Рефераты по экономике

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері

18 Октября 2012, курсовая работа

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.

Қазақстан Республикасыны экономикалық жағдайы

18 Декабря 2013, лекция

Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды алаңдатуда. Ал Кеңес дәуірінен «қомақты экологиялық мұраға ие болып қалған» Қазақстан үшін бұл ең өзекті мәселе.

Қазақстан Республикасының Президенті

25 Мая 2012, реферат

Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 13 жылын өткердік. Бұл тарихтың жаһандық сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Біз өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған жылдар бойы, ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және демократиялық өзгерістерді біртіндеп нығайтуға жол беріп қоя алмадық. Тарих бізге басқа шарттарын көлденең тартты, біз оларға төтеп бердік, өйткені бізде асқак құлшыныс, жеңіске деген ерік-жігер және, бастысы, барша қазақстандықтардың басталған реформаларды колдауы болды.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері

03 Декабря 2013, контрольная работа

Қазақстан аумағы көне заманнан көшпелілер тұрағы болған. Ол күрделі тарихи, саяси және этникалық процестер аренасы болды. Ең дәуірлік оқиға – шаруашылықтағы өзгерістер, қоғамдық және саяси ұйымдағы өзгерістер ХІХ ғасырда ғана туды. Қазақ халқы өзінің мыңжылдық тарихында көптеген күрделі оқиғаларды басынан кешті, саяси әлеуметтік, экономикалық даму сатысын өтті.

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

03 Октября 2012, курсовая работа

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек.

Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызмет тиімділігі

08 Декабря 2013, реферат

Талдауда инвестицияны жүзеге асырушы инвесторлар, ал инвесторларды жүзеге асырушы қандайда ұйымдар, яғни олар қандай органдармен, жүйелермен байланысты екені туралы көрсетілген. Инвестиция макродеңгейлік өте үлкен роль атқарады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

24 Мая 2013, курсовая работа

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.

Қазақстан Республикасының шалғай аудандарының экономикасын нығайтудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері

30 Марта 2013, курсовая работа

Әдістемелік ұсынымдар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кең түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттілігімен талап етіледі және таяу болашақтағы партия қызметінің негізгі бағыттарымен, оның қазақстандық қоғамдағы жұмылдырушы және топтастырушы рөлінің артуымен сәйкес келеді. Президенттің Жолдауы елдің дамуының бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарын – «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын қазіргі жағдайларды ескере отырып нақтылай түседі. Жолдау «Нұр Отан» партиясының алдына, партияның 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын және «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырумен қатар, жаңа міндеттер қояды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы

10 Ноября 2013, реферат

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пада болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауармен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар

Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы

23 Апреля 2013, курсовая работа

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.

Қазақстан халықтары Ассамблеясы

07 Ноября 2013, доклад

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жыл дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Қазақстан экономикасының тарихы

18 Октября 2012, реферат

Экономикасы. Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi

Қазақстан экономикасының тарихы

15 Октября 2013, реферат

Экономикасы. Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.

Қазақстан экономикасының өсу факторы

02 Декабря 2013, реферат

ҚазақстанХХІғасырдыңбаспалдағынданарықтықэконономикағабейімделіп, көптегенжетістіктергеқолжеткізіпдүениежүзінетанылабастады. Жақын арада Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика салаласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті.

Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы

18 Сентября 2013, курсовая работа

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

24 Октября 2013, курсовая работа

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.

Қазақстанда веб-сайт жасау экономикасы

12 Октября 2015, реферат

Веб-сайт жасау технологиясының экономикасы Интернет желісімен тікелей байланысты. Интернет желісі мен веб-сайттың дамуы әрқашан бір деңгейде жүреді. Қазақстанда алғашқы интернет 1994 жылы пайда болды– “Релком” ұйымы жаһанды Интернетпен хат алмасу мүмкіндігімен Интернет принципі бойынша электондық пошта желісін ұйымдастырды. Кокшетау қаласында нағыз Интернет “Арна-Спринт” (“АСТЕЛ”) компаниясымен 1997 жылдың жазында пайда болды және жоғары алғашқы трифтеріне – сағатына $ 10 қарамастын үлкен танымалдылыққа ие болды.

Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері

04 Марта 2014, курсовая работа

Екінші тарауым «Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі және дамытудың мәселелері» деп аталады. Бұнда мен еліміздегі бизнестің дамуындағы басты кедергілер мен оларды жою жолдарына тоқталдым. Бірінші сұрақта шағын бизнестің алдында тұрған басты кедергілерге назар аудардым. Осыған орай, екінші сұрағым өрбіді, яғни бұл жерде бизнес дамуының қалай жүзеге асатындығын тереңірек зерттедім. Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық Бағдарламадан өзінің айқын көрінісін табады.
Ал үшінші сұрағында тағы да қандай осы бизнесті дамытатын бағдарламалар, яғни «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын» қарастырамын.

Қазақстандағы лизингтік қатынастарды жетілдіру жолдары

17 Января 2014, курсовая работа

Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр.Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.

Қазақстандағы экономикалық дағдарыстарының ерекшеліктері

18 Ноября 2013, реферат

Үшінші, дағдарыстың өсуі мен ұшығу кезеңі: тұрақтанған саяси құрылымның ыдырауы, энтропияға бастайтын мемлекеттік билік жүйесі, яғни ыдырау, мемлекеттік биліктің құнсыздануы, билік органдарының негізгі сапасын жоғалтуы- қоғамдық үдерістері басқаруға ықпал етеді. Бұл жағдайда басқарудың жалпы жүйелілігін қарастырамыз. Әрине, бұл кезеңдерді бөліп қарау салыстырмалы және шартты сипат алады. Іс жүзінде барлығы әлде қайда күрделірек. Көрсетілген кезеңдер арасында “қытай қабырғасы” жоқ . Өмір өзені “тоғызыншы валюталарды” тудыратын толқындардың қайда және қашан жиналатынын байқауға мүмкіндік бермейді.

Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттің рөлі

13 Апреля 2014, творческая работа

Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер — туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады.

Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайының анализі және оларды қысқарту жолдарының шешімдері

12 Марта 2015, курсовая работа

Куртық жұмысымның өзектілігін, мына жағдаймен байланыстырамын.Бұл 1 сәуір 2009 жылы экономикалық кризисте Казақстанда істеп шығару кәсіпорындары 642 толықтай және жарым-жартылай жұмыстарын токтатуға мәжбүр болған. Жұмысшылар саны 245 мың адам, 87,3 мың жұмысшылар жарты күндік жұмысқа өткізілді, ал қалған жұмыскерлерді уақытша ұзақ мерзімді демалысқа жіберілді.
Осы жағдаймен байланыстыра отырып, еліміздегі жұмыссыздықтың деңгейі 6,6% тен 7% ке дейін көтерілді.

Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы

09 Февраля 2015, реферат

Қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың басымды бағытының бірі - ол кәсіпкерліктің құрылуы және дамуы. Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті дамыту саласы үшін мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында, қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын күшейтуде белсенді түрде керексіз әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша, өнеркәсіптік кәсіпкерліктің құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстары жүргізілді.

Қазақстандағы шағын қалалардың қазіргі жағдайы

01 Апреля 2015, курсовая работа

Экономикалық даму орталықтары арасында орналасқан, көліктік байланысты қамтамасыз ететін аумақтар жүк ағындарын көбейту, инновацияларды тарату, инфрақұрылымдарды дамыту арқасында қосымша серпін алады. Сондықтан олар «өсу полюстерімен» бірге тұтастай өңірдің немесе елдің экономикалық дамуының кеңістіктегі қаңқасын анықтайтын даму осьтеріне (дәлізге) айналады.

Қазақстандағы өзекті мәселелер

20 Июня 2014, сочинение

Қазіргі таңда Қазақстандағы басты өзекті мәселелердің біріне девальвация айналып отыр. Ақшаның құнсыздануы елімізде көптеген өзгерістерге әкелді. Бұл тек біздің елімізге емес, бүкіл елге елеулі әсерін тигізді.
Жемқорлық қазіргі заманда жиі кездесетін мәселе. Бұл әрекеттер тек жеке адамға, жеке мемлекетке ғана емес, халықаралық деңгейде қауіпті. Қазіргі кезде жемқорлықпен күресу үшін көптеген мәселелер талқыланып жатыр. Қазақстан - сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту шаралары жүргізілуде.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы

02 Июня 2015, реферат

1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.

Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері

18 Октября 2014, курсовая работа

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

Қазақстанның қабілетті 50 елдің

11 Октября 2013, реферат

Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы

04 Мая 2013, реферат

Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады.
Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін тиімді игеретін болса, сол елдің экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.
Егер индустриалды-инновациялық даму стратегиясында анықталған негізгі басымды бағыттарды елде қарқынды дамыта алатын болсақ, онда Қазақстанның әлемдік ғылыми сиымды өнімдер рыногында беделін бәсекелік сапа, баға, сервистік қызмет көрсету арқылы арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, еңбекпен қамту және кедейлік мәселесін жою және жоғарыда аталған экономиканың басқа да кұрылымды мәселелерін шешу мүмкіндігі туындайды.

Қазақтан шыққан Стив Джобс

11 Апреля 2013, реферат

«Бүкіләлемдік тәжірибенің көрсетуінше, бүкіл инновациялық өндірістік циклды жеке бір елде жүзеге асыруға тырысу – велосипед ойлап шығару деген сөз. Бұл – өте қымбатқа түсетін және әрдайым нәтижелі, жемісті бола бермейтін іс. Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылы