігі қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейін меңгеруімен сипатталады. Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская оқушының оқуға қабілеттілігін 3 топқа бөледі:
а) оқуға қабілеті жоғары;
ә) оқуға қабілеті орташа;
б) оқуға қабілеті төмен
Ал, шығармашылық қызмет - жаңа идеялар, проблемаларды шешу тәсілдері.Шығармашылық тек қана логикалық жолмен емес, сонымен бірге интуиция, қиял бойынша да пайда болады.
Шығармашылық эвристикалық қызмет, оның мәні тез түсінуден, негізгі идеяны, ұғымның мәнін аңғара қоюдан, күтпеген жерден әрекет тәсілін тауып алудан тұрады. Шығармашылықпен ойлаудың белгісі - үйреншікті нәрседен аулақтап, одан дер кезінде қол үзе білу, басқаша емес, солай ғана ойлау - әдет күшін жеңе білу
Біз зерттеуімізде С.М.Мұхамбетжанованың оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін дамытуға берген формуласының нұсқасын негізге ала отырып, оқушының деңгейлік дамыта оқыту есептерін шығарғанда атқаратын өзіндік шығармашылық іс-әрекетін төмендегіше өрнектедік:
Өшіә=Жқә®Оә®Нә®Тек.ә ®Түз.ә®Трк.ә
мұндағы: Өшіә - оқушының өзіндік шығармашылық іс-әрекеті, Жқә есепті шығарудың жоспарын құру, ұтымды жолдарын шығармашылықпен оперативті ойлап табу әрекеті, Оә - шешуді орындаушылық әрекеті, Нә - аралық нәтижелермен қоса алғанда негізгі нәтижені алу әрекеті, Тек.ә- тексеру әрекеті, Түз. ә - түзету енгізу әрекеті, Түз.ә -өзіндік тұжырым жасау әрекеті.
Ғалымдар мен озат мұғалімдердің пікірлеріне және өз тәжірибелерімізге сүйене отырып, математика пәнін төменгі сыныптардан бастап деңгейлік дамыта оқыту:
а) түсіндірме - иллюстрациялық;
ә) проблемалық;
б)эвристикалық (ішінара зерттеу) әдістерінің айналасында
қарастырылады деген қорытындыға келеміз.
Түсіндірме - иллюстрациялық әдісті деңгейлік дамыта оқытуға пайдаланудың бірден-бір жолы - бұл оқушының білім алуға деген ынтасын, танымдық қызығушылықты ояту, ісіне сенімділікті, мүмкіндігін сарқа пайдалануға деген мотивті арттыру болып табылады. Аталған мәселелерді жүзеге асырудың алғы шарты -деңгейлік дамыта оқытуда математикадан білім беру стандартына сай оқушыларға теориялық материалды меңгертуді тірек етіп қолданылатын тәсілдері анықталды.
Түсіндірме-иллюстрациялық әдістің төмендегідей тәсілдері белгілі:
- мұғалімнің материалды ауызша түсіндіруі (ол - әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекция арқылы жүргізіледі);
- көрнекі құралдарды пайдалану (бұлар - оқу құралы, қосымша оқу құралдары, диафильм, кинофильм, дайын график, кесте, газет, теле-радио хабарлар, тірек белгілері және т.б. арқылы жүзеге асырылады). Сонымен қатар оқушылардың теориялық материалды терең меңгеруді және оқыту сатысына дейінгі ілгерілеуі үшін сабақта тірек белгілері мен баспасөз (теле-радиохабарларды қоса алғанда) мәліметтерін пайдалануға болады. Мұнда баспасөз хабарларын теориялық материалды меңгертуде жаттығу, меңгерту тапсырмалары болуымен бірге математика пәнінің тұрмыс-тіршілікке қатысы мен практикалық сипаты ашылады.
6- кесте
Қазақстан қалаларындағы азық-
р/с |
Азық-түлік түрлері |
Алматы |
Атырау |
Астана |
1. |
Алма |
100,00 |
100,00 |
110,00 |
2. |
қызанақ |
275,00 |
- |
260,00 |
3. |
пияз |
20,00 |
19,00 |
21,50 |
4. |
картоп |
30,00 |
10,00 |
30,00 |
5. |
қырыққабат |
55,00 |
37,00 |
50,00 |
6. |
сәбіз |
27,50 |
37,50 |
32,50 |
7. |
сиыр еті |
155,00 |
145,00 |
115,00 |
8. |
қой еті |
150,00 |
105,00 |
90,00 |
9. |
шошқа еті |
225,00 |
180,00 |
120,00 |
10. |
тауық еті |
180,00 |
285,00 |
80,00 |
11. |
жұмыртқа (10) |
82,50 |
87,50 |
77,50 |
12. |
шұжық (ысталған) |
230,00 |
425,00 |
240,00 |
13. |
шұжық (пісірілген) |
260,00 |
400,00 |
210,00 |
14. |
сүт |
45,00 |
47,50 |
30,00 |
15. |
қаймақ |
240,00 |
265,00 |
175,00 |
16. |
сары май |
235,00 |
275,00 |
255,00 |
17. |
өсімдік майы |
95,00 |
115,00 |
112,50 |
18. |
қант |
46,50 |
51,50 |
44,00 |
Осы мәліметтерді пайдаланып, 4-сынып тақырыбын өткенде оқушыға төмендегідей есептер құрастырылып, көрсетілді және оқушылардың өздеріне есепті құрастырып шығару тапсырылды:
а) Алматы, Атырау, Астана қалаларындағы азық-түлік түрлерінің орта бағасын есепте;
түсіндірілгеннен кейін, оқушыға жеке-жеке 18 оқушыға 18 түрлі тапсырма беріліп, кестедегі мәліметтерді пайдаланып оқушылар өз бетінше есептер құрастырып, оны шығарды. Нәтижесінде:
-теориялық материал меңгеруге машықтандыру үрдісі жүрді;
-оқулықтан
тыс мәліметтерді қолдану
арқылы оқушының
сабаққа қызығушылығы арттырылды;
-оқушылардың өзіндік жұмыс жасау әрекеті іске асырылды
Сонымен қоса жаңашыл педагогтар өз әдістемелерінде тірек белгілерін сабақта ұдайы қолданулары әдетке айналуда. Өйткені сабақта қолданылған тірек белгілері оқушының теорияны тез уақытта толық меңгеруіне жағдай туғызады. Оған мысал, 5-сыныпта "Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту" тақырыбын оқыту кезінде 5-суреттегі тірек белгісі қолданылды.
Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту тақырыбын оқытуға арналған тірек белгісі
5-сурет
Оқушыға ондық бөлшекті санға көбейту мен бөлудің мағынасы түсіндірілгеннен кейін, осы тірек белгіні пайдалану нәтижесінде:
Мұғалім осындай әрекеттерді оқушыға орындатқан кезде біріншіден, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруды, екіншіден, теориялық материалды аз уақыт ішінде меңгертуді, үшіншіден, оқушыға деңгейлік дамыта оқыту үрдісіндегі есептерді шығаруға мүмкіндік жасауды көздейді.
Бұл әдіс оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына, белсенді ойлауына, білімді меңгеруге деген сенімділігіне, ал сенімнің саналы қоғамдық мақсатқа сай қызметке айналуына әсерін тигізеді, оның басталуы, білім алуға деген оқушының сенімін күшейтеді, математикадан білім беру стандартының білімді меңгерудің міндетті деңгейі мен деңгейлік дамыта оқытуға даярлықтың деңгейін меңгерудегі оқушылардың іс-әрекеттерді орындау үрдісі жүзеге асады және де оқушылардың деңгейлік дамыта оқыту есептерін өз бетінше шығару кезінде бұл әдіс іске асады.
Информация о работе Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері