Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2014 в 12:20, курсовая работа
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Кіріспе……………………………………………………………………3
І. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
1.1. Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері............................3
1.2. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны...........................................9
1.3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері..........................................................11
ІІ. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.............14
2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты…………………………………………………………………...17
2.3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары……………………………………20
Қорытынды……………………………………………………………....23
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………...24
І.Жансүгіров атындағы
Жетісу мемлекеттік
СӨЖ
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері
Талдықорған қаласы 2014
Кіріспе……………………………………………………………
І. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
1.1. Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы.
Ерекшеліктері.................
1.2. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны..........................
1.3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері.......................
ІІ. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.............14
2.2. Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік
саясаты……………………………………………………………
2.3. Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және
оны дамыту перспективалары……………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………...
Кіріспе
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.
19-шы ғасырдың екінші
жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда
жалғасуын тапқан бұл
“Кәсіп ету” – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Әкімшілік – бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.
Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.
Кәсіпкерлік – бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.
Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ “жолы болғыштық” ойлай алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.
Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамға көмек көрсетуге тырысу.
Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау – кәсіпкердің кез-келген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.
Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік – жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.
Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.
Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 - 1933) мына сөзі орынды : “Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды”.
Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.
Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды.
Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге
бизнеспен айналысатындардыњ барлығын
жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы
мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін
іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа
нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді
өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы
міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру,
іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера
жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық
мінез-құлықтарі ретінде түсіну керек.
Оған тән сипаттама:
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре алады.
Өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу жєне қалыптастыру және оны дайындау (жасау) жолымен қанағаттандыру, тауарды ретінде өнімдерді (орындалған жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер – заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын (нышасын) табуы керек.
“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсінігі бір қатарда тұрады және оларды синоним ретінде жиі қолданды. Бұл расында да туыс категориялар.
Бизнес – кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет қоғамда, қызмет сферасында алуға болады.
Табысты бизнес, іскерліксіз жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойға сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте ќұрылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммериялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді.
Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды. Өндірістің үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.
Австриядан шыққан, жұмыс орны американдық ғалым экономист Иозеф Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде – кәсіпкерлікті көрсетті.
Экономикалық қызметтің өндірістік факторы ретінде кәсіпкерлік туралы айта отырып, экономикалық қызметке қатысушылардың кәсіпкерлік мүмкіндігін, іскерлік, кәсіпкерлік белсенділігін айтады. Бұл екінші фактордың, яғни еңбектің, еңбек қорларының сапасы.
Кәсіпкерлікті барлық үш негізгі факторлар әсерін күшейтетін белсендіруге қабілетті қозғаушы күш көзқарасы тұрғысынан жеке фактор деп санауға болады.
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерліктің маңызды қасиеттері ұтқырлық, қимылға бай, бастамалық, ізденіс болып табылады.
Кәсіпкерлікке ұйқышылдық, тыныштық тоқырау жат. “Кәсіпкерлік” атауына толық сәйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталған, ойдағы мақсатқа жетуге, пайдалануға күші мен шараларын кәсіп етеді.
Ол шығындардың және пайданы жоғалтудың алдын алуды қарастырады. Осылайша кәсіпкерлік – бұл тірі, үнемі жаңарып отыратын, тұрақты жұмыс көзі.
Кәсіпкерліктің жүздеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық анықтамасында “кәсіпкерлікке” мынадай анықтама беріледі.
“Кәсіпкерлік” – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.
Кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ғасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж.Б. Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған.
Кәсіпкердің жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша қызмет етуші адам), қызмет мақсаты – әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс алу және атқаратын қызметтері – шығармашылық (шаруашылық тәуекелге байланысты коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру), ресурстық (ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру), ұйымдастыру (ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын бақылау).
А. Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: “Ол өз қызығушылығын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. өзінің қызығушылығының артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына қызмет етеді”.
“Кәсіпкер” түсінігі белгілі эволюциялыќ кезеңнен өтті. Мысалы 1725 Ж. Р. Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді. А Бодо (1797 ж.) кәсіпкер – қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады. 1876 ж. Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын және кімнің өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп көрсетуді ұсынды. 1934 ж. И. Шумпетер кәсіпкер – жаңашыл, жаңа технологияны жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер – қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмыс істейді.
Г. Друкер (1964 ж.) кәсіпкер – бұл кез келген мүмкіндікті ең жоғары тиіммен қолданады.
А. Шапиро (1975 ж.) кәсіпкер – бұл бастама көтеруші адам деп санайды.
Тәуекел жағдайында жұмыс істей отырып, ол туындаған сәтсіздікке толық жауапкершілік алады. Р. Хизрич (1985 ж.) кәсіпкерлік – ќұны бар жаңа бірдеңені жасау процесі, ал кәсіпкер - өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел алып, қажетті уақыты мен күшін жұмсап, ақысына ақша алады және жетістігіне қанағаттанады.
Сонымен, кәсіпкерлік – пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоғамдық көмекпен үйлестіру негізіндегі ќызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шығады. Кәсіпкердіњ бастапқы шешімі дегеніміз негізін ќалаушы, ұзаќ мерзімді шешімдер. Бұл бір-ақ рет қабылданатын шешімдер, єрі ќарай оны түзеуге болмайды, өйткені бұл біршама құқықтық мәселелер мен материалдыќ шығындармен байланысты. Мұндай шешімдерге жатады:
Информация о работе Қазақстанның экономикалық жүйесі: ерекшеліктері