Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 08:31, курсовая работа

Краткое описание

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3-6

І тарау: Валюталық қатынастардың теориялық негіздері
1.1 Ақшаның шығу тегі............................................................................7-11
1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың
механизмі...................................................................................................12-15
1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану................16-21
ІІ тарау: .
2.1 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері......................22-31
2.3 Ақшаның түрлер................................................................................32-41
Қорытынды ....................................................................................42-43

Қолданылған әдебиеттер .................................................................44

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қ.Р.ұлтық валютаның қалыптасуы және бекіту мәселелері.doc

— 230.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 Курстық жұмыс

 

 

 

 

 

 ТАҚЫРЫБЫ:«Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері»

 

 

 

Орындаған:

                Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана – 2005ж.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

   Кіріспе    .....................................................................................................3-6

     

І тарау: Валюталық қатынастардың теориялық негіздері

 

    1. Ақшаның шығу тегі............................................................................7-11

 

1.2 Валюталық      жүйелер      және     валюталық        қатынастардың

механизмі...................................................................................................12-15

 

1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану................16-21

 

ІІ тарау: .

 

   2.1 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері......................22-31

 

2.3 Ақшаның түрлер................................................................................32-41

Қорытынды ....................................................................................42-43

 

           Қолданылған әдебиеттер .................................................................44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

 

 

 Кіріспе

 

Ақша ежелгі заманда  пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен  табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс  кезінде бір тауардың басқа бір  тауарға кездейсоқ айырбасталануы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.

Тауар өндірісінің дамуы  барысында кездейсоқ айырбас  жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай  формасы толық формаға өте  бастады.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың  бір-бірімен өзара айырбасталу  құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасын жалпы құндық формасына жасырын  түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір туарға нық бекітілмеген еді. Біртіңндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Сонымен, ақша – бұл  барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Ақшаның оьъективті қажеттігі  тауар өндірісі және айналысының  болуына сәйкес қалыптасты. Ақша –  бұл тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен  бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ло айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін аплтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілшігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

Ақша - өндіріс және бөлу пролцесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

    • жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
    • айырбас құнның дербес формасы;
    • еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;

Жалпыға тікелей айырбасталу  формасы, оның кез келген материалдық  бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екінші тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Курстық жұмыстың мақсаты, ақша жүйесінің және ақша айналымының  теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің  заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірілуі, Қазақстандағы банктік реформалар, банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық несиелік қатынастар қарастырылған.

Ал курстық жұмыттың міндеті, ақша жүйесі және ақша айналымы теориясы. Ақша жүйесі, ол барлық ақша түрлерінің және валюталық бағамның басты элементі болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау кіреді. Ал ақша айналымының міндетіне, қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілері кіреді.

Курстық жұмыс тек  қана ақша жүйесінің және ақша айналымының  теориялық бағытта қарасьырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Курстық жұмыс негізінен  үш тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.

Бірінші, тарауда ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері  туралы жазылған. Мұнда ақша жүйесінің  элементтері және типтері, ақша айналымының  құрлымы, ақша айналысының заңы және мәні қарастырылады.

Екінші, тарауда Қазақстан  Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы, ақша түрлері зерттелген. Мұнда металл ақшаның, қағаз және несие, сондай электрондық  ақшалардың пайда болу себептері  мен қазіргі жағдайы қарастырылады.

Үшінші, таруда теңге  бағамының тұрақтандыру жолдары, оның ішінде валютамыздың 1993 жылғы 15 қарашада айналымға түсүін және теңгенің валютада неше пайызға өсіп төменджеуі қамтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

       I Тарау Валюталық қатынастардың теориялық негіздері.

 

     1.1 Ақшаның шығу тегі.

 

Ақша ежелгі заманда  пайда болған. Олар тауар өндірісінің  дамуындағы бірде – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар –  бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі  қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез – келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындамаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

Алғашқы қауымдық құрылым  кезінде бір тауардың басқа бір  тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).

Тауар өндірісінің дамуы  барысында кездейсоқ айырбас  жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайдың етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың  бір – бірімен өзара айырбасталу  құралы бола бастайды. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы  құндық эквивалент немесе ресімделінбеген  ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы – шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи – климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген «біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды.

«Капитал» сөзінің шығуы  да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал  басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік халықтары  ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда – саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.

Жылы теңіздердің жағасын  мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл – қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендерді Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет – кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.

Бақалшақ ақшалар тауар  ақшалардың ең бір тұрақты формасы  болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат – қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.

Әлемде әр түрлі «экзотикалық»  ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге  дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

Өнер мен жер игерушілердің  бөлінуімен эквиваленттің жетілуі  жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік  мінездемелері бар эквиваленттер  пайда болды. Бұл аз бұзылатын  өсімдік өнімдері – зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т.б.

Жалпы эквивалент ретінде  металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі  ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. XVII ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.

Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері