Психология пәні, міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 17:54, реферат

Краткое описание

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-
салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның
даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген
жері ежелгі Грекия.

Прикрепленные файлы: 1 файл

баяндама 1апта.docx

— 25.37 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛIГI

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТIК  ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТI

 

Педагогикалық технологиялар институты

«Педагогика және психология»  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

                  

Тақырыбы: Психология пәні, міндеттері.

Қазіргі психология ғылымы мен зерттеу әдістері

 

 

                                                                                  

 

Орындаған: 

Тексерген:

 

 

 

 

 

Ақтау-2013

 

1.Психология пәні  және оның міндеттері.

Психология психикалық құбылыстардың  пайда болу және қалыптасу

заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-

салалы ғылым. Психологияның  ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның

даму тарихына екі жарым  мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген

жері ежелгі Грекия.

Психология атауы «псюхе»-қазақ  тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым»,

«ой» деген гректің  екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің

субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы

дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес,

сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін

ұғымдар. Осылардың бәрін  ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.

Психологияның зерттеу пәнінің  негізіне, адам болмысының табиғаты

психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының

заңдылықтары және оның ерекшеліктері  туралы ғылыми ілімдердің жүйесі

жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде ӛндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн өзінің «жалпы психология негіздері»

еңбегінде «Психология зерттеуіндегі  ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді – олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен

түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз  және т.б. жатады...»

Ерте заманда пайда  болып, ғасырлар бойы соқыр сенім  нанымдар мен

кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша

жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз

«жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық

тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан  туралы

жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір

кӛрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде

айтып келеді, егер келмей қалса, адам ӛледі деп тұжырымдады. Осылайша,

психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп,

зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен

ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен

психология салаларының  бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға

ұрпаққа жеткен рухани мұрадан  келіп шығады.

Психология ғылымындағы  күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты

сипатқа ие байланыстар мен  қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің

даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның

негізгі міндеті болып  табылады. Соңғы жылдары психологиялық  зертеулер

айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.

Психология ғылымынында  жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда

болып, психология жаңа тәжірибелік  мәліметтермен толысуда.

Психология ғылымын зерттеу  нәтижелері бұл пәннің барлық салалары

мен тармақтарын дамытып  отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан

бұл пәнді оқып меңгеруде  мынандай негізгі екі бӛлімін  қарастырамыз:

1) психикалық  процестер;

2) психикалық  қасиеттер;

3)психикалық қалып.

1)Психикалық процестер:  түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен  сөйлеу,

қиял және елес, ес;

2)Психикалық қасиеттер:  сезім және эмоция, ерік, темперамент,  мінез,

қабілет.

3) Психикалық қалып: адамның  түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену,

абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері.

 

Сонымен, психология – психикалық құбылыстардың, пайда болу,

қалыптасу заңдылықтарын  және механизмдерін зерттейтін ғылым.

Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің

көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды дамуүстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын

оқытып - үйрету психологияның  негізгі міндеті болып табылады.

Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі

әр түрлі - сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым

айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын  адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп

көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық

жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған  жиналған білімдерді салыстыру мен

интеграциялау да, оларды жүйелеу  де және т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі

мақсаты болып зерттелетін  құбылыстардың мағынасын ашу  саналады. Осыған

байланысты әдіснамалық  мәселелер пайда болады.

Психологияның тӛмендегідей негізгі дәрежелері бӛлініп айтылған:

бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас  дәрежесі,

сондай-ақ жалпыламалық деңгейі  бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар  бұл

"әлеуметтік" және "биологиялық"  ұғымдар. Адамның әлеуметтік және  табиғи

касиеттерінің объективтік  байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық

детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау-ғылымның

күрделі міндеттерінің бірін  білдіреді.

Алдыңғы онжылдықтардағы  психология пәнінің теориясы басым  болғаны

белгілі. Оның қазіргі уақыттағы  қоғам өміріндегі ролі қарқынды түрде

өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы,

мәдениеттегі, спорттағы, білім  беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби

практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды

практикалық міндеттерді  шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады.

Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім

беру, орта, жалпы білім  беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп)

психологияға тиісті мәселелер  туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін

түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық

қасиеттеріне дейін зерттеу  олар бағынатын объективтік зандылықтарды  ашуға

бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені

шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.

2. Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны.

 Психологиялық  мәліметтердің басқа ғылымдарда  қолданылуы және, керісінше, психология  олардың нәтижелерін қаншалықты  шамада қолдануға құзырлы екені,  психологияның ғылымдар жүйесінде  алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған сызықтық емес жіктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгі -бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Бұлайша орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үш бұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.  
 Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді [3, 14 б].  
 Сонымен бірге адамдардың кез келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің объективтік жағдайларына ғана емес, сондай-ақ олардың субъективтік сәттерімен арақатынасына байланысты болады. Материалдық психология субъективтік және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынайы ғылыми негіз береді. Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы жэне қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.  
 Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің объективтік жағдайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып, психология осы эсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерін де ашуы керек. Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің физиологиясымен тығыз байланысын сақтауы қажет.  
 Физиология ағзаның қызметін жүзеге асыратын механизмдерін, ал жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы ағзаның қоршаған ортамен "теңесуін" қамтамасыз ететін жүйке жүйесі жұмысының механизмдерін қарастырады. Осы үрдістегі қоздыру мен тежелудің негізіне жататын жүйке талшығының жұмыс істеу заңдылықтарының, жүйке жүйесінің әр түрлі "қабаттарының" және күрделі жүйке құрылымдарының атқаратын рөлдерін оңай байқауға болады. Талдау мен жинақтауды жасауға, жүйке байланыстарының түйісуіне себепші болатын бұл құрылымдар адамның психикалық әрекеттерінің негізгі түрлерін зерттеуші психологқа, оларды қарапайым сипаттаумен ғана шектеліп қоймай, әрекеттің бұл күрделі түрлері қандай механизмдерге сүйенетінін, қандай аппараттар арқылы жүзеге асырылып, жүйелерде білінетінін көрсетуі үшін қажет. Бірақ психология ғылымының негіздерін меңгеру үшін физиологияны ғана білу жеткіліксіз болады.  
 XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік әдістің (Г. Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: Л.А. Орбели, П.К. Анохин, К.М. Быков, Н.И. Красногорский, А.А. Ухтомский, Н.А. Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді [4, 23 б].  
 Психолог өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіндегі айырмашылықтарды анық білуі керек. Енгізілетін біркелкі ортадағы бір жасушалылардың тіршілігінен, ортадағы белсенділігіне өлшенбейтін жоғары талаптар қойылатын, жер үстінде тіршілік ететін көп жасушалылардың күрделі өміріне өтуі кезінде, тіршілігінде не өзгеретіндігін анық білуі қажет. Жоғары омыртқалылар мен жәндіктер дүниесінің арасындағы айырмашылықты жете меңгеруі керек. Бейімделудің осындай жалпы биологиялық принциптерін білмей, жануарлардың мінез-құлқының ерекшеліктерін анық түсіну мүмкін емес, адамның психикалық әрекетінің күрделі түрлерін түсінуге тырысу өзінің биологиялық негізін жоғалтады. Психология ғылымының пәнін құрайтын айғақтарды биологиялық айғақтарға теңестіруге мүлдем болмайтынын естен шығармау керек.  
 Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердің пайда болуына әкеледі. Адамның жеке және топтағы мінез-құлқының механизмдерін білмей, мінез-құлықтың, әдеттің, әлеуметтік көзқарас пен бағыттың таптауырын қалыптасуының заңдылықтарын білмей, көңіл-күйді, сезімді, психологиялық климатты зерттемей, тұлғаның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның қабілеттерін, мотивтерін, мінезін, тұлғааралық қатынастарын және т.б. зерттемей, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді толық ашып көрсету мүмкін емес. Қысқаша айтқанда: әлеуметтік үрдістерді зерттеу кезінде психологиялық факторларды ескеру қажеттігі туады. Психологиялық факторлар әлеуметтік үрдістерді өздігінен анықтамайды, керісінше, олардың өзі осы үрдістерді талдау кезінде ғана түсінікті болады. Адамның психикалық әрекетінің негізгі түрлері қоғамның тарихы барысында пайда болып, тарихта қалыптасқан заттық әрекеттер жағдайында жүзеге асырылады, еңбек ету барысында, құрал мен тілді пайдалану кезінде пайда болған амалдарға сүйенеді.  
 Айтылғаннан психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуының қаншалықты маңызды екенін көруге болады. Егер жануарлардың мінез-құлқының қалыптасуында биологиялық шарттар негізгі рөлді атқарса, адамның қалыптасуында осындай рөлге тарихи қоғамдық шарттар ие болады. Алдымен психикалық әрекеттердің адамға тән болатын түрлерін зерттейтін, қазіргі заманғы психология ғылымы, қоғамдық ғылымдардан - қоғамның негізгі даму заңдарын біріктіретін тарихи материализмнен — алынатын мәліметтерді есепке алмай бірде-бір қадам жасай алмайды. Адамның психикалық әрекетін қалыптастыратын қоғам жағдайларын тиянақты қадағалау ғана психологияның берік ғылыми негізге ие болуына мүмкіндік береді. 
   Педагогика тәрбиелеу мәселесіне бағытталған кезде, психологияның қажеттілігі байқалады. Дамушы қоғамның талаптарына сәйкес тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеудің мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсатқа жету тұлғаны қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеуді қажет етеді: оның бағытын, қабілеттерін, қажеттіліктерін, дүниетанымын және т.б. Айтылғанның бәрі қазіргі заманғы психология ғылымдар түйісінде екенін білдіреді. Ол біріншіден, философиялық; екіншіден, табиғи; үшіншіден, әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады.  
 Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін және өзінің осы мағынаны зерттеу әдістерін сақтайтынын естен шығармау керек. Білімнің ерекше саласы ретіндегі психологияда арнайы пәндердің бірқатары бірігеді (мәселен, психофизиология және әлеуметтік психология). Психологиялық пәндер жүйесінің зерттейтін басты объектісі біреу. Бұл - адам, оның психикалық үрдістері, күйлері және қасиеттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Сонымен психология – жалпы  алғанда  психиканың және ерекшелеп алғанда  адамның нақты тарихи жеке адам ретіндегі  санасының пайда болу, даму және көрініс беру заңдылықтары туралы ғылым. Белгілі бір қоғамдық – тарихи жағдайда жеке адамның қалыптастыру заңдылықтарын  зерттей келе, психология тарихи материализмнің маңызды қағидаларын  нақтыландырады.   Адамның танымдық қызметін, елестері мен түсінігінің  қалыптасу процестерін зерттеу  маркстік – лениндік таным теориясының  бірқатар қағидаларын нақтылауға қызмет етеді.

Психологияның сондай-ақ басқа да көптеген қоғамдық ғылымдар (саяси  экономия, тарих, өнер тану) үшін де белгілі  маңызы бар, өйткені осы ғылымдардың  барлығына да адамдар саналы қызметі, яғни психология айналасатын мәселелер  зерттеледі.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Жалпы психология. Богословский В.В. А., 1980 ж.
  2. Тәжiбаев Т. Жалпы психология. Алматы, “Қазақ университетi”, 1993.
  3. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы I том, II. Алматы, Рауан, 1994.
  4. Жарықбаев Қ. Табалдиев Ә. Әдеп және жантану орта мектепке арналған оқу құралы. Алматы, “Ата мұра”, 1994.
  5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлiм-тәрбиесi. Алматы, Санат, 1995.

 

 

 

 


Информация о работе Психология пәні, міндеттері